№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●



Pdf көрінісі
бет2/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57

ЕҢБЕК 

ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ 

ЖАҒДАЙ НАЗАРДА 

БОЛАДЫ

Үкiмет отырысында Денсаулық 

сақтау  жəне  əлеуметтік  даму 

министрi  Тамара  Дүйсенова 

еңбек  қатынастары  саласындағы 

жағдайды  баяндады.  Оның  ай-

туынша, бүгiнде 10 өңiрде еңбек 

қатынастары саласында тұрақсыз 

жағдай туындау мүмкiндiгi жоғары.

«Мониторинг мəлiметтерi бой-

ынша,  бүгiнгi  күнi  елде  пробле-

малы  429  кəсiпорын  бар,  осы 

кəсiпорындарда 125 мыңнан астам 

адам еңбек етедi. Еңбек тəуекелдерi 

картасына сəйкес, 10 өңiрде еңбек 

саласында  тұрақсыз  жағдай  ту-

ындау  мүмкiндiгi  жоғары»,  дедi 

Т.Дүйсенова.  Батыс  Қазақстан, 

Атырау, Ақмола, Жамбыл облыста-

ры жəне Астана қаласында тəуекел 

деңгейi үлкен емес, бiрақ шешудi 

қажет ететiн мəселелер бар. Əзiрге, 

министрдiң айтуынша, Солтүстiк 

Қазақстан  облысы  тұрақтылық 

аймағында  қалып  отыр.  «Еңбек 

дауларының басты себебi, жұмыс 

берушiлердiң  еңбек  заңнамасын 

бұзуы болып табылады. 2013 жылы 

28 еңбек дауы тiркелген. Биылғы 

жылы бұл көрсеткiш төрт жағдайға 

дейiн төмендедi. Бұрынғысынша 

еңбек  дауларының  туындауына 

жалақыны  уақытында  төлемеу 

себеп  болып  қалып  отыр.  Бұған 

мемлекеттiк  еңбек  инспекторла-

ры жүргiзген тексерiстер нəтижесi 

дəлел», дедi министр. 

Т.Дүйсенованың мəліметінше, 

4 мыңнан астам тексерiстiң қоры-

тындысы бойынша еңбек заңды-

лығын  бұзудың  6  мыңнан  астам 

фактiсi  анықталған.  Олардың  29 

пайызы  еңбекақыны  уақытында 

төлемеуге  қатысты  болып  отыр. 

Еліміз бойынша жалақы қары зы-

ның  жалпы  сомасы  бүгінде  1,5 

млрд. теңгені құрайды, 125 кəсіп-

орынның 9 мың жұмыскерге осын-

дай көлемде қарызы бар.

СУБСИДИЯЛАНАТЫН 

ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ 

ӨСІРІЛМЕК

Үкімет отырысында Премьер-

Министрдің орынбасары – Ауыл 

шаруашылығы министрі А.Мыр-

захметов агроөнеркəсіптік кешен-

дегі  инвестициялық  климатты 

жақсарту  жөніндегі  іс-шаралар 

жоспарын ұсынды.

Аталған  жоспар  шеңберінде 

министрлік несиелер бойынша суб-

сидияланатын пайыздық мөлшер-

лемені  7  пайыздан  10  пайызға 

жəне техника мен малға арналған 

лизингті 10 пайыздан 13 пайызға 

дейін көбейтуді ұсынды. Егер қазіргі 

кезде  пайыздық  мөлшерлеме  19 

пайыз болғанда, ауылшаруашылық 

тауарларын өндірушілер пайыздық 

мөлшерлеменің  9-12  пайызын 

төлеп келген болса, енді келешекте 

олар 6-9 пайызды төлейтін болады.

«Жоспарда мемлекеттік бюд-

жетке ауыртпалықты азайту мақ-

сатында мемлекеттің кепілдігімен 

халықаралық қаржы ұйымдарының, 

оның ішінде Ислам даму банкі мен 

Еуропа  Қайта  құру  жəне  даму 

бан кiнен  заем  қаражатын  тар-

ту  көзделген.  Кооперативтерді 

дамытудағы  кедергілерді  жою 

мақсатында  Салық  кодексінің 

ауылшаруашылық кооперативтері 

үшін  міндетті  түрде  жерінің  бо-

луы  бойынша  талаптарды  алып 

тастауды көздейтін арнайы салық 

режімі бөлігінде өзгерістер енгізу 

қарастырылды», деді министр.

Сонымен  қатар,  ауылша руа-

шылық  кооперативтерінің  сауда 

орындарымен  тікелей  байланы-

сын  орнату  мақсатында  жоспар-

да «Бизнестің жол картасы-2020» 

шеңберінде  ауылшаруашылық 

кооперативтері үшін сауда орын-

дарын жалдау ақысын субсидия-

лау  түріндегі  жаңа  мемлекеттік 

қолдау тəсілін енгізу мүмкіндігін 

қарас тыру көзделеді. Осылайша, 

жоғарыда аталған жоспарды іске 

асыру АӨК-ке инвестициялар тар-

туға арналған жағдайды жақсар-

туға,  АӨК  субъектілері  үшін 

қаржы ландырудың қолжетімділігін 

артты руға,  АӨК  субъектілерін 

сумен қамсыздандыруға, сондай-

ақ,  сау да  инфрақұрылымы  жəне 

отан дық өнімді өткізу проблема-

ларын шешуге бағытталғандығы 

айтылды.

Үкімет отырысында сонымен 

қатар,  Қарағандыда  орын  алған 

сібір жарасы оқиғасына орай мə-

селе  көтерілді.  Бұл  ретте  ауру 

жұқтырған  малдарды  көметін 

қорым дар  жағдайы  қаралды. 

Аталған мəселеге орай мəн-жайды 

Ауыл шаруашылығы вице-минис-

трі  Гүлмира  Исаева  баяндады. 

Ми нистрдің  айтуынша,  бүгінгі 

таңда мал көмілетін қорымдардың 

жалпы саны 2 604-ті құрап отыр. 

Соның  ішінде  1  890  қорымның 

нақ ты  қай  жерде  екені  белгілі, 

702-сі қоршалмаған, я болмаса, ар-

найы белгілер қойылмаған. Ал 714 

қорым ның нақты жері анықталмай 

отыр. 

Ауыл  шаруашылығы  вице-



министрі  Қарағанды  облысында 

сібір жарасы дерегінің тіркелуі ет 

экспортына еш əсер етпейтінін айт-

ты. «Сібір жарасы төңірегінде орын 

алған жайт ет экспортына еш кедергі 

келтірмейді. Өйткені, халықаралық 

сауда талаптарына сəйкес аусыл, 

классикалық шошқа обасы сынды 

аса қауіпті алты ауру түрлерінде 

ғана  эпизоотиялық  жағдай  еске-

ріледі», деді ол. Сонымен қатар, 

ол еліміздің ветеринарлық қызмет -

тері мен əкімдіктер ветери нарлық 

бақылауды,  халық  арасында 

түсіндіру  жұмыстарын  күшей туі 

тиістігін баса атап өтті. «Қарағанды 

облысындағы  сібір  жарасына 

қатысты оқиғаны  тергеудің нəти-

жесінде  ветеринарлық  бақы лау 

комитетінің  аумақтық  бөлімше-

сінің  қызметкері  Түсіпов  жаза-

ланды.  Қарағанды  облысы  Шет 

ауданы ның басшысы жұмысынан 

боса тылды жəне Қарағанды облыс-

тық ветеринарлық бақылау коми-

теті  инспекциясының  жетекшісі 

Мұх таров  сөгіс  алды»,    деді 

Г.Исаева.

Министр сондай-ақ, сібір жа-

расына  қарсы  шараларға  қаржы 

тапшы екенін айтты. Оның сөзіне 

қарағанда,  республика  бойын-

ша  осы  жұмыстарға  1,6  млрд. 

теңге  қарастырылғанымен,    сол 

қаражаттың  тек  22  пайызы  ғана 

бөлінген.  Осы  орайда  Премьер-

Министр мəселенің күрмеуі шыны-

мен де қаржыға байланысты болса, 

оны тез арада шешуді тапсырды.

Отырыстың қорытындысында 

Үкімет басшысы қаралған мəсе ле-

лерге орай тиісті органдарға бір-

қатар нақты тапсырмалар жүктеді. 

Отырысқа  қатысушылар 

сон  дай-ақ,  «Байқоңыр»  кеше-

нінің қызмет істеуінің көкей кес ті 

мəселелерін жəне бір лес кен жоба-

ларды, атап айт қанда, «Бəйтерек» 

ғарыштық  зымыран  кешенін 

құру  мəселелерін  қарастырды.  

Оның сыртында Байқоңыр 

қаласын  дамытуға  байланыс-

ты,  оның  ішінде,  оның    ин-

фра  құ рылымдарын,  сумен 

жаб дық тау жүйесін, газданды-

ру  ісін,  ме дициналық  қызмет 

көрсету саласын дамытуға қа-

тысты мəсе лелер талқыланды. 

Кездесу  қорытындысы  бо-

йын ша  тараптар  Қазақстан  мен 

Ресейдің  «Байқоңыр»  кеше-

нін жəне ғарыш саласын бірле-

сіп  пайдалану  жөніндегі  ынты-

мақтастықты одан əрі тереңдетуге 

ниетті екендіктерін атап көрсетті.   

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»

Бақытжан Ертаев пен Евгений Козлов 

ең  алдымен  «Нұр  Отан»  партиясының 

облыстық филиалында əділет саласының 

жəне  Ауған  соғысы  ардагерлерінің 

өкілдерімен  кездесті.  Кездесу  ба-

рысында  Елбасы  Н.Ə.Назарбаевтың 

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуал-

да: өсім, реформалар, даму» атты халыққа 

Жолдауы  мен  «100  нақты  қадам»  Ұлт 

Жоспары, «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы 

тақырыптарында  кеңінен  сөз  қозғалып, 

жүзеге  асу  деңгейіне  көңіл  бөлінді.  Əрі 

қарай, Мəжіліс депутаты Евгений Коз лов 

сайлаушылардың  үйлерін  аралап,  өске-

мендіктерді алаңдатып отырған мəселелер, 

сол  қатарда,  партияның  сайлауалды 

бағдар лама сының басты аспектілері жай-

лы сөз қозғады.

Ал  Бақытжан  Ертаев  осы  күні  Аягөз 

ау да нындағы  жаңадан  салынып  жатқан 

шағын ет комбинатының жұмысымен та-

нысып,  өнім  өң деу  мен  өткізуде  қандай 

мəселелер барына назар аударды. 

 «Нұр Отан» партиясы фракциясының 

мүшесі Нұртай Сабильянов Аягөз ауданы-

на  қарасты  Майлин,  Ақшатау,  Ақшəулі, 

Бидайық,  Мыңбұлақ,  Өркен  жəне  басқа 

да бірнеше ауылда болып, 400-ден астам 

ауыл тұрғынымен кездесу өткізді. Мұндай 

кездесу  теміржолшылар  қауымымен  де 

жалғасты.  Барлық  басқосуда  «100  нақты 

қадам» Ұлт Жоспары  бойынша атқарылуы 

тиіс жұмыстар əңгімеленіп, сайлаушылар 

тарапынан  қойылған  сұрақтарға  жауап 

берілді.


Аягөз  тұрғындарымен  кездесу  кез-

дерінде көтерілген сұрақтардың кейбірін 

атай  кетейік.  Олар:  əлеуметтік-экономи-

калық  мəселелерді  шешу  барысында 

кезде сетін  түрлі  жағдайлар,  жастарды 

жұмыспен  қамту,  игерілмей  жатқан  жер 

телімдерін қайта қарау, тері мен былғары 

өңдеу,  зей нетақының  төменгі  деңгейін 

көтеру,  мем лекет  қаржысына  салынып 

жатқан  құры лыстарды  қатаң  бақылау, 

ауыз  су  жəне  өзгелер.  Осы  сұрақтардың 

ішінде  көпшілік тің  көкейкесті  мəселесі 

ретінде  жолдарды  күрделі  жөндеуден 

өткізу жайы жиі аталды. 

«Біздің  елімізде  кеңінен  жүргізіліп 

жатқан  реформалардың  негізгі  міндеті  – 

əр  қазақстандықтың  өмір  сүру  сапасын 

жақсарту.  Соған  қарамастан,  шешімін 

таппай  жатқан  мəселелер  де  кездеседі. 

Ондайларды ашық айтыңыздар, өзім жеке 

бақылауыма  алатын  боламын»,  –  деді 

Мəжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Түйінді түйткілдер 

Үкімет назарында

Ынтымақтастық жалғаса бермек

«Нұр  Отан»  партия-

сы  «Атамекен»  ұлттық 

кəсіпкерлер  палатасымен 

кəсіпкерлікті дамыту жəне биз-

нес мүддесін қорғау жөніндегі 

жүйелі қарым-қатынас орнату 

туралы келісімді бекітті. Өза-

ра ынтымақтастық жөнін дегі 

меморандумға  «Нұр  Отан» 

партиясы  Төрағасы ның 

бірінші  орынбасары  Мұх-

тар Құл-Мұхаммед пен «Ата-

ме кен» Ұлттық кəсіпкер лер 

пала тасының Басқар ма төра-

ғасы  Абылай  Мырзах метов 

қол қойды.

Маңызды мәселелерге 

мән берілді

«Нұр Отан» партиясының Мəжі ліс тегі фракциясының мүшелері, Пар-

ламент Мəжілісінің депутаттары Бақыт жан Ертаев, Евгений Козлов жəне 

Нұр тай Сабильянов жұмыс сапарымен Шы ғыс Қазақстан облысында болды. 

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

«Егемен Қазақстан»

Департамент  директоры  2016  жылы  нау-

рызда рұқсат беру құ жат тарын қысқарту жəне 

рұқсат  беру  рəсімдерін  оңайлату  мəселе лері 

жөніндегі заң туралы əңгі меледі. Сондай-ақ, 

заңнамалық  құжат  кəсіпкерліктің  дамуына, 

биз нестің  жандануына  жəне  оның  қыз метін 

кеңейтуге  əсер  ететінін  жеткізді.  Бұлармен 

бірге  заңның  қабыл дануына  байланысты 

кəсіпкерлік саласында 34 рұқсат беру қағазы 

заң бойынша мүлде жойылғанын мəлімдеді.

Спикер Үкімет əкімшілік кедер гілерді жою 

мақсатында  бизнес-ахуалды  жақсарту  мен 

кəсіп кер лікті қолдау бойынша жүйелі жұ мыс 

атқарып жатқанына тоқталды. «Кəсіпкерлікті 

дамыту  –  бұл  елі міздің  экономикасы  мен 

халықтың əл-ауқатына əсер ететін ең маңызды 

фактордың бірі. 2016 жылы кəсіпкерлік қызмет-

ті мемлекеттік реттеу жүйелен дірілді. Өзін өзі 

реттеу институты енгізілді. Рұқсат беру құжат-

тары екі есе қысқарды. Өздері ңіз біле тіндей, 

Қазақстанда 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 

кəсіпкерлік кодекс жұмыс істеп тұр. Кəсіпкерлік 

кодекс  пен  Қазақстандағы  кəсіпкерлердің 

құқықтарын қорғау жөніндегі уəкілеттіліктің 

рөлін күшейту бойынша шаралар қабылданды. 

2016 жылы наурызда рұқсат беру құжаттарын 

қысқарту жəне рұқсат беру рəсімдерін оңайлату 

мəселелері  жөнінде  заң  қабылданды.  Заң 

кəсіпкерліктің  дамуына,  бизнестің  жанда-

нуына  жəне  оның  қызметін  кеңейтуге  əсер 

етеді. Өйткені, осы заң бойынша рұқсат беру 

жүйесі елу пайызға қысқарды. Бұл дегеніміз, 

34  рұқсат  беру  қағазы  заң  бойынша  мүлде 

жойылғанын, 14 рұқсат беру ескертпе тəртібіне 

ауыстырылғанын білдіреді. Оңтайландыру ая-

сында  105  рұқсат  беретін  құжаттар  алынып 

тасталды», деді Ғ.Жолдыбаева.

Ағымдағы  жылдың  мамыр  айында 

қолданысқа енген «Өзін өзі реттеу туралы» заң 

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының аясында 

жасалғанын  айтқан  департамент  директоры, 

оның негізгі мақсаты өзін өзі реттейтін ұйымға 

ерікті жəне міндетті мүшелікке негізделгенін 

айтты. Ол экономиканы мемлекеттік реттеудің 

тиімділігін арттыратын көрінеді. «Қабылданған 

шаралардың нəтижесінде адал кəсіпкерлер өзін 

өзі  реттеу  ұйымының  адал  емес  мүшелерін 

қатардан шығарып тастауға мүдделі болады. 

Нəтижесінде,  бұл  шара  бизнестің  бəсекеге 

қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді», деді де-

партамент басшысы.

Бизнес жағдайы жақсарды

Кеше  Орталық  коммуникация-

лар  қызметінде  Ұлттық  экономика 

министрлігі  Кəсіпкерлікті  дамыту 

департаментінің  директоры  Ғалия 

Жолдыбаева  баспасөз  мəслихатын 

өткізді.  Ол  бизнес-ахуалды  жақсарту 

бойынша атқарылып жатқан жұмыстар 

жөнінде айтты.

(Соңы. Басы 1-бетте)

(Соңы. Басы 1-бетте)

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Құжат отандық кəсіпкерліктегі 

бəсекелестікті  арттыру  бойын-

ша  бірлескен  жəне  келісілген 

əрекеттерді  жүзеге  асыру  бары-

сында өзара қолдау мен белсенді 

ынтымақтастықпен  қамтамасыз 

етуді  көздейді.  Сондай-ақ,  биз-

нес-бастамаларды  орындау  үшін 

қолайлы  құқықтық,  экономи-

калық  жəне  əлеуметтік  жағдай 

қалыптастыру да мақсат етіледі.

Жиынға  жетекшілік  еткен 

Мұхтар Құл-Мұхаммед Мемлекет 

басшысының 2050 жылға дейінгі 

Қазақстанның  даму  стратегия-

сында  көрсетіп  берген  басты 

тапсырмаларының бірі – еліміздің 

ІЖӨ-дегі шағын жəне орта бизнестің 

үлесін 50 пайызға дейін арттыру бо-

лып  табылатындығын  атап  өтті. 

«Партиямыздың  көшбасшысы 

айқындап берген əлемнің дамыған 

30 мемлекетінің қатарына қосылу 

жөніндегі  биік  мақсаттарға  қол 

жеткізу үшін кəсіпкерлердің жұмыс 

істеуіне мейлінше қолайлы жағдай 

жасауымыз керек. Бұл күрделі істе 

«Нұр  Отан»  партиясы  маңызды 

рөл  атқаруы  тиіс.  Біз  отандық 

кəсіпкерлерге жедел жəне тиімді 

көмек көрсету үшін орталық пен 

өңірлердегі  барлық  ресурстарды 

іске қосамыз. Өйткені, кəсіпкерлік 

– өркендеген экономиканың негізі», 

– деді Мұхтар Абрарұлы.

Айта кетейік, «Нұр Отан» пар-

тиясы  өзінің  «Қазақстан–2021: 

Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» 

атты сайлауалды бағдарламасында 

Қазақстандағы  кəсіпкерлікке 

жасалатын  жағдайды  əлемнің 

жетекші елдеріндегі деңгейге дейін 

жеткізуді өзіне міндет етіп алған. 

Сондықтан да кедендік басқаруды 

жəне рұқсат жүйесін жақсартуға, 

субсидиялау  үдерісі  мен  несие 

кепілдігін автоматтандыруға жіті 

көңіл  бөлініп  келеді.  Ал  пар-

тия  жетекшілерінің  2021  жылға 

қарай  Қазақстанды  «Doing 

Business»  рейтингі  бойынша  25 

озық мемлекеттің қатарына қосу 

міндетін  қойып  отырғандығын 

ескерсек,  ел  экономикасының 

негізгі  тірегі  саналатын  орта 

жəне шағын кəсіпкерлікті дамыту 

қажеттілігі  туындайтыны  сөзсіз. 

Ендеше,  осы  тұрғыда  Ұлттық 

кəсіпкерлер  палатасы  мен  «Нұр 

Отан»  партиясының  бүгінгідей 

мəмілеге келуі өте орынды болмақ.

«Нұр  Отанның»  біз  арқылы 

шағын  жəне  орта  кəсіп  саласы-

на бет бұруы зор жауапкершілік 

əрі үлкен жетістік. Себебі, партия 

бүгінгі қоғамдағы өте ауқымды сая-

си күш болса, Ұлттық палата алып 

экономикамыздың  бойына  қан 

жүгіртетін кəсіпкерлікті реттейтін 

негізгі кілт. Соңғы кездері Ұлттық 

палата  шалғай  елді  мекендер 

мен алыс аудандардағы халықты 

шағын жəне орта кəсіпке баулып, 

үйретуде арнайы орталықтар мен 

кеңселер  ашып,  белсенді  əрекет 

етуде. Енді осындай игі істің басы-

на «Нұр Отан» партиясының келіп, 

қызмет аясын кеңейтуін өз басым 

жақсылыққа  балаймын.  Партия 

жанындағы  қоғамдық  кеңес  пен 

палатаның өңірлік кеңес мүшелері 

арқылы  кəсіпкерліктің  дамуына 

тың серпін беріледі деп санаймын», 

– деді «Атамекен» ҰКП Басқарма 

төрағасы Абылай Мырзахметов.

О н л а й н   р е ж і м д е   ө т к е н 

алқалы  жиында  партияның  об-

лыс  орталықтарындағы  фи-

лиалдары  тікелей  байланысқа 

шығып, аймақтардағы кəсіпкерлік 

қызметтің  жай-күйін  баяндады. 

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан 

облыстық  партия  филиалы 

төрағасының бірінші орынбасары 

Болатбек  Қыстауов,  «Атамекен» 

ҰКП  Атырау  облыстық  өңірлік 

кеңесінің  төрағасы  Асылбек 

Ж а к и е в ,   А л м а т ы   о б л ы с ы -

нан  жекеменшік  «Дана»  білім 

беру  кəсіпорнының  директоры 

Күлəнда Батырбекова сөз сөйлеп, 

өз  кəсіптерінің  жетістіктері  мен 

кездескен қиындықтарды шешудегі 

тəжірибелерімен  бөлісті.  Олар 

кəсіпкерлік  қызметтің  өсіп-

өркендеуіне партияның тізе қоса 

еңбек  етіп,  үйлесімді  жұмысқа 

үндеуін  қолдайтындықтарын 

білдірді. 

Осыдан кейін сөз алған «Нұр 

береке 555» ЖШС бас директоры 

Тəукен Кеңесбекұлы елдің жетекші 

партиясы мен ұлттық палатаның 

осындай  меморандум  бекітуі 

отандық  тауар  өндірушілерді 

қолдауға зор мүмкіндік беретіндігін 

алға тартты. «Біз бір ғана Астана 

қаласының  өзінде  отандық  тау-

ар  өндірушілердің  басын  қосуға 

ұмтылып отырмыз. Күні кеше ғана 

«Самғау» атты сауда үйін ашып, 

заманауи  үлгіге  сай  5  мың  шар-

шы метрді құрайтын сауда алаңын 

іске  қостық.  Ол  жерде  100-ден 

аса астаналық кəсіпкер өнімдерін 

саудалауда. Алдағы уақытта 300 

өндіруші  өз  өнімдерін  қоюға 

ниет  танытуда.  Келешекте  бұл 

бағыттағы көрсеткішімізді 15 000 

шаршы метрге жеткізуді көздейміз. 

Осылайша,  қазір  шашыраңқы 

бағытпен дамып жатқан отандық 

тауар өндірушілерімізді бір жер-

ге  топтастыру  арқылы  олардың 

нарыққа енуі мен танымалдығын 

арттырғымыз келеді. Ал енді осы 

жұмысымызға  нұротандықтар 

қосылса, кəсіпкерлік қызметтің да-

муы арқылы қоғамның əлеуметтік 

жағдайы  жақсара  түседі  деген 

сенімдемін», – деді Т.Кеңесбекұлы. 



9 шілде 2016 жыл

3

www.egemen.kz

Айваз ОСМАНОВ, 

Жамбыл облыстық 

Қазақстан халқы 

Ассамблеясының 

мүшесі, Меркі ауданы 

«Ахыска» түрік 

этномəдени 

бірлестігінің жетекшісі

Қазақстандағы ұлттар дос-

тығын көзбен көріп, жү рекпен 

сезініп жүрген жан дар дың бірі 

ретінде,  мен  ел дегі  дархан 

көңіл мен кең пейілд і қазақ халқының 

осындай  туабітті  бауыр малдығына 

тəнтімін. Баршаға белгілі, елімізде 130-

дан ас там ұлт өкіл дері тату-тəтті ғұмыр 

кешу де.  О  бас тан  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаев тың  ұлт тар  достығын  ту 

етіп  ұстауы    –  əлемді  ауыз  бір шілікке, 

бейбітшілік пен ынты мақ  қа бастайтын 

сара саясат емес пе? Қай заманда жəне 

қай елде болмасын ты ныш жəне бейбіт 

өмір сүрудің маңызы айрық ша, қоғамдық 

келісімнің  орны  бөлек.  Сондықтан  да 

Президентіміздің  аса  көре гендікпен 

жасап жатқан əр ісінің өзіндік мəні бар. 

Бұл ретте, мəдениетаралық үнқаты-

суды нығайтудың жаңа кезеңі нің негі-

зін  қалап,  этносаралық  қаты нас тар-

ды  дамыту  мəселелерін  жоғары  дең-

гейде  шешуге  мүмкіндік  жасай тын 

əлемдік тəжірибедегі тың бағыт болып 

табылатын  Қазақстан  халқы  Ассам-

блеясын құру идеясы соның бірден-бір 

дəлелі. Еліміздегі бар лық этнос өкілдерін 

ортақ  мақсатқа  ұйыстыра  отырып, 

республикадағы  тұрақтылықты  сақтау 

мен елді дамыту барысында айтулы үлес 

қосып келетін жиырма жылдық тарихы 

бар ҚХА бүгінде көпке үлгі. Ассамблея 

тарихында жиырмадан ас там 

сессия өткізіліп, онда қоғам-

дағы  өзекті  мəселелер  мен 

мем лекетті  дамыту  жолын-

дағы негізгі бағыттар талқы-

ла нып келеді. 20 жыл дан ас -

там  уақыттан  бері  ат қар ған 

қыз  меті мен жүріп  өт кен сара 

жолын да қазақ стан дық этнос-

ара лық  жəне  кон  фессия ара-

лық келі сім үлгі сінің əлемдік 

қоғам дас тық алдында беделді 

ұйым ға айналғанын көрсетті. 

Қазақ станда тұратын барлық ұлттар мен 

этностардың  мүдделерін,  құқықтарын 

бір  арнаға  түйістірді.  Əрбір  ұлттың 

тегіне, дініне, көзқарасына қарамастан, 

барлық  азаматтардың  құқықтары  мен 

еркіндіктерінің  бұлжытпай  сақталуын 

қамтамасыз етті. 

ҚХА-ның  2014  жылғы  «Қазақ-

стан-2050» Стратегиясы»: бейбітшілік, 

рухани  келісім  мəдениеті»  атты  XXI 

сессиясында  Елбасы:  «Тəуелсіздіктің 

алғашқы  күнінен  біз  өңірлерде,  қала-

ларда,  аудандарда,  ауылдарда  мың-

даған  кездесулер  өткіздік.  Осыдан 

екі  он жыл дыққа  жуық  уақыт  бұрын, 

Ассам блеяны  құра  отырып,  біз  əлем-

дегі  барлық  мəлім  болған  модельдер-

ден  де  озық  шыға  білдік.  Біз  халық-

ты  ортақ  патриоттық  тұғырнамада 

топтастырудың бірден-бір сенімді тетігін 

таптық. Оның мəні əркімге де түсінікті 

жəне  қарапайым  адами  сұраныстарды 

–  жұмысты,  отбасындағы  əл-ауқатты, 

балалар үшін білім беруді, денсаулықты, 

тұр ғын үйді, қауіп сіз дік пен демалысты 

қам тамасыз  ету ге  көмек теседі.  Біз-

дің  қоғамда  ешкім нің  де  этностық 

артықшылығы  жоқ  жəне  бəрі  де  заң 

алдында  тең.  Барлық  қазақстандықтар 

– бір туған жердің балалары. Біз бəріміз 

– біртұтас Қазақстан халқының əртүрлі 

жəне бірдей балаларымыз. Біздің бəрі -

міз  ді бір мəселе толғандырады – бүкіл 

Қазақ стан халқының əл-ауқаты. Біз дің 

бəріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ 

Отанымыздың  өркендеуі.  Бұл  біздің 

ортақ  табысымыз,  ортақ  мақта ны  шы-

мыз», деп қанатты сөзін айтып еді. 

Шын мəнінде де солай, бір шаңырақ 

астында  ұйып  отырған  əрбір  ұлттың 

өкілдері  Отанымыз  үшін  қызмет  етуі 

керек, мақсатымыз бір бағытты көрсетсе, 

жүрегіміздің  де  бірге  соғары  сөзсіз. 

Бірлігі  мен  ынтымағы  жарасқан  елде 

тұру бақыты бұйырған біз шын бақытты 

ұлтпыз. Оны Елбасының шарапаты тиіп, 

елдің ықыласына бөленіп отырған əрбір 

ұлт өкілі мойындайды. 

Қазақстан хал қы Ассамблеясы ның 

кезекті  XXIV  сессиясы  біздің  жүре-

гіміз бен  үндес,  тілегімізбен  тілеу лес 

«Тəуел сіздік.  Келісім.  Бола шағы  Бір-

тұтас  Ұлт»  тақы  рыбымен  Астананың 

төрінде  өтті.  Бұл  жолғы  сессияның 

тарқатып айтар тақырыптары, талдау-

лары  мен  ор та ға  салған  мəселелері 

бұрынғыдан  да  ма ңызды,  өзгеше 

бол ды.  Болашағы  Бір тұтас  Ұлт  қана 

мəң гілік  жасай  берері,  тəуелсіз  елдің 

тұрғындары ғана бола шақ қа бек қарай-

тынын жəне келі сім бар жерде несібе 

барын айтқым келеді. 

Сөз соңында Елбасымыз айтқандай: 

«Дамудың  сыры  –  бірлікте,  табыстың 

сыры – тірлікте» екенін баршаңыз біле-

сіздер. Мұратқа жолын тапқан жетеді», 

дегім келеді. 

Жамбыл облысы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет