Кепіл болам Сен Хақты сүй зәкір* болып, шәкір* болып,
Нәпсі көзін ой сахарда, аһ ұр келіп,
Дүниені қой Баязиттей пақыр болып,
Хақ Жамалын көрсетпесе, кепіл болам.
Кепіл болам Фархадтайын мехнат тартып, таулардан ас,
Баязиттей түнде тұрып, бауларға қаш,
Жөнейіттей шөлді кезіп саулар ма жас?! –
Хақ Жамалын көрсетпесе, кепіл болам.
101. «Жүрек көзі» 3 рет (ЗІКІРШІНІҢ ҚАБІРДЕГІ ХАЛІ Қиямет күн жақын қалды, ЛӘМӘКАНДА САБАҚ АЛДЫМ, ЗІКІРШІНІҢ ҚАБІРДЕГІ ХАЛІ Келің, достар, сал зікірді – Хаққа мадақ,
Хақ зікірі жүрек көзін ашар, достар.
Истиғфарды тынбай айтып тап қанағат,
Шайтан-лағын тән мүлкінен қашар, достар.
Қиямет күн жақын қалды Дүние байлап жүрек көзін, шын асылға
Қолы жетпей қалды жұрттың, ұғасың ба?
Нәтиже жоқ дәруіштер дұғасында,
Сан бәлені ел үстіне төкті, достар.
ЛӘМӘКАНДА САБАҚ АЛДЫМ Жүрек көзін аша алмасам тағат қылып,
Хақ дәргейі мақұл көрмес, білдім мән-а.
Хақиқаттың пәк сөзімен таң аттырып,
Ләмәканда* Хақтан сабақ алдым мән-а.
«Шапағат»_4_рет_(_Үмбет_туралы'>102. «Шапағат» 4 рет (Үмбет туралы,
Он сегіз мың ғаламға сәруар* болған Мұхаммет,
Отыз үш мың асхабқа сардар болған Мұхаммет.
Жоқшылық пен індетке қанағатшыл Мұхаммет,
Күнә тартқан үмбетке шапағатшыл Мұхаммет.
Үмбет туралы Әркім жүріп үмбетше,
Расул ісін үлгі етсе,
Шапағат күн шын жетсе, мақұрым қоймас Мұхаммет.
Ғарасат майданы «Қолдай гөр!» – деп жүздерін сорға малып,
Шұбырады, жүрегін қолға да алып,
«Ибраһимге барайық», – дер Мүбәрәк.
Адам-Ата – Халилден* сұрар көмек:
«Шапағат қыл тезірек бұларға», – деп.
МІНӘЖАТ Оқығанға шафхат қылам фәниде,
Қияметте шапағат бар, әрине.
Құдай маған сыйласа егер жәннатын,
Ұққан жанға ұсынамын шәрбатын.