№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●


 Ішкі суда жүзу кемелерінің үй-жайларын жобалауға қойылатын



Pdf көрінісі
бет34/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57

13. Ішкі суда жүзу кемелерінің үй-жайларын жобалауға қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

280. Ішкі суда жүзу кемелерінің (бұдан əрі – кеме)  үй-жайлары экипажға жəне жолаушыларға арналған тұрғын жəне 

қоғамдық, қызметтік (кезекшілік), санитариялық-тұрмыстық, жүк жəне медициналық мақсаттағы үй-жайларға бөлінеді.

281.  Экипаж  үшін  жеке  жатын  орындары  бар  каюталар,  асхана – кают-компания,  санитариялық-тұрмыстық 

үй-жайлар көзделеді. Экипаж мүшелері бес адамнан аспайтын кемелерде экипаждың тамақтануы үшін камбузды 

пайдалануға жол беріледі.

282. Экипаж ға арналған тұрғын үй-жайлар жолаушылар үй-жайларынан бөлек орналасады. Жолаушыларға 

қызмет көрсететін (жолсеріктер, даяшылар) экипаж мүшелерін жолаушылар бөліктерінде орналасқан каюталарға 

орналастыруға жол беріле ді.

283. Экипажға арналған каютаның ең аз ауданы осы Санитариялық қағидаларға 20-қосымшаның 1-кестесінде 

келтірілген.

284. Экипаж мүшелерінің демалуына арналған кезекшілік үй-жайы вахтадағы бір адамға кемінде 3 м

2

 аудан-


ды көздейді.

285. Жолаушылар каютасының ең кіші ауданы осы Санитариялық қағидаларға 20-қосымшаның 2-кестесінде 

келтірілген нормативтерге сəйкес болады.

286. Жолаушылар салонының ауданы бір жолаушыға кемінде 0,5 м

2

 есебімен қабылданады.



287.  Жолаушылар  кемелерін  отыратын  орындары  бар  буфетпен,  асханамен,  мейрамханамен  жабдықтауға 

жол беріледі.

288. Қоғамдық тамақтану үй-жайына кіруді санитариялық тораптармен жəне медициналық үй-жайлармен қатар 

орналастыруға жол берілмейді.

289. Мейрамханалар (асханалар) бір мезгілде жолаушылардың жобаланған санының кемінде 25 %-ын, асхана 

немесе буфеттер кемінде 10 %-ын тамақтандыруға есептел  еді.

 290. Мейрамханалардың, асханалар мен буфеттердің ауданы бір отыратын орынға: мейрамханаларда – кемінде 

1,2 м


2

, асханаларда – кемінде 1,0 м

2

, буфеттерде – кемінде 0,5 м



2

 аудан есебімен айқындалады.

291.  Азық-түлік  өнімдері  мен  азық-түлік  шикізат  қоймалары  мен  камбуздарды  санитариялық-тұрмыстық  үй-

жайлармен жəне дəретханалармен қатар орналастыруға жол берілмейді.

 292. Камбуздағы су қайнатқышқа, жуу орнына жəне раковинаға су ауыз су жабдықтау жүйесінен, жуу орны мен 

раковинаға ыстық жəне суық су тартылады.

293. Өндірістік жəне жуу ванналары кəріз жүйесіне қосылады, жуу орнынан шығатын сарқынды су құбыры майды 

ұстап қалатын құрылғымен жабдықталады.

294. Мейрамханасы жəне (немесе) ас ханасы бар кемелерде ас блогы камбузды, дайындау бөлмесін, тарату 

бөлмесін, ыдыс-аяқ жуу бөлмесін жəне салқындатылатын жəне салқындатылмайтын қоймаларды қамтиды. Кремді 

кондитерлік бұйымдарды жəне балмұздақты дайындаған жағдайда жеке үй-жай көзделеді.

295. Экипаж мүшелерінің жəн е жолаушылардың саны екі жүз адамға дейін болғанда бір дайындау бөлмесі, екі 

жүзден үш жүз елу адамға дейін - екі дайындау (етке, балыққа жəне көкөніске арналған), үш жүз елу адамнан жоғары 

- үш (салқын тағамдарға, етке, балыққа жəне көкөністерге) дайындау бөлмесі көзделеді.

296 . Мейрамханасы немесе асханасы бар жолаушылар кемелерінде жəне жағадағы мейрамханалардан не-

месе асханалардан жабдықталатын буфеті бар жолаушылар кемелерінде буфеттің аумағы тоңазытқышы, шкафы 

(витринасы) жəне ыстық пен салқын су келтірілген раковинасы бар сауда бөлімінен тұруы мүмкін.

297. Асханасы көзделмеген жолаушылар кемелерінде жəне жолаушылардың сыйымдылығы екі жүз адамнан 

асатын серуендеу сапарларына арналған жолаушылар кемесінде буфет сауда үй-жайын, азық-түліктерді, сусын-

дарды жəне ыдыстарды сақтауға арналған қоймаларды, тамақты ысытатын  жəне жеңіл тамақтарды дайындайтын 

үй-жайды қамтиды.

298. Қоймалардың сыйымдылығы осы Санитариялық қағидаларға 21-қосымшаға сəйкес айқындалады.

299.  Экипажға  арналған  санитариялық-тұрмыстық  үй-жайлар  мыналарды:  кір  жуатын  орынды,  кептіру  үй-

жайларын, таза жəне лас киім-кешек қоймаларын, үтіктеу үй-жайын немесе орнын, арнайы киімді сақтауға арналған 

үй-жайды қамтиды.

300. Экипаждың жеке киімдерін жууға арналған кір жуатын орын кір жуғыш машиналармен, ыстық жəне суық су 

шүмектерімен жабдықталады. Еденде су ағатын саңылау көзделеді.

301.  Кемелерде  санитариялық-тұрмыстық  бөлмел ер  (дəретханалар,  жуынатын  бөлме  жəне  себезгі) 

жабдықталады.

302. Экипаж мүшелері он адамнан аз кемелерде ортақ пайдаланылатын себезгіге жəне дəретханаға жол беріледі, 

экипаж мүшелері он адам жəне одан астам кемелерде қолжуғыштар каюталарда орналастырылады, дəретханалар 

мен себезгі ортақ пайдаланылады.

303. Ортақ пайдаланатын үй-жайлардағы санитариялық-техникалық қондырғылардың саны алты адамға бір 

унитаз, алты адамға бір қолжуғыш, он адамға бір себезгі торы есебімен қабылданады.

Экипажға арналған ортақ пайдаланылатын қолжуғыш санының есебіне ас блогының үй-жа йларына жəне басқа 

да өндірістік жəне қызметтік үй-жайларға орнатылатын қолжуғыш раковиналар кірмейді. 

304.  Ортақ  пайдаланылатын  санитариялық-тұрмыстық  үй-жайларға  кіру  дəлізден  көзделеді.  Каютаның 

санитариялық тораптарына жəне санитариялық блоктарына кіру каютадан тікелей, медициналық мақсаттағы үй-

жайлардың санитариялық блогына кіру сол үй-жайлардан көзделеді. 

305. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды тұрғын, қоғамдық, медициналық үй-жайлардың үстіне, ортақ пай-

даланатын дəретханаларды жəне ас блогының жəне медициналық мақсаттағы үй-жайлармен қатар орналастыруға 

жол берілмейді.

306. Ортақ пайдаланылатын дəретханал арда жəне қол жуу үй-жайларында үй-жайларды жинауға арналған 

шлангіні қосу мүмкіндігі көзделеді. 

Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың қабырғалары жуу жəне дезинфекциялау құ ралдарының əсеріне төзімді, 

су өткізбейтін материалдардан жасалады. 

307. Тазартуға арналған құрылғылар тұрғын үй-жайлардан, ас блогының жəне медициналық мақсаттағы үй-

жайларынан тыс орналастырылады.

308. Ортақ пайдаланылатын ерлер дəретханасының тамбурында унитаздар санының 60%-ы көлемінде пис-

суарлар орнатылады.

309.  Ортақ  пайдаланылатын  қолжуғыштарға,  сондай-ақ  каюталардағы  раковиналарға  ауыз  су  сапасындағы 

ыстық жəне суы қ су тартылады.

310.  Жолаушылар  кемелерінде  экипаждың  жəне  жолаушылардың  қоғамдық  тамақтану  үй-жайларына 

кіреберісінде қолжуғыш раковиналар орнатылады.

311. Екі жəне одан көп себезгі торларымен жабдықталған себезгілерде киім ауыстыратын бөлме жəне себезгі 

секциялары немесе себезгі кабиналары көзделеді. Киім ауыстыратын бө лменің ауданы бір себезгі торына кемінде 

0,8 м

2

 есебімен қабылданады.



312. Жолаушылар кемелерінің мейрамханаларында жəне асханаларында ас блогы қызметкерлері үшін киім 

ауыстыруға арналған үй-жайлар ы бар санитариялық блок, жүк кемелерінде санитариялық торап көзделеді

313. Транзиттік желілердің жүк кемелерінде жəне жолаушылардың сыйымдылығы екі жүз елу адамға дейін 

болатын жолаушылар кемелерінде медициналық каюта, екі жүз елуден астам адам болғанда - амбулатория жəне 

изолятор көзделеді. Барлық қалған кемелерде команда құрамы мүшелерінің біреуінің каютасында алғашқы көмек 

дəрі қобдишасы көзделеді.

314.  Медициналық  мақсаттағы  үй-жайлар  тұрғын  үй-жайлардың  жəне  ас  блог ы  үй-жайларының  ауданынан 

тыс, тербелісі аз жерлерде, шу, діріл, жоғары температура жəне газдану көздерінен барынша алыс орналасады.

315. Медициналық үй-жайларға өту ашық палубаға шықпай, кеменің кез-келген жерінен науқастарды (зардап 

шеккендерді)  зембілдермен  əкелуге  мүмкін  болып  көзделеді.  Изолятордан  екі  шығу  жолы:  дəлізге  жəне  ашық 

палубаға шығу қамтамасыз етіледі.

316. Барынша аз рұқсат етілген аудан: амбулаторияға – 8,0 м

2

, лазарет жəне изолятор бір төсекке 6 м



2

, екі 


төсекке – 10 м

2

, медициналық каютаға – 5 м



2

.

317. Медициналық каютада жəне амбулаторияда ыстық жəне суық су тартылған шынтақ ысырмасы бар қолжуғыш 



раковиналар, изоляторда - жеке унитазды, қолжуғыш раковинаны жəне себезгі торын қамтитын  жеке санитариялық 

блок орнатылады. Санитариялық блок дезинфекциялау құралына арналған ыдыспен қамтамасыз етіледі.



14. Ішкі суда жүзу кемелерін сумен жабдықтауға қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

318. Кемелерді сумен жабдықтау көздеріне орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су құбырлары, су құйғыш 

кемелер,  борттың  сыртындағы  су  (шартты  таза  қара  сулар,  теңіз  суы)  жатады.  Кемеге  шаруашылық-ауыз  су 

мақсатындағы суды жағадағы орталықтандырылмаған су көздерінен қабылдауға жол берілмейді. 

319. Шар уашылыққа жəне ауыз суға қажеттілік үшін № 209 бұйрыққа сəйкес келетін су беріледі.

320. Ауыз су тұрғын үй-жайлардың, ас блогының, медициналық үй-жайлардың, барлық су тарату нүктелеріне, 

сатураторларға жəне ас блогының су қайнатқыштарына, тағам қоймасының тамбурларына беріледі.

321. Кемедегі ауыз сумен жабдықтау жүйесі бірыңғай жəне санитариялық жабдықтың шаю құрылғысына, жүзу 

бассейндеріне берілетін, палубаның сыртын  жууға арналған борттық су жүйесінен бөлек болады.

322. Шлангілер айына бір реттен сиретпей дезинфекцияланады, жеке үй-жайларда немесе арнайы əбдірелерде 

сақталады,  ұштары  қапталады  жəне  тиісті  таңбасы  болады.  Сақталу  кезінде  ұшындағы  бұрама  гайкалары 

көлеміне бітеуішпен жабылады. Кемеге су қабылдаған кезде судың қайталама ластануын болдырмайтын барлық 

жалғауыштардың тұтастығы қамтамасыз етіледі. Шлангілерді жəне су сорғыларды басқа мақсатта пайдалануға 

жол берілмейді.

323. Су құйылған кеме цистерналарында «Ауыз су», «Техникалық су » деген таңба болады.

324. Борттың сыртынан су дайындауға арналған кеме станцияларының жабдығы мен құбырлары, суды тазартуға 

жəне зарарсыздандыруға дейінгі құрылғылар тексеру жəне жөндеу үшін қолжетімді болып көзделеді.

325. Кеменің бес тəуліктен аста м су қорын сақтау үшін ауыз су мен техникалық суға арналған резервуарлары 

зарарсыздандыру құралдарымен жарақтанадырылады.

326. Кемелердің шаруашылық жəне ауыз сумен жабдықтауға арналған суын зарарсыздандыру үшін бортқа  суды 

қабылдау жəне қорытынды дезинфекциялау кезеңінде жүргізіледі.

327. Суды зарарсыздандыру үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген əдістер мен құралдар 

пайдаланылады.

328.  Кеменің  сумен  жабдықтау  жүйесіне  зарарсыздандырылмаған  с уды  беруге,  сондай-ақ  танкілерде 

зарарсыздандырылмаған дайындалған суды жағадан алынған сумен араластыруға жол берілмейді.

329. Дайындалған суды зарарсыздандыру дайындалғаннан кейін тікелей, оны сақтау үшін цистерналарға беру 

алдында жүргізіледі.

330. Борттың сырт ындағы теңіз суынан алынған ауыз суды дайындау станциясында суды тұщыту, минерал-

дау жəне зарарсыздандыру қондырғыларының болуы көзделеді. Шаруашылық-ауыз су мақсатындағы суды дай-

ындау үшін теңіз суын алу кеме жағадан кемінде 25 миль қашықтықтан жəне кеме түбінен тереңдік кемінде 2,5 м 

болғанда жүргізіледі.

Кемелердің тұрағы ұзақ (үш күннен артық) болған жағдайда, бес кемеден артық кеме жиналған аумақта, кемелер 

аралары 50 м қашықтықта керуенмен жылжығанда теңіз су ын қабылдауға жол берілмейді.

331.  Кеменің  тұщытылған  судың  минерализаторы  орналасқан  үй-жайда  салқын  жəне  ыстық  су  келтірілген 

қолжуғыш орнатылады, жеке гигиена құралдарымен (сүлгі, сабын), тұз жинағы салынған қаптамаларды таратып 

салатын жəне ашатын үстел, жинақты ашуға арналған аспаптармен жабдықталады.

332.  Теңіз  суын  тұщыту  кезінде  судың  тұзы  жəне  минералдануын  бақылау  көзделеді .  Судың  тұзы 20 мг/л, 

минералддануы – 250-500 мг/л-ден артық болмауы тиіс, техникалық суды 100 мг/л төмендетуге жол беріледі. 

333. Кеме станциясында теңіз суынан дайындалған су бес тəуліктен артық сақталмайды. Суды бес тəуліктен 

артық сақтау кезінде пайдалану алдында су қосымша зарарсыздандырылады. 

334. Кемеде минералдауға арналған тұздың қорын сақтайтын сөрелермен жабдықталған, ауа температурасы 

25°С-тан жоғары емес үй-жай көзделеді. Тұздың жиынтық қорын жоғарыда көрсетілген талаптар сақталған кезде 

кеменің тағам сақтайтын қоймаларының бірінде сақтауға жол беріледі. 

335. Шаруашылық-ауыз суды сақтауға арналған цистерналарды, гидро фораларды, сүзг іштің ішкі қуыстарын 

тексеру ластануына байланысты, бірақ жылына екі реттен сиретпей (көктемде жəне күзде) жүргізіледі.

336. Сумен жабдықтау жүйесі:

1) суды сақтауға арналған сыйымдылықтарды тексеру, тазалау, бояу аяқталған кезде;

2) кеме салу немесе сумен жабдықтау жүйесін қайта жабдықтау аяқталған кезде;

3) навигация арасындағы тұрақ аяқталған кезде;

4)  екі  мəрте  зарарсыздандырғаннан   кейін  судың  микробиологиялық  қасиеттері  бойынша  талаптарға  сəйкес 

болмаған кезде;

5) эпидемиологиялық көрсеткіштер бар болған кезде дезинфекциялануға жатады.

337. Сумен жабдықтау жүйесін тексеру, дезинфекциялау, жуу аяқталғаннан кейін судың сапасына зертханалық 

бақылау жүргізіледі.



15. Ішкі суда жүзу кемелерінің жылыту, желдету, ауаны баптау жəне жарықтандыру жүйелеріне 

қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

338.  Кеме  үй-жайларында  осы  Санитар иялық  қағидаларға 22-қосымшаның 1-кестесіне  сəйкес  микроклимат 

жағдайы жасалады.

339. Жылыту аспаптарының конструкциясы шаңнан ыңғайлы тазартуды қамтамасыз етеді.

340. Ауамен жылыту жүйесінде ауаның кіруін қолмен реттеу көзделеді. Үй-жайға берілетін ауаның температу-

расы + 40°С-тан жоғары емес температураны ұстап тұрады.

341. Барлық кеме үй-жайлары табиғи немесе жасанды іске қосылатын алмастыратын тарту-шығару желдеткішпен 

жабдықталады. Жылы кезеңде үй-жайға берілетін (есептелетін ауа алмасуы) ауаның көлемі осы Санитариялық 

қағидаларға 22-қосымшаның 2-кестесіне сəйкес есептеледі немесе қабылданады.

342. Жылыту жəне желдету жүйелерімен жабдықталған кеме үй-жайларындағы микроклиматтық жағдайлар осы 

Санитариялық қағидаларға 22-қосымшаның 3-кестесіне сəйкес қабылданады.

343. Бас қозғалтқыштардың қуаты 1500 киловаттан (бұдан əрі – кВт) жоғары кемелерде, климатта  шектеусіз 

жыл бойы пайдалануға арналған кемелерде ауа баптау жүйесі көзделеді. 

344. Ауа сору құрылғылары оларға ластанған ауаның, газдың жəне судың түсуіне жол берілмейтін орындар-

да орналасады. 

345.  Жасанды  желдеткіштің  ішке  сору  жүйелерінің,  егер  олардың  ауа  өткізгіштері  ауамен  жылыту  үшін 

Дайындалу жəне сатылу мерзімі көрсетіле отырып, аспаздық жəне кондитерлiк бұйымдар таңбаланған жəне таза 

ыдыста тасымалданады. 

163. Тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған көлiк күн сайын жұмыс соңында жуу қ ұралдарын пайдалана оты-

рып жуылады жəне дезинфекцияланады. 

164.  Еттен,  балықтан,  көкөнiстен  жасалған  жартылай  дайын  өнімдер  қақпағы  тығыз  жабылатын  арнайы 

таңб аланған ыдыста тасымалданады. Осы ыдысты шикізатты жəне дайын өнiмді сақтау үшін пайдалануға тый-

ым салынады. 

165. Нан жəне ұннан жасалған кондитерлiк бұйымдар арнайы науаларда жабық түрде тасымалданады.

166. Вагон-мейрамхананың  барлық қызметкерлерi арнайы киiмде жұмыс iстейді, жұмыс барысында шашты ора-

малдың немесе қалпақтың астына жинайды, вагон-мейрамханадан шығу жəне дəретханаға бару алдында санита-

риялық киiмдерiн шешеді. Қолының тазалығын қадағалайды, жұмыс басталу алдында жəне əрбiр үзiлiстен кейін, бір 

операциядан екіншісіне ауысқанда, ластанған заттарды ұстағаннан кейiн қолды жуады жəне дези нфекциялайды.

167. Күн сайын ауысым басталар алдында вагон-мейрамхананың директоры iрiңдi аурулардың бар-жоғын анықтау 

үшiн қызметкер денесiнiң ашық жерлерiн қарап шығады. Денесiнде iрiңдi терi аурулары бар, кесiлген iрiңдеген жара-

сы бар, күйген, кесілген белгiлерi бар, сондай-ақ инфекциялық аурулармен ауыратын жəне инфекциялық ауруларғ а 

күдiктi адамдар жұмысқа жiберiлмейдi. 

168.  Вагон-мейрамхана  қызметкерлерін  тексерiп-қарау  нəтижесі  осы  Санитариялық  қағидалардың 

7-қосымшасына сəйкес белгіленген нысандағы журналға жазылады.

169.  Вагон-мейрамханада  жөндеу  жұмыстарымен  айналысатын  жұмыскерлер  таза,  арнайы  киiммен  жұмыс  

iстейді, құрал-саймандар арнайы жабық жəшiкте тасымалданады. 

170. Ас блогында темекi шегуге, кір жууға жəне киім кептiруге жол берілмейді. 

171.  Вагон-мейрамханалар  жеткiлiктi  көлемде  сабынмен,  сүлгілермен  жəне  арнайы  киiм  жиынтығымен 

қамтамасыз етiледі. Арнайы киімді ауыстыру күн сайын жəне ластануына қарай жүргізіледі. Арнайы таза киiмдері 

вагон-мейрамхана қызметкерлерi үшiн бөлiнген купедегі таңбаланған қаптарда бөлек сақталады. 

172. Вагон- мейрамханаларды: 

1) суық жəне ыстық сумен жабдықтау, жылыту, желдету, электр жарығы жүйелерi, санитариялық-техникалық 

жабдығы, тоңазытқыштары мен тоңазытқыш қондырғылары жарамсыз болғанда;

2) микроклиматы гигиеналық нормативтерге сəйкес болмаса;

3)  үй-жайлары  лас,  əйнегi  жоқ  немесе  сынған,  салқын  жəне  жылдың  ауыспалы  мезгiлінде  терезелердiң 

жақта улары бекiтiлмеген болса, есiктерi жарамсыз болса;

4) тұрмыстық жəндіктер мен кемiргiштер анықталса жолаушылар поезының құрамына қосуға жəне пайдалануға 

жол берілмейді. 

  7. Вагондардан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, жоюға жəне залалсыздандыруға, жинағыш-

бактардан лас қалдықтарды тазартуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 173. Қоқыстарды, өндірістік тамақ қалдықтарын жинау ішіне полиэтиленді қапшық салынған жəне қақпағы бар 

қоқыссалғышта  жүргізіледі.  Қоқыссалғыш  вагонның  қызметтік  емес  шағын  дəлізінде  тұрады,  алмалы-  салмалы 

ыдысы болады.

174. Жолаушылар поездарын құрастыру, айналым пунктінде, жолаушылар поездарының тоқтап тұру орында-

рында теміржол жолдарын жəне жол аралықтарды қоқыстармен жəне басқа қалдықтармен ластауға жол берілмейді. 

Вагондардан шығарылған қоқыс жабдықтау пунктіндегі жəне тоқтау паркіндегі жабдықталып бетондалған алаңдарда 

орнатылған қоқыссалғыштарға шығарылады. 

175. Жол бойы жиналған қоқыс тізімі қызметтік кестемен жəне жолаушылар поезы қозғалысының технологиялық 

схемасымен анықталған жол бойындағы станциялардың қоқыссалғыштарына шығарылады. Қоқыс шығарылғаннан 

кейін қоқыссалғыш (ыдыс) жуылады жəне дезинфекцияланады.

176.  Жол  бойы  дəретханаларды  пайдалану  режимі  сақталады.  Тоқтағанда,  ірі  теміржол  станцияларынан, 

санаторийлік-курорттық жəне қала маңындағы аймақтардан, тоннельдерден, көпірлерден өткен кезде, жабдықтау 

жəне тұру пункттерінде дəретханаларды пайдалануға жол берілмейді.

177. Жолаушылар поезының əр вагонында поезд өтетін жолдардағы санитариялық аймақ шекаралары жөнінде 

ақпарат ілінеді. Вагондар жабық үлгідегі дəретхана жүйесімен жабдықталған жағдайда оларды жол бойында жəне 

тоқтағанда пайдалануға жол беріледі.

178. Жабық үлгідегі дəретханаларда құбырлар жүйесі лас қалдықтардың тұмшаланған жағдайдағы жинау бак-

тарына шығарылуын қамтамасыз етеді. 

179.  Жинағыш  бактарды  лас  қалдықтардан  тазарту  арнайы  жолдарда  мамандандырылған  ассенизациялы 

көлі кпен немесе айдау бойынша стационарлық кешендермен (бұдан əрі – АСК) жүргізіледі. Лас қалдықтарды там-

бур арқылы айдауға жəне оның ағуына жол берілмейді.

180. Басқару пульті бактың 80-90% толу деңгейін көрсететін жарық сигналдарымен жабдықталады. Жарық сиг-

налдары көрсеткіші жарамсыз болғанда вагонды сапарға жөнелтуге жол берілмейді.

181.  Жолаушылар  поезының  құрастыру  жəне  айналым  пунктінің  аумағында  жəне  техникалық  тұрақтарда 

ассенизациялық  көліктің  вагондарға  жақындау  мүмкіндігі  көзделеді.  Су  құю  колонкалары  орнатылған  жол 

аралықтарды осы мақсатта пайдалануға жол берілмейді. 

182. Ассенизациялық көліктен лас қалдықтарды ағызу кəрізге, қалалық (к енттік) кəріз ағызу станцияларына не-

месе АСК-ға ағызу жүзеге асырылады. 

183.  Жинағыш  бактар  айына  бір  реттен  сиретпей  жоспарлы  профилактикалық  жəне  эпидемиологиялық 

айғақтарбойынша жоспардан тыс дезинфекциялануға жатады. 

184. Ассенизациялық көліктің цистерналары лас қалдықтарды төккеннен кейін арнайы алаңдарда сумен жуылады.

185. АСК мен ассенизациялық көлік персоналы арнайы киімде, аяқ киіммен, қолғаппен, бетпердемен жұм ыс 

істейді.


8. Багаж, пошта-багаж вагондарына, қарауыл қызметі жұмыскерлерінің жұмыс жəне демалу 

жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 186. Сапарға жөнелту алдында багаж, пошта-багаж вагоны төсек керек-жарақтарымен, асхана, шай, асүй ыдыс-

аяғымен, ауыз суға арналған ыдыспен жабдықталады.

187. Жолсеріктің қызметтік купесінде рундугі бар төменгі қатты диван, үстел, шкаф жəне жо ғарғы жұмсақ сөре 

орнатылады. 

188.  Сапардың  ұзақтығына,  бригаданың  санына  жəне  вагонның  сыртқы  жəне  ішкі  ауа  температурасына 

қарамастан тұрақты түрде желдету жəне ауаның алмасуы көзделеді. 

189.  Вагондардың  салондарында  жолаушылар  вагондарындағы  сияқты  микроклиматтың,  шудың,  дірілдің, 

жарықтандырудың  нормативтік   параметрлері,  физикалық  факторлардың  рұқсат  етілген  шекті  деңгейлері  жəне 

химиялық зиянды заттардың РШШ қамтамасыз етіледі. 

190. Əскерилендірілген теміржол күзеті қызметкерлері үшін: жатын купе, демалу мен ас ішуге арналған салон, 

дəретхана, арнайы киімді жəне жеке қорғаныш құралдарын сақтау мен кептіруге арналған үй-жай, асүй-асхана 

көзделеді.

191. Асүй-асхан а: асүй плитасымен, тоңазытқышпен, ыдыс-аяқ жуатын раковинамен, бөлшектеу үстелімен, ыдыс-

аяқ салынатын шкафпен, асүй мүкəммалымен, тамақ өнімдерімен, тамақ қалдықтары мен қоқыс салатын ыдыспен 

жабдықталады. Асүйдің жəне асхананың мүкəммалы таңбаланады. Плитаның үстінде ауа соратын шатыр көзделеді. 

192. Вагонға берілетін төсек жабдық тарының саны бір адамға екі жиын есебімен анықталады. 

193. Қарауыл қызметін атқарған күзетші қысқы арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен жəне беті мен денесінің 

ашық жерлерін үсіріп алудан қорғайтын маймен қамтамасыз етіледі.

194.  Əскерилендірілген  теміржол  күзетінің  қызметкерлері  арнайы  киіммен,  жеке  қорғаныш  құралдарымен 

қамтамасыз етіледі.

195.  Қызметкерлер  қауіпті,  химиялық  жүктерді  қорғау  бойынша  қарауыл  қызметін  атқарған  кезде  уланудың 

алд ын алу жөніндегі нұсқамадан өтеді.

196. Жеке қорғаныш құралдары оларға бөлінген үй-жайларда, жеке шкафтарда сақталады. 

197. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз етуді, жеке қорғаныш құралдарын, арнайы киімді, 

арнайы аяқ киімді беруді, сақтауды жəне пайдалануды жұмыс беруші жүргізеді. 



9. Локомотив бригадалар ының жұмыс жағдайларына қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 

198. Машинистің кабинасындадірілден жəне шудан оқшаулау қамтамасыз етіледі. 

199. Машинист кабинасының ауданы жаң адан салынып жатқан локомотивтер мен арнайы ӨЖЖҚ үшін кемінде 

5,5 шаршы метр (бұдан əрі - м

2

) болып көзделеді. 



 200.  Бүйір  терезелер  барлық  ауданы  бойынша  тік  бағытпен  реттелетін,  күннен  қорғайтын  перделермен 

жабдықталады. Қарсы терезелерде күннен қорғайтын экрандар қолданылады. 

201. Қарсы терезелер бағдаршам сигналдарының түсін бұрмаламай, жақсы көрінуін қамтамасыз етеді. Оларды 

орнату бұрышы оларда сыртқы жарық сигналдары мен жарық тың ішкі көздерінің шағылысуын болдырмауды есеп-

ке ала отырып таңдалады. 

202. Машинистің көзі мен қарсы терезе арасындағы қашықтық 600-1000 мм құрайды.

203. Пульттегі ақпаратты бейнелеу құралы (бұдан əрі – АБҚ) басқару алгоритмі мен көздің бағытын есепке 

ала отырып мына:

1) орталық – 4 градус (бұдан əрі – º) бұрышты;

2) анық көру – 30-35º;

3) 75-90 º перифериялық көру аймақтарында орналасуы тиіс.

204. Су, май жəне отын құбырларында дизель отынын, майды жəне тот басуға қарсы тұнбалардың адамның 

денесіне түсуін болдырмайтын тығыздығы болады. 

205. Машинистің креслосы: 

1) арқалығы шалқ айып реттелетін;

2) локомотив осінің биіктігі мен бағыты бойынша реттеуді қамтамасыз ететін, қайырылатын шынтақ қойғышпен;

3) қайырылатын қатты отырғышпен;

4) берік, ауа өткізетін жəне жеңіл тазартылатын материалдан жасалған жұмсақ тыспен қапталып, орнатылады. 

206. Машинистің жəне оның көмекшісінің креслосының артында креслоны қайырған кездегі еркін өту жолының 

ені кемінде 150 мм көзделеді.

207. Локомотивтің жəне арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құ рам машинисінің кабинасында табиғи желде-

туге арналған құрылғы (терезелер, люктер) көзделеді. 

208. Машинистің кабинасында мынандай температуралық сипаттамалар сақталады:

1) жылдың күзгі-қысқы жəне көктемгі мезгілінде терезе жабық кездегі машинист кабинасының орташа темпе-

ратурасы +1  6 °С-тан +18 °С-қа дейін;

2) машинист кабинасындағы ауа температурасының өзгеруі 50-100 мм деңгейде жəне еденнен 1,5-2 м биіктікте 

4-5 °С-тен аспайды.

209. Еденнен 1 500 мм биіктікте кабинадағы ауа температурасы: 

1) қоршаған ауа температурасы +10°С-тан +20 °С дейін болғанда +20 °С-24°С;

2) қоршаған ауа температурасы +20 °С-тан +30 °С дейін болғанда +22 °С-24 °С;

3) қоршаған ауа температурасы +30 °С-тан жоғары болғанда +28 °С-тан артық болмауы тиіс.

210. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70 %-дан аспайды. 

211. Ауа қозғалысының жылдамдығы 0,2-0,4 м/сек шамасында. 

Локомо тивтердің үй-жайларын салқындату жүйесінің тиімділігі осы Санитариялық қағидалардың 8-қосымшасында 

көрсетілген талаптарға сəйкес бағаланады.

212 Машинисттің кабинасы мынадай талаптарды қамтамасыз ететін ауаны жылытатын жəне салқындататын 

ауа баптағыштарме н жабдықталады: 

1)  жылыту  жүйесінде  жылытылған  ауаны  аяқ,  есік  жəне  қарсы  терезе  аймақтарына  беруге  арналған  ауа 

өткізгіштер, ауа температурасын бір қалыпты қолмен жəне автоматты реттеу көзделеді;

2) салқындату жүйесі салқындатылған ауаны төбе деңгейінде немесе еденнен 1500 мм деңгейде, ал тер езе 

алдындағы аймақта 1200 мм деңгейде таратуды қамтамасыз етеді;

3) салқындатылған ауа отырған адамның басына бағытталмайды;

4) салқындату жүйесі үшін экологиялық таза салқындатқыш пайдаланылады; 

5) жергілікті салқындатқан кезде ауа машинистің алдыңғы жағынан беті мен мойны аймағына, қарсы терезені 

салқындату арқылы төбеден беріледі. 

213.  Үй-жайлардың  ішкі  қоршауларының  жылу  оқшаулау  қасиеттері  осы  Санитариялық  қағидалардың 

9-қосымшасында көрсетілген талаптарға сəйкес келеді.

214. Машина бөлімшесінде желдету үшін ашылатын терезе немесе люк көзделеді.

215. Жұмыс орындарындағы дыбыстың жəне дыбыстық қысымның деңгейі осы Сан итариялық қағидалардың 

10-қосымшасында көрсетілген жиіліктердің октавалық жолақтарына сəйкес келеді. 

216. Жұмыс орындарындағы инфрадыбыстың деңгейлері осы Санитариялық қағидалардың 11-қосымшасында 

көрсетілген шекті рұқсат етілген мəннен аспайды. 

217.  Локомотив  кабинасындағы  діріл  жылдамдығының  шекті  рұқсат  етілген  мəндерін  осы  Санитариялық 

қағидалардың 12-қосымшасында көрсетілген деңгейлерден асыруға жол берілмейді.

218.  Локомотивтегі  жұмыс  орындарындағы  электромагнитті  сəулеленудің  шекті  рұқсат  етілген  деңгейін  осы 

Санитариялы қ қағидалардың 13-қосымшасындакөрсетілген деңгейден асыруға жол берілмейді.

219.  Үй-жайлардың  ауа  о ртасының  ластану  деңгейін  бағалау  кезінде  анықталған  заттардың  іс  жүзіндегі 

шоғырлануының  олардың  РШШ-ге  қатынасы  бірден  (С 1/РШШ 1+....+Сn/РШШn<1,  мұндағы 1/n – іс  жүзіндегі 

шоғырлану) аспауы тиіс. 

220. Жасанды жарықтандыру мынаны көздейді:

1) машинистің кабинасында басқару пульті мен құралдары деңгейінде жұмыс бетінде 20 лк;

2) басқару пультінің панелінде 1,2 лк;

3) машина үй-жайында  – кемінде 30 лк жəне еденнен 1,5 м деңгейде жоғары вольтты камерада кемінде 20 лк.

221. Кабинада еденнің деңгейінде кемінде 5 лк апаттық жарықтандыру көзделеді. 

222. Кабиналардағы шамшырақтар жарық көзінің беттерінен тікелей жəне шағылысқан жарық ағыны жұмыс 

орындарында «отырып» жəне «тұрып» басқару кезінде машинистің жəне оның көмекшісінің көзіне түспейтіндей 

етіп орналасады. 

223. Кабинадағы жəне машина үй-жайындағы шамшырақтардың сүттей ақ түсті плафондары болады. 

224. Электровоздың кабинасында мынадай санитариялық-тұрмыстық құрылғылар көзделеді:

1) санитариялық торап;

2) су жылытатын қолжуғыш жəне ауыз суға арналған резервуар;

3) жеке жəне арнайы киімдерді, жеке қорғаныш құралдарын, құжаттарды, аспаптарды сақтауға арналған шкафтар;

4) тамақ өнімдерін сақтауға арналған тоңазытқыш жəне 3 термос;

5)  қажетті  дəрі-дəрмек  жиыны  бар  алғашқы  көмек  көрсету  дəрі-дəрмек  қобдишасына  арналған  жəшік  жəне 

алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық;

6) электр плитасына арналған жабдықталған орын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет