13 – дәріс Ауыл шаруашылық малдарының сәулемен зақымдануы


Мал терісін щетканың көмегі арқылы су және жуғыш заттармен жуу



бет3/3
Дата10.12.2023
өлшемі4,14 Mb.
#136549
1   2   3
Байланысты:
13 daris 2

Мал терісін щетканың көмегі арқылы су және жуғыш заттармен жуу.

  • Ветеринаиялық өңдеуді жүргізгеннен кейін әр малға дозиметриялық бақылау жасау керек ( шектеулі рұқсат етілген деңгей соғыс кезінде 100мр /сағаттан аспауы керек, ал бейбітшілік уақытта және радиациялық қауіпті нысандардың апаты кезінде 1 мр /сағ).
  • Өңдеуге арналған мал басы өте көп болған жағдайда оларды арнайы алаңшықтарда (53– сурет) өңдейді.
  • Қысқы уақытта малдың тері жамылғысын ветеринариялық өңдеудің құрғақ әдісі пайдаланылады. Радиоактивті заттарды мал үстінен қағып – сілкіп, щетканың немесе сыбыртқының көмегімен, сондай – ақ оларды шаң сорғышпен сорып алу арқылы және т.б. тазалау құрғақ өңдеу деп аталады. Бұл әдіспен тазалау салыстырмалы түрде жеңіл орындалады, бірақ оның тиімділігі өте төмен. Өңдеудің бұл түрінде мал терісінің ластануын 25 % - ға ғана төмендетуге болады.
  • Қойдың тері жамылғысын ветеринариялық өңдеудің бірден – бір тиімді әдісі оның жүнін қырқу болып есептеледі.

Мал денесін таза сумен шаю.

  • Малдың радиациялық зақымдануы кезінде етті ветеринариялық санитариялық сараптау
  •  

      • Малды сояр алдында қарап тексеру және оларды сою тәртібі
      •  

  • Иондаушы радиациямен зақымданған малды сояр алдында қарап тексеруді, оларды сою мен етті және басқа да сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптауды, радиоактивті ластанған аймақтардан алынған мал өнімдерінің азаюын, арнайы технологиялық өңдеулер арқылы төмендету мақсатында, сонымен қатар радиоактивті заттармен ластанған мал өнімдерін тағамға пайдалануға жібермеу мақсатында жүргізеді.
  • Қасапханаға, ет комбинатына немесе басқа да ет өңдеу мекемелеріне радиоактивті заттармен ластанған аймақтардан түскен малға дозиметриялық бақылау жүргізеді де, оларды радиоактивті зақымдану деңгейіне байланысты үш топқа бөледі:
  • Радиоактивтілігі жоқ.
  • Радиоактивті ластануы шектеулі рұқсат етілген мөлшерден
  • ( 100 мр/сағаттан төмен ) аспайтын.
  • 3. Тері жамылғысының радиоактивті ластануы шектеулі рұқсат етілген мөлшерден ( 100мр/сағаттан ) жоғары (2 – нобай).
  • Әр топтағы малды бөлек - бөлек ұстайды. Бірінші және екінші топтағы малды ветеринариялық тұрғыдан қарап тексергеннен кейін сау және ауру мал деп екіге бөледі. Індетті және инвазиялық аурулар байқалған малды союға жібереді де өнімдеріне қолданудағы ережелерге сәйкес ветеринариялық санитариялық сараптау жіргізеді. Сәуле ауруының клиникалық белгілері (әлсіреген, дірілдеуі бар, жүрісі сенделген, қанда гематологиялық өзгерістері бар т. б.) мал анықталған кезде оларды, балауы анықталғанға дейін жеке ұстайды, содан кейін оларды ары қарай пайдалануды шешеді.
  • Малдың сәулемен зақымдануын анықтаған кезде оларды емдейді де сауыққаннан кейін союға жібереді. Мұндай малдың қоңдылығы және олардан алынған өнімнің сапасы төмен болады. Иондаушы сәулемен жоғары деңгейде сәулеленген және ауыр жағдайда сойылған малдың еті, тағамға пайдаланған кезде адамға сәулелену қаупін туғызбайтыны эксперимент жүзінде дәлелденген. Сондықтан мұндай лажсыздан сойылған малдың ұшалары мен ағзалары бактериологиялық тексеруге жіберіледі де оң нәтиже алынған жағдайда, қолданыстағы ветеринариялық санитариялық сараптау ережелерінің 10-шы бөлімі бойынша пайдаланылады.
  • Радиоактивті ластануы шектеулі рұқсат етілген деңгейден жоғары болған кезде малды союға жібермейді, оларды ветеринариялық өңдеуге (тері жамылғысын дезактивациялау) және қайталап дозиметриялық бақылау жүргізуге жібереді. Радиоактивтілігі шектеулі рұқсат етілген деңгейге дейін төмендеген жағдайда оларды екінші топқа ауыстырады, радиоактивтілігінің төмендеуі жеткіліксіз болған жағдайда малды екінші рет ветеринариялық өңдеуге жібереді. Егер радиоактивті ластануы шектеулі рұқсат етілген деңгейден жоғары болса, онда мұндай малды ерекше топқа бөледі де радиация мөлшері төмендегенге дейін ұстайды.
  • Ветеринариялық тексеруден өтпеген , агониялық жағдайдағы немесе көтерем малды, сонымен қатар радиоактивті ластануы рұқсат етілген шектеулі деңгейден жоғары болғандықтан, малды союға қатысатын тұлғлардың ден - саулығына қауіп туындататын малды союға жібермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет