126жм назарқұл Еркебұлан



бет47/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021

Дәнекер тіндер, әдетте полидифферонды және жасуша аралық затының үлесі көбірек болып (талшықты құрылымдар мен аморфты компонент), организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін мезенхиманың туындылары.
Дәнекер тін адам денесінің салмағынын 50% астамын құрайды. Ол мүшелердің стромасын, тіндердің арасындағы қабаттарды, терінің дермасын, қаңқаны түзеуге қатысады. Дәнекер тіндердің көпқызметтілік сипаты олардың құрамының және құралуынын күрделілігімен анықталады.
Дәнекер тіндер әр түрлі қызметтерді аткарады: қоректік, қорғаныш, тіректік (биомеханикалык), пластикалық, морфогенетикалық.

  • Трофикалык қызмет, сөздің кең мағынасында, әр түрлі ұлпалық құрылымдардың қоректенуін реттеумен, зат алмасуға қатысумен және организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын ұстап тұруымен байланысты. Судың, тұздардың, коректік заттардың молекулаларының интегративтік-буферлік орта — негізгі зат арқылы тасымалдануы бұл қызметтердің іске асырылуында маңызды рөл аткарады.

  • Қорғаныш кызметі организмді физиологиялық емес механикалық зақымдардан сақтап, сырттан түскен немесе организмде пайда болған бөгде заттарды залалсыздандыру болып табылады. Бұл физикалық қорғаныш арқылы (сүйек тінімен), сонымен қатар, жасушалық және гуморалдық иммунитет реакцияларына қатысатын макрофагтардың және иммуно қабілетті жасушалардың фагоцитарлық жұмысымен атқарылады.

  • Тіректік (биомеханикалык) кызмет алдымен барлық мүшелердің талшықты негізін кұрайтын, коллагендік және эластикалық талшықтармен, қаңқалық тіндердің жасушааралық затының құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерімен (минералдануымен) қамтамасыз етіледі. Жасуша аралық зат неғұрлым тығыздау болған сайын, соғұрлым тіректік, биомеханикалық қызмет басымырақ болады. Дәнекер тіннің пластикалық қызметі оның өзгеріске ұшырап отыратын өмір сүру жағдайына бейімделуімен, қалпына келуіне, мүшелердің зақымдалулары кезінде дефектілердің орнын толтыруда қатысуымен айқындалады. Морфогенетикалық (құрылымдарды түзеушілік) қызметі тіндік кешендерді түзеумен және мүшелердің жалпы құрылымдық құралуын қамтамасыз етумен (капсулалардың, мүшеішілік тоскауылдардың түзелуі), оның кейбір компоненттерінің әр түрлі ұлпалардың жасушаларының пролиферациясы мен саралануына реттеушілік ықпалымен белгіленеді.

Дәнекер тіндердің даму негізі мезенхи­ ма болып табылады (грек тілінен mesos — ортаңғы, епсһіта — толтырушы зат). Бүл, ортаңғы ұрыктык жапыракшасының босаңсыған бөлігі болып табылатын, эмбрионалдык бастамалардын бірі (кейбір көзкарастар бой- ынша — эмбрионалдык тін). Мезенхиманың жасушалык элементтері дерматомның, склеротомның, спланхнотомнын висцералды және париетал- ды жапыракшаларының саралануының кезінде пайда болады. Одан баска, жүйкелік айдаршадан (ганглиозды табакшадан) дамитын эктомезенхима (нейромезенхима) ажыратылады. Ұрык дамыған сайын, мезенхимаға баска эмбрионалдык бастамалардан бастау алатын, мысалы, нейробластылык диф- ферон жасушалары, канкалык бұлшык еттердің бастамасының миобластыла- ры, пигментоциттер және т.б.
Яғни, үрықтың дамуының белгілі бір сатысынан кейін, мезенхима әр түрлі ұрык жапыракшаларынан және тіндердін эмбрионалдык бастамалары-нан туындаған жасушалар мозаикасы тәрізді болады. Бірак, мезенхиманың барлық жасушалары бір-бірінен айырмашылықтары өте аз болады, тек өте сезімтал зерттеу әдістері ғана (әдетте, иммуноцитохимиялык, электронды микроскогшялык) мезенхиманьщ кұрамында табиғаты әркилы жасушаларды ажыратады. Мезенхима адамнын тек эмбрионалдық даму кезеңінде ғана бо­ лады. Туғаннан кейін адамнын организмінде борпылдак талшыкты дәнекер тіннің тек аздифференцияланған (адвентициалды жасушалар) (полипотентті) жасушалары аныкталады, олардың әр түрлі бағытта, бірак белгілі үлпалык жүйе шегінде, дивергентті дифференциялануы мүмкін.
Дәнекер тіндердін эмбрионалдык және постэмбрионалдык гистогенезін ажыратады. Эмбрионалдык гистогенез кезінде мезенхиманың тіндік сипа- ты баска тіндердің бастамасынан ертерек калыптасады. Әр түрлі мүшелер мен жүйелерде бүл үдеріс әркилы жүреді және эмбриогенездің сатыларында олардың физиологиялык мағынасының әр түрлі болуымен тығыз байланыс- ты болады. Мезенхиманың саралануынын барысында ұрыктың денесінде де, ұрыктан тыс мүшелерде де, топографиялык асинхрондылык байкалып, жасушалардың көбеюінің және талшықтардың түзелуінін каркындылығы жоғары болады. Қалыпты физиологиялык жағдайларда постэмбрионалдык гистогенез баяу жүреді және тіндік гомеостазды тұрактандыруға, аздиф- ференцияланған жасушалардың пролиферациясына және олармен өлген жасушаларды алмастыруға бағытталады. Бұл үдерістерде тінішілік жасуша аралық өзара аракатынастар, индукцияландыру және ингибиндеуші фактор- лар (интегриндер, жасуша аралык адгезивті факторлар, кызметтік жүктемелер, гормондар, оксигенация, аздифференцияланған жасушалардың болуы) маңызды рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет