9 шілде 2016 жыл
www.egemen.kz
10
www.egemen.kz
10
Суретті түсірген Ерлан
ОМАРОВ
Меншік иесі:
“Егемен Қазақстан”
республикалық газеті”
акционерлік қоғамы
Басқарма төрағасы
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ
Басқарма төрағасының
орынбасары – бас редактор
Еркін ҚЫДЫР
МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.
АНЫҚТАМА ҮШІН:
Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.
БАЙЛАНЫС:
Астанада: факс (7172) – 37-19-87
Электронды пошта: egemenkz@maіl.ru Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru
Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru
МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:
Астана – 8 (717-2) 37-54-21;
Ақтау – 8 (701) 593-64-78;
Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;
Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;
Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;
Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;
Қарағанды – 8 (777) 949-64-77;
Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;
Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;
Орал – 8 (775) 336-47-57;
Өскемен – 8 (778) 454-86-11;
Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;
Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;
Шымкент – 8 (701) 362-63-76;
Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.
ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:
Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48,
egemen_adv@mail.ru
Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru
Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.
А
Газетті есепке қою туралы
№01-Г куəлікті 2007 жылғы
5 қаңтарда Қазақстан Республи касының
Мəдениет жəне
ақпарат министрлігі берген.
«Егемен Қа зақ стан» республикалық
газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009
Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар»
талаптарына сəйкес сертификатталған.
Индекс 65392.
Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 13 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921
Таралымы
210 932 дана.
Газет мына қалалардағы:
010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,
050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,
100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,
110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,
120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,
130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,
030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС,
060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,
160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,
140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,
080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,
090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,
040000, Талдықорған қ., Алматы қаласы, Мұқанов к-сі, 223 В, «Алматы-
Болашақ» АҚ,
070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство
Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.
Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №130 ek
Нөмірдің кезекші
редакторы
Жақсыбай САМРАТ
Дональд Трамптыѕ кїйеу
баласы – партизандар ўрпаєы
АҚШ президенттігіне үміткер, милли-
ардер Дональд Трамптың Иванка есімді
қызы белорус партизанының немересіне
күйеуге тиген болып шықты.
The New York Observer газетіне берген
сұхбатында Трамптың күйеу баласы Джаред
Кушнер күтпеген жерден өзінің Гродно облысындағы Новгрудок
қаласында туып-өскен байырғы партизанының тікелей ұрпағы
екенін айтып берді. Оның атасы мен əжесі 1943 жылы белорус
ормандарының бірінде табысыпты.
Адамныѕ еѕ жаќын досы
ешкі ме?
Лондонның королева Мария университетінің
биологтары ешкілердің қабілеттері иттер мен
жылқылардан ешбір төмен емес деген тұжырым
жасады.
Ғалымдар тəжірибе жасау барысында ешкілердің үй жануар-
лары ішіндегі ең ақылдыларының бірі екеніне көз жеткізіпті. Олар
қашанда адамдардың əртүрлі əрекеттеріне жауап қайтарып, оларға
қиын кездерде көмекке келе алады. Ешкілер адамның көңіл-күйіне
қарай өздерін де өзгертіп тұрады.
Иттердіѕ їйлену тойы иесіне
2000 фунтќа тїсті
Ұлыбританияда тұратын бір əйел өзінің
екі итін үйлендіріп, сол шараға 2000
фунт стерлинг ақша жаратты.
Əйелдің ши-цу тұқымдас иттерін жақсы
көретіні соншалық, ол бұларды үйлендіруді
орасан зор шоуға айналдырып жіберіпті.
Мұны ол тойдың барлық салт-дəстүрлеріне сай жасап шыққан.
Атап айтқанда, қалыңдыққа ақ көйлек, күйеу жігітке қара смокинг
кигізген. Тіпті, тойдың арнайы торты мен əшекейлері де болыпты.
Былайша, бəрін адамдардың тойларындай етіп ұйымдастырған.
Жомарт əйел өзінің тəрбиесіндегі иттерінің бұл тойына 2000 фунт
ақша шығарыпты. Ал «бақытты жұптың» аттары Элвис жəне Белла
болып келеді. Олардың Белвис деген күшіктері де бар көрінеді.
Бір сабаќ жїзімніѕ баєасы -
$10 900
Жапонияда бір сабақ жүзім 11 мың долларға жуық
ақшаға сатылып, тағы бір əлемдік рекорд тіркелді.
Елдегі супермаркеттердің бірінің қожайыны 30 дана жүзімнің
əрбіріне 360 доллардан ақша төлеп, оның сол сабағы үшін 11 900 дол-
лар қаржы шығаруға мəжбүр болған. Ал ерекше тəтті дəмі бар жүзім
«Лағылды римдіктер» деп аталады. Ол Жапонияның Исикава префекту-
расында өсіріліп, бірінші рет саудаға шығарылып тұр екен. Өткен жылы
бұл елде екі дана қауын 12 мың долларға сатылған болатын.
61 жасында балпанаќтай
ўл туєан
Қытайдың Чжэдзян провинциясын-
да тұратын 61 жас тағы зейнеткер əйел
перзентті болды.
Бұған Чан есімді əйел мен оның 66 жастағы
күйеуі 30 жасар қыздары ауыр науқастан
қайтыс болғаннан кейін барған. Олар қолдан
ұрықтандыру жолымен балалы болуға шешім қабылдапты. Чжэдзян
университеті жанындағы аурухана аға акушерінің айтуынша, Чан
осылайша аймақтағы ең жасы үлкен ана болып отыр.
Жас жўбайлар су астында
жїзік алмасты
Ресейдің Нижний Новгород қаласында тұратын Павел
жəне Елена Сидневалар өздерінің үйлену тойын алдын-
да жүзік алмасу рəсімдерін 10 метрлік тереңдіктегі су
астында өткізді.
Қазір Павел суда жүзу нұсқаушысы болып жұмыс істейтіні, ал
Еленаның екі жылдан бері дайвингпен айналысатыны белгілі болып отыр.
Олар Автозаводск АХАЖ-ына тіркелгеннен кейін Версмен ауданына ат-
танып, суы керемет таза Ключик көліне түскен. Мұнда талай мəрте түсіп
келген Павел бұл жолы қалыңдығын соңынан ерткен. Рас, олар су астында
бір-бірлеріне шын емес, фольгадан жасалған жүзіктер кигізген.
«Жолы болєыш» сиырды жай
оєы да жайрата алмады
Австрияның Зальцбург қаласының
түбіндегі фермада табынның 19 си-
ырына бір мезгілде найзағай түсті.
Солардың 18-і бірден тіл тартпай кетсе,
біреуі ғайыптан тайып, тірі қалған.
Бір қызығы, аман қалған сиырдың лақап
аты неміс тілінен аударғанда, «Жолы болғыш» екен. Бас бақташы
Георг Бухеггердің айтуынша, оқиға сиырлар жауыннан қашып,
алып шырша ағашының түбіне тығылған кезде орын алған. Сол
кезде дараққа жай түсіп, 18 ірі қара бірден өліп кеткен. Ал «Жолы
болғыш» деген аты бар сиырға титтей де залал келмеген.
Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды
Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мем-
лекеттік университетіндегі археологиялық зертхана
қызметкерлері мен тарих факультетінің студенттері
соңғы жылдары Əйет өзені жаға сынан табылған
Халвай ежелгі қорымын қазу жұмыстарымен айна-
лысып жүр. Археологтар мұнда біздің заманымыз-
дан екі мың жыл бұрынғы ежелгі адамдар қонысы
болған деп біледі. Ең қызығы, қостанайлық архео-
логтар мұнда ежелгі металлургтер тұрған деп отыр.
Соңғы жылдары қазба жұмыстарында Қостанай
мемлекеттік университетінің археологиялық экспе-
дициясы ежелгі қоныстардан металл қорытқаннан
кейін қалатын қож, пештің тастарын, ошақ-орларды
тапқан.
– Осындай олжаларымызға қарап, біз Қостанай
өңірінде ежелгі металлургтер металл қорытқан де-
ген қорытындыға келдік. Біздің бұл пікірімізбен
кембридждік əріптестеріміз де келісіп отыр. Біз
табылған қожыр үлгілерінің химиялық құрамын
анықтау үшін оларды Англия ғалымдарына
жіберетін боламыз. Англиялық ғалымдарды
біздің жерден табылған қожырдың химиялық
құра мы қызықтырады. Олар қола алу үшін мысқа
күшəла, қалайы, кремний қосқан. «Оларды қай-
дан алған, қанша қосқан?» деген сауалдардың
барлығы да терең талдауды қажет етеді, – дейді
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университеті археологиялық зертханасының аға
ғылыми қызметкері Ирина Шевнина.
Университеттің археологиялық экспедиция-
сы биыл маусым айынан бері Рудный қаласына
жақын жердегі Халвай қорымдарына кіретін
орындарды қазды. Археологтар одан негізінен
керамикалық қалдықтар тапты.
– Мұның сыртында тағы бір күл толтырылған
ор-шұңқыр таптық. Бұл да өткен жылдарғы қазбалар
негізінде айтылған пікірімізді нақтылай түседі
деп ойлаймын, – деді археолог Ирина Шевнина
бізбен хабарласқанда. Атақты Архаим тарихи-
археологиялық қорығы Қостанай облысынан алыс
емес, оңтүстік Оралда, яғни Жітіқара ауданымен
шектесетін Челябі облысының Бреды ауданында жа-
тыр. Ресейлік ғалымдар сол жерде қола дəуіріне жата-
тын ежелгі металл қорыту ісі басталған деп санайды.
Ирина Шевнинаның айтуынша, археологтар
Халвайдан кейін тағы да қорымдарды іздестіру
жұмысына кіріседі.
ҚОСТАНАЙ
Аян ƏБДУƏЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Жақында ғана елордада мил-
лионыншы болып туған Саида
есімді сəбиді Алматы қаласының
миллионыншы тұрғыны Бауыржан
Дəулетұлы құттықтады.
– Саида бұл өмірдегі ең бақытты,
ақылы көркіне сай сұлу қыз болсын
деп тілеймін! Кішкентай балапан
көпшілікке үлгілі азаматша бола-
ды деген үміттемін, – деді Алматы
қаласының тұрғыны.
Бауыржан 1981 жылы 19 жел-
тоқсанда туған. Сол тұста оған
«Алматы қаласының миллионын-
шы тұрғыны» деген алқа тағылып,
қаланың символдық кілті та-
быс етілген. Мұндай қуанышты
жағдайға байланысты даңқты ба-
тыр Бауыржан Момышұлы бата-
сын берген екен.
– Бауыржан деп атын қойған
сəбиге батамды беремін. Дені сау
жігіт болып, елінің мақтанышына
айналсын! – деген еді батыр.
– Ешқандай ерекшелігім жоқ,
қарапайым жігітпін. Мені сүйікті
қаламның миллионыншы тұрғыны
ретінде емес, осы қалпыммен қа-
былдағандарын қалаймын. Ал
қаланың кілтіне келер болсам,
ол Алматыдағы 28 гвардияшы-
панфиловшылар мұражайында
сақтаулы тұр, – деді Бауыржан
Дəулетұлы.
Айта кетейік, 4 шілде күні
Астана қаласы миллион тұр-
ғыны бар қалаға айналды. Саида
деп есімі қойылған перзент
Арай лым жəне Олжас Мұха ме-
дияровтардың тұңғышы. Қала
əкімі Əсет Исеке шев жас жұбай-
лар ды құттықтап, жаңа пəтердің
кілтін табыстады.
Болжам
Міне, қызық!
Дұрыс екен!
Ќостанайда ежелгі металлургтер болєан ба?
Жїргізушісіз
жїретін автобус
Аян ƏБДУƏЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Технологияның отаны сана-
латын Жапонияда тағы бір тың
дүние жасап шығарылды. Өз-
дігінен жүретін, жүргізушіні қажет
етпей тін көліктер бір кездері
бейнебір елес сияқты көрінетін
еді. Енді, міне, ол да шындыққа
айналғандай.
Күншығыс елінде инженер
мамандары тек электр қуатымен
əрі адамның басқаруынсыз қоз-
ғалатын шағын автобус тар
құ растырып шығарды. С ало-
нына барлығы 12 адам сия ды.
Сонымен қатар, оның ішіне қарт
кісілер мен мүмкіндігі шек теулі
жандарды мінгізіп, түсіруге
арналған арнайы құрылғы ор-
натылған. Мəліметтерге қара-
ған да, сағатына 40 шақырым
жылдамдықпен жүре алады. Ал
GPS навигациясы арқылы артқа
қарай қозғалады.
Жаңадан шыққан көліктер
алды мыздағы тамыз айынан бастап
халыққа қызмет көрсетуді бастай-
ды. Толық тəжірибеден өткеннен
кейін билік 2020 жылы Токио
Олимпиадасына келгендерді дəл
осы қоғамдық көлікпен тасы мал-
дамақ ниетте.
Айта кетейік, Жапонияда осы-
дан бірер жыл бұрын дəл осыған
ұқсас жүк көліктері сынақтан
өткен. Жүргізушісіз жүретін
көліктер сынақ барысында бір
сызықты бойлап, бірдей аралықты
сақтап, бірнеше сағат бойына
80 километр жылдамдықпен
жүріп отырған. Бұл ережелерді
сақтау үшін арнайы жүйе орна-
тылыпты. Əр көлікке бақылаушы
адам отырып, қойылған жүйенің
қаншалықты жүзеге асқанын тек-
серген екен.
Миллионыншы
миллионыншыны ќўттыќтады
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
Дүкен иелері адамдарға
қайы рымдылық пен қамқорлық
жасауды өздерінің басты мұраты
деп санайды. Сондықтан да
олар көп балалы, тұрмысы
төмен отбасыларға жəне зей-
неткерлер мен мүгедектерге
арналған тегін дүкендер ашу-
ды жөн көріпті. Капиталистік
қоғам си патындағы бүгінгі кез-
де əр кімнің жəне əр отбасының
жай-күйі əртүрлі екені талас
туғызбайды. Өйткені, өмірдің
жазылмаған заңы солай. Барлық
адамзат өкілдерінің материалдық
жағдайы мен моралдық бет-
бейнелері бірдей болуы еш мүм-
кін емес. Біреу бай, біреу орта-
ша, біреу кедей болуы о бастан
тіршіліктің қағидасы іспеттес.
Облыстағы тегін дүкендер
жүйесі тұңғыш рет Зеленов ау-
данында құрылған. Зеленов
ауылдық округі ардагерлер
кеңесінің төрайымы Роза Айту-
ғанованың айтуынша, жаңа
бастаманы жоғарыда аталған
əлеуметтік топтар жатырқай
қоймапты. Мұнда бас сұққан
тұтынушы өздеріне қажетті
киімдерді тегін ала алады. Ескіре
қоймаған, киюге əбден жарамды
бұл киімдер дəулетті адамдар
арасынан қабылданған. Көпшілік
жағдайда олар өздерінен артыл-
ған, тіпті, мүлдем киілмеген
киім дерді өз еріктерімен əкеліп
тапсырады екен.
Тағы бір айта кетерлік мəселе,
тегін тауарлар дүкенінде тек киім
ғана емес, сонымен бірге ыдыс-
аяқтар мен тұрмыстық техника-
лар жəне кітаптар мен əшекейлік
бұйымдар да бар екеніне көз
жеткіздік. Айталық, өзіміз куə
болғандай, Зеленов ауылындағы
тегін тауарлар дүкенінде зейнет-
кер мейірімі мол жан Мəдине
Қажығалиқызы тауар алуға тілек
білдірушілерге қажетті қызмет
көрсетуді əдетіне айналдырып-
ты. Сондай-ақ, аталған ауылдық
округтің əкімі Ізғали Дəулетов
тегін тауарлар дүкеніне екі бөл-
ме бөлінгенін айтып берді. Мұн-
дайда бəрекелді демегенде не
демекпіз?!
Батыс Қазақстан облысы,
Зеленов ауданы
Сақтансаң-сақтайды
Жөн-ақ!
Ол ғасырлық тойы жақындап
қалған аға басылымның тари-
хына қысқаша тоқталып, онда
талай арыстар қолтаңбаларын
қалдырғанын, газет қашанда
халық мүддесі мен елдікті жазып
келгенін жəне алдағы уақытта
да жаңа талаптар деңгейінен
табылатындығын айтып өтті.
Өздеріңіз білесіздер, қазіргі таңда
бұқаралық ақпарат құралдарына
жаңа талаптар қойылып отыр.
Медиа кеңістікте бəсекелестік
күшіне енді. Осыған барлық
бұқаралық ақпарат құралдары
икемделуі тиіс. Бəрінен бұрын,
жаңа талаптарға байланысты
оқырман талаптары да ескерілуі
тиіс. Ақпаратты қысқа əрі нұсқа
беру жүзеге асырылуы керек,
деген Д.Абаев, одан əрі журна-
листер үшін аудиторияны терең
зерттеу, жазылар материалдардың
көлемін ықшамдау, Интернет
сайтын жетілдіру секілді де жа-
ңа талаптар қойды. Сол сияқ-
ты министр газеттің 100 жыл-
дығына дайындалу барысын,
«Егемен» кітапханасы» серия-
сымен кітаптар шығару секілді
мəселелерге мəн берді. «Бұрынғы
басшы Еркін Қыдырға газеттің
жəне жалпы отандық баспасөздің
дамуына қосқан үлесі үшін алғыс
білдіремін. Бұған дейін өзін білікті
басшы ретінде көрсете білген
Дархан Қыдырəлі ғасырлық та-
рихы бар «Егеменнің» елдігімізді
нығайту жолындағы істерін одан
əрі жалғастырып, газетті жаңа
деңгейге көтереді деп сенемін»,
– деді министр.
Бұдан кейін газеттің бұ рын-
ғы басшысы Еркін Қыдыр жəне
осы басылым басқарма төр аға-
сының орынбасары – бас ре-
дактор Жанболат Аупбаев сөз
алып, министрдің алға қойған
тапсырмаларының сөзсіз жүзе-
ге асатынын, газетті жаңа талап-
тарға сай жақсарту одан əрі жалға-
сын таба беретіндігін, бұл жол -
да бірлесіп келелі жұмыс істей-
тіндіктеріне үлкен сенім білдірді.
«Егемен-ақпарат»
«Егемен Ќазаќстан» газетіне
жаѕа басшы таєайындалды
Кеше «Егемен Қазақстан» газетіне келген Ақпарат жəне
коммуникациялар министрі Дəурен Абаев «Егемен Қазақ-
стан» респуб ликалық газеті» акцио нерлік қоғамының жаңа
бас шысы халықаралық Түркі акаде мия сының президенті,
тарих ғылымдарының докторы Дархан Қуандықұлы
Қыдырəліні газет ұжымымен таныстырды.
Тауарлары тегін
дїкендер
Орал өңірі аумағында алынған кез келген тауар үшін көк
тиын төленбейтін тегін дүкендер жү йесі ашыла бастады.
36 адам
суєа кетті
Кім кінəлі?
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
ОҚО төтенше жағдайлар
департаменті өткізген брифингте
айтылып, көктем басталғалы бері
36 адам ның суға кеткендігі хабар-
ланды. Cоңғы қайғыға соқтырған
оқи ғалардың дені құтқарушылар
бақы ламайтын аймақтарда болған.
Ал Оңтүстіктің туризм клас-
терінің бір бұтағы болады деп үкілеп
отырған Шардара су қоймасында
биыл үш адам суға кетті. Шардара
аудандық төтенше жағдайлар жəне
өртке қарсы қызмет бөлімінің бас
маманы Абай Сəтпаев осындай
келеңсіз жағдайларға байланысты
тұрғындармен түсіндіру жұмыстары
жүріп жатқандығын айтады. Енді
су жағалауларына шомылуға тый-
ым салынған жерлерге билборд-
тар орнатылып, тақтайшалар іліне
бастаған. Оқушылармен кездесулер
де өтіп тұрады. Жамағат көп баратын
мешіттерде бұл мəселе имамдардың
араласуымен ақылға салынады.
Бүгінде Шардара су қойма сында
тəулік бойы кезекшілік қойылған.
Үш аудан аумағын қамтыған
көлде құтқару топтары кезекшілік
етеді. Бірақ, штат аз болғандықтан
бəрін бірдей қамтамасыз ету
мүмкін емес екен. Өйткені, облыс
аймағында 320 өзен, көлшік бар. Ал
құтқарушы қызметіндегі штаттық
бірлік 98 ғана, маман жетіспейді.
Сондықтан облыстық төтенше
жағдайлар департаментінің маман-
дары қайғылы оқиғаға үлкендердің
салғырттығы себеп дейді. Ойын
баласын ата-ана іздей қоймайды,
бақылауға алмайды. Ал оның сал-
дары ауыр қайғыға əкеліп жатыр.
Мəселен, суға кеткен 36 адамның
27-і жас балалар. Осы балалардың
20-ы екі жас пен бес жас аралы-
ғындағы бүлдіршіндер.
Күні кеше ата-ана бақы лауын-
сыз қалған 2 жасар Абдул лах
есімді бала Қошқар ата өзе ніне
ағып кетті. Төтенше жағ дайлар
департаментінің бөлім басшы-
сы Бақытқали Есеркепов іздеу
жұмысына 40 құтқарушы мен 8 ар-
наулы техника жұмылдырылғанын
айтады. Баланың өлі денесі
өзеннің төрт шақырым қашық-
тығынан табылған. Əттең, осы
жұмыстардың бəрі алдын ала
ұйымдастырылып, ТЖД қыз-
меткерлері қайғылы оқи ғалардың
алдын ала білсе ғой. Сонда жан
сыздатар жайлар да болмас еді-
ау. Демек, талай отбасыға қан
құстырған бұл оқиғалар жас бала-
лар қауіпсіздігін ерекше қадағалау
керектігін тағы да еске салады.
Оңтүстік Қазақстан облысы