№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●


пайдалануға беруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



Pdf көрінісі
бет31/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57

пайдалануға беруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар  

8. Заңды жəне жеке тұлғалардың жолаушылар вагондарының жаңа үлгілерін дайындау, қолданыстағы үлгілерін 

жаңартудың жобалық құжаттамасына Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сəйкес санитариялық-эпидемиологиялық 

қорытынды беріледі.

9. Ішін əрлеу үшін механикалық əсерлерге, жарықтың, жуу жəне дезинфекциялық құралдардың əсеріне төзімді, 

ластануды тазартуға ыңғайлы, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдар қолданылады.

10. Жаңадан жобалатын жолаушылар вагондары лас қалдықтардың жинағыш-бактарға жабық түсуін қамтамасыз 

ететін, жабық үлгідегі лас қалдықтарды жою жүйесімен жабдықталған дəретхеналар мен санитариялық үй-жайлар бар.

11. Уыттылық критерийлері (уыттылық индексі) 20-дан төмен конструкциялық жəне əрлеу материалдары пай-

даланылады.

12. Полимерлік конструкциялық жəне əрлеу материалдарынан қоршаған ауа ортасына адамның организміне 

тікелей немесе жанама қолайсыз əсерін тигізуі мүмкін (барлық бөлінетін заттардың бірлескен əсерін есепке алғанда) 

мөлшерде ұшпа химиялық заттар бөлінбейді.

13.  Химиялық  заттардың  ауа  ортасына  бөлінділерінің  жəне  полимерлік  құрылыс  материалдарының  негізгі 

үлгілерін санитариялық-химиялық зерттеу кезінде анықталуға жататын заттардың рұқсат етілген деңгейлері осы 

Санитариялық қағидалардың 1 жəне 2-қосымшаларында келтірілген. 

14.  Конструкциялық  жəне  əрлеу  материалдарынан  вагонның  ішкі  кеңістігінің  ауасына 1-сыныптың  қауіпті 

заттарының көшуіне жол берілмейді. 

Материалдардан бөлінетін басқа заттардың құрамы елді мекендердегі атмосфералық ауа үшін рұқсат етілген 

шекті шоғырланудан (бұдан əрі – РШШ) аспауы тиіс.

15.  Қауіптілік  сыныбын  айқындау  кезінде  Қазақстан  Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы  № 603 

Техникалық  реттеу  туралы  заңының 7 бабының 17 тармақшасы  арқылы  белгіленген  тəртіппен  бекітілген  тиісті 

техникалық регламент басшылыққа алынады.

16. Полимерлік материалдардан аддитивті əсері бар бірнеше зиянды заттар бөлінген жағдайда, шоғырланудың 

олардың РШШ-ге қатынасының жиынтығы бірден аспауы тиіс.

17. Тамбур конструкциясында еденде жолаушылардың аяқ киімдерін тазалауға арналған тор, күлсалғыштар, 

бүйірдегі қабырғасында – отын қорын, жинау мүкəммалын сақтауға арналған жəшіктер, қоқыс салғыштар көзделеді. 

18. Вагондардың өтетін алаңдары атмосфералық жауын-шашын, ылғал, шаң жəне батпақтың түсуін болдыр-

майтындай  етіп  жасалады,  гигиеналық,  беті  тегіс  қол  тіреуіштер  қарастырылып,  өтетін  орын  едені  саңылаусыз 

жабдықталады. 

19. Вагонның қызметтiк емес шетiнiң кiшi тамбуры стандартты үлгідегі алмалы-салмалы полиэтилен қабы бар 

жəшіктермен жабдықталады. 

20. Жолаушылар вагондарының терезелері жеткілікті көру, табиғи жарықты, дыбыс пен жылудан оқшаулауды 

қамтамасыз ететін шыныдан жасалады.

21.  Жолаушылар  вагонының  дəліз  терезелері  тұтқалармен  қоршалып,  көтеріп-түсіретін  тетігі  бар,  күннен 

қорғайтын перделермен жабдықталады.

22. Дəретханалар мен себезгі үй-жайларының терезелеріне бұлыңғыр немесе қараңғыланған əйнек қойылады.

23. Дəретханалардағы унитаз тоттануға төзімді материалдардан жасалады. Бекіту конструкциясы унитаздың 

жəне еден жабыны астына ылғал өтуіне жол бермейді.

24. Дəретханаларда едендегі судың ағып кетуіне арналған тесік тығынмен жабылады. Жиналған суға арналған 

құбырлар жылуы оқшауландырылған вагон асты жабдықтарынан алшақ орналасады, ал қайта жеткізілетін жəне 

жобаланатын вагондар жылыту құрылғыларымен жабдықталады.

25.  Унитаз  қақпақты  пластмасса  орындықпен,  дəретхана  қағазына  арналған  ұстағышпен,  дезинфекциялау 

құралы бар стандартты сыйымдылықпен жəне жуғыш щеткамен жабдықталады.

26.  Дəретханадағы  қабырға,  төбе  жəне  еденнің  беті  су  сіңірмейтін  жəне  дезинфекциялау  құралдарының 

əсеріне  төзімді,  жабын  астының  ылғалдануын,  ластануын  болдырмайтын  материалдармен  саңылаусыз  жəне 

тегістеліп төселеді.

27. Дəретханадағы қол жуғыш ыстық жəне салқын су араластырғышымен, сұйық сабын мөлшерлеуіш құтысымен, 

жуынуға арналған ернеуі бар сөремен, айнамен жабдықталады. Су бөлетін шүмектердің үстіне «Ішуге жарамсыз 

су» деген жазу болуы көзделеді. Қолжуғыштың жанына бір рет қолданылатын сүлгілерге арналған сүлгі ұстағыш 

немесе электрлі сүлгі, бір рет пайдаланылған сүлгілерге арналған ыдыс орналастырылады.

28. Вагонның санитариялық-техникалық жəне тұрмыстық жабдықтары жарамды күйде ұсталады.

29. Қызметтік үй-жайларда:

1) шай заттары мен ыдыстарға арналған шкафтар жəне арнайы киімге арналған қуыстар;

2) ыстық жəне салқын су келіп тұратын қолжуғыш;

3) жолсерікке арналған диван, терезе алды үстелі, дауыс қаттылығын реттегіші бар дауыс зорайтқыш, вагон 

ішіндегі температураны көрсететін термометр;

4) тоңазытқыш;

5) қысқа толқынды пеш көзделеді.

30. Жолсеріктердің демалысы үшін екі орындық купе (1 диван, 1 жатын сөре) бөлінеді. Купе жиналатын үстелмен, 

ұсақ заттарға арналған қайырмалы торқалтамен (сөремен), киім шкафымен немесе киім ілгіштермен, ілмектермен, 

жүкке арналған қуыспен, суырмалы баспалдақпен жабдықталады.

31. Жатын вагондарда таза жəне пайдаланылған төсек жабдықтарын бөлек сақтауға орын көзделеді.

32.  Жатын  купенің  жабдықтары  жатын  дивандар  мен  сөрелерді,  жиналмалы  шағын  үстелді,  ұсақ  заттарға 

арналған қайырмалы торқапшықты (сөре), суырмалы баспалдақты, киім шкафын немесе киім ілгіштерді, ілмектерді, 

багажға арналған қуыстарды, айнаны қамтиды.

33. Жатын сөренің матрастың сырғанап түспеуін болдырмайтын конструкциясы көзделеді, жоғарғы сөрелер 

ернеулермен қоршалады.

34. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тасымалдауға арналған жолаушылар вагондары жоғарғы сөрелерге 

арналған қауіпсіздік белбеулермен жабдықталады.

35. Қызметтік-тұрмыстық вагонда демалуға арналған купе, жатын купе, асүй, санитариялық торап көзделеді.

 36. Демалу салоны асүйден оқшау орналасады. Диванмен (жатын сөремен), үстелмен, орындықтармен, жұмыс 

жəне  үй  киімдерін,  таза  жəне  пайдаланылған  төсек  жабдықтарын  бөлек  сақтайтын  бөлімшелері  бар  шкафпен 

жабдықталады.

37. Асүй мыналармен асүй плитасымен, тоңазытқышпен, азық-түліктерді сақтауға арналған шкафпен, суық жəне 

ыстық су араластырғышы бар раковинамен, асханалық ыдыс-аяқты жəне асүй мүкəммалын сақтайтын ш кафпен, тамақ 

қалдықтарын жəне қоқыстарды салатын таңбаланған ыдыспен, асханалық жəне асүй ыдыс-аяғымен жабдықталады.

38.  Қызметтік-тұрмыстық  вагонның  санитариялық  торабы  дəретхана  мен  себезгіге  бөлінеді.  Себезгі  мен 

қолжуғышқа суық жəне ыстық су жеткізіледі.

39. Туберкулезбен ауыратын сотталған адамдарды (бұдан əрі – науқастар) тасымалдауға арналған арнайы 

вагонда:  күзет  бастықтарына  арналған  купе,  медициналық  қызметкерге  арналған  купе,  ас  үйі,  науқастар  үшін 

оқшауланған үй-жай, аурулар жəне персонал үшін бөлек санитариялық торап көзделеді.

40. ТҚК-2 (күзгі) жүргізу кезінде терезелерді жəне барлық есік терді жылыту жұмыстары орындалады. Терезе 

əйнектері жəне жақтау арасындағы кеңістік жылыту алдында тазартылады.

41. ТҚК-2 (көктемгі) жүргізу кезінде терезелер ішкі жəне сырты жағындағы жылыту материалдарын алып тастап, 

төмен түсірілетін терезелердің көтеру тетігін жөндеу арқ ылы тазартылады.

42. Пошта-багаж вагондарын жобалау кезінде жұмыскерлерге арналған купе, санитариялық торап (дəретхана 

жəне себезгі) көзделеді.



3. Жолаушылар вагондарын сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылытуға, 

жарықтандыруға жəне желдетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық 

талаптар

43. Сумен жабдықтау жүйесінің конструкциясында судың ластануын болдырмау, таратушы құбырлар мен ре-

зервуарлардан суды толық төгу жəне тазалау, жуу, дезинфекциялау мүмкіндігі көзделеді.

44. Вагонның сумен жабдықтау жүйесінің су құятын келте құбырының ұшы ластанудан сақтайтын құралмен 

жабдықталады. Су құятын шлангінің ұшы жерге тимеуі тиіс.

45. Вагонның сумен жабдықтау жүйесін дезинфекциялау деподағы жөндеу мен күрделі жөндеуден кейін мерзімді 

техникалық тексеру кезінде жəне санитариялық-эпидемиологиялық айғақтар бойынша жүргізіледі.

46.  Ауыз  сумен  жабдықтау  арнайы  су  ағызатын  колонкалардан  жүрг ізіледі,  құрастыру  пункттеріне  келгенде 

вагонның сумен жабдықтау жүйесіндегі су толығымен төгіледі.

47. Вагонның əрбір орны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы 

№209 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-

ауыз сумен жабдықтауға, суды мəдени-тұр мыстық пайдалану орындарына жəне су объектілерінің қауіпсіздігіне 

қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық  талаптар»  санитариялық  қағидаларына  сəйкес  келетін  тəулігіне 

кемінде 25 литр (бұдан əрі – № 209 бұйрық ) ауыз су сапасындағы суық жəне ыс тық су берумен қамтамасыз етіледі, 

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10774 болып енгізілді.

Жолаушылар вагондарының сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз су лабораториялық бақылаудан өтуге жатады.

48. Вагон су қайнататын жəне суытатын бөлек қондырғылармен жабдықталады, жаңа жобадағы жолаушылар 

вагонында ауызсу салқындатқыштарында зарарсыздандыру құрылғысын орнату көзделеді.

49. Вагон-мейрамхананы ыстық сумен қамтамасыз ету үшін жеке су жылытқыш орнатылады. Судың температу-

расы Цельсий бойынша плюс (бұдан əрі – +) 80 градустан (бұдан əрі – °С) төмен болмауы тиіс.

50.  Асханалық  жəне  а сүй  ыдыс-аяқпен,  мүкəммалды  жууға,  шикізаттар  мен  азық-түліктерді  технологиялық 

өңдеуден өткізуге арналған ванналарға ыстық жəне суық судың жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Ыстық су темпера-

турасы +50°С-тан + 65°С-ке дейін төмен болмауы қамтамасыз етіледі.

51.  Жылыту  жүйесінің  конструкциясы  жəне  орналасуы   оларды  шаң  мен  ластан  тазалаудың  ыңғайлылығын 

қамтамасыз етеді.

52.  Вагондар  ауаны  сорып  тартатын  механикалық  жəне  сорып  шығаратын  табиғи  желдету  жүйесімен 

жабдықталады. Желдету жүйесі вагондағы əрбір орынға жаз мезгілінде сағатына 20  текше метрден (бұдан əрі – м

3

/



сағ), қыста – 10 м

3

/сағ кем емес сыртқы ауаны жіберуді қамтамасыз етуге арналған үздіксіз жұмысқа есептеледі.



53.  Науқаста рды  тасымалдауға  арналған  арнайы  вагондарда  дəліз  бен  үй – жай  арасындағы  ауа  ауысуын 

қамтамасыз ететін, бөлек сорып шығаратын желдету жүйесі орнатылады.

Жол бойында, тоқтап тұрған кезде вагондар электр жарығымен іркіліссіз қамтамасыз етілу үшін автономды 

энергия көзімен жабдықталады.

54. Жаңадан əкелінетін вагонда рда ауаны баптау жүйесі көзделеді.

55. Вагонға жіберілетін ауа сүзгі көмегімен тазартылады. Тазартылғаннан кейін жіберілген ауаның шаңдануы 

0,5 миллиграмм текше метрден (бұдан əрі – мг/ м

3

) аспауы тиіс. Желдеткіш сүзгілерін ауыстыру жазғы уақытта – 



кемінде 15 күнде бір рет, қысқы мезгілде – 25 күнде бір рет жүргізіледі.

56. Салқындату кезінде вагонға жіберілетін сыртқы ауа температурасы +16 °С-тан төмендетпей ұсталады.

57. Салон ауасындағы көміртегінің екі оксиді құрамы 0,1 % аспауы тиіс, жолаушылар орналасқан орындарда ауа 

қозғалысының жылдамдығы қысқы мезгілде – секундына 0,2 метрден (бұдан əрі – м/сек), ауа баптағыш жұмыс істеп 

тұрған жаз мезгілінде - 0,25 м/сек. Ауа баптағышы жоқ вагондарда ауа қозғалысының жылдамдығы жаз мезгілінде 

- 0,4 м/сек болуына жол беріледі.

58.  Вагон-мейрамхана  асүйден  тамақтану  залына  иіс  келуіне  жол  бермейтін,  сорып  сыртқа  шығаратын 

механикалық желдету жүйесімен жəне ауа баптағышпен жабдықталады. Ауаны ластау (газ, шаң, иіс), жылу көздері 

бар үй-жайлар ауаны сорып шығаратын жергілікті желдеткішпен жабдықталады.

59. Жылыту құрылғыларының +55 °С-тан жоғары болған ашық жерлері қорғаныш қоршаулармен оқшауланады.

60. Вагондарда табиғи жəне жасанды жарық көзделеді. Жасанды жарық үшін спектрі бойынша күндізгі жарыққа 

жақын, жарқылдауды жəне айқын қарсы жарықты болдырмайтын люминесценттік шамдар қолданылады.

61. Істен шыққан люминесценттік шамдарды үй-жайларда сақтауға жол бері лмейді.

62. Жатын купеде жолаушылар үшін ортақ жəне жолаушылар үшін əр орынға жергілікті жарық көзделеді.

63. Жолаушыларға арналған купеде, қызметтік жайларда, вагон дəліздерінде еденнен 800 миллиметр (бұдан 

əрі – мм) деңгейде, диван арқалығынан 600 мм қашықтықта жəне үстелдің үсті кемінде 150 люкс (бұдан əрі – лк) 

жарықпен қамтамасыз етіледі.

64. Же ргілікті жарық шамшырағының жарығы вагон қабырғасынан 0,7 метр (бұдан əрі – м) қашықтықта жəне 

диван бетінен 0,5 м биіктікте 40 лк-дан кем болмайды.

65. Үлкен дəліздерде еден деңгейінде, дəретханаларда жарық 50 лк, шағын дəліздерде - 30 лк, тамбурларда, 

кіреберіс баспалдақтарда - 30 лк-дан кем болмайды.

66. Қазандық бөлімдерінде бақылау аспаптарының деңгейінде  жарықтың 30 лк-дан кем болмауы көзделеді.

67. Еден деңгейінде 1 лк-дан кем болмайтын апаттық жарық көзделеді.

68. Дизельді үй-жайларда жабдықтарды жөндеу кезінде жұмыскерлердің көзіне жарықтың тікелей түсуін болдыр-

майтын құралдары бар жасанды жарық көзі көзделеді, верстактарда жергілікті жарық орнатылады. 

  4. Жолаушыларды тасымалдау жағдайларына қойылатын 



санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

69. Жолаушылар поездарын құрастыру пункттерінде, МВҚҚ-да мыналар: 

1) вагондардың сыртын жуу;

2) вагондарды дезинфекциялық ө  ңдеу;

3) ішкі жəне санитариялық-техникалық жабдықтарды жөндеу;

4) желдеткіш жүйесін тазарту, кезеңділіктің еселілігіне сəйкес ықтиярсыз желдеткіштердің сүзгілерін ауыстыру;

5) вагондардың ішкі үй-жайларын жинау;

6) вагонда рды алмалы-салмалы жабдық заттарымен жабдықтау;

7) ауыз су жəне отын толтыру;

8) жатын вагондарды төсек жабдықтарымен жəне төсек керек-жарақтарымен, шай өнімдерімен қамтамасыз ету;

9) дезинфекциялау жəне жуу құралдарымен жеткілікті мөлшерде жабдықтау жүргізіледі.

Вагондарды дезинсекциялық өңдеу жоспарлы жəне эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша, вагон үй-жайларын 

дератизациялық өңдеу - эпидемиологиялық айғақтар жəне өтінім бойынша жүргізіледі.

Жоспардан тыс дезинфекция жəне дезинсекция эпидемиологиялық айғақтар бойынша жүргізіледі.

70. Жолаушылар вагондарына отын (көмір, ағаш) қаптамаланған түрде тиеледі, жəшіктерге салынады.

71. Жолаушылар поездарының айналым пункттерінде:

1) дəретханалар мен қоқыс жəшіктерін дезинфекциялық өңдеу;

2) ішкі жабдықтарды (өтінім бойынша) жөндеу;

3) вагондардың ішкі жайларын жəне жабдықтарын ылғалды жинау, жуу;

4) вагондарды ауыз сумен жəне отынмен толтыру;

5) жұмысқа қажетті дезинфекциялық ерітінділерді жəне жуу құралдарын дайындау жүргізіледі.

МВҚК айналым пункттерінде ішінара дайындау:

1) дəретханалар мен қоқыс жəшіктерін дезинфекциялық өңдеу;

2) салонда жəне тамбурда ағымдық жинау;

3) вагонды ауыз сумен толты ру жүргізіледі.

72. Вагонның сыртын жууға шанақты жуу, əйнектерді, өту алаңқайларын, тұтқаларды, басқыштарды жуу кіреді. 

73.  Ішкі  үй-жайларды  ылғалды  жинау   вагонға  дезинфекциялық  өңдеу  аяқталғаннан  кейін  жуу  құралдарын 

қолдану арқылы жүргізіледі. Жинау жүргізгеннен кейін жинау құралдары мен шүберектер залалсыздандырылады, 

жуылады жəне кептіріледі.

Аумақтағы  мемлекеттік  орган  ведомствасының  халықтың  санитариялық-эпидемиологиялық  саламаттылығы 

саласындағы тексеру жүргізген кезде жолаушылар вагонында залалсыздандыру жүргізудің сапасы лабораториялық 

бақылаудан өтуге жатады.

74. Төсек керек-жарақтары жиынтығына матрас, тысы бар жастық, мезгілдік көрпелер жатады.

75. Матрастар, жастықтар жəне қысқы  көрпелер мерзімдік дайындық кезінде жылына екі рет, сондай-ақ ластану-

ына қарай  жəне эпидемиологиялық айғақтар бойыншашаңнан тазартылуы жəне камералық өңдеуге жіберілуі қажет. 

Жазғы көрпелер  кемінде айына екi рет жуылады немесе химиялық жолмен тазартылады. Матрастардың тысы 

мен жастықтардың тысы айына бiр реттен сиретпей жуылады. 

Үстел  үстi  майлықтары,  күннен  қорғайтын  перделер  мен  шымылдықтар  əр  сапардан  кейiнжəнеластануына 

қарай ауыстырылады.

Кілем төсеніштері жуылады немесе кемінде үш айда 1 рет жəне ластануына қарай химиялық жолмен тазартылады.

76. Вагонның iшкi үй-жайларын жəне санитариялық-тұрмыстық жабдықтарды тазарту арнайы киiмде жүргiзiледі. 

Арнайы киiм тиісті таңбалары бар екi халат жиынынан, резеңке қолғаптардан (салон мен дəретхананы жинауға 

бөлек арналған) тұрады.

77. Жинау құралдарының құрамында үш шелек, швабра, сыпырғыштар, қалақтар, шүб еректер, щеткалар, еденнiң 

кiлем жабыны мен жұмсақ жиһаздары болған жағдайда шаңсорғыш кіреді. Шелек «дəретханаға арналған», «еденге 

арналған», «сөрелерге арналған» деп таңбаланады, шүберектерге белгі қойылады. Сөрелерге арналған шелекті 

қабырғаларды жуу үшін пайдалануға рұқсат етіледі. Жинау мүкəммалын арнайы бөлінген орында сақталады. Жинау 

құралдарын басқа мақсатта пайдалануға рұқсат етiлмейдi.

78. Сапарға жөнелту алдында жəне жұмыс күнiнiң соңында бiрнеше рет пайдаланылатын ыдыстар жəне асхана 

құралдары жуу жəне дезинфекциялау  құралдарын қолдану арқылы, жуу раковинасында ыстық сумен жуылуы қажет.

79. Сыртқы жəне iшкi өңдеуден өткен вагондар алмалы-салмалы құралдармен, шай жабдықтарымен жəне ыды-

спен, сабынмен,  дəретхана қағазымен, майлықтармен, қағаз сүлгілермен жабдықталады.

80. Алыс жəне жергiлiктi қатынастағы поездар үшiн сапарға берiлетiн төсек жиынының саны сапардың ұзақтығына, 

жолаушылар  ағынына  байланысты  бiр  орынға  кемінде  төрт  жиынтықтан  кем  емес  есебiнен  белгіленеді.  Төсек 

жиынтығына  жайма,  көрпе  тысы,  жабық  түрдегi  жастық  тысы  жəне  сүлгi  кіреді.  Төсек  жиынтығы  пломбаланған 

н емесе кiр жуу орнының мөртаңбасы басылған, жинақтау күні мен жинақтаушы нөмірі көрсетiлген арнайы жазба 

белгісі салынып тігілген конвертте (пакетте)  болуы тиіс. 

81. Қыста жəне жылдың ауыспалы мезгiлiнде сыртқы ауа температурасы -10°С жəне одан төмен болған кезде 

вагондарға от жағылады. Вагонға жолаушыларды отырғызу алдында ауа температу расы (қыста жəне жылдың ауыспа-

лы мезгiлiнде) +22 °С (+2 °С), жаз мезгiлiнде вагондардағы ауа температурасы +24 °С (+2 °С) деңгейінде сақталады 

МВҚК құрамын отырғызуға беру алдында вагондарда ауаның температурасы +11°С-тен +15 °С деңгейінде, жол 

бойы +22 °С ( + 2) деңгейінде болуы сақталады.

82.  Жолаушылар  вагонының  купесіндегі  шудың  деңгейі 65 децибел  (бұдан  əрi – дБа),  тамбурда – 68 дБа, 

вагонаралық өту жолдарында – 80 дБа, МВҚК салонында - 75  дБа аспауы тиіс.

83. Жолаушылар вагондарында дірілдің деңгейі 8000 Гц жиілікте 8 сағаттық əсер ету кезінде 64 дБА нормаланған 

қисығына тең болады. 

84. МВҚК салондарында жəне машинистердің кабинасында инфрадыбыстың рұқсат етілген шекті деңгейі 2 

жəне 4 Гц октавалық жолағының жиілігі кезін де – 102 дБА, 8 жəне 16 Гц октавалық жолағының жиілігі кезінде – 99 

дБА құрайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы 

2015 жылғы 20 наурыз                              №240                              Астана қаласы



«Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы 

Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сəйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2.  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігінің  Тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  комитеті 

заңнамада белгіленген тəртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына 

жəне «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орна-

ластырылуын қамтамасыз етсін.

3.  Осы  бұйрықтың  орындалуын  бақылау  жетекшілік  ететін  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  экономика 

вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі

___________ Т. Дүйсенова

2015 жылғы « »

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар жəне даму министрі

___________ Ə. Исекешев

2015 жылғы « »

 

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 



2015 жылғы 20 наурыздағы №240 бұйрығымен бекітілген

  

«Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын 



санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 1. Осы  «Жолаушылар  мен  жүктерді  тасымалдауға  арналған  көлік  құралдарына  қойылатын  санитариялық-

эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан əрі – Санитариялық қағидалар) жолаушыларды 

(арнайы  контингентті),  тамақ  өнімдерін,  азық – түлік  шикізатын,  шаруашылық-ауыз  суды,  радиоактивті,  қауіпті 

химиялық жəне уытты заттарды тасымалдау үшін қолданылатын көлік құралдарын (теміржол, автомобиль, теңіз, 

ішкі су, əуе) (бұдан əрі – көлік құралдары) күтіп-ұстау мен пайдалануға жəне жолаушылар мен жүктерді тасымалдау 

жағдайларына санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.

2.  Пайдаланылатын  көлік  құралдарына  «Халық  денсаулығы  жəне  денсаулық  жүйесі  туралы»  Қазақстан 

Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 62-бабының 8-тармағына (бұдан əрі – Кодекс) сəйкес 

берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болғанда жол беріледі.

3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1)  автомобиль  көлік  құралы  (бұдан  əрі – автокөлік  құралы) – құрамы  автобустарды,  шағын  автобустарды, 

жеңіл жəне жүк автомобильдерін, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-

ақ  мамандандырылған  автомобильдерді  (жүктердің  белгілі  бір  түрлерін  тасымалдауға  арналған)  жəне  арнайы 

автомобильдерді (əртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын автомобиль 

көлігінің жылжымалы құрам бірлігі;

2) авиация лық химиялық жұмыстар (бұдан əрі – АХЖ) – ауыл шаруашылық, орман жəне басқа да алқаптарды 

пестицидтер мен агрохимикаттарды қолдана отырып, азаматтық авиация орындайтын жұмыстар;

3) апаттық жағдай – жүкті қалыпты тасымалдаудан өзгеше, жарылысқа, өртке, адамдардың немесе жануарлардың 

улануына, сəулеленуіне, ауруына, күюіне, үсіп қалуына, өліміне, қоршаған орта  үшін қауіпті салдарға əкелуі мүмкі н 

 немесе əкелген, қауіпті заттың өртенуіне, ағып кетуіне, төгілуіне, қауіпті жүгі бар ыдыстың немесе жылжымалы 

құрамның бұзылуына байланысты болатын жағдайлар, сондай-ақ теміржолдағы апат аймағында қауіпті жүгі бар 

вагондар, контейнерлер немесе жүк орындары болған жағдайлар;

4)  апаттық  карточкалар  (қауіпті  жүктерді  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  нөмірі  жəне  атауы  бойынша  іздеудің 

алфавиттік көрсеткіші) – 2008 жылғы 30 мамырдағы № 48 хаттама, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы 

мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің шешімімен бекітілген жəне қолданысқа енгізілген, қолданыстағы 

нормативтік-техникалық құжаттамасында «Қауіпті жүктерге апаттық карточкалар» атауымен аталған, қауіпті жүк 

атауының барлық синонимдік нұсқаларын қамтиды (бұдан əрі – Апаттық карточка);

Апаттық  карточка  жеке  қорғаныш  құралдарын  қолдану  жөніндегі  нұсқауларды,  апатты  жағдай  кезіндегі  іс-

қимылдар бойынша қажетті нұсқауларды: жалпы сипаттағы; төгілу, құйылу жəне шашылу кезінде; өрт кезінде; бей-

тараптандыру жөніндегі нұсқауларды; алғашқы көмек шаралары жөніндегі нұсқауларды қамтиды;

5) арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам (бұдан əрі – ӨЖЖҚ) – жолаушыларды, теміржол бөлімшелерінің 

жұмыскерлерін, багажды жəне жүктерді теміржол арқылы тасымалдауға арналған тартпалы көлік құралдары (мо-

товоздар, дрезиналар, арнайы автомотрисалар, теміржол-құрылыс машиналары);

6) арнайы контингент – түрлі қылмыстары үшін соттың шешімімен сотталған арнайы вагондарда тасымалда-

натын адамдар тобы;

7) аялдама пункті – текжолаушыларды отырғызу жəне түсіруге арналған пункт;

8) арнайы вагон – туберкулез микобактерияларын бөлетін жəне туберкулез микобактериясын бөлмейтін, ту-

беркулезбен ауыратын науқастарды тасымалдауға арналған вагон.

9) əуе көлігін пайдаланушы – əуе көлігін жекеменшік құқығы, жалдау шарты немесе басқа да құқық белгілеуші 

құжаттардың негізінде пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

10) багаж – жолаушылар көлік құралының бортында тасымалдауға қабылданған жолаушының мүлкі;

11) буфет-бар – сусындар, шырындар, су жəне зауыт қаптамасындағы тез бұзылмайтын өнiмдердi өткізуге арналған 

тиiстi жабдықтарымен бар тіреуі құрылғысына жолаушылар поезы вагонында немесе электр поезында бөлінген учаске;

12) вагон-мейрамхана – жолаушылар поезының жүретін жолында тамақ өнiмдерін жəне тағамдарды сақтау, 

дайындау жəне өткізу жүргізілетін қоғамдық тамақтану пунктi;

13) вагон-тоңазыту станциясы – тоңазыту қондырғыларымен жабдықталған вагон;

14) гидрофора – қысымдағы суды сақтауға арналған цистерна;

15) дизель-электрстанциясы – дизель қозғалтқыштарымен айналысқа келтірілетін, бір немесе бірнеше электр 

тоғы генераторларымен жабдықталған энергетикалық қондырғы;

16) жол аралығы – теміржол жолдары араларындағы учаске;

17) жолаушылар поезы – жолаушы вагондарынан жасақталған жолаушы, жүк, пошта тасымалдауға арналған поезд;

18) жолаушылар вагоны – пошталық, багаж, вагон-мейрамханалар, қызметтік-техникалық, қызметтік, клубтар, 

санитариялық, сынау жəне өлшеу зертханалары, жолаушылар үлгісіндегі арнайы вагондар сияқты жолаушыларды 

жəне (немесе) багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдауға арналған вагондар;

19) жолаушылар вагондарын жабдықтау пункті – (бұдан əрі – жабдықтау пункті) – вагондарды сапарға дайындау 

жəне жарақтау жүзеге асырылатын теміржол жолдарының мамандандырылған учаскесі;

20)  жолаушылар  вагонына  техникалық  қызмет  көрсету  (бұдан  əрі – ТҚК) – техникалық  қызмет  көрсету 

пункттерінде,  құрастыру  мен  айналым  пункттеріндегі  жолаушылар  техникалық  станцияларында,  поездың  жол 

бойындағы станцияларында, тұрақтағы жолаушылар вагонына техникалық қызмет көрсету кезінде вагонды тексе-

ру, ажыратпай ағымдық жөндеу жəне жабдықтау;

21) жолаушылар кемесі – он екіден артық жолаушыны тасымалдауға арналған кеме;

22) жолаушылар сыйымдылығы – жатын орындарының (каютадағы жолаушылар) саны жəне отыруға арналған 

тұрақты орындардың (каютадан тыс жолаушылар) саны бойынша айқындалатын жолаушылар саны;

23) жаңғырту – жылжымалы құрамның қабылданған үлгілік құрылысына, типтік немесе қабылдау сынақтарын 

жүргізуді талап ететін елеулі өгерістер енгізу; 

24) камбуз – саны бес адамнан аспайтын кеме экипажының тамақ дайындауға жəне тамақ ішуге арналған үй-жайы; 

25) карантиндік аурулар – жұқпалылығы жоғары жəне өлім-жітіммен сипатталатын аурулар тобы (оба, тырысқақ, 

сары қызба), оларға қарсы жүргізілетін тиімді профилактикалық іс-шаралардың бірі карантиндік іс-шаралар өткізу 

болып табылады; 

26) кеме экипажы – кеменің жеке құрамына, сол сияқты жолаушыларға қызмет көрсететін персоналды қоса 

алғанда,  кемені  басқаруды,  кеме  қозғалысын  жəне  қауіпсіз  пайдаланылуын  қамтамасыз  ететін  кеме  штатына 

енгізілген адамдар;

27) қаптама – өнiмдi бүлінуден жəне жоғалудан қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ өнімді тасымалдауды, 

сақтауды жəне өткізуді жеңілдететін құрал немесе құралдар кешені;

28) қарауыл қызметі – теміржол объектілерін, станцияларда жəне поезд жолының бойында жүктерді күзетуді 

жүзеге асыратын əскери теміржол күзетінің бөлімшесі;

29) қауiптi жүк – тасымалдау немесе қайта тиеу кезінде өзiнiң ерекше қасиеттерiне байланысты адамдардың 

өмiрiне жəне денсаулығына қауiп төндiруi, қоршаған ортаны ластауы, көлiк құрылыстарын, құралдарын жəне өзге 

де мүлiктi бүлдiруi жəне жоюы мүмкін қауiптi зат, материалдар, өндiрiс бұйымдары мен қалдықтары; 

30) құрамында мұнай бар су – машина жəне қазандық бөлімшелерінің төсеніші астында жиналатын су жəне 

құрамында мұнай өнімдері бар басқа да су;

31) қызметтік-тұрмыстық вагон – персоналдың тұрмыстық жағдайларын сақтауға жəне демалуына арналған вагон;

32) машина үй-жайлары – басты жəне қосалқы механизмдер, қазандықтар, сорғылар, генераторлар, ауаны 

желдетуге жəне баптауға арналған жабдықтар орналасқан үй-жайлар, отын қабылдау пункттері, шеберханалар 

жəне басқа да қосалқы үй-жайлар, сондай-ақ осы үй-жайлардың шахталары; 

33) машинист кабинасы – локомотив бригадасының жұмыс орындары, локомотивті, мотор-вагонды жылжы-

малы құрамды, арнайы жылжымалы теміржол құрамын жүргізуге арналған аспаптар мен құрылғылар орналасқан 

шанақтың қоршаумен бөлінген бөлігі;

34) мамандандырылған тазартқыш кеме – ағынды судың барлығын немесе бір бөлігін қабылдауға жəне оларды 

одан əрі өңдеуге арналған өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін кеме;

35) мотор-вагонды жылжымалы құрам (бұдан əрi – МВЖҚ) – бұл жолаушыларды, багажды, поштаны тасымалдауға 

арналған моторвагонды поездар құрылатын (электрлi поезд, дизельдi поезд жəне автомотрисалар) моторлы жəне 

тiркемелi вагондар; 

36) пестицидтер (улы химикаттар) – зиянды жəне аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы пайдаланатын, сондай-

ақ астық жинау алдында оларды кептіру, жапырақтардан тазарту жəне өсімдіктердің өсуін реттеуде қолданылатын 

химиялық, биологиялық жəне басқа да заттар; 

37) радиоактивті жүк – жүк көлігіне (арнайы) тасымалдауға қабылданған радиоактивті материал; 

38)  рефрижераторлық  вагон – тез  бұзылатын  азық-түлікті  тасымалдау  үшін  тоңазытқыш  қондырғысымен 

жабдықталған вагон;

39)  рефрижераторлы  жылжымалы  құрам – рефрижераторлы  вагондардан,  вагон-тоңазыту  станциясынан, 

дизельді электр станциясынын, қызметтік-тұрмыстық вагондардан тұратын құрам;

40)  санитариялық-эпидемиологиялық  қорытынды – жобалау  құжаттамасының,  тіршілік  ету  ортасы 

факторларының,  шаруашылық  жəне  өзге  де  қызметтің,  өнімнің,  жұмыстар  мен  көрсетілетін  қызметтердің 

санитариялық қағидаларға жəне гигиеналық нормативтерге сəйкестігін (сəйкессіздігін) куəландыратын құжат;

41) салон (кабина) – жүргізуші мен жолаушыларға арналған автокөлік құралының ішкі жайы; 

42) су таситын кеме – суды тасымалдауға арналған кеме;

43)  темiржол  станциясы – қозғалысты,  өту  мүмкiндiгiн  реттеудi  қамтамасыз  ететiн,  жол  таралымы  бар, 

магистральдi жолды учаскелерге бөлетiн жəне поездарды қабылдау, жөнелту, қиылыстыру, озып өту бойынша, 

жолаушыларға қызмет көрсету бойынша, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін жəне (немесе) жүктерді 

қабылдау, беру бойынша операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн пункт; 

44) 1-техникалық қызмет көрсету (бұдан əрі – 1-ТҚК) – техникалық қызмет көрсету пунктінде əр сапарға жөнелту 

алдында жолаушылар вагонының жабдықтарын дайындау, сондай-ақ поездың жолы бойында тіркемеден ажырат-

пай тексеру, ағымды жөндеу;

45) 2-техникалық қызмет көрсету (бұдан əрі – 2-ТҚК) – жазғы жəне қысқы тасымалдаулар алдында жолаушы-

лар вагондарын кешенді дайындау;

46) тез бұзылатын жүк – жарамдылық мерзiмi шектеулi жəне тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайларын 

талап ететiн жүк;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет