№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●



Pdf көрінісі
бет14/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57

9 шілде 2016 жыл

www.egemen.kz

12

3) суытатын сұйықтық СС-40 - кристалдану бастамасының температурасы - 40°С-тан жоғары болмауы керек .

219. СС-К суытатын жұмыс сұйықтық ретінде пайдаланылмайды, ол СС-65 жəне СС-40 су қосу жолымен суы-

татын жұмыс сұйықтығын алу үшін арналады. 

220. Суытатын сұйықтықтар көрсетілгендерден өзгеше, бірақ тығыздықтан басқа, МСТ-нің қалған талаптарына 

сай келетін, кристалдану бастамасының температурасымен жəне су массасының үлесімен дайындалады. Суытатын 

сұйықтықтарды  дайындау  кезінде  енгізілетін  коррозияға  қарсы,  көбіктенуге  қарсы  жəне  басқа  қосындылардың 

техникалық көрсеткіштерін төмендетуге болмайды.

221. Жұмыс аймағының ауасында этиленгликольдің рауалы шектелген концентрациясы 5 мг/м³ құрайды. Орташа 

қауіпті заттарға – қауіптіліктің 3 тобына жатады.

222.  Суытатын  сұйықтықтар  герметикалық  жабық  бөшкелерде  жəне  коррозияға  төзімді  болаттан  жасалған 

сыйымдылықтарда сақталады.

223.  Сақтау  мерзімін  нақты  суытатын  сұйықтыққа  нормативтік  техникалық  құжаттарда  дайындаған  сəтінен 

бастап белгілейді. 



2-параграф. Мұздануға қарсы сұйықтық (МЕМСТ 23907)

224. Мұздануға қарсы сұйықтық (МҚС) – ұшар алдында ұшу аппараттарының мұздануға қарсы жер бетінде өңдеуге 

арналған сұйықтық. Пайдалану қасиеттерін (қойылтқыштар, бояғыштар жəне басқалар) жақсарту үшін суға əр түрлі 

қоспаларды қосумен (моноэтиленгликоль, диэтиленгликоль немесе пропиленгликоль) гликоль ерітіндісін алады. 

Гликольдің болуынан қату температурасы судан едəуір төмен. Қатып қалған тұнбаларды еріту үшін (+60..+70°С-қа 

дейін қыздырылған) жəне ұшу аппараттарының (суық күйінде) үстіңгі қабатына түсетін тұнбалардың жиналуынан 

қорғау үшін қолданылады.

225. МҚС, қойлтқыштың бар болуы немесе болмауына байланысты, оның концентрациясы мен химиялық түп 

негізі I, II, III, IV типке бөлінеді. I (бірінші) типтің сұйықтығы негізінен ұшу аппараттарының үстіңгі қабатынан қарлы-

мұз қабаттарын кетіру үшін қыздырылған күйде қолданылады. Ұзақ уақыт қорғау үшін II, III жəне IV типті сұйықтық 

пайдаланылады. Олардың құрамында қойылтқыштың болуынан, олардың үлкен тұтқырлығына байланысты, ұшу 

аппараттарының үстіңгі қабатына олардың қатып қалмауына кедергі жасайтын, тұнбаларды өзіне қабылдайтын, 

үстіңгі қабатта қабыршықтар пайда болады. Жер бетін мұз басып кетудің алдын алу үшін МҚС осы типтерді қоршаған 

орта температурасында, салқын түрінде қолданылады.

226. МҚС механикалық қоспаларсыз, мөлдір болуы керек жəне жағу кезінде ұшу аппаратының сыртқы түрін 

бұзбауы керек. 

227. Сыртқы ауа температура 10-нан -55°С-қа дейін болғанда МҚС қолданылады.

228. МҚС металдар мен қорытпалардың коррозиясын болдырмауы керек, сондай-ақ ұшу аппараттарының лакпен 

боялған қаптамасының жəне металдан жасалмаған материалдардың қасиеттеріне əсер етпеуі керек.

229. Адам ағзасына əсер ету дəрежесі бойынша МҚС қауіптілігі 3-кластан жоғары болмауы керек. 

230. МҚСжылытылмайтын қоймаларда сақталады . 

231. Мұздануға қарсы сұйықтықтың сақталу мерзімі 5 жылдан кем болмауы керек.

232.  Сақтау  мерзімін  нақты  суытатын  сұйықтыққа  нормативтік-техникалық  құжаттарда  дайындау  сəтінен 

белгіленеді.



3-параграф. Тежегіш сұйықтығы ГТЖ-22 (РОС ДОТ)

233.  Тежегіш  сұйықтықтар  гидравликалық  жəне  пневмогидравликалық  жетекті  тежегіш  жүйелерінде  пайда-

ланылады.

234.  Тежегіш  сұйықтықтар  жақсы  тұтқырлық-температуралық  жəне  майлағыш  қасиеттерге,  физикалық  жəне 

химиялық тұрақтылыққа ие болу керек, сондай-ақ металдарға, гидрожетектің резиналық бөлшектеріне қатысты 

инертті болуы тиіс.

235.  Жетек  жүйесіндегі  сұйықтықтың  температурасы  қоршаған  ауа  температурасына  сай  болады.  Алайда, 

доңғалақтық тежеуішті цилиндрларда тежегіш механизмдердің үйкелісі кезінде бөлінетін жылудан сұйықтық қызады. 

Сұйықтықтың  қайнауына  жол  берілмейді,  өйткені  ондайда  жетектің  басты  жұмыс  істеу  жағдайы – сұйықтықтың 

сығылмауыштығы  бұзылады.  Қатты  қысымдар  болмаса  да,  сұйықтық  буларының  көлемі  азаяды,  сондықтан 

гидрожүйе бойынша берілетін күш жұмыстық доңғалақтық цилиндрлерге жетпейді. Гидрожетекке ауа кірген кезде 

осы жағдай қайталанады.Сығылмайтын сұйықтықтың орнына жүйенің бөлігі жеңіл сығылатын ауамен толтырылады 

жəне тежегіш басқышы босап түседі.

236. Тежегіш сұйықтықтар өсімдік майының (жиірек майсана майының) немесе гликольдің (қос атомды спирттің) 

негізінде шығарылады.

237.  Гликоль  жəне  этилкарбитол  негізіндегі  сұйықтықтарда  төмен  температуралық  жақсы  қасиеттері (-60°С 

кезінде қатпайды) бар, төмен буланғыштығы жəне тұтанудың жоғары температурасы. Барлық осы қоспалар резеңкелі 

майға төзімді емес бөлшектерге қатысты бейтарап, яғни автомобильдердің кəдімгі резеңкелі қымтағыштытежегіш 

жүйесінде қолданылады. Осы сұйықтықтарды спиртті майсана сұйықтықтарымен араластыруға болмайды, себебі 

майсана майының төмендеуі туындайды. Гликоль жəне этилкарбитол негізіндегі сұйықтықтарды қолдану қоршаған 

ауа  температурасы +50…-50°С  кезінде  гидравликалық  жетектің  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  етеді.  Барлық  осы 

сұйықтықтар уытты.

238. ГТЖ-22 – сондай-ақ коррозияға жəне тозуға қарсы кірікпелерімен қос атомды негізіндегі сұйықтық. Осы 

сұйықтықтар жасыл түсті, -65°С-дан жоғары температурада қатады, улы.

239. Сұйықтықтар құрғақ, таза, желдеткішті қойма үй-жайларында сақталады.

6. Залалсыздандыру жабдықтары

1-параграф. Залалсыздандыратын сұйықтық

240. Залалсыздандырушы сұйықтық – үй-жайларды, жиһаз бұйымдарды, санитарлық-технологиялық жабдықты, 

киім-кешектерді,  ойыншықтарды,  жұқпалы  ошақтарда,  əр  бағыттағы  емдеу-сауықтыру  орнында  бактериялы 

этиологияның,  вирусты  этиологияның  жəне  грибокты  этиологияның  жұқпалы  кезінде  медициналық  мақсаттағы 

бұйымдар мен сырқаттарды күту заттарын уытсыздандыру үшін арналады.

241. Залалсыздандырушы сұйықтық қараңғы, салқын жерде, жекелеген жерде, дəрілік препараттардан жеке 

жəне балалардың қолы жетпейтін жерлерде, сөрелермен жабдықталған дайындаушы фирманың тығыз жабылған 

қаптамасында сақталуы керек, онда азықтық тағамдар мен азықтық шикізатты сақтауға тыйым салынады.

242. Хлорлы əк жабық, қараңғыланған жəне жауын-шашын тимейтін, 25°С-тан жоғарыемес температурасы жəне 

20%-дан көп емес ауа ылғалдығы бойынша, жақсы желдетілетін үй-жайларда, зауыт қаптамасында сақталады. Бір 

үй-жайда хлорлы əкпен бірге от қаупі бар заттарды, майлағыш майларды, металл бұйымдарды, газ баллондар мен 

күйдіргіш сілтілерді сақтауға рұқсат етілмейді.

243. Хлораминді қараңғы, тығыз тығындалған шыны, керамикалық немесе ағаш ыдыста сақталады.

244. Трихлоризоцианурлы қышқылды жəне натрий дихлоризоцианураты-40-тан +40°С-қа дейінгі температура 

кезінде  қышқыл  жəне  сілті  булары  (əсіресе  аммиак  булары)болмаған  жағдайда,  дайындаушы-зауыт  ыдысында 

сақталады.

245. Кристалдық жай-күйдегі күйдіргіш сілтілер металл барабандарда сақталады. Қойытылған ерітінді болаттан 

жасалған сыйымдылықта сақталады.

246.  Каустифицирленген  сода-сақар  қоспаны  (каспос)  тығыз  бітелген  тығындармен  темір  немесе  ағаш 

бөшкелерде  немесе  шыны  бөтелкелерде  сақтайды.  Препаратты  арнайы  жасалған  құлып  салынатын,  тығыз 

қақпақтармен жабдықталған, цементтелінген сыйымдылықтарда сақтауға рұқсат етіледі.

247. Кальцинирленген соданы зауыт қаптамасында (4-6 қабатты қағаз қаптар, ламинатталған қаптарда, 5-6 

қабатты битумдалған қаптарда); демп – ағаш бөшкелерге салынған крафт-қаптарда сақталады. Сақтау шарттары 

атмосфералық жауын-шашыннан өнім мен ыдысты сақтауды қамтамасыз етуі керек.

248. Формалинді құрғақ жылытылған үй-жайда бөлмелік температурада жабық шыны бөтелкеде сақтайды.

249. 1,0-1,2 модулімен метасиликат натрийдің қойылтылған ерітіндісі 18-22°С температурада жабық ыдыста 

(металл, ағаш) 7-10 күн сақталады.

250. Сутегі тотығы (пергидроль) 30°С-тан жоғары емес қоршаған орта температурасында, күн сəулесінің əсер 

ету ықпалынан сақтауды қамтамасыз ететін, қойма үй-жайларында сақталады.

7. Жанар-жағар май материалдары

251. Жанар-жағар май материалдарларын (ЖЖМ) мұнай өнімдерінің өнеркəсіптік қайта өңдеудің нəтижесінде 

алынады  жəне  оны  халық  шаруашылығы  мен  өнеркəсіпте  қолданады.ЖЖМ-ға  керосиннің,  бензиннің,  дизель 

отынының, көлік майының, мазуттың түрлері жатады. 

252. Мұнай өнімдері – мұнайды жəне сұйылтылған көмірсутекті газды қоса алғанда қайта өңдеуден газ бен 

газдың конденсатын алатын дайын өнім. 

253. Таңбалау.

Əр мұнайөнімдері бар көлік ыдысының бірлігінде сумен жəне мұнай өнімдерімен жуылмайтын трафарет немесе 

мөртаңбалы міндетті жазба болуы тиіс:

1) мұнай өнімдер атауы, маркасы (жұмсақ жағармайдың қысқартылған атауын көрсетуге болады);

2) дайындаушы кəсіпорынның тауарлық белгісі;

3) брутто жəне таза салмақ массасы;

4) мұнай өнімдерінің дайындалған жылы, айы жəне күні;

5) топтама нөмірі;

6) стандарт белгісі.

Егерде  көліктік  мұнай  өнімдері  бар  ыдыста  айтылған  жазулар  болмаса,  онда  ыдысқа  затбелгі  немесе  осы 

жазумен заттаңба, ал ыдыстасумен немесе мұнай өнімдерімен тазартылмайтын трафарет мөртаңба жəне мұнай 

өнімінің атауы, оның дайындалған күні туралы бар мəліметтер жазылады. 

254.  Мұнай  өнімдерінің  белгілі  бір  маркасына  арналған  жұмсақ  контейнерлерде  жəне  резинаматериалдық 

резервуарларда тұрақты мұнайөнімінің атауы əрдайым жазулы тұру керек.

255. Мұнайөнімдерінің барлық топтамасы сапа жөніндегі құжаттармен қамтамсыз етілуі тиіс. Мұнайөнімнің сапасы 

туралы жазылған құжаттарда сапа көрсеткіші белгіленген нормалары жəне нормативті-техникалық құжаттамаларға 

сəйкес мұнайдың сынақ нəтижесі болады.

256. Бума.

Мұнайөнімдерімен толтырылар алдында ыдыстарды байқап қарау керек. Ластану белгісі табылған жағдайда 

ыдысты ыстық сумен, мұнай еріткіш затпен немесе мұнай өнімдері менмеханикалық қоспа қалдықтары жойылғанша 

толығымен буландырып, кептіру керек. 

Ыдыстың толтырылу дəрежесі мынандай болуы тиіс:

1) жабысқақ, жоғарғы температурада қоюланатын, майтəріздес жəне қатты мұнайөнімдері үшін - 100% көлемге дейін;

2) сұйық мұнайөнімдері үшін - кем дегенде 98% көлемде.

Тұрмыстық қолданысқа арналған мұнайөнімдерін, металл жəне полимер сыйымдылығы кем дегенде 5 дм3, 

əйнек 1 дм3 ыдыстарына буып түю қажет. 

Сұйық мұнайөнімдері бар көлік ыдысы пломбаланған болу керек.

Тұтынушылық мұнайөнімдері бар ыдыстарды көлік ыдыстарына былайша орнықтырады:

1) тобатайды – ағаш торкөздерге;

2) əйнек құты жəне шөлмекті – қалқа биіктігі орналасатын құты мен шөлмек биіктігінің 3/4-і кем емес болатын 

қалқалы ұяшығы бар, тұтас тақтай жəшіктеріне;

3) полиэтиленді, металл құты жəне туба – тақтай, фанера, полиметрлі жəне қатырма жəшіктеріне. Қабатталып 

байланған жағдайда арасына көлденең төсем төселеді.

Полиэтиленді жəне металл туба қалқалы ұяшығы бар жəшіктерге салынады.

Көлемі 0,5 дм3  кем  əйнек  құтылар  мен  шөлмектерді  қалқалы  ұяшықтары  бар  қатырма  жəшіктерге  салуға 

рұқсат берілген.

257. Тасымалдау.

Мұнай жəне мұнайөнімдері мұнай құбыры жəне мұнайөнімдері құбыры, теміржол, автомобиль, əуе, теңіз жəне 

өзен көліктері арқылы тасымалданады. 

Мұнай жəне мұнайөнімдерін электростатистикалық ұшқындар қауіпсіздік талаптарына сəйкес ішкі жағы майды, 

бензинді жəне буды берік ұстайтын, жабық, сұйық зат таситын кеме, теміржол жəне автомобиль цистерналармен 

тасымалдайды. 

Мұнай  жəне  мұнайөнімдерін  төменгі  құйып  алу  құралдары  бар  теміржол  жəне  автокөлік  цистерналарымен 

тасымалдайды.

Теміржол  жəне  автокөлік  цистерналарындағы  мұнай,  мұнайөнімдері  цистерна  қазанының  ішкі  бетіндегі 

тұтқыр мұнайөнімдері толығымен қотарылып, жойылуы тиіс. Бұл ретте төменгі құйып алу құралы жоқ теміржол 

цистерналарында 1 сантиметрге (қалпақшамен өлшеу арқылы) дейін қалдық қалдыруға рұқсат берілген. 

Құйып алуға дайындау үшін, берілген теміржол цистерналарымен қоса алдынғы құйылып алынған мұнайөнімінің 

аты бар құжаттар тіркеліп жүру тиіс. Құжаттар болмаған жағдайда мұнай өнімінің атауы цистернада қалған қалдық 

анализі арқылы анықталады. 

Егер  авиация  техникасында  қолданылатын  мұнай  өнімдерін  құю  үшінілеспе  құжаттары  жоқ  цистерналарды 

пайдалануға рұқсат берілмейді. 

Мұнай,  май,  мазут,  мотор  жанармайы,  битум  жəне  де  басқа  да  физикалық – химиялық  қасиеті  ұқсас 

мұнайөнімдерін «Бензин» деген үлгісі бар теміржол цистерналарына құюға тыйым салынған. 

Айналмалы бағдар арқылы мұнайөнімдері тасымалданатын теміржол цистерналары, тұтынушы мен дайындаушы 

арасындағы  келісіммен  белгіленген,  бес  реттен  артық  емес  қолданылған  мұнай  тасымалдайтын  теміржол 

цистерналары, аралық уақыт сайын профилактикалық өңдеуден өтіліп тұруы тиіс. 

Жол сапарда жəне белгіленген бекетке жеткізілгенше теміржол цистерналарына мұнайөнімдерін толтырғанда 

ауа температурасының көтерілуіне байланысты, мұнайөнімі көлемінің ұлғаюын жəне цистернаның толық қолдану 

сыйымдылығы мен жүккөтергіш шектеулілігін есепке алу қажет. 

Мұнайөнімдерін еркін төгілетін ағын арқылы құюға тыйым салынады.

Теміржол  жəне  автомобиль  көліктері  түрлеріне  қолданылатын  жүк  тасымалдау  ережелеріне  сəйкес, 

мұнайөнімдері бар теміржол цистерналары, вагондар жəне автоцистерналар пломбаланады.

258. Қабылдау ережелері.

Мұнай жəне мұнайөнімдерін топтамалап қабылдайды. Топтама деп - тоқтатылмаған технологиялық процестің 

нəтижесінде,  қабылдау  кезінде  берілген  бірлескен  сынамаға  негізделген,  құрамы  біртекті  құрамдас  жəне  сапа 

көрсеткіші туралы жетекші құжаты бар барлық мөлшердегі өнімді айтамыз. 

Егер сынақ нəтижесінде бір көрсеткіш қанағаттанарлықсыз болса, онда сол топтамадан қайта жаңа сынама 

өткізіледі. 

Қайта жаңа сынақ нəтижесі барлық топтамаға тарайды. 

Мұнайөнімдерінің физика-химиялық жəне пайдалану көрсеткіштері ТР ТС 013/2011 «Автотомобиль жəне авиация 

бензиніне,  дизель  жəне  кеме  отынына,  реактивтік  қозғалтқыштарға  арналған  отынға  жəне  мазутқа  қойылатын 

талаптар туралы» жəне ТР ТС 030/2012 «Жағармай материалдарына, майлар мен арнайы сұйықтықтарға қойылатын 

талаптар туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына жəненормаларына осы берілген өнімге 

арналған қолданыстағыМемлекеттік стандарттарға сəйкес болу керек. 

259. Сақтау.

Отынды мұнайөнімінің əсеріне, тауар түбіндегі кепілдікті суға, буға (немесе ыстық суға) төзімді, ішкі жабыны 

тоттанбайтын металл резервуарларда сақтайды. 

Автомобиль бензині мен мұнайды, металл резервуарларды пайдалану шарттарына байланысты қалқымалы 

шатыры  немесе  понтоны  бар  немесе  газды  бекіткішпен  жабдықталған  металл  резервуарларда  сақтаған  дұрыс 

болып табылады.

Авиациялық бензинді қалқымалы шатыры бар резервуарларда сақтауға тыйым салынады.

Бензинді  күрделі  жөндеуге  дейін  понтоны  жəне  газды  бекіткіші  жоқ  жəне  де  ұзақ  сақтайтын  мекемелерде 

резервуарларда сақтау рұқсат етілген. 

Əр түрлі маркалы мұнай мен мұнайөнімдерін шаң жəне атмосфералықылғал түспейтін бөлек резервуарларда 

сақтау қажет.

Металл резервуарлар, ұзақ сақтауға арналған мекеме резервуарынан басқа, уақытылы тазартылып тұрылу тиіс. 

Мұнайөнімдерін резервуарларда сақтау кезінде, су дренажының құрылғысы конструкциясы қамтамасыз ететін 

тауар түбіндегі су көрсеткіші минималды көрсеткіштен асып кетпеуі керек. 

Ыдыстағы мұнайөнімдерін тура күн сəулесі жəне атмосфералық ықпал түспейтін, шатырлы қоймаларда стел-

лаждарда  немесе  түпқоймаларда,  сөрелерде  сақтаған  дұрыс.  Мұнайөнімдері  бар  ыдыстарды  қақпақшаларын 

төбеге қаратып қояды.

Картонғасалынған жұмсақ жағармайларды түпқоймаларда, қақпақшаларын төбеге қаратып, ең көп дегенде үш 

қабат етіп жабық қоймаларда сақтайды. 

Мұнайөнімдерін сақтау технологиясы мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

1) белгіленген сақтау мерзімінде дайындалу кезіндегі мемлекеттік стандарттарға сəйкес өнімнің сапасының 

сақталуын жəне сол бойынша тұтынушыларға жеткізілуін;

2)  мұнайөнімінің  сандық  мөлшері  жəне  сақтау  кезіндегі  белгіленген  табиғи  кему  нормаларына  қарағанда 

шығындарды азайту.

Мұнайөнімдерін резервуарларға топтамалау бекітілген мамандырылған жоспар арқылы орналастырылады. Əр 

түрлі маркалы мұнайөнімдерін бір бірінен бөлек сақтайды. Əр түрлі маркалы мұнайөнімдеріне арнайы резервуарар 

топтамасын, құбырлар, сорғы (өнімқабылдағыш), құйып алу бағандары, эстакадалар, жылытуға арналған құралдар 

бекітіледі.

Ұзақ мерзімге салынған мұнайөнімдерін бес жыл аралықта сақтайды. Мұнай өнімдерінің сақтау мерзімін өндірілген 

ай мен жылдан бастап белгілейді. 

260. Егер бекітілген сақтау мерзімі аяқталған кезінде мұнайөнімінің сапасының барлық көрсеткіштері мемлекеттік 

стандарттарға сəйкес келетін жəне ұзақ сақтауда өзгеріске бейімділігі баркөрсеткіш бойынша сапалық қоры бол-

са, сақтау мерзімін əріқарай ұзартуға болады. Сақтау мерзімін əріқарай ұзартуға негізі, уəкілетті орган басшысы 

тағайындаған комиссия актісі болып табылады. Актіге қоса мұнайөнімінің толық талдау ақпараттары бар паспорты 

тіркеледі.  Мұнайөнімінің  сақтау  мерзімін  ұзартуды  уəкілетті  орган  ұсынуыбойынша  ведомствалық  бағыныстағы 

ұйым өткізеді. 

Авиациялық бензиннің, реактивті қозғалтқыштарға арналған жанармайлардың, авияция майларының жəне МТ 

майларының сақтау мерзімі ұзартылмайды. 

261.  Филиалдарда  сақталатын  мұнайөнімдері  кезеңдік  жаңартуға  жатады.  Жаңарту  жоспарың  жыл  сайын 

белгіленгенсақтау мерзімі нəтижесінде, сапаны бақылау бөлімінің басшысымен бірлесе отырып, технология бөлімінің 

басшысы жасайды филиал директоры бекітедіжəне Кəсіпорын басшысына ұсынылады. 

262. Мұнайөнімінің сандық жəне сапалы сақтауын қамтамасыз ету мақсатында, əсіресе қысқы мерзімде ре-

зервуарлар  мен  құбырлардың  техникалық  дұрыстығын,  резервуардағы,  құбырлардағы  бекіту  арматурасының 

герметикалылығын,  өнімсорғыш  бекеттерін  үздіксіз  бақылау  іске  асырылады.  Сақтаулы  тұрған  бу  тығыздығы 

жоғары мұнайөнімдері бар резервуарлардың төбесінің герметикалылығын, көктемгі-жазғы мезгілде ай сайын тек-

серу істері атқарылады.

263. Резервуардағы газды кеңістіктің қысымын жəне вакуумды тексеру үшін V-бейнелі сұйықты дифманомерді 

қолданады. 

264.  Жылына  екі  рет  (көктемде  жəне  күзде)  тыныс  жəне  сақтандыру  клапандарының  реттелім  жұмыстары 

жүргізіледі. Сол ретте гидравликалық сақтандыру клапандарына жұмыс сұйықтығын құю жəне тұнбаларды төгіп 

тастау жұмыстары атқарылады. Күзгі мезгілде əр клапанда осы сұйықтықтың қату температурасы тексерілуі қажет. 

Температурасы сол төңіректегі еңтөменауа температурасынан ең төмен болуы тиіс. 

265. Мөлдір мұнайөнімдеріне арналған құбырлар өніммен толтырылып ұсталады. МК-8 маркасынан басқа мотор 

майларына арналған құбырлар, қыс мезгілінде өнім əр қотарылған сайын босатылып тасталуы керек. 

266. Мұнайөнімдерін вакуумдықпен тазартуыдыстарынан тартып алу жұмыстары өнімнің əр айдап қотарылуынан 

кейін  жүргізіледі.  Өнімдерді  мұнда  сақтауға  тыйым  салынған.  Вакуумдық  жəне  тазарту  ыдыстары  жəне  өнім 

қабылдағыштарды мұнайөнімдері мен басқа да бөлінділерден тазарту қажеттілігіне қарай, кем дегенде жылына 

екі рет жасалады. 

267. Кем дегенде жылына бір рет ернемелерді ашу жұмысы жасалады жəне фильтрлер мен эстакада коллек-

торлар учаскесінің соңы тексерістен өтілуі керек. 

268.  Сақтауда  тұрған  мұнайөнімдерін  құйып  алу  тек  апатты  жағдайда  рұқсат  етілген.  Айтылған  құйып  алу 

жұмыстары, филиал директорының бұйрығымен, жоғарғы тұрған басшылыққа құйып алудың себебін жəне резер-

вуарды тазарту нəтижесін, осындай құйып алудың болатындығы туралы мəлімет жеткізілгеннен кейін істелуі тиіс. 

269. Мұнайөнімдерін бір резервуардан екінші резервуарға құйып алу кезінде, құяр алдында жасалған талдау 

қорытындылары, белгіленген уақытқа сəйкес, кезекті сапаны тексеру істері болғанша сақталады. 

270. Мұнайөнімдерін бір резервуардан толық емес бірнеше резервуарлаға жəнеде бірнеше резервуардан бір 

резервуарға құйып алу кезінде, мұнайөнімінің алынған сапалық көрсеткіші бастапқы көрсеткіштен ерекше болады. 

Сондықтан қотару ісі жүргізілген резервуардағы мұнайөнімінің сапасы, осындай қотару аяқталғаннан соң бір ай-

дан кейін барлық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттарға сəйкес болуы 

тиіссұрыптарынан октан жəне цетан санынан басқа анықталуы тиіс.

271. Қауіпсіздік талаптары.

биіктігі 5-6 қатардан,  жəшіктердің  биіктігі 10-15 қатардан  аспауы  керек.  Қатарлар  арасына  ені 2-3 сантиметр 

тақтайшалар қойылады. 

150. Кептірілген көкөністер бөтен иістерді сіңіруі мүмкін, сондықтан оларды өткір иісті тауарлармен бірге қоюға 

болмайды. 



3. Өнеркəсіп тауарлары

1-параграф. Автокөлік шиналары (МЕМСТ 5513)

151.  Автокөлік  шиналары  қолданылатын  мақсатына  байланысты  жеңіл  автокөлікке,  жүк  автокөліктеріне, 

автотіркеске, троллейбуске жəне автобусқа арналған шиналар болып бөлінеді.

152. Шина жиынтығы тысы, камерасы жəне құрсау лентадан тұрады.

153. Тысы – күшті тікелей қабылдайтын, пайдалану кезінде жұмыс істейтін тор тəрізді қабық. Тыстың негізгі 

бөліктері каркас, брекер қабаттары, протектор, борттар мен бүйір бөліктері.

154. Камера – бұрандалары бар шеңбер тəрізді ауа өткізетін резеңке орама. Ол шина ішкі тысына ауаны сақтап, 

шинаға серіппелі қасиет береді.

155.  Құрсау  лента – камераның  бұрандалары  өтетін  саңылауы  бар,  дөңгелек  тəріздес  профилді  қималы 

резеңке лента. Ол камераны дөңгелектің шеңберіне үйкелуінен жəне монтаж кезінде шинаның шеңберге зақым 

келтіруінен қорғайды.

156. Шиналар бірінші жəне екінші дəрежелі отқа төзімді табиғи немесе жасанды желдетілетін техникалық жа-

рамды жылытылмайтын тас қоймаларда сақталады.

157. Көрші бөлімдерде шиналарға сияқты бір текті өрт сөндіргіш құралдар (су, көпіршік) қолданылатын тауар-

лар мен материалдар орналасуы қажет. Қоймаларда ішінен жабылатын жел өтетін саңылаулары бар желдету үшін 

торлы есіктермен жабдықталуы керек.

158. Тиеуді бастамас бұрын қойма ғимараттары жөндеуден өтуі жəне шинаны қабылдауға даяр болуы қажет. 

Төбе, еден, есіктің қиысқан жерлерінің дұрыстығына баса назар аударылады. 

Қоймада  терезе  болған  жағдайда  ішкі  жақтағы  шынылар  өнімге  күн  сəулесінің  тікелей  түсуінен  қорғау  үшін 

сары түске боялуы керек.

159. Қоймаларды жарықтандыру қорғанып қолданатын (шыны қақпақтармен) электр шамдарын қолдану арқылы 

орындалуы тиіс. Қоймаларды жарықтандандыру деңгейі қолданыстағы ережеге сəйкес келуі керек. Люминесцентті 

шамдармен шырағдандарды қолдануға рұқсат етілмейді.

160. Электр желілерін оқшаулау электр желілерінің түрлеріне тəуелсіз 500 Вольт төмен болмайтын кернеуге 

шақталуы керек. Электр желілерін қосу жəне ажырату жерлерінде айыру қораптары қолданылуы қажет. 

Қойма бөлімдерінде орналасқан барлық тоқ қабылдағыштар жұмыс кезінен тыс уақытта сыртқы жақтан өшірілуі, 

ал электр тұстамалары пломбалануы керек.

161. Шиналарды сақтауға арналған қойма бөлімдері құрылыс нормаларына сəйкес автоматты өрт-қорғағыш 

дабылқаққыштары, сонымен қоса найзағайға қарсы құрылғылармен жабдықталуы қажет.

Өрт сөндіргіш ыдыстар мен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет.

Сақтау қоймаларының аумағы, қоймалардың айналасын жүйелі түрде жəне уақытында шөп пен қоқыстан таза-

лануы керек. Шабылған шөптерді бірден алып отыру қажет.

Шиналар қойылған қоймаларда ашық отты қолдануға жəне от ұшқының жасауға тыйым салынады.

162. Шиналармен жұмыс жасау үшін техникалық жарамды электр тиегіштері қолданылуы керек. Қоймаларда 

іштен жанатын қозғалтқышты электр тиегіштерді жəне ашық орындалатын электр моторлары бар құрылғыларды 

қолдануға тыйым салынады. 

163. Байланыс жəне дабылқаққыш жүйелері, су құбырлары жүйесі жəне су қоймалары үнемі техникалық жа-

рамды күйде болуы керек.

164. Қоймалардың қабылдауға даярлығың өкілетті жəне материалды-жауапты тұлғалар тексереді, акт жасалады. 

165. Шиналарды қою үшін металл стеллаж пайдаланылады. Стеллажені 12 сантиметрден аспайтын сөреге 20º 

бұрышта орналасқан тегіс ағаш тіреуіштерімен жабдықталады.

Стеллаждағықабаттар саны шина көлемімен жəне қойма биіктігімен анықталады.

Өрт қауіпсіздігі ережесіне сəйкес стеллаждар аралығында өтетін жолдың бірі бөлім (қойма) ортасында сөрелермен 

жабдықталмайды жəне шиналармен тиелмейді.

Шиналар тік күйінде тысы ішінде, үрленген жəне тальктелген камерасымен металлстеллаждардан жəне металл 

жылжымалы сөрелерде орналастырылады.

Құрсау лента қораптарын, қорапты габариті үлкен тыстардың борттарының төменгі жағына қойып, шиналар 

пакеттерінің ішінде шина пакеті бойлай қаптап тастау керек.

Металлстеллажы жоқ болған жағдайда шиналарды уақытша тегіс тіреуішті тауар қойғышқа, шиналарды тігінен 

протекторға биіктігі бойынша үш шина қоюға болады.

166. Қоймалардағы қатарлардың орналасуы қойма ғимараттарын тиімді қолдануды қамтамасыз етуге, тиеу-түсіру 

жұмыстары кезінде механизация құралдарын қолдануды қарастырған орналасу схемасына сəйкес жүргізілуі керек.

Қатарларды орналастыру орны жəне арасынан өтетін жер алдын ала белгіленеді.

167. Стеллажсызшинаны сақтау үшін ішінде тысы бар үрленген жəне тальктелген камера мен құрсау лента 

қораптармен қойылады. Шиналарды «құдық тəрізді» қою, сонымен қоса тауар қойғышсыз еденге (тегіс тіреусіз) 

қоюға қатаң тыйым салынады.

Стеллажсызшиналарды сақтау кезінде қатарлар арасындағы жəне қабырға бойымен (шығынқы құрылымдар) 

өтетін жол 0,5 метрден аз болмауы керек. 

168. Сақтау кезінде аталған стеллаж (қатар), түрлері жəне шинаны қайта қарау мен тексерісі нəтижелерінің 

өзгерістері қатар құлақшасына енгізіледі.

Əрбір бөлім (қойма) бойынша тік тұрған күйінде сақтауға қолданылатын жабдықта (қатардағы), жылжымалы 

метал сөрелеріндегі шиналар орналасуының іс жүзіндегі сызбасы құрылады.

169. Шиналарды қабылдау, сақтау, қайта қарау жəне жіберу шаралдары бойынша құжаттарды рəсімдеу бірінші 

топтағы материалдар бойынша шараларды есептеу жəне құжаттау жүргізіледі.

170. Шиналарды тиеу-түсіру жұмыстарын бекітілген технологияларға дəл сəйкестендіріп жүргізу қажет.

171. Шинаны сақтау мерзімі - 5 жыл. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет