Оқ тиді келіп, Барамын сөніп



бет1/9
Дата07.01.2022
өлшемі223,5 Kb.
#18775
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
гулн


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ............................................................................................3

Қып-қызыл өрттің ішінде жаумен жағаласқан жауынгердің жадынан бір нәзік сәуледей күлімдеген сүйікті қызының бейнесі неге кетпейді? Өйткені онда ақынның орындалмай кеткен арманы, көңіл көкжиегін керемет сиқырымен баурайтын әдемі сағынышы жатыр. Ақын махаббатының сертінен таймайтын адалдығына, жанының пәктігіне, жүрегінің тазалығына өлеңді оқығанда шын сенесіз.


Оқ тиді келіп, Барамын сөніп,

Барамын сөніп,

Қайратым кеміп, Жұтар ма мені



Барамын сөніп, мына сұм соғыс?

Келмейді өлгім! Арманым бар ма,

Тұрғандай сол қыз, жаныма келіп, өлсем бір көріп,

Талпына берді Қайда екен, қайда,

қайран жас көңілім, дариға сол қыз?!
Осы өлең жолдарынан иненің жасуындай бір жасанды мінез бар ма?.. «Егер ақын өлімінен қорықпайтындығын, сүйікті қызы үшін жанын қиюға даяр екендігін айтып шалқыса, өлең бүкіл шынайылық табиғатынан айырылар еді. Ажал сағаты тақағанда адам баласы дүниедегі ең сүйікті жанын есіне алатындығын да ақын дәл байқаған. Ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романында мынадай бір қызық эпизод бар. Абай мен Ербол бір үлкен боранда қатты адасады. Соңында Абай қатты сырқаттанған кезде қайта-қайта Тоғжанның атын айта береді. Зады кез-келген ұлы суреткерлерде ішкі үндестіктің бола беретіндігі де табиғаттың заңдылығы шығар, сірә»//.

Қасымның «Дариға, сол қыз» атты лирикалық туындысы, қазақ поэзиясындағы інжу-маржан жырлардың бірі ғана емес. Бірегейі. Эпикалық сарынмен жазылған осы өленде Қасымның ақындық табиғатына ғана тән жұмбақ, Қасымның мінезіне ғана тән өршіл рух жатыр.
«Келмейді өлгім, Жеңдік қой жауды,

Келмейді өлгім арман не қүрбым,

Қайратым қайда, Күркіреп күндей,

Келші осындайда» өтті ғой соғыс.

Дедім де тұрдым, Таба алмай жүрмін,

жүгіре бердім, Айқайлап ән сап,

Қолымда найза, Қайда екен, қайда,

шағылып айға. Дариға, сол қыз?!


Қуандық Мәшһүр-Жүсіп Қасымның «Дариға, сол қыз» өлеңіндегі лирикалық қаһарман туралы сөз еткен. Өлеңде Қасымның лирикалық қаһарманына лайық дербес қылық, әрекеттер орын алғандығын айтады. Бұл туындыда қан майданда болған қазақ жауынгеріне тән қауіп-қатерден тайсалмау, сүйіктісін аңсау тәрізді ортақ сипттар және тек Қасымның лирикалық қаһарманына лайық дербес қылық, әрекеттер орын алған. Бұл екеуі өз алдына оқшау алынбай өзара бірге берілген. Мұнда құбылысты дәлме-дәл нақыштау( «қып-қызыл өртті»), лирикалық қаһарман сезімін нақты көрсетпей шартты баламалар көмегімен алу( «Бір нәзік сәуле күлімдеп еді»), дербес тілек («Қайда екен қайда, дариға, сол қыз», «Арманым бар ма, өлсем бір көріп» т.б.),-бәрі бар. Нақты толғаныстар лирикалық қаһарманның өзіндік бітімін танытуға бастаса, шартты баламалар сол сезімді ұштай түсуге қызмет етеді. «Бір нәзік сәуле күлімдеп еді» тіркесін неге шартты балама деп атадық? Расында, сөзбе-сөз ұғынсақ, сәуле емес, тек адам күлімдейді. Демек «күлімдеу» сөзі көмегімен әрі жансыз сәулені жандандырып, әрі соның күлімдеуіне лирикалық қаһарман тұшынуын тамашаладық (басқаға сәуле күлімдегендей болып көрінбеуі де ықтимал ғой). Демек осы бір жол лирикалық қаһарман үшін бір жақсылық нышаны туғанын аңғартуға арналса, келер тармақ осы сезімге қарама-қарсы алынуымен мойын бұрғызады: «Сұрапыл соғыс соқты да бұзды». «Соғыс» сөзінің өзі кесапат белгісі екенін еске алсақ оның алдында «сұрапыл» сөзі келуі де залалдық деңгейін зорайта түседі. «Сұрапыл» сөзі сонымен бірге алдыңғы тармақтың алғашқы бунағында келген, демек тұрған орны да орайлас, «сәуле» сөзін ажарлаған («сұрапыл» сөзінің «соғысты» нақыштағанындай) «нәзік» көріктеуішіне қарама-қарсы қойылған. Бұл кереғарлықты алдыңғы тармақтың екінші бунағын негіздеген «күлімдеп еді» сөз қолданысына - кейінгі тармақтың соған орайлас бөліміндегі «соқты да бұзды» тіркесі қарсы қойылуы да арттыра түседі. Сөзбе-сөз ұғынсақ, сәулені соғу мүмкін емес. Себебі сәулені қолмен ұстай алмаймыз, ұрмақ түгел, сипай да алмаймыз. Сөйткен сәулені, әрі күлімдеген, әрі нэзік, демек жентектеуге қимайтын сәулені жай ыдыратып қоймай, өші бардай соғудың өзі үлкен әсер тудырады. Сөйтіп бұл деталь соғыстың не бір сүйкімдіні, нұрлыны қаншалықты аямайтынын бадырайтып көрсетеді. «Сапырды дауыл» бейнелеуі де -Қасымның әдеттегі, қатардағы бөгеуілді емес, ерен құбылысты, зобалаңды алуының үлгісі. Сол арқылы да Қасым ерекшелігі: нені алса да, сомдап, аспандатып жырлайтыны шаң береді. «Сапырды дауыл» суреттемесін одан кейінгі «тебіренді теңіз» орамымен байланыстырсақ, ауқымды қозғалысты кезіктіреміз. Біз әдеттегі қазақ ұғымымен қарасақ, тегенедегі қымызды ожаумен сапыруды елестетеміз. Ал, бүкіл бір теңізді, сонша жойқын суды сапыру үшін, анау-мынау емес, сан шақырым көлеміндегі алып ожау керек екендігі, оны көтеруге қаншалық мықты, қарулы қол қажеттігі туатыны да мәлім. Соншалық дария теңізді сапырған дауыл ғаламаттығын одан кейінгі толқынның тулауы да өршіте түседі. «Тулау» дегенде, біз қазақ ұғымына сай ат тулауын елестетсек, толқынның да қанша серпіліс үстінде болғанын тап басамыз. Бұл суреттердің бәрінің толыса келе ең бір биігіне жүгінген жері- шың-құздың шайқалуы. Әдетте ең ауыр, ең тапжылмайды деген шың-құздың өзін ырғаса, оны қозғаған толқынның да, толқынға серпін берген дауылдың да осал еместігі анық. Бұл ғаламаттар не үшін алынған десек, оның бәрі өздерінен кейін орын тепкен «қып-қызыл» өртті де серік етіп алып, сонша тауқымет шексе де, лирикалық қаһарманның мойымауын (бәріне де төзіп, тек сол қызды аңсауын) ашуға арналған. Лирикалық қаһарман шеккен азап мұнымен де бітпейді, қайта зорайып, өз шарықтау шегіне жетеді оқ тиіп, өлім қаупі туады. Осы орайда «барамын сөніп» сөз қолданысы назар аудартады. Тағы да сөзбе-сөз бағымдасақ, сөну адамға емес, отқа байланысты. Демек «сөніп» айтылғанда, деректі заттың, оттың жоқ болуын, яғни сол тәрізді көзге көрінерлік өшуді бадырайтып көрсетудің куәсы боламыз. Бұл нақты көрініс лирикалық қаһарман көз жұмуы мүмкіндігіне деген аянышты, қимастық сезімді, тұлғалантуға қызмет етеді. Сондай-ақ «барамын» сөзінен кейін «сөніп» қолданылуы, сол арқылы өзіне екпін ұялатып, мойын бұрғызуы, әрі екі мәрте жол басында, бір рет жол аяғында қайталанып берілуі де бұл әсерді ширата түседі. Сонша қысталаңға киліксе де, лирикалық қаһарманға тағы да сол қыздың елес беруі тұсында дерексіз ұғым «көңілдің» дербес жан иесі тәрізді қимыл жасауы да - назар аударарлық жетістік. Әдетте қол-аяғы бар не адам, не жануар ғана талпына алатынын ескерсек, сонша сөнуден кейін, дерексіз «көңілдің» талпынуы да оның қаншалық жан иесіне айналып, жанданып, жанкешті, қажырлы әрекетіне ден қойғызғанын жарқырата ашады. «Жұтар ма мені» -деу де - шеберлік үлгісі. Адамды жұтуға қаншалық қомақты ауыз керек екенін ескерсек, соған баруы мүмкін соғыстың (тағы да дерексіз жиынтық ұғым «соғыстың» жұту қабілеті бар алып денелі жан иесі болуы өз алдына) қомағайлығын әйгілейді. Жоғарыда келтіргеніміздей, сонша әлсіресе де, сүйіктісін жадына тұтып, жүгіре беруінен және қолында найза болуынан лирикалық қаһарманның қайратқа ие болғаны көрінеді.

«Қолында найза» тіркесін жеке бөліп алсақ, найза ұстау кімнің қолынан келмейді деуге де болатын тәрізді. Әйтсе де сонша запыс шеккеннен кейін, найза кезерлік деңгейге жетуі кімді болса да тамсантады. Бұл сілкіністі найзаның айға шағылуы да (демек өткір екені) өршіте түседі. Лирикалық қаһарманның мүмкін еместі жайғағаны, алда не бір асуға ұмтылары сол қызды әншейін іздеуі емес, «айқайлап ән сап» сонарлауы тұсында ерекше көзге түседі. Соншама қатер, зауалдан кейін естілген «айқайлап» ән салу Қасымның лирикалық қаһарманының оқшау сезімін, яғни ақынның озық адамды ересен сынақпен өлшеу машығын ашатындығы Қуандық Мәшһүр-Жүсіптің еңбегінде талданады.

Қасым Аманжоловтың майдан туралы жырлары

«Қанқұйлы жау»(1943), «Ұлы отан соғысы туралы жыр»(1943), «Ғабдолға»(1943), «Подполковник Әлпинге»(1944), «Мартбек»(қарағанды шаһтеры, Совет Одағының батыры Мартбек Мамыраевтың жауынгерлік өмірінен үзінді.1944 –жылы жазған), «ұлы күтіс», «қапанға»(1944), «үстімде сұр шинелім»(1944), «Сен фашиссің, мен қазақпын»(1944), «Соғыстың, қыстың ызғары»(1944), «1945 жыл»(1945), «Қалмақанға»(1945), «Достар, қайда жүрсіңдер»(1945), «Жылқыайдар»(1945), «Қызғалдақ» деген өлеңдер майдан тақырыбына арналған.

Қасым Аманжоловтың майдан тақырыбына арнап жазған жырларын әңгімемізге арқау еткеннен кейін, оның «Абдолла» поэмасына тоқталмай кете алмайтындығымыз ақиқат.

Әрине, бүгінгі күннің таразысына салғанда поэманың «әттеген-айларының» бар екендігін де жасырғымыз келмейді. Бірақ бұл поэма үшін үлкен мін емес. Қасым, жау оғының ортасында жүрген өжет ақынның образын қарама-қайшылықты, Өмір мен Өлім атты драмалық қақтығыстың үстінде керемет шеберлікпен ашқан. Бұл қырғын соғыстың, жолбарыстай жау отымен жағаласқан жауынгердің бейнесін ғана сомдаған поэма емес, бұл шын мәнісінде ақын Әбділдә Тәжібаев айтқандай «батырдың қанымен жазылған, әр сөзі оқ боп атылып, от боп шашылып тұрған оптимистік трагедия. Өлімді жеңіп өлген намысты жауынгердің өшпес образы, ерлік шені». Соғыс кезінде жазылған, әлеуметтік мәні зор осы шындағанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес...// Ақынның «Абдолла» поэмасы өз кезеңі үшін әдебиеттегі үлкен құбылыс болды.

Поэма туралы алғаш пікір білдірген қазақ әдебиетінің классик жазушысы Ғабит Мүсірепов еді. Ол өзінің «Майданнан соққан жаңа леп» атты әйгілі мақаласында, поэманың басты ерекшеліктеріне тоқтала келіп, былай деп жазды:



«Қазақ әдебиетінде Қасымның ағасы да бар, інісі де бар, құрдасы да бар. Солардың ішінен Отан соғысының тақырыбына жазамын деушілердің бәріне де «Абдолла» жаңа бір қырқаны меңзейді. Жаңа тақырыпты жақсылап жазайық дейді. Қасымның ең бір жете ұғынатын жақсы ойы осында. Қасым поэмасын жете ұғынған келсе мұнда көп нәрсенің дұрыс бейнесі көрсетілген. Сонымен бірге, сол бейнелерді қалай көрсету керектігін де анықтап кетеді»//.

Неміс-фашист басқыншыларына қарсы соғыста ерлікпен қаза тапқан қазақ ақыны Абдолла Жұмағалиевтің образын сомдау үстінде Қасым соғыс даласының суретін көз алдыңызға елестететін полотно жасаған. Поэмада бір артық деталь жоқ. Әр теңеу, әр бояу өз міндетін атқарып Абдолланың өжет болмысын, қайсар рухын көрсетуге, образын ашуға қызмет етіп тұр.
Өмір гүлін жаншып, таптап,

Шаштан сүйреп махаббатты,



Жерімізде жындай қаптап,

Найзаға іліп ар-ұятты, -



Келе жатты сұм жендеттер,

Жиіркеніп,

Жиырылды жер.

Жауға тамшы татырмастай

Буырқанып тасты өзендер.

Ашулы жел ащы даусы



Тұндырғандай жау құлағын( 2.226б.).
Жындай қаптап, махаббаттың өзін шашынан сүйреп келе жатқан жендеттерді көз алдыңызға елестетіңізші. Жаныңыз тітіркеніп, тұла бойыңыз түршікпей ме... Ақын жендеттердің образын ашу үстінде керемет теңеулер таба біледі. Аз сөзге көп мағына сыйғызу үшін белгілі бір дерексіз ұғымды заттандыруға немесе заттандыра отырып жандандыруға жиі барады. Махаббат - дерексіз ұғым. Ақын оны заттандырады және жандандырады. Ақын суреттеуінде оның шашы бар екен адамдікі сияқты. Көзге нақты сурет елестейді.

-Құдірет күші жер-жаһанның!

Қанатын бер қыран құстың,

Ашуын бер арыстанның,

Жүрегін бер жолбарыстың!

Күллі әлемнің ашу-кегі,



Орна менің кеудеме кеп!

Жау жолына атам сені,

Бомба бол да, жарыл, жүрек!

Бар арманым, асқар тауым,

Көтеріл, ел, намыс туы!-

Деп ер ұлан бақты жауын,

Жарқ-жұрқ етіп жан ашуы(2.228б.).

Ақын жауға қарсы намысын қайрайды. Өзін жаудан кек қайтаруға, қарсы тұруға жігерлендіреді. «Жүрегін бер жолбарыстың! Күллі әлемнің ашу-кегі, Орна менің кеудеме кеп»-дейді. Жауға қарсы жолбарыстай қайратты болуға ұмтылады.

Қанды пышақ-жау күлкісі



Қақ жарғандай түн жүрегін,

Шошып ұшты орман құсы,

Көл күрсініп алды демін.

Қызғыш болып қызғанышы,

Қимай көлге жау арнасын,

Жалын шарпып дем алысы,

Құшып жерін, сүйіп тасын,

Жүрегіндей сол аймақтың

Алас ұрды намысты ұлан.

Ащы зары махаббатттың

Естілгендей күйінді жан.

Кеуде кегі, жан ашуы

Кетті шығып от өзектен...(2.228б.)

Ақын жауға деген намыс пен ызасын өте бейнелі жеткізген. Нақтырақ айтсақ, сөзбен сурет салған. Жау күлкісі-қанды пышақ; Ол қанды пышақ түн жүрегін қақ жарғандай болады(Шындығында түнде жүрек бола ма?); Көл демін күрсініп алады(Шындығында адам ғана күрсінбей ме?); Дем алысынан жалын шарпыйды(Асыра әсерілеу бар.Жалын оттан ғана шақпай ма?);Сондай-ақ өзегі от болып өртеніп жатыр. Осы келтірілген өлең жолдарының барлығы да көркем бейнеге құрылған. Ақын сөзбен сурет салу арқылы жауға деген өшпенділігін жеткізген. Сол арқылы халықты жауға қарсы үндейді.

Поэма туралы кезінде көп әңгіме болып, ол туралы орыстың белгілі ақын-жазушылары Н.Тихонов пен Л.Соболев, сондай-ақ қазақ әдебиетінің үлкен ақындары мен жазушыларының көбісі өз пікірлерін білдірген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет