«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-
бабы 1) тармақшасына сəйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Елді-мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері жəне жер ресурстарын басқару комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тəртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспасөз басы-
лымдарында жəне «Əділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналасты-
рылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-
министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы М.ҚҰСАЙЫНОВ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Инвестициялар жəне даму министрі
________________ Ə.ИСЕКЕШЕВ
2015 жылғы 13 сəуір
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы №270 бұйрығына қосымша
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан əрі -
мемлекеттік көрс ет ілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан
əрі - Министрлік) əзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, селолардың, селолық
округтердің əкімдері (бұдан əрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау жəне мемлекеттік қызмет көрсету нəтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны (бұдан əрі - ХҚКО);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан əрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тəртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) ХҚКО мен порталға құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап:
1- кезең: келістіруші органдар мен ұйымдардың құпталған қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін
дайындау - 28 жұмыс күні;
2- кезең: көрсетілетін қызметті берушілер жерді таңдаудың түпкілікті актісін келісу жəне жер-кадастрлық жұмысқа
ақы төлеу кезінде - жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару - 22 жұмыс күні;
құжаттардың толық пакетін ұсынбаған кезде өтінішті қараудан бас тарту - 2 жұмыс күні;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша
мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту - 14 жұмыс күні.
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) құжаттарды жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
ХҚКО-ға өтініш жасаған кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) жəне (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесі - жер-кадастр жоспарын (1-қосымша) жəне уақытша (қысқа мерзiмдi
жəне ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып жер учаскесіне жер пайдалану құқығын
беру туралы шешім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар
мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дəлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нəтижесін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы уақытша (қысқа мерзiмдi
жəне ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды жəне оны жер қатынастары бойынша өкілетті
органында тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес одан əрі тіркеу үшін жылжымайтын
мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға жібереді.
Жер учаскесін жеке тұрғын үй салу үшін сұраған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының өтініші (қолдаухаты)
арнайы есепке алынады жəне бөлуге арналған алаңдар дайын болғанда не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайда-
ланылатын бос аумақ болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып қанағаттандырылады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уəкілетті адамының электрондық
цифрлық қолтаңбасы (бұдан əрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының
«жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер учаскесін таңдау актісі келісілген жағдайда жеке жəне заңды тұлғаларға
ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнына 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің
152-бабына сəйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сəйкес мөлшерде есептелетін
жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын дайындау құны кіреді.
Жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын дайындауға төлем жүргізу қолма қол жəне екінші деңгейлі банктер арқылы
«ЖерҒӨО» РМК есеп шотына аудару нысанында, не «ЖерҒӨО» филиалының ғимаратындағы кассаға төлеу арқылы
жүзеге асырылады, ол бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сəйкес нысанда
төлемнің мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаты (түбіртек) беріледі.
Веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электронды сұраным берген кезде төлем жасау «электрондық
үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан əрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырыл ады.
Жетім балаларға жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі
кезеңге жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын əзірлеу ақысыз негізде жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) ХҚКО-да - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес демалыс жəне мереке күндерін қоспағанда,
дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан орны бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық
кезек» тəртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тəулік бойы
(өтініш беруші жұмыс күні аяқталған кезде, демалыс жəне мереке күндері өтініш берген жағдайда Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес өтініштерді қабылдау жəне мемлекеттік қызметті көрсету нəтижелері
келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не құжат бойынша заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын, нотариалды
расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уəкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті
құжаттардың тізбесі:
ХҚКО-ға:
1-кезең:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сəйкес нысан бойынша өтініш;
2) жер учаскесінің орналасқан жерінің схемасы;
3) жеке басын куəландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сəйкестендіру үшін қажет);
жерді таңдаудың түпкілікті актісін келісуді жəне жер-кадастрлық жұмысқа ақы төлеуді өтініш иесі үш жұмыс
күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш иесінің келісуден өтпеген жерді таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін
құрайды. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, ХҚКО келісілмеген жерді таңдаудың актісін қызметті алушыны
хабардар ете отырып жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сəулет жəне қала құрылысы саласындағы
функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;
2-кезең:
1) түпкілікті келісілген жерді таңдау актісі;
2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
Өтініш иесі хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде екі данада уақытша жерді пайдалану шарты-
на қол қояды. Өтініш иесінің қолы қойылмаған уақытша жер пайдалану шартын қолдану мерзімі жеті жұмыс күнін
құрайды. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, ХҚКО жер учаскесін ұсыну туралы шешімін қызметті алушыны
хабардар ете отырып күшін жою үшін облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудан, облыстық
маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асы-
ратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.
Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының
заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мəліметтерді
пайдалануға келісім береді.
ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін
түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Порталға:
1-кезең:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша электрондық құжат
нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесін орналастыру схемасының электрондық көшірмесі;
жерді таңдаудың түпкілікті актісін келісуді жəне жер-кадастрлық жұмысқа ақы төлеуді өтініш иесі үш жұмыс
күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш иесінің келісуден өтпеген жерді таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін
құрайды. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, ХҚКО келісілмеген жерді таңдаудың актісін қызметті алушыны
хабардар ете отырып жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сəулет жəне қала құрылысы саласындағы
функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;
2-кезең:
1) электрондық құжат нысанында түпкілікті келісілген жерді таңдау актісі;
2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
Өтініш иесі хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша жерді пайдалану шартына қол қояды.
Өтініш иесінің қолы қойылмаған уақытша жер пайдалану шартының қолдану мерзімі жеті жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, ХҚКО жер учаскесін ұсыну туралы шешімін қызметті алушыны хабардар
ете отырып күшін жою үшін облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудан, облыстық маңызы
бар қаланың жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын
құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.
Көрсетілетін қызметті беруші мен ХҚКО қызметкері «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік
ақпараттық жүйелерден жеке басын куəландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
туралы мəліметтерді алады.
Құжаттар ХҚКО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны
туралы қолхат беріледі.
ХҚКО дайын құжаттарды беру жеке басын куəландыратын құжатты ұсынған кезде (не оның нотариалды расталған
сенімхаты бар өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Жерді таңдаудың түпкілікті актісін келістіру мерзімі аяқталған жағдайда ХҚКО нəтижені үш жұмыс күні ішінде
сақтауды қамтамасыз етеді. Үш жұмыс күні өткен соң ХҚКО қызмет берушіге құжаттарды жою үшін жібереді жəне
көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметтің тоқталғаны туралы хабардар етеді.
Көрсетілген мерзім ішінде уақытша өтеулі (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) жерді пайдалану шартын жасасу
мерзімі аяқталған жағдайда, ХҚКО қол қойылмаған уақытша жерді пайдалану шартының қызметті алушыны хабар-
дар ете отырып күшін жою үшін облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудан, облыстық маңызы
бар қаланың жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын
құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.
Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік
көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы хабар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нəтижесін
алу күні мен уақыты көрсетілген хабар жіберіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:
1) егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мəжбүрлеп алынған тұлғалар тізбесінде тұрған жағдайда;
2) сұралып отырған жер учаскесі бос болмаса;
3) егер сұралып отырған жер учаскесі саудада (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылуға арналған болса;
4) сұралып отырған жер учаскесі резервке қалдырылған болса;
5) елді мекеннің бас жоспары жоқ болса немесе бас жоспарға сəйкес келмесе, егжей-тегжейлі жоспарлау жо-
басы болмаса;
6) санитарлық-қорғаныш аймағы болса;
7) сұралып отырған объектінің орналасуы құрылыс жəне санитарлық нормалар мен ережелерге сəйкес келмеуі
негіз болады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сəйкес құжаттардың толық
пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға
сəйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жəне
(немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жəне (немесе)
олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағымдану тəртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жəне (немесе)
оны лауазымды тұлғасының, ХҚКО-ның жəне (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, əрекеттеріне
(əрекетсіздігіне) шағымдану:
1) шағым Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Министрлік
басшысының атына беріледі;
шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қ ызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі
арқылы қолма-қол қабылданады;
шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі жəне тіркелген
күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылдағанын растау бо-
лып табылады;
2) ХҚО-ның қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым осы ХҚО басшысының атына беріледі;
қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымды ХҚКО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу
(мөртаңба, кіріс нөмірі жəне тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады)
болып табылады;
3) портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тəртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414
телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы
оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында
жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.
Шағымда:
1) жеке тұлға үшін - оның тегі, əкесінің аты, пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлға үшін - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі жəне күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті
алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нəтижелері
туралы дəлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті
берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның кеңсесіне қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нəтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік
қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның атына келіп түскен
көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нəтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда жəне халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
14. Заңнамада белгіленген тəртіппен толық немесе ішінара өзіне өзі қызмет көрсету, өз бетімен қозғалу,
бағдарлану қабілеті мен мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету
үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414 көмегімен өтініш беру арқылы ХҚКО қызметкері
тұрғылықты жерге барып жүргізеді.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде;
3) ХҚКО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы
электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
17. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде,
сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік
қызметті көрсетудің тəртібі мен мəртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық
қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері жөніндегі
Бірыңғай байланыс орталығы 1414.
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
нысан
Жер учаскесінің жер-кадастр жоспары
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі __________________________________________________________________
Мекенжайы (мекенжайының тіркеу коды) _____________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
Жердің санаты ________________________________________________________________________________
Жер учаскесінің алаңы (гектар, шаршы метр) _________________________________________________________
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты _______________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
Құқық түрі ______________________________________________________________________________________
Жер учаскесін пайдалануға шектеу мен ауыртпалықтар _______________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
Жер учаскесінің бөлінуі _________________________________________________________________________
(бөлінеді, бөлінбейді)
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) немесе жер пайдалану құны (қажет болғанда заңнамада қарастырылған
жағдайда) ________________________________________________________________________________________
Жоспар шекарасындағы басқа жер учаскелері
Жоспардағы
№
Жоспар шекарасындағы басқа жер
учаскелерінің кадастрлық нөмірлері
Алаңы
(гектар, шаршы метр)
Ескертпе:
Жер-кадастр жоспары жер учаскесіне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органы қаулысының ажыра-
мас бөлігі болып табылады. Жер учаскесіне тəн шекара нүктелерін, оның шекарасы жоспарының масштабында
көрсету мүмкін болмаған кезде, үлкен форматтағы парақта көрсетуге болады, жоспарға қосымша ретінде тек А-0
өлшемінен үлкен емес.
*Шектестіктерді көрсету осы жоспарды дайындаған сəтте қолданыста болады.
Жер учаскесінің жоспары
1 Масштаб:
Шектес учаскелерді көрсету (кадастрлық нөмірлер)*:
А-дан Б-ға дейін
Б-дан В-ға дейін
В-дан Г-ге дейін
Г-ден А-ға дейін
жер-кадастрының жоспарын _______________________________________________________________________
(жер кадастрын жүргізуші кəсіпорынның атауы)
_____________________________________________________________________________________əзірленді
М.О. ____________ _____________________ 20___ жылғы « » _________
(қолы)
(Т.А.Ə.)
____________________________________________________________басшысы
(жер қатынастары бойынша уəкілетті органының атауы)
М.О. ______________ ___________________ 20 жылғы « » __________
(қолы)
(Т.А.Ə.)
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Жер учаскесінің жер-кадастр жоспарын дайындау жұмыстарының құны
Р/с
№
Жер учаскесінің жер-кадастр жоспарын
дайындау бойынша жұмыстардың түрлері
Жер
учаскесінің
алаңы
Жұмыстардың құны (ҚСҚ)
учаскенің
базалық
ауданынан,
теңге
жұмыстардың құнын артты-
ру коэффициенті
1
2
3
4
5
Ұйымдар мен шағын кәсіпкерлік
субъектілердің ғимараттары мен
құрылыстарына арналған жер учаскесінің
жер-кадастр жоспарын дайындау, оның
ішінде:
жер учаскесінің жер-кадастр жоспарын
әзірлеу
жер-кадастр жоспары үшін жер учаскесінің
кадастрлық (бағалау) құнын айқындау
0,5 га дейін
1 га дейін
21062
12385
1,1 - 1 га дейін
1,2 – 10 га дейін
1,3 – 50 га дейін
әрбір келесі 50 га-ға 5%-ға
артады
1,1 – 10 га дейін
1,2 – 50 га дейін
1,3 – 100 га дейін
сыртқа тарату – 100 га жоғары
жиыны
33447
2 Тұрғын үй құрылысы мен оған қызмет көрсету,
жеке қосалқы шаруашылығын, бағбандық
және саяжай, , гараждар құрылысын үшін, жер
учаскесінің жер-кадастр жоспарын дайындау
оның ішінде:
жер учаскесінің жер-кадастр жоспарын дай-
ындау
жер-кадастр жоспары үшін жер учаскесінің
кадастрлық (бағалау) құнын есептеу
0,5 га дейін
тегін беру
нормасы
шегінде
14180
4607
-
1,3 - тегін беру нормасын
арттырған кезде
Барлығы
18787
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
нысан
Достарыңызбен бөлісу: |