№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●


Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша



Pdf көрінісі
бет57/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57

Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша 

мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 116-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына және 119-бабының 

2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 262 бұйрығымен 

бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13792 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-

құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 маусымда жарияланған) Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың 

жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді 

енгізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 2, 10 және 13-тармақтарына сәйкес бұйырамын:

1) Мыналарға:

1) Маңғыстау облысының автогаз құю және (немесе) автожанармай құю станцияларында автокөлікке жанармай 

құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге; 

2) «Қазақ  газ  өңдеу  зауыты»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі  (бұдан  әрі – Серіктестік)  Қазақстан 

Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға 

реттеу енгізілсін.

2. Мыналарға:

1) Маңғыстау облысының автогаз құю және (немесе) автожанармай құю станцияларында автокөлікке жанармай 

құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге:

Бейнеу ауданында – 1 литрге 45 теңге ( қосымша құн салығымен (бұдан әрі – ҚҚС) мөлшерінде;

өзге аудандарда, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында – 1 литрге 35 теңге (ҚҚС - мен) мөлшерінде шекті баға; 

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күнінен бастап Серіктестіктің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика 

министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Маңғыстау 

облысы  бойынша  департаментіне  (бұдан  әрі – Комитеттің  Департаменті)  Қағидаларға  сәйкес  Қазақстан 

Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуге шекті бағаны белгілеу үшін 

құжаттарды ұсынуына 5 күндік мерзім;

3) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күнінен бастап күнтізбелік екі күн өткен соң Маңғыстау облысының ав-

тогаз құю және (немесе) автожанармай құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай 

газын бөлшек саудада өткізуге;

шекті бағаны белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап Серіктестік Қазақстан Республикасының ішкі 

нарығында сұйытылған мұнай көтерме саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеудің 180 күндік қолданыс 

мерзімі белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті 

қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың көшірмесін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 

күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде, сондай-

ақ  «Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінің  Республикалық  құқықтық  ақпарат  орталығы»  шаруашылық 

жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында ресми жариялауға тіркелген бұйрықты алған күннен 

бастап бес жұмыс күні ішінде жіберілуін; 

3)  осы  бұйрықтың  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрілігінің  интернет-ресурсына  орнала-

стырылуын;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он 

күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) және 

3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Комитеттің департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Серіктестіктің Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуіне 

шекті бағаны белгілеуді;

2) Серіктестіктің Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуіне 

шекті бағаны белгілеу туралы шешімді мерзімді баспа басылымдарында жариялау үшін электрондық жеткізгіште 

елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

3) Комитеттің интернет-ресурсында Серіктестіктің Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай 

газын көтерме саудада өткізуіне шекті бағаны белгілеу туралы шешімді орналастыруды және оны Серіктестіктің 

назарына жеткізуді қамтамасыз етсін. 

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-

министріне жүктелсін.

6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қ.БИШІМБАЕВ.

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі 

_______________ Қ.БОЗЫМБАЕВ

2016 жылғы «___» _____________

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 22 маусымдағы Нормативтік 

құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13810 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне 

əлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы

2016 жылғы 20 маусым                        №545                        Астана қаласы



2016 жылғы 3-тоқсанға арналған кедейлік 

шегінің мөлшерін айқындау туралы

«Мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 

2-бабы 1-1-тармағына сəйкес бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасы бойынша 2016 жылғы 3-тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасы 

Ұлттық  экономика  министрлігі  өткен  тоқсанға  есептеген  ең  төменгі  күнкөріс  деңгейінің 40 пайызы  мөлшерінде 

айқындалсын.

2. «2016 жылғы 2-тоқсанға арналған кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 214 бұйрығының (Нормативтік 

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13548 болып тіркелген жəне 2016 жылғы 4 сəуірде «Əділет» 

ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің Əлеуметтік көмек департаменті 

заңнамада белгіленген тəртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 

2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік жəне 

орыс тілдеріндегі бір данасын баспа жəне электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық 

актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу 

құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнына жіберуді; 

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басы-

лымдарында жəне «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің интернет-

ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрықты облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік 

бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;

6) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні 

ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) жəне 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мəліметтерді 

Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  жəне  əлеуметтік  даму  министрлігінің  Заң  қызметі  департаментіне 

ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму 

вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі жəне ресми жариялануға тиіс. 



Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жəне 

əлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА

Бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2016 жылғы 30 маусымда Нормативтік 

құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13853 болып енгізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет