126жм назарқұл Еркебұлан


Дәнекер тіндері, жасушалары. Дәнекер тіндерінің жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, шығу тегі. Гистогенез



бет52/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   84
51. Дәнекер тіндері, жасушалары. Дәнекер тіндерінің жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, шығу тегі. Гистогенез.
Дәнекер тіндері аз дифференцияланған жасушалар жиынтығы мезенхимадан дамиды. Ол өзінің физиологиялық қасиеті арқасында зат алмасу процесіне қатысып, организмнің гомеостазын қамтамасыз етіп, ішкі ортасын қалыптастырады. Адам массасының 50% астамы осы дәнекер тіндері құрайды. Бұл тін мүшелердің стромасын, тіндер арасындағы қабыршақ – перделерін сонымен қатар тері дермасы мен қаңқаны түзеді.
Бұл тін әртүрлі қызметтер атқарады:
1.Трофикалық қызметі- маңында орналасқан құрылымдарды қоректік затпен қамтамасыз ете отырып, зат алмасу жәнеде ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын да сақтайды.
2. Қорғаныштық қызметі - ағзаны механикалық әсерлерден қорғап жәнеде сыртқы ортадан ағзаға бөтен заттардың енуінен қорғайды.
3.Тіректік қызметі – пішін құрап көптеген мүшелердің негізін түзеді.
4.Пластикалық қызметі – тіршілік ету жағдайларға байланысты, сол ортаға бейімделуі немесе адаптация процесіне қатысып ,регенерациялық қызмет атқарады.
5.Морфологиялық қызметі –мүшелерге белгілі бір пішін береді.
Жасуша жәнеде жасуша аралық заттарының құрылымына сондай-ақ талшықтардың реттеліп орналасуына,оларды желімдеп тұратын аморфты физико-химиялық қасиетіне байланысты меншікті, қаңқалық тіндер болып жіктеледі. Негізінен талшықты жәнеде арнайы қасиетті болып бөлінеді ал, қаңқалық тіндеріне келетін болсақ олар шеміршек және сүйек тіні ретінде екіге бөлінеді. Талшықты дәнекер тіндерінің жасушааралық заты көп, өте жақсы дамыған.
Қызметтері:
1.Трофикалық – яғни тіндік құрылымдардың қоректенуін қамтамасыз етеді.
2. Биомеханикалық-талшықты дәнеке тіндері ағзалардың талшықты қаңқасын қалыптастырып,оларға беріктік,серпімділік қасиет береді.
3. Қорғаныш-организмді механикалық зақыданудан қорғайды.
Жасушалық құрамы ,физика-химиялық қасиеттері бойынша 2 ге бөлінеді:
1. Тығыз
2. Борпылдақ
1. Тығыз талшықты дәнекер тіні көлемі аз аморфты заттан және көп мөлшерде тығыз орналасқан талшықтан тұрады. Тығыз талшықты дәнекер тіні коллагенді талшықтардың реттелу дәрежесіне қарай талшықтары 2- ге бөлінеді. Олар пішінделген және пішінделмеген.
Тығыз талшықты пішінделмеген дәнекер тіні -талшықтары ретсіз орналасып, үш өлшемді тор құрайды. Талшықтарының ретсіз орналасуы бұл тіннің негізгі қасиеті беріктігін анықтап,механикалық функциясын қамтамасыз етеді. Тығыз талшықты пішінделмеген дәнекер тіні негізгі аморфты заты аз болады. Будаларының арасында аз ғана мөлшерде фибробласттар, фиброциттер, макрофагтар, лейкоциттер орналасқан. Тығыз талшықты пішінделмеген дәнекер тініне тері дермасының торлы қабатын жатқызамыз сондай-ақ талшықтары ретімен орналасып, будалар қалыптастырады, сондай-ақ бұл тін, сіңірлер, байламдар, фасциялар, апоневроздар құралады. Сіңірлер-ұзынша цилиндр немесе жалпақша пішінді болып келген,көленең жолақты бұлшықеттерді сүйекке бекітетін,созылмайтын талшықты тәжілер. Олар параллельді, бір-біріне өте жақын орналасқан тығыз талшықты пішінделмеген дәнекер тіннен тұрады. Коллагенді талшықтарының арасында фиброциттер жатады. Олар бойлық кесінділерде параллелограм, ромб, трапеция тәрізді, ал көлденең кесіндісінде жұлдызша пішінді болып келеді.
Байламдар-сүйектерді бір-бірімен байланыстырады. Байламдарында коллаген талшықтарының кеңістік орналасуы ретсіздеу, эластикалық талшықтарының будалар мөлшері басым болып келеді.
2. Борпылдақ талшықты дәнекер тіндері-дәнекер тіннің органимде ең көп таралған түрі. Борпылдақ талшықты дәнекер тіні әр түрлі жасушалардан сонымен қатар аморфты заттан құрылған жасушааралық заттан құралады. Борпылдақ талшықты дәнекер тіндерінің жасушалары: фибробласттар, макрофагтар,толық жасушалар, перициттер, май жасушалары мен лейкоциттер.
Фибробласттар- тіндерінің саны жағынан ең көбі жасушасы. Жетілу дәрежесі мен белсенділігіне қарай жас фибробласттар, пісіп жетілген фибробласттар, фиброциттер болып 2 бөлінеді.
Жас фибробласттар-дөңгелек немесе сопақша ядросы бар,цитоплазмасы базофильді, диаметрі 20-25 мкм болып келеді. Жас фибробласттар -кемелденген фибробласттарға, фиброкласттарға, миофибробласттарға дифференциялауға қабілетті болып келеді.
Пісіп жетілген фибробласттар- диаметрі 40-50 мкм құрайтын, өсінділі пішінді болып келеді. Ядросы сопақша пішінді, ашық түсті, 1-2 ірі ядрошығы болады. Ал цитоплазмасы нәзік базофилді, митохондриялары мен лизосомалары орташа дамыған. Пісіп жетілген фибробласттар тіннің құрамында өте белсенді қызмет атқаратын жасушалар болып саналады.
Фиброциттер- фибробласттар дамуының ең соңғы түрі. Пішіні жіпше тәрізді, ұзын өсінділі, цитоплазмасында органеллалары аз, нашар дамыған Гольджи комплексі, шамалы митохондриялары бар.
Миофибробласттар-коллаген белоктары мен жиырылғыш белоктарды синтездейтін жасуша. Құрылысы жағынан цитоплазмасының басым бөлігін-актин, миозин, виментин, десмин алып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет