13 тапсырма Тақырыбы: Рефлексия, кері байланысты қолдану ерекшеліктері Рефлексия



бет2/4
Дата26.10.2022
өлшемі27,92 Kb.
#45571
1   2   3   4
Байланысты:
13 тапсырма Та ырыбы Рефлексия, кері байланысты олдану ерекшел

Оқушы өзінің оқудағы кемшіліктерін түсінуге көмектесетін мәліметтер мен алға жылжуға нақты нұсқаулар алады;

  • Мұғалім оқытудағы жіберілген олқылықтар және өзінің әрекетіне, қызметіне (жаңа әдіс-тәсілдер, оқыту технологиялары,сабақта уақытты тиімді пайдалану т.б)өзгерістер енгізуге көмектесетін мәліметтер алады.

  • Оқушыларға жиі және маңызды кері байланыс ұсынылған жағдайда оқыту тиімді болады.

    Кері байланыстың формалары мен әдістері

    • Жазбаша түсінік беру;

    • Бақылау;

    • Сұрақ-жауап /Блиц-сұрақтар/;

    • Жаппай /фронтальды/ сұрау;

    • Кері байланыс күнделігі;

    • Өзін-өзі бақылау дәптері;

    • Бір минуттық эссе т.б.

    Кері байланыс пен рефлексияны жүргізудің екі түрі бар:

    • Жазбаша;

    • Ауызша.

    Кері байланыс пен рефлексияның түрлері:

    Кері байланыс:

    Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
    Кері байланыс арқылы оқу мен оқушылардың жетістіктері мен
    кемшіліктерін анықтауға болады. Кері байланыс дұрыс жауап немесе
    бағыт таңдалынып, қателерді түзету әрекеттерін іске қосады.

    Кестеде берілген кері байланыстың тиімді əдістеріне «Қос жазба күнделігі» арқылы ұсыныстар тізбесі мен сабақ үдерісінің кезеңдерінде қолданылуын талдау жасаңыз.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет