126жм назарқұл Еркебұлан



бет64/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021

Уникальность: 100.00%
Пигментті тіннің құрылысы, жасушалық элементтерінің әртүрлілігі бойынша, борпылдақ талшықты дәнекер тінмен ұқсас. Олардың құрамында пигментті жасушалар, фиброциттер, макрофагтар, лейкоциттер, фибробласттаржәне толық жасушалар болады. Бірақ та пигментті дәнекер тінге пигментті жасушаларының саны мен функциялық маңызы басым болады. Осы тіннің тағы бір ерекшелігі ол қанмен жақсы жабдықталуы болып табылады. Ағзада пигментті тін көздің құбылмалы жәнеде тамырлы қабықтарында, меңдерде, емізік маңындағы шеңберде және артқы өтіс аймағында шоғырланған. Негізгі пигментті тіннің маңыздылығы ол терінің ядролық құрылымдарын ультракүлгін сәулелерінің әсерінен қорғайды, көздің қабығының құрамындағы жарық сәулелерінің шағылысуынан сақтауда, теріге өң береді. Егерде бұл тіннің жасушаларында қандай да бір ақаулықтар болса терінің және көздің әртүрлі патологияларына алып келеді, мысалы: альбинизмнің кейбір түрлерінде кездесуі мүмкін. Пигментті жасушалардың 2 түрін ажыратамыз: меланоциттер және меланофорлар. Меланофорлар меланин пигментін синтездей алмайды, олар мелоноциттерде синтезделініп бөлінген пигментті гранулдарды жұтуға және цитоплазмасында жинауға қабілетті болып келеді.

64.Шырышты тін. Құрылысы мен маңызы. 100.00%


Шырышты тін (textus mucosus) басқаша сілікпе тәрізді тін ол борпылдақ талшықты дәнекер тіннің эмбриондық түрі, баланың жатыр ішінде даму кезінде ішкі организмнің тері астында болады, оның мукоциттері фибробалсттарға ұқсас болып келеді және де өзара түйіскен өсінділері бар. Кіндік бауды толтыратын вартон сілікпесінің консистенциясы ұрықтан тыс ағзадан өтетін қантамырлардың қысылуының алдын алады, кіндік баудың серпімділігін қамтамасыз етеді. Шырышты тін мукоцит жасушаларынан және көп мөлшердегі сілікпе тәрізді біркелкі жасушааралық заттан тұрады. Гомогенді заттың негізгі аморфты затының көлемі жіңішке коллагенді фибрилдерден көп болады. Цитоплазмасы нашар боялған және ол жерде гликоген көп, жасушалары негізгі аморфты затты көп синтездейді, ал коллагенді талшықтарды аз. Шырышты тіннің аморфты затында гиалурон қышқылының көп болып кету арқасында гидрофильді және консистенциясы сілікпе тәрізді болып қалады. Шырышты тінде аздаған макрофагтар мен лимфоциттер кездеседі.
Шырышты тін тек эмбриогенезде, адам ұрығының кіндік түтігінде болады. Оны желатинді деп те атайды. Шырышты тіндердің құрылымы борпылдақ талшықты дәнекер тініне ұқсас: жасушалар + жасушааралық заттан тұрады, бірақ жасушааралық затта гиалурон қышқылы және аз коллаген талшықтары бар. Гетерогенді топтың жасушалық элементтерінен, жұқа коллаген талшықтарының аз санынан және желе тәрізді аморфты заттан тұрады. Жасушалық элементтердің ішінде үлкен фибробласттар бар, олар жұлдыз тәрізді, миофибробласттар, сондай-ақ тегіс бұлшықет жасушалары және олардың барлығы ұрықтың ішілік дамуы процесінде мезенхималық жасушалардан ерекшеленеді. Желатинді тін кіндік қан тамырларын қоршап, әртүрлі зақымдарды қорғайды: қысу, ұрық жатыр қуысында, амниотикалық қуыста қозғалғанда, кіндік бүгіліп, тіпті ілмектерге айналуы мүмкін, бірақ сонымен бірге тамырлар арқылы қан ағымы, әрине, шырышты тіндердің арқасында сақталады, осылайша ұрықтың трофикасын немесе тамақтануын сақтайды.

65.Қаңқа тіні.Олардың жалпы сипаттамасы.Жіктелуі. 72.90%


Шеміршек және сүйек тіндері қосылып қанқа тінін құрайды,сол себептен оған барлық ішкі орта тіндерінің жалпы белгілері кіреді. Олар үш негізгі жалпы белгілермен сипатталады: 1) жасушалар мен жасушааралық заттың болуы; 2) дамудың басталуы бір эмбриональды көзден - бұл мезенхима; 3) организмнің гомеостазын сүйемелдеу функциясын атқарады. Қаңқалық тіндердің ерекшелігі олар барлық қызметтік функциялардың ішінен тіректік,механикалық функциялар жақсы дамыған және олар қорғаныш, транспорттық қызметтерді атқарады.Олар жасушалардан,жасушааралық заттардан тұрады және олардың соңғы құрамдасы қаңқалық тіндерде көлемі жағынан басым,функциясынан жетекшы олар өздеріне тән барлық функцияларды орындайды.Жасушааралық заттың химиялық құрамы,құрылымдық ұйымы дәл келеді.Осылардың барлығы бірігіп ағзаның гомеостазын қамтамасыздандырады.
Шеміршек тіндері тыныс алу жүйесінің, буындардың, омыртқааралық дискілердің құрамына кіреді. Басқа ұлпалардағыдай, шеміршек тінінде жасушалар мен жасушааралық зат бөлінеді. Негізгі жасушалық элементтер-хондробласттар және хондроциттер. Хондробласттар-жасушааралық затты бөлуге және синтездеуге қабілетті ұсақ тегістелген жасушалар. Жасушааралық заттың компоненттерін бөліп алып, ходробласттар оған "жабысып" қалады-олар хондроциттерге айналады. Хондроциттер-үлкенірек және сопақша пішінді. Олар жасушааралық заттың арнайы қуыстарында – лакуналарда жатыр. Хондроциттер көбінесе бір жасушадан шыққан 2-6 жасушадан тұратын изогендік топтарды құрайды.Хондроциттердің белсенділігіне байланысты шеміршек массасының ішкі жағынан өсуі байқалады, оны интерстициальды өсу дейміз.
Шеміршек тінінің үш түрі бар: гиалинді, серпімді талшықты шеміршек.
Сүйек тіндері коллаген талшықтары бар және бейорганикалық қосылыстарға малынған сүйек жасушаларынан тұрады. Жасушалардың екі түрі бар: остеобласттар және остеоциттер. Сүйек тінінде жасушалардың тағы бір категориясы – остеокласттар, олар сүйек емес, бірақ моноциттік шығу тегі бар және макрофаг жүйесіне жатады. Остеобласттар-шеміршек қабығында орналасқан остеогенді жасушалардан дифференцияланатын, бөлінбейтін ірі жас жасушалар. Остеоциттер-пісіп жетілген, соңғы дифференцияланған, функциялық белсенділігі баяу жасушалар. Остеокласттар- мөлшері 190 мкм-ге дейінгі моноциттік шығу тегі үлкен көп ядролы (5-100 ядро) жасушалар. Бұл жасушалар сүйек пен шеміршекті бұзады, физиологиялық және репаративті қалпына келтіру процесінде сүйек тінінің резорбциясын жүзеге асырады.
Сүйек тінінің екі түрі бар: ретикулофиброзды және пластинкалы.
Жуан талшықтылар іштегі нәрестенің сүйегін құрайтын эмброиндық сүйек тіні, кейін ол кемелденген пластикалы сүйек тініне айналады. Пластинкалы сүйек тіндерінің коллаген будалары тығыз, негізгі аморфты заты көп , минералды тұздар аз, остеоциттер көп.

66.Шеміршек тіндері. Жалпы сипаттамасы. Шеміршек тіндерінің түрлері (гиалинді, эластинді, талшықты). 100%


Шеміршек тіндер дәнекер тіндерінің маманданған тобын құрайды, ауа тасымалдаушы мүшелердің, құлақ жарғағының,буындардың, омыртқааралық дискілердің құрамында нәресте қаңқасының біраз бөлігін құрады.Шеміршек тіндердің функциялары:нәрестеде пішінін қалыптастыратын кейін ол сүйек тінінің дамуына негіз болатын шеміршекті модель құрайды,постналды кезеңд тіректік қызмет атқарады,қуысты организмнің беріктігін береді.Шеміршек тіндері шемәршек жасушалардан және жасушааралық заттан құралған,оның массасы 70-80% -су,органикалык заттар 10-15%,минералды заттар-4 7%,коллагенді талшықтар-50-70% құрайды.Эластикалық талшықтар тек эластикалық шеміршек құрамында болады,негізгі аморфты заты протеогликандардан және гликопротеиндерден тұрады.Шеміршек тінінде қан тамырлары болмайды,протеогликандардың жоғары гидрофилділігі арқасында шеміршек матриксінде су жоғары болады.Жасушааралық сұйықтық арқылы қоректік заттар,оттек шеміршекті қыбықтың қан тамырларынан шеміршек тінінің жасушаларынан өтеді.Қалыптасуына байланысты үшке бөлінеді:гиалинді,эластикалық,талшықты.
Гиалинді шеміршек-Шеміршек тіндерінің ішінде ең көп таралған түрі ол жартылай мөлдір,ақ,көкшіл түсті.Осы тін арқылы қабырғаның төспен байланысқан бөлімдері,буын беттері,ауа тасымалдау жолдарының қабырғалары құралған.Гиалинді шеміршек нәресте қаңқасының біраз бөлігін құрайды,түтікті сүйектердің эпифизі мен метафизі біріккен жерде метаэпифизарлық өсу табақшалары күйінде кездеседі.Сүйек тінінің өсуі гиалинді шеміршек жасушаларының пролиферациясы нәтижесінен өтеді
Эластикалық шеміршек-құлақ қалқанында,көмейдің мүйізше тәрізді және сына тірізді шеміршектерінде есту түтіктерінің шеміршектерінде құралады.Оның құрылысы гиалинді шеміршекке ұқсас болып келеді изогенді топтарды құрайтын жасушалардан және жасушаарлық заттардан құралады.Бұл тіннің ерекшелігі шеміршек матриксінде эластикалық талшықтардың көп мөлшерде болуы,осынын арқасында көріңкі иілгіш қасиет,қайтымды деформация қабылетін береді.Оның жасушааралық затында эластикалық талшықтармен бірге,тінге мықтылық қасиетін беретін колагенді талшықтарда кездеседі.Эластикалық шеміршек тінге липидтердің,гликогеннің,хондроитинсульфаттар көлемінің аз болуы,минералдану процесінің болмауына,тозуға аз ұшырауына тән.
Талшықты шеміршек тіні-сіңір мен жалғаулардың тығыз талшықты дәнекер тіндерінің гиалиндік шеміршек тініне айналатын жерінде орналасқан,сол себепті оның құрамы екі тіндер арасында болады.Талшықты шеміршек тінінің жасушааралық затында коллагенді талшықтары көп болады және олар жуан будаларга біріккен. Талшықтардың арасында капсулдармен қоршалған шеміршек дакуналардың ішінде домалақ хондроциттер тізбек бойында орналасқан және олар хондроциттердің,фибробласттаррдың қасиетін алады.Талшықты қаңқа қысылғанда немесе созылса шеміршек тіні механикалық салмаққа шыдайды.Талшықты шеміршек тінінен сүйектердің симфизі, омыртқааралық дискілер құралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет