126жм назарқұл Еркебұлан


Эмбриональды гемоцитопоэз. Тін ретінде қанның дамуы( гистогенез)



бет50/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021

49.Эмбриональды гемоцитопоэз. Тін ретінде қанның дамуы( гистогенез).
Уникальность: 100.00%
Қан жасушаларының дамып ,одан әрі түзілуін гемоцитопоэз деп атайды. Қан алғаш рет тін ретінде ұрықтың эмбриондық гемопоэз кезінде пайда болады.
Гемопоэз-қанның дамуы 2 кезеңге бөлінеді.
1.Эмбрионалды гемопоэз-қанның тін ретінде дамуы
2.Постэмбрионалды гемопоэз-қанның физиологиялық регенерациясы
Эмбриондық гемопоэз
Эмбриондық қан түзілу – қанның формалық элементтерінің ұрықтың ана құрсағында дамуы кезінде пайда болуы.Ерекшеліктері – пайда болған формалық элементтерінің құрамының ауысып отыруында. Эмбриондық гемопоэз 3 этаптан тұрады:
1. Мезобластикалық
2. Бауырлық
3. Медуллярлық
1. Мезобластикалық кезеңнің негізгі ерекшелігі – сары уыз қапшығының қабырғасында, хорион мен жалғаулық сабақшада адам эмбриогенезі 2-ші аптадан соң өте бастайды.
Сары уыз қабырғасындағы жұлдызша пішінді мезенхималық жасушалар энтодерманың жігерлендіруші әсерінен қан аралшықтарына жиылады. Қан аралшықтар одан әрі созылып, жалпайып ұштарымен көрші жасушалармен байланысып, қан тамырларының эндотелий қабатын құрайды. Қан аралшығындағы мезенхимиялық жасушалар өсінділерінен айырылып, қанның полиполентті дің жасушаларының 1- ші буынын құрайды. Содан соң қан жасушалары тамыр жүйесімен бір мезгілде бір эмбрионнан дамыса, ал қан аралшықтарынан дамыған қан тамырлары бір- бірімен бірігіп тамыр торы құралады. Қанның полиполентті дің жасушаларының бір бөлігі мегалобластикалық қан түзілу кезінде қарапайым мегалобласттарға айналады.Олар-ірі ядролы жасушалар. Қан түзілудің бейнеленген түрі мегалобластикалық деп аталады. Сонымен қатар сары уыз қапшығының қабырғасында мегалобластикалық қан түзілумен қоса, нормобластикалық гемопоэз де болады. Олар нормоциттерге, яғни екіншілік эритроциттерге дифференцияланады.12 аптадан соң, сары уыз қапшықтағы қан түзілу аяқталып, қанның полиполентті дің жасушаларының дифференцияланбай қалған бөлігінде эмбриогенездің бесінші-алтыншы апталарында аллантоис пен сары уыз арқылы бауырдың бастамасына түсіп, одан әрі қан түзілу ұрық денесіне көшеді.
2. Бауырдағы қанның түзілуі. Бауыр эмбриогенезінің 3-4 аптасында дамып, 5-6 апталарында қанның полиполентті дің жасушалары сары уыз қапшығынан бауырдың тамыр жүйесіне ауысады.Бірінші қарапайым мегалобласттар пайда болып, 7 – аптадан бастап,экстраваскулярлық нормобластикалық эритропоэзге айналады.Ұрыққа тән типті гемоглабин ішкі нәрестеге тән түріне ауысады.Бауырда гранулоциттер дамып, аса ірі жасушалар мен В-лимфоциттер пайда болады.Бауырдағы қан түзілудің ең жоғарғы шегі құрсақ іші дамуының 5- айында болады да,5 -айдың соңында баяулайды.Сосын,бауырдағы қан түзілу туылғаннан кейін 2-аптаның соңында толықтай өшеді.
Қанның көкбауырда түзілуі.Көкбауыр эмбриондық дамудың 5-6 аптасында пайда болып ,10 аптасында қан түзілу басталады.Көкбауыр универсалды қан түзілу мүшесі.Себебі,эритроциттер мен гранулоциттердің дамуы ең жоғарғы шегіне 5 айында жетіп,миолопоэз өшіп,лимфоциттердің дамуы-лимфоцитопоэз қалыптасады.Нәресте дүниеге келгенде көкбауырда лимфоцитопоэз сақталып,қан түзілудің лимфоидтық ағзасы қала береді.
Қанның тимуста түзілуі.Айырша без дамуын эмбриогенездің 4 аптасында бастап,8-аптасында сары уыз қапшасынан шыққан ,3-айдан бастап бауыр мен сүйектің қызыл кемігінен шыққан қанның полиполентті дің жасушалардың айырша безді қоныстануы нәтижесінде,қан түзілу басталады.
Қанның сүйектің қызыл кемігінде түзілуі. Сүйек кемігі әр түрлі сүйектерде 7-8 аптадан 19 - аптаға дейін дамиды. Сүйектің қызыл кемігінде өтетін гемоцитопоэз эмбриогенездің 10-аптасынан 22-аптасына дейін созылады. Бауырдан шыққан қанның полиполентті дің жасушалары сүйектің қызыл кемігінде көбейіп, қанның полиполентті дің жасушаларының үшінші буынын құрайды.10-11- апталарда сүйектің қызыл кемігінде мегалобластикалық эритропоэз басталады. Осы кезде гранулоциттер, мегакариоциттер, моноциттер, В-лимфоциттер дамып, әмбебап қан түзілуді қамтамасыз етеді.

50.Постэмбриональный гемопоэз: қанның физиологиялық регенерациясы. Бпғпналы жасушалар түсінік. Плюрипотентті бастамалардың сипаттамасы, унипотентті, бласттардың пішіні. Морфологиялық идентифицирленбеген жіне морфологиялық идентифицирленген жасушаларының даму кезеңдері (жасуша дифферонының сипаттамасы: эритроциттер, гранулоциттер, моноциттер, Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер және қан пластинкалары). Ересек адам ағзасындағы Т- және В- лимфоцитопоэздің ерекшелігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет