№13 дәріс
Тақырып: Құқықтың түсінігі және мәні
1. Құқықтың ұғымы, мәні және оның негізгі белгілері
2. Құқықтың қағидалары мен қызметінің түсінігі
3. Объективтік құқық және субъективтік құқық.
"Құқық" терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және
қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның
құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында "құкық" термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, "құқық"-
ресми турде танылған жеке және заңды тулғалардың заңға сүйене отырып, әрекет
жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі
болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құкығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері
болады. Осы келтірілген жағдайларда "құқық" түсінігі субъективтік (тұлғалық) мағынада
колданылады.
Субъективтік (тұлғалық) құқық-тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен
құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай
мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін
анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен
байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Демек,
құқықтық қатынасқа қатысушыларда құқықпен қатар құқықтық міндеттер де туындайды.
Басқаша айтқанда, тұлғаларда құқықпен бірге құқыктық міндет те болады. Мысалы, әр
азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін
азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңдық негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол
мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамнын,
басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан
Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: "Меншік міндет жүктейді,
оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс" (6-бап).
Айтылғаннан шығатын қорытынды: құқықсыз міндет болмайды, міндетсіз құқық
болмайды. Бұл жағдай әлеуметтік әділеттікті баянды етеді.
Субъективтік (тұлғалык) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық
тұлғасының занды мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген
міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып,
мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, "құқық" дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы.
Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне
байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға
бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы, Қазақстанның құқығы туралы
Конституция былай дейді: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Конституцияның, соған сәйкес зандардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердін,
Республиканың халықаралық шарттык және өзге де міндеттемелерінін, сондай-ақ
Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының
нормалары болып табылады" (4-бап).
Үшіншіден, "құқық" термині оку пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық
пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық кұқық, әкімшілік құқық, еңбек кұқығы,
отбасы құқығы, азаматтык құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық, т.б. Құқық саласы
- өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың
жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды
реттейтін құқыктық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға,
жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Тертіншіден, "құқық" термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың
жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты "құқық жүйесі" деген түсінік
бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қадзақстанның, құққық жүйесі қалыптасуда.
Құқық пәндерін окып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда
мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі
әлеуметтік құбылыс екендігінін белгісі.
Құкықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де әр түрлі болуының
негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда
құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан килы
құқықтар мен бостандықтар берілсе, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда
қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз
болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.
Әрине, кұқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады
деп айтуға болмайды. Негізінен, құқкықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан
түсіндіру ғылымда кен орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты
құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем
таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік
тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, олардың
мүдделерін корғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік
мәні бар екенін теріске шығармайды. Бірақ маркстік ілім құққықтың әлеуметтік мәнін өте
тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-
ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені
белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге телуге
болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап
тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті
мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала
бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да
осыңдай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз.
Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да
болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық
жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың
еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Кұқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге
болады.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - адам мен қоғамның жаратылысымен
байланысты тұлғаның
бостандығын
білдіретін,
қоғамдық
қатынастарды
реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз
етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық.
Жүйелілігі. Құқық – бірнеше бөліктен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі –
табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік-
құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи
құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық
нормалар табиғи құкыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай
деп жазылған:
“Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы
жоқ” (15-бап). Құқықтық жүйенін екінші бөлігі – мемлекеттегі қолданылатын барлық
заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі – субъективтік (түлғалық)
құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз
басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір сүруге
құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз
өмірін сақтауға, корғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып
қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі
белсенді әрекет жасауы керек. Адамның әлеуметтік-құқықық талаптарының мағынасы –
оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.
Нормативтік сипаты – құкықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан,
ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида – тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже.
Былайша айтқанда, қоғамдык катынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі
ережеде көрсетілген қалыпқа (кисынға) бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың
нормалары – тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай
ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-
көрсетпеуге хақылы (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 19-бап). Тұлғалардың
мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға
бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады,
бассыздықтан қорғайды.
Формалды анықтылық – құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың
мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құкықты, оны құратын заңдарды, басқа да
нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан
тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң - ережелер жиынтығы. Олар
жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар
ережелер. Әрбір ереже, кағида тұлғалардың мінез-құлқы туралы заң шығарушының ойын
анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір
сөзінің әлеуметтік мәні болады, себебі ол коғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың
мінез-құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.
Құкықтың енді бір белгісі -мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет құқық
қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек
қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың
құққықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен
камтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Занда көрсетілген категориядағы мұқтаж
азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй
қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі (25-бап). Егер азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына кол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды
бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына
келтіріледі.
Құқықтың тағы бір белгісі – адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан Республикасының
Конституциясында мемлекеттік биліктін бірден-бір бастауы - халық деп жазылған. Халық
билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқьшы жүзеге асырады,
сондай-ак өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді (3-бап). Сонымен,
халык зандарды өзі тікелей қабылдай алады. Мұңдай жағдайда заң тікелей халыктың еркін
паш етеді. Оған мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқы Конституцияны
референдум арқылы кабылдады. Конституция - құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса,
Қазақстанда қалыптасып келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді,
ойын жүзеге асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмаиды. Халыктың ойын, еркін
мемлекет органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады.
Халық Президентті сайлайды. Халық атынан әрекет жасап, Президент өз өкілеттігінің
шеңберінде нормативті актілер - заң күші бар жарлықтар, жай нормативті жарлықтар,
қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативті актілері Қазақстан құқығын
қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар тек бір адамның
немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана қорғамайды. Ол – халық үшін
қызмет істейді.
Құқық – адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда
баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі.
Көне заманнан оқымыстылар құқықтың мәні мен мазмұнын түсінбекші болып, оған сан
қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мәнін анықтаудың үш жолын айтуға болады.
1) нормативті тұрғыдан қарау, былайша айтқанда, құқықты заң нормаларының жүйесі деп
санау; 2) социологиялық тұрғыдан карау, яғни, құқықты реттелетін қоғамдық
қатынастармен ұқсас деп санау; 3) философиялық тұрғыдан қарау, яғни құқықты бос-
тандық пен әділдік деңгейімен байланыстыру.
Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік
болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық қатынастар да жатады.
Құқыққа, ерекше әлеумттік құбылыс ретінде қарасақ оған жалпы және айрыұша
белгілер тән екендігін байқаймыз.
1. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құқыққа тән жағдай емес.
Ол адамның табиғатымен байланысты және кез келген әлеуметтік ұйымға тән.
Нормативтік дегеніміз адамдардың ой жүйесін, қоғамдык өмірін тәртіптеп, соның
нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.
2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Әділдік пен бостандыққа
адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Әділдік - адамның игілігіне бағытталған
жағдай, ол басқа адамның мүддесіне зиян келтірмейді, қоғамға пайдалы. Осы талаптарға
сай келетін адамның әрекеттері әділ болып саналады. Марксизм-ленинизм негізін
қалаушылары әділдікті тек таптық мүдделермен байланыстырады.
Бостандық - адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты
өмір сүре алады, барлық өзіне тән шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады.
3. Құқықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар - билік, мемлекет, қоғамдағы
тәртіп. Солар арқылы әділдік пен бостандық жүзеге асырылады. Әрине, әділдік пен
бостандық шектелсе де, сол аталған құбылыстар арқылы жүзеге асырылады. Құқықтың
нормалары мен мемлекет органдарының арасында қайшылықтар, үйлеспеушіліктер болуы
мүмкін. Зандарда адамдардың құқыктары мен бостандықтары жарияланғанымен,
мемлекет органдары олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етпеуі де мүмкін.
4. Құқық адамның іс-әрекетін реттейді, оның ойына, сезіміне әсер етеді. Егер адам
зандарда әділдік пен бостандық баянды етілетініне көзі жетсе, оларды орындау қажет деп
есептейді. Мұндай жағдайда адам өз еркімен заң талабын орындайды. Заң талабын бұзса,
кінәліге мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
5. Құқық нормативтік актілер түрінде қалыптасады. Оларда адамдардың еркі баянды
етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган ресмилендіреді. Сондықтан кұқық –
мемлекет таныған адамдардың еркі. Егер құқық әділдік пен бостандықты паш етсе, ол
жалпы халыктық құқық деп саналады.
6. Құқықтың формалды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар
ерекше қасиетке ие болады. Ол - формалды анықтылық. Оның белгілері: айқындығы, бір
мағыналылығы, қысқалығы. Бұл құқық субъектісінің не нәрсені істеуге болады, нені
болмайтындығын білуіне ыңғайлы, әрі колайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау -
қылмыс.
7. Құқықтың жүйелілігі – оның тағы бір қасиеті. Зандарда жазылған құқкықтық
нормалар өзара байланысты, үйлесімді болады. Құқықтың нормалары тек осындай негізде
жазылып, калыптасса ғана құқық өзінің борышын орындауға қабілетті болады.
8. Құқықтың тағы бір қасиеті - оның өзгермелілігі. Қоғамдық өмір сіресіп қалмай,
құбылып, езгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары да өзгерген қатынастарды
лайықты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет. Осыған байланысты ескірген зандар
күшін жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқық біркелкі қалыпты түрде адамдарға
қолданылады. Осының өзі құқықта теңсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Адамдар әр
түрлі: біреу әлсіз, біреудің қабілеті мол, екіншісінікі кем, біреудің отбасы бар, біреу
бойдақ. Адамдардың мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді. Сондықтан заң
адамдарды іс жүзінде теңдестіре алмайды. Әрине, өмірдің кейбір салаларында, мысалы,
саяси құқықтармен пайдаланғанда барлық азаматтардын жағдайы бірдей.
9. Құқықты мемлекет қорғайды. Құқықтың барлық, нормаларының талаптарын
адамдар өз еркімен орындай бермейді. Соған байланысты мемлекет құқық талабын
бұзғандарға мәжбүрлеу тәсілін колданады. Мұндай қорғау болмаса, құқық жоқ деп
есептеу керек.
Құқықтың мәні.
Құқықтың үш "алтын" тірегі бар: имандылық, өмірдің материалдық жағдайлары және
мемлекет. "Құқық" түсінігі имандылыққа, әдептілікке тіреледі. Құқық имандылық
негізінде пайда болады. Имандылықтың өзі де адамдар арасындағы қатынастарды
реттейтін күш. Әрине, имандылықтын талаптары заң емес, тек ізгілікке, адамгершілікке
өнегелікке негізделеді. Оның қағидаларын орындататын ұйымдастырылған күш жоқ.
Имандылық тек арға, ұятқа арқа сүйейді, жұртшылықтың пікіріне негізделеді. Ал құқық
имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқыктың нормалары имандылық шарттарына сәйкес
келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады. Имандылық
әділетсіздікті, жауыздықты, зорлық-зомбылық, ұрлық, тағы сондай теріс қылықтарды
айыптайды. Бірақ ондай қылықтар үшін жаза қолдануға кажетті құралы жоқ.
Имандылықтың ең күшті құралы - жұртшылықтың пікірі. Құқық та теріс қылықтарға
тыйым салады. Тек тыйым салып қана қоймайды, кінәлі адамдарды жазалау шараларында
белгілейді, сол шараларды қолданатын мемлекет органдарының күшіне сүйенеді. Сөйтіп,
құқық нормалары арқылы мемлекет имандылық талаптарына ресми мағына береді, соның
нәтижесінде қоғамдық қатынастарды реттейді. Имандылықтың талаптары жалпылама
түрде болады, олардың анықтамасы, дәл түсінігі жоқ. Айталық, ұрыны, зорлықшылды,
өсекшіні жаман адам деп айыптайды. Ал құқық мұндай адамдардың іс-әрекетіне мейлінше
дәл, бұлтартпайтын анықтама беріп, тиісті құқықтық норманың мазмұнына жатқызады.
Құқықтың тағы бір тірегі - адамдардың өмір сүру жағдайлары, олардың
шаруашылығы. Адамзаттың өмір сүруі өндіріске байланысты. Өндіріс тиімді, нәтижелі
болу үшін оны ұйымдастыру, оның дамуына қажетті жағдай туғызу керек. Бұл тек
мемлекеттің қолынан келетін іс. Мемлекеттің өндіріске, шаруашылыққа әсер ету дәрежесі
қоғамда қалыптасқан меншік түрлеріне байланысты. Қазір Қазақстанда меншіктің екі түрі
бар: мемлекеттік меншік және жеке меншік. Мемлекет өз меншігін тек қана реттеп
қоймайды, сонымен қатар оны дамыту үшін басқарады. Ал жеке меншікке негізделген
өндірісті иесі заңда белгіленген тәртіпке сүйене отырып, өзі басқарады. Демек, мемлекет
екі меншікке негізделген өндірістің дамуын реттеу үшін құқықтың мүмкіндігін
пайдаланады. Соның нәтижесінде құқықтың өзі де өзгереді, дамиды, өндірістік
қатынастарды реттеуге бейімделеді.
Осы айтылғандардан байқалатыны - құқық калыптасуының екі кезі, яғни бастауы бар
екен. Құқық нормаларын жасауға халық тікелей қатысады. Бірақ халық тек өте маңызды
мемлекеттік мәселелерді шешу қажет болғанда, басқа жолмен оларды шешуге болмайтын
жағдайда ғана зандарды тікелей қабылдайды. Демек, халық занды ерекше жағдайда
қабыддайды. Әдетте, зандарды, басқа да нормативтік актілерді тиісті мемлекет органдары
жасайды. Сондықтан құқық нормаларының басым көпшілігін мемлекет шығарады.
Мемлекеттің қызметі құқық нормаларын қалыптастырумен аяқталмайды, қайта онын,
қызметі сол кұқық нормалары занда белгіленіп іске қосылған сәттен басталады деуге
болады. Құқық нормаларының талаптары өздігінен жүзеге аспайды. Оларды жүзеге асыру
үшін, талаптарын орындату мақсатында мемлекет түрлі әдістер қолданып алуан
қызметтер атқарады. Егер құқықтық нормалардың талаптары орындалмаса, бұзылса,
мемлекет кінәлі адамдарға тиісті шаралар қолданады. Сөйтіп, құқық нормалары
мемлекеттің ырқына негізделіп, жүзеге асырылады.
Құқық нормалары адамға бостандық беріп қана қоймайды, сол бостандықты
қамтамасыз ететін орасан зор күш - мемлекетке сүйенеді. Құқықтын тірегі, оның күш-
қуаты беделі мен абыройы - мемлекет.
Құқықтың қызметтері
Құқықтың әлеуметтік мақсаты оның атқаратын қызметінен байқалады. Оның қызметі
қоғамдық қатынастарға, адамдардың мінез-құлқына, іс-әрекеттеріне әсер етуге
бағытталады. Құқық қызметінің негізгі бағыттары мыналар: 1) Реттеу қызметі. Бұл
қызметтің мәні - қоғамдық қатынастарды баянды ету, тұрақтандыру. Мысалы, құқық
нормалары азаматтардың түрлі жағдайлардағы құқықтық мәртебесін анықтайды.
Конституция азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар береді және соларды
пайдалану үшін тиісті қоғамдык қатынастарға қатысу мүмкіндіктерін туғызады. Құқықтар
мен бостандықтар тұрақты құбылыстар, өзінің мәнін, күшін жоғалтпайды, оларды үнемі
пайдалануға болады. Сондықтан құқықтар мен бостандықтарды паш ететін құқықтық
нормалар әрдайым қоғамдық қатынастарды реттейтін құрал болып саналады; 2) Тыйым
салу қызметі. Құқықтық нормалар жеке адамның, коғамның және мемлекет органының
зиянды іс-әрекеттеріне тыйым салады. Зиянды іс-әрекеттердің алдын алуға арналған
құқықтык нормалар адамдарға, ұйымдарға міндет жүктейді, зиянды істен сақтандырады,
құқықтық нормалардың қағидаларын бұзбауды талап етеді; 3) Заңды игіліктерді қорғау
қызметі. Адамдарға, ұйымдарға, бірлестіктерге құқықтар мен бостандықтар белгілі бір
игілікті пайдалану үшін, өз кажетін (рухани, материалдық, т.с.с.) қанағаттандыру үшін
беріледі. Мысалы, әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. Оған ешкім
қол сұға алмайды. Егер адамды заңсыз бас бостандығынан айыратын болса, кінәлі адам
құқықтық жауапқа тартылады. Занда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе
прокурордың рұқсатымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады. Соның өзінде де
тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Тұрғын үйге қол сұғылмауы
керек. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Заңға сәйкес пайда
болған меншікті мемлекет корғайды. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға
болмайды. Кәсіпкерлікпен шұғылдану -азаматтардың негізгі құқықтарына жатады.
Мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды
қамтамасыз етеді.
Құқықтық нормалар адамдардың, ұйымдардың, бірлестіктердің құқықтары мен
бостандықтарын паш етумен қатар, оларды қорғау жолдарын, әдістерін, мүмкіндіктерін
жан-жақты қарастырады.
4. Құқықтың тәрбиелік қызметі де ерекше. Құқықтың нормалары адамдардың
санасына әсер ету арқылы құқыктық мәдениетті қалыптастырады. Сонымен қатар, құқық
заңды бұзудың алдын алу қызметін де атқарады. Осы айтылғандар құқықтың
экономикалық, әлеуметтік, идеология салаларындағы қызметіне жатады. Осыларға қоса
құқық мемлекетті, қоғамды және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау қызметін де
жүзеге асырады.
Құқық принциптері (қағидаттары)
Құқық принциптері - құқықтың мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен
бастаулар. Ол идеялар әділеттік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы
шығарылады.
Құқық принциптері әділдік, дұрыстық көрсеткіші болғандықтан, тұрақтылығымен
ерекшеленеді, олардың ұзақ уакыт бойы өзгермеуі құқықтық нормалардан
айырмашылығы болып табылады.
Құқықтық принциптер нормаларда, заңдарда тікелей немесе жанамалай білінеді.
Әділет және бостандық идеяларын дамытатын құқықтык, принциптердің ең бастылары
- демократиялық, ұлтаралық пәтуа (келісім), заңдьшық, адамгершілік, азаматтардың заң
алдында тең болуы (теңқұқықтылығы).
Достарыңызбен бөлісу: |