126жм назарқұл Еркебұлан


Жасуша емес құрылымдар- симпласт және жасуша аралық зат жасуша туындылары ретінде. Синцитий. (уникальность-100)



бет2/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
1. Жасуша емес құрылымдар- симпласт және жасуша аралық зат жасуша туындылары ретінде. Синцитий. (уникальность-100)
Барлық тіндерде, олардың қасиетін анықтайтын негізгі элемент – жасушалар болып табылады. Адам организмінде тіндер құрамына жасушадан басқа, жасушалардын туындылары болып табылатын жасушаемес құрылымдар да кіреді. Ал жасушасыз құрылымдарды айтатын болсам, оларға симпласт, синцитий, жасуша аралық зат жатады. Әрқайсысына жеке тоқталатын болсам:
Симпласт– сыртынан плазмолеммамен жабылған, цитоплазмасында көптеген ядролары бар құрылым. Олар біртипті жасушалардың қосылуынан пайда болады. Симпластқа мысал ретінде қаңқа бұлшықет талшықтары, трофобласттың сыртқы қабаты, яғни цитотрофобласт жасушаларынан түзілген көпядролы құрылымын, сүйек жасушалары остеокластты, сонымен қатар, кейбір қарапайымдылардың, бірқатар жәндіктердің ерте даму сатыларындағы ұрықтарын келтіруге болады.
Синцитий – бұл цитоплазмалық көпіршелері арқылы байланысқан жасушалар тобы. Синцитий толық бөлінбеу нәтижесінде түзіледі. Яғни жасушада ядро мен цитоплазмада бөлінеді, бірақ түзілген екі жас жасуша бір-бірінен толық ажырамай цитоплазмалық көпіршелері арқылы байланыста болады. Мысалы, аталық жыныс безде жүретін үздіксіз процесс сперматогенезде, (сперматозоидтың түзілуі иректелген ұрық түтігінде өтеді) сперматогендік жасушалар бөлінгенімен, олар бір-бірімен осы көпіршелердің арқасында байланыста болады, бұл олардың өзара ақпарат алмасуына жағдай жасайды.
Бұрын синцитиальды құрылым ретикулярлы, жүрек бұлшықет және жүйке тіндеріне де қатысты болған. Бірақ бұл дұрыс емес екені белгілі болды: ретикулярлық жасушалар арасында, кардиомиоциттер мен нейрондар арасында цитоплазмалық көпірлер жоқ.
Жасуша тіршілігінің өнімі - жасушааралық зат болып саналады. Ол негізгі зат пен талшықтардан тұрады. Талшықтары коллагенді, эластикалық, ретикулинді болып бөлінеді. Жасушааралық зат құрылым компоненттері жасуша ішінде синтезделіп, соңынан жасушааралық кеңістікке бөледі. Осы бөлінген өнімдер қосылып бірігіп жасуша туындысын түзеді.Олардың мөлшері барлық тіндерде біркелкі емес болып келеді. Дәнекер тіндерінде өте көп, ал эпителий және нерв тіндерінде тіпті жоқ десе де болады.
Жасушааралық заттың негізгі қызметі – клеткаларды тіндерге, ал тіндерді ағзаларға біріктіру болып табылады. Сонымен бірге, жасушаның физико-механикалық қасиетін қамтамасыз етеді, ақпарат алмасуды, жасушалардың функциональді белсенділігін реттейді, жасушалардың көбеюіне, жетілуіне,көшіп-қонуына тағы басқа процесстеріне қатысады. Жасушалар тіршілігін жойған жағдайда, жасушааралық затта өледі.
Қорытындылайтын болсам, симпласт пен синцитий тіндердің дамуы кезінде жеке жасушалардың бірігуі арқылы пайда болады. Жасушаемес құрылымдардың әрқайсысы өз алдына фунцияларды атқарады. Олар бірін-бірі толықтырып, жасушаның өз мүддесіне лайық және тұтас организмнің тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтерді атқарады.

2. Жасуша туралы ұғым. Жасуша (торша) тірі ағзаның ең кіші бөлігі. Эукариотты жасушалардың жалпы құрылысы: жасуша қабығы, цитоплазма, ядро. Жасуша туындысы ретінде жасушаемес құрылымдар. Жасушаның пішіні және өлшемінің арақатынасы. (уник-100)


Жасуша – жасуша мембранасымен қоршалған, ядро мен цитоплазмадан тұратын, заттек алмасуы мен энергия түзу процестеріне бірігіп қатысып, біртұтас жүйені құрастыратын тіршіліктің негізгі бірлігі болып табылады.
Адам ағзасында мамандандырылған 200-ден асатын жасушалардың түрлері бар. Олардың әртүрлілігі атқаратын қызметтеріне сәйкес келеді. Мысалы: шар тәрізді - лейкоциттер, цилиндрлі - ішек эпителиоциттері, жұлдызша және тармақталған - жүйке мен сүйектің өсінділі жасушалары, жалпақ -эндотеиоциттер мен мезотелиоциттер, ұршық тәрізді – тегіс бұлшық ет жасушалары, көп қырлы – безді эпителий жасушалары т.б. Олардың пішіндері әртүрлі болғанымен, құрамы бірдей болып келеді.
Эукариотты жасушалар негізгі 3 бөліктен – жасуша қабығы, ядро, цитоплазмадан тұрады. Жасуша мембранасына тоқталатын болсам, олардың молекулалық құрылымы үш түрлі липидтер (фосфолипид, гликолипид, холестерол) мен ақуыз және көмірсу молекуласының комплексінен құралады. Мембраналардың әртүрлі қасиеттері оның ақуыздық құрамы мен мөлшеріне байланысты. Мысалы: қарапайым плазмалық мембранада ақуыз 50%-ын алады, ал нерв талшықтарындағы миелинді мембраналардың 25%-ын алады, митохондрияларда 75%-ын құрайды. Мембраналардын асиммметриялық қасиеті болады.
Ядро - барлық толыққанды эукариоттық жасушалардың міндетті құрылымы. Ол генетикалық ақпараттың (ДНҚ) сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ, бұл ақпаратты ақуыз синтезі процесінде жүзеге асырады. Эукариоттыларда 1 ядро болады. Пішіні жағынан әртүрлі келеді: шар, овальді, таяқша, т.б. Оның қызметтері:
- Хромосомалардың ДНҚ молекулаларында тұқым қуалайтын ақпаратты сақтау.
- Ақуыздар синтезін қамтамасыз ету
- Генетикалық ақпаратты жасушалардың бір ұрпағынан (буынынан) келесі ұрпағына беріп отыру.
- Қажет болған жағдайда – басқарылатын бағдарланған жасуша өлімін өзін-өзі жоюды (апоптоз) іске асыру.
Ядро 4 компоненттен – кариоплазма, хроматин, кариолемма, ядрошықтан тұрады. Кариоплазма немесе ядролық шырын - ақуыздардан, нуклеин қышқылдарынан және басқа да органикалық және бейорганикалық қосылыстардан тұратын эукариоттық жасуша ядросының жоғары реттелген жартылай сұйық ішкі ортасы. Ол ядро аумағындағы биохимиялық процестердің жиынтығын қамтамасыз етіп, ядро мен цитоплазма арасындағы заттар мен энергия ағымын бағыттайды. Хроматин – эукариоттық жасушалардың бөлінуі арасындағы интерфаза кезеңінде хромосомалардың ДНҚ-ның деконденсацияланған, деспирализацияланған түрі. Оның екі түрі эухроматин және гетерохроматин ажыратылады. Кариолемма - екі мембранадан тұрады. Сыртқы мембранада рибосомалар мен полирибосомалары бар. Сондықтан сыртқы ядролық мембрана ақуыздардың жалпы синтезіне қатысатын жасушаның түйіршікті эндоплазмалық торының ажырамас бөлігі болып табылады. Екі мембрананың арасында ені 20-40 нм болатын перинуклеарлық кеңістік бар. Ішкі ядролық мембрана ядродағы хромосомалардың ДНҚ-ны бекітуге және қозғалысын ретке келтіруге қызмет етеді. Ядрошық - эукариоттық жасушалардың интерфаза ядросының міндетті ең тығыз құрылымы.Ядрода бірнеше ядрошық болуы мүмкін. Әрбір ядрошық-бұл рРнқ синтезі жүретін хромосомалардың бір бөлімі.Ядрошық аймағында рибонуклеопротеидті бөлшектер – рибосомалардың үлкен және кіші суббірліктерінің жиналуы жүреді.
Цитоплазма - қоршаған ортадан плазмолеммамен бөлінген, құрамына гиалоплазма, тұрақты түрдегі жасушалық компоненттер, сонымен қатар әртүрлі тұрақсыз қосылыстар кіреді. Гиалоплазма немесе цитоплазманың матриксі, жасушаның өте маңызды бөлігі, оның шынайы ішкі ортасы болып табылады. Гиалоплазма – АТФ молекулалары массасының алмасуына арналған негізгі жинақтаушы қор және аймақ болып табылады. Цитоплазма қосындылары -жасушалардың метаболиттік жағдайына байланысты пайда болып немесе жоғалып кететін жасушаның міндетті емес компоненттері болып табылады. Олар гранулдар, тамшылар, кристалдар түрінде қалыптасқан тұрақсыз жиынтықтар. Қосындылардың жасушада кездесуі және мөлшері жасуша метаболизмінің күшеюіне немесе төмендеуіне тікелей байланысты. Олардың өзінің - трофикалық, пигменттік, экскреторлық, секреторлық түрлері болады.
Адам организмінде тіндер құрамына жасушадан басқа, жасушалардын туындылары болып табылатын жасушаемес құрылымдар да кіреді. Ал, жасушасыз құрылымдарды айтатын болсам, оларға симпласт, синцитий, жасуша аралық зат жатады. Әрқайсысына жеке тоқталатын болсам:
Симпласт– сыртынан плазмолеммамен жабылған, цитоплазмасында көптеген ядролары бар құрылым. Олар біртипті жасушалардың қосылуынан пайда болады. Симпластқа мысал ретінде қаңқа бұлшықет талшықтарын, сүйек жасушалары остеокластты келтіруге болады.
Синцитий – бұл цитоплазмалық көпіршелері арқылы байланысқан жасушалар тобы. Синцитий толық бөлінбеу нәтижесінде түзіледі. Мысалы, аталық жыныс безде жүретін үздіксіз процесс сперматогенезде сперматогендік жасушалар бөлінгенімен, олар бір-бірімен осы көпіршелердің арқасында байланыста болады, бұл олардың өзара ақпарат алмасуына жағдай жасайды.
Жасуша тіршілігінің өнімі - жасушааралық зат болып саналады. Ол негізгі зат пен талшықтардан тұрады. Талшықтары коллагенді, эластикалық, ретикулинді болып бөлінеді. Жасушааралық зат құрылым компоненттері жасуша ішінде синтезделіп, соңынан жасушааралық кеңістікке бөледі. Жасушааралық заттың негізгі қызметі – клеткаларды тіндерге, ал тіндерді ағзаларға біріктіру болып табылады. Сонымен бірге, жасушаның физико-механикалық қасиетін қамтамасыз етеді, ақпарат алмасуды, жасушалардың функциональді белсенділігін реттейді, жасушалардың көбеюіне, жетілуіне,көшіп-қонуына тағы басқа процесстеріне қатысады. Жасушалар тіршілігін жойған жағдайда, жасушааралық затта өледі.
Қорытындылайтын болсам, жасуша – бұл біздің құрылымдық бірлігіміз. Оның өзінің компоненттері жүйелі түрде түрлі функцияларды атқарып, тіршілікті өрбітеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет