Ей, сопы
Үлгісін Мұса Кәлим айтар келіп:
Екеуін үлгі алмаған Құдай қарғар!
Хақ сыны тәубасызға тиді қатал,
Кетем деп, жолға жыйнал, сыйлық апар.
Ғарасат майданы
Адам-Ата – Халилден* сұрар көмек:
«Шапағат қыл тезірек бұларға», – деп.
Ол да айтады: «Пенде сол қылар медет,
Мұса жаққа барайық, сол-ды – Жанаб».
«Дидарыңды көрем», – деп, өкініштен,
Содан бері ұяттың отын ішкем,
Мұхамметке барайық өтінішпен», –
Барар сонда Расулге бар жұрағат.
«Бер, Мұхаммет, – дер Мұса, – тез-ақ көмек,
Жоғалуда үмбетің тозаққа кеп» –
Мұхаммет те бұрады со жаққа бет,
Мұса бірге құтқармақ елді азаптан.
Аршы астында тәжін ап зар еңірер,
«Иә, Қадир, иә, Ғафур!» – деп және егілер.
Мұса менен Расул: «Жүр, – деп, – бері,
Һай кешті, – деп, – күнәһар үмбеттерін!» –
Шат боп бастар Жәннатқа дүрмектерін,
Жұпар аңқып бар ғалам жаз болады.
118. Ясауи 4 рет (Жасыл құс, РАСУЛДІҢ РИЗАЛЫҒЫ, МІНӘЖАТ 2 рет)
Жасыл құс
Міскін Ахмет Ясауи иланғалы,
Тілге алғалы: «Лә иләһа илл-Алланы» –
Хақ зікірі – Жан, Ділге құйған нәрі,
Ла маканда* сол құсқа тап болады
РАСУЛДІҢ РИЗАЛЫҒЫ
Пердеңді ашып мен пақыр жаққа қара, жылатпа,
Ғашық құлмын әрбір тал шашыңа да, Мұхаммед.
Міскін Ясауи назары – Хазіреттің мазары,
Топырақты сен басқан әзір еткін, Мұхаммед.
МІНӘЖАТ
Ясауи хикметтерін даналар
Ести көрсін –
Бар мақсатқа ол барабар.
Бір түйірін алсын жауһар кенінен,
Алмағандар қасіретке көмілер.
Ясауи хикметтері – бақыт-бал,
Ғашық-шарап, –
Бір тамшысын татып қал.
Шарабынан татсаң егер ғашықтың,
Хақ Дидарын көруге енді асыққын!
119.Насихат 4 рет ( Кепіл болам, Қиямет күн жақын қалды, МІНӘЖАТ )
Достарыңызбен бөлісу: |