№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●



Pdf көрінісі
бет5/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57

Бірінші бағыттағы ғалымдар зорлық-

шыл экстремизмді туында татын түбегейлі 

себептер бар деп санайды. Экстремизмнің 

мұн дай себептері санатына əртүрлі дін дер 

өкілдерінің мəдениет, тіл, еңбекке орнала-

су, қызмет ету, еңбекақы салаларындағы 

теңсіз  дігі, ұстаған дініне байланыс ты сая -

си  қуда лануы  жəне  тағы  бас қалар  жат-

қызылады.  Бұл  бағыт ты  «зерт теушілік 

бағыт» деп атайды.

Екінші  бағыт  өкілдерінің  пікірінше, 

экстремизмнің  себеп терін  анықтау  оны 

ақтаумен пара-пар. Экстремизмнің ешқан-

дай өзін дік объективті себептері жоқ. Ол 

экст ремистердің,  фанатиктердің  қалып-

ты  жағдайды  талқандап,  саяси  билікке 

қол  сұғуды  көздеген  зымиян  пиғылынан 

туын дайды. Бұл бағытты «практикалық 



бағыт» деп атайды.

Біріншісін  ғалымдар  жақтаса, 

екіншісін  үкіметтік  ұйымдар,  поли-

ция  өкілдері,  ə с кери лер,  қауіпсіздік 

құрылымдар  қызметкерлері  қол дай  ды. 

Бірақ  себептерсіз  қақ ты ғыс тар дың  бол-

майтыны белгілі. Бұл екі ба ғыт бір-бірін 

толықтырып тұр.

«Араб  көктемі»  деп  аталған  араб 

елдеріндегі  жағдай  біздің  елде  болуы 

мүмкін  бе?»  –  деген  сауал  соңғы  кез-

де  жиі  қойылады.  Қазақстанның  Араб 

елдері мен  сырттай  ұқсастықтары  бар. 

Эконо  ми каның  негізінен  шикізатқа  не-

гіз делуі,  жұмыссыздық,  əсіресе,  білім ді 

жастар  арасындағы  жұмыс сыз дық,  мо-

но центристік  саяси  жүйе,  жемқорлық, 

клан дық  бөліну,  ауылдық  жерлердегі 

халық     тұрмысының  əлі  де  болса  төмен  -

дігі.  Алайда,  Қазақстан  халқы  Кеңе с -

тер  заманының  талай  тар  жол,  тай ғақ 

кешуінен  өткен,  партократияның  қазақ -

тың  тіліне,  мəдениетіне  зор лығын  көр-

ген,  өткен  ғасырдың  тоқ саныншы  жыл -

дарының басында дағдарысты бас тан кеш-

кен. Сондықтан олардың басым көп шілігі 

қазіргі заманға шүкір шілік етеді. Халық-

тың негізгі бөлігі нің басында баспанасы, 

жұ мысы бар, ол елдермен салыс тыр ғанда 

біздің тұрмысымыз жоғары. 

Дегенмен,  ойландырмай  қой май тын 

жағдайлар бар. Экстре мизмнің туу ықти-

малдығын  қалып тастыруға  тікелей  не-

месе  жанама  түрде  толып  жатқан  ішкі 

əлеу  мет тік факторлар, социумның əртүр лі 

деңгейлерінде, басқару құры лымдарында 

бой көрсететін қоғамдық сана көріністері, 

сондай-ақ, индивидтердің діни тіршілігінің 

жеке басқа тəн қырлары əсер етеді. Осыған 

орай, қазақтардың діни көңіл-күйіне кері 

əсер ететін бірнеше факторларды атап ке-

туге болады. Бұлар ел ішінде теріс этнодіни 

жəне этноəлеуметтік ахуал қалыптасуына 

жағдай туғызады. 

Ақпараттық  кеңістігіміздегі  Ресей 

телеар  наларының  басым ды ғы,  ислам 

дəс  түр леріне  жат  кинофильмдер  мен 

өзге де өнімдерді көрсету діндар мұсыл-

ман дарға  басқа  тілдің,  басқа  мəде ниет-

тің, ақыр аяғында өзге діннің өктем ді гін, 

оның  экспансиясын  əйгі легендей  көрі-

неді. Бұл адамдардың іштей қарсы лығын, 

мемлекеттің  мəдениет,  ақпарат  сала-

ларындағы  ішкі  саясатымен  келіспеу-

шілігін туғызбай қоймайды. 

Əлеуметтік жəне рухани ахуал да күрделі 

күйінде қалып отыр. Бас прокуратураның 

статистика сына сəйкес, 2012 жылы 647 ба-

ла қаза тапқан, олардың 166-сы өз  деріне 

өздері  қол  салған,  ел і міз  бо йынша  2300 

адам  жол  апатынан  көз  жұмып,  19  964-і 

жарақат алған. Бұл баршаға мəлім фактілер. 

Зорлықшыл  экстремизм  құрбандарының 

нақты саны көп емес. Экстремизмнен шек-

кен зар дабымыздың салыстырмалы түрдегі 

аздығы – экстремизмді жақ таушылардың 

психологиялық  соқтығыста  ақталуына, 

өздерін  діннің  қорғаушылары  ретінде 

көрсетіп,  жамандық  атаулының  кінəсін 

мемлекеттің өзіне аудару ға сылтау. Мұның 

барлығы бұқа раның көңілін аулап, халықты 

өздеріне жақындатуды көздейді. Бұл, сөз 

жоқ, əлеуметтік ортаға, адамдардың жеке 

талпыныстарына, жастардың əлеумет тену 

үдерісіне əсерін тигізбей қоймайды. 

Кеңес  дəуірінде  қазақтар  негі зі нен 

ауыл шаруашылығында, бі лім, мəде ниет 

сала ларында  еңбек  етті,  ал  славяндық 

диаспоралар өкіл дері негізінен өнеркəсіп, 

ғы лы ми-техникалық,  инженерлік  сала-

лар ды жайлады. Мұндай «ең бек бөлінісі» 

қазақтардың өмір салтына, қоныстануына, 

денсау лы ғы на,  психикалық  жай-күйіне, 

маман дықтардың,  материалдық  жəне 

рухани  игіліктердің  қолжетімді  болу-

ына  кері  əсерін  тигізді.  Бүгінгі  күні  де 

қазақтардың үлесі білікті жұмыс күшінің 

жалпы санында мардымсыз күйде қалып 

отыр. Оның үсті не табиғи байлықтарымыз 

діні  де,  тілі  де  басқа  шетелдіктер  иелі-

гін де. Батыс Қазақстанды АҚШ, Анг лия, 

Қытай  компаниялары  жай ла ды.  Бұларда 

еңбекақы  жəне  тағы  басқа  салаларда 

қазақ тарды  кем сіту  саясаты  жалғасын 

табуда.  Қазақстандықтар  жақсы  біле-

ді,  əле мнің  мұнай  мен  газға  бай  ай мақ  -

тарында, мəселен, араб елдерінде, Малай -

зияда  жергілікті  халық  əлеу меттік  сала 

бойынша  көптеген  жеңілдіктерге  ие.  Ал  

Қазақтанның батыс аймағының байы р  ғы 

халқы мұндай қолдаудан ада, кері сінше, 

игерілген  табиғи  байлықтардың  эко ло-

гиялық зардаптарынан жапа шегуде. Осы-

лайша  экономикалық  жəне  əлеуметтік 

мəсе лелер этника лық жəне конфессиялық 

мəсе лелерге ұласып отыр. 

Экстремистік ахуалдың қалып тасуына 

бір-біріне  керағар  екіұдай  жағ дай  дем 

береді. Бір жағы нан – көз ге ұрып тұрған 

ха лық та бы сы ның көлеміндегі айтар лық тай 

ал шақ тық,  аста-төк  той-тома лақ,  жер леу 

рəсімдері, жемқор лық жəне бас қа ислам-

дық өмір салтына жат фак тор  лар. Екінші 

жағы нан  –  кедей-кеп шік,  мар гинал дар, 

жұмыссыз жас тар жəне олар ды қолдаушы 

өз ге де əлеу мет тік топтар. Бұл ретте мы -

на  дай қорытынды ойға орала ды: «Бүгін гі 

қазақстандық террорист дегені міз кім? Бұл 

сұраққа ста тис    ти  калық мəліметтерге сүйе-

ніп мына дай жауап беруге болар: Бас про-

курор Ж.Асанов «Қыл мыс жа са  ған дардың 

84  пайызы  жұ мы   сы  жоқ  азаматтар»  деп 

түйді. («Еге мен Қазақ стан, 24.06.2016 ж.). 

Сот тал ған террористердің 60%-ға жуығы 

29 жасқа дейінгілер. Бас қаша айтсақ – жас-

тар.  Олардың  95%-ы,  жұмыссыз  бол ған. 

Осы лай  ша,  Қазақ стан дағы  терро рис тің 

пор т   реті  айқын дала ды:  бұлар  –  өмір  ден 

өз орнын табуға ұмтылып, бі рақ оны таба 

алмаған жастар. Кө бі   н е се, жұмыссыздар, 

жақсы бі лім ала ал май, келешегінен күдер 

үзгендер.

Криминометрика  болжамы  бойынша, 

қоғамдағы  шиеленістердің  өз  өлшемдері 

бар.  Жан  басындағы  орташа  табыспен 

террористік əрекет арасында тікелей бай-

ланыс  жоқ.  Тер рор лық  қылмысқа  кедей 

отбасы нан  шыққан  жастар  да,  дəулетті 

от ба сы нан шыққан жастар да барады. Ал 

тыйым  салу,  ашық  пікір  білдіруді,  сөз 

бостандығын шектеу, əлеуметтік, əділет-

сіздік,  адам  құқын  бұзу,  бір  сөзбен  айт-

қанда,  қатаң  саяси  режім  мен  терроризм 

арасында  байланыс  бар.  Саяси  еркіндік 

ашықтық, демократиялық ахуал, сөз еркін-

дігі, бизнеспен айналысуға мүмкіндік қақ-

тығыстардың алдын алады. Адамдар қар-

ны ның  ашқанынан  ғана  емес,  қадірінің 

қашқанынан да қарсылық білдіреді.

Мынадай  жазылмаған  ереже  бар: 



экст ремизм  мен  жанжал  ту ғы зу дың 

жақсы амалы – діни ұйымдарды, күдік-

тілерді  бұрышқа  тықсыру.  Осыған 

бай  ланысты  құқық  қорғау  органдары 

қызмет керлерінің  жұмысындағы  мы на-

дай  жайт тар  назар  аударуға  тұрар лық. 

Шын ды  ғында құқық қорғау органдарының 

қызметкерлері азаматтардың құқын қорғау 

мен  сақтау  барысында  олар дың  қандай 

дінді ұстанғанына қара мастан, моральдық 

жəне конс ти туциялық принциптерді қатаң 

түрде  басшылыққа  алулары  тиіс,  қандай 

да болмасын жанжал туғыз бау мақсатында 

түсіністік танытуға тырысулары қажет. 

Көптеген елдерде құқық қорғау орган-

дары ның  қызметкерлері  үшін  арнайы 

жаттығу оқуларын өткізу жолға қойыл ған. 

Мұнда ел де таралған діни ұйымдар туралы 

толыққанды ақпарат беріледі. Кей бір ел-

дерде жергілікті құқық қор  ғау органдары-

ның  қызмет кер  леріне  арналып  өңірдегі 

діни ұйым дардың тыныс-тіршілігі тура лы 

жадынама-анықтамалықтар шы ға рылады, 

онда осы ұйымдар дың ме кенжайы, байла-

ныс  теле фон дары,  қызметкерлердің  діни 

дə ре жесі, оларға тіл қату үлгісі: «Құрмет-

ті имам» немесе «Қадір мен ді мəр тебелім» 

жəне т.б. көрсетіледі.

Терроризмді зерттеуде ғылыми ақтаң-

дақтар,  заң  саласында  дау-дамайлар  өте 

көп.  Ресейде  2006  жылы  терроризмге 

қарсы  іс-əрекет  туралы  заң  қабылданды. 

Бір мəселе төңірегінде үлкен пікірталастар 

туды. Террористер бортында 250 жолау-

шы бар ұшақты басып алып, атом электр 

стансасына  қарай  бет  алды.  Не  істеу  ке-

рек?  Егер  ұшақ  атом  электр  стансасын 

жарса, құрбандар саны мыңдап еселенеді, 

сондықтан ұшақты атып түсіру қажет пе? 

Қажет. Мұндай заң көптеген елдерде бар 

екен.  Террористер  үшін  қанша  адамның 

құрбан  болғандығы  маңызды  емес,  ең 

маңыздысы  –  күш  көрсету,  қорқыту.  Ал 

мемлекет  адам  шығы ны ның  аз  болуын 

ойлайды. 

Террористермен  келісімге,  диалогқа 

бару керек пе? Көптеген елдерде бұл мəсе-

леде қарсы пікір ұсталынады. Бірақ ой ла на-

тын тұс тары да жоқ емес. Террорис тер дің 

мақсаты өздеріне биліктің назарын ауда-

ру,  тілек-талаптарын  жеткізу.  Келісімге 

бармаған тұста қайшылықтарды шешудің 

жолы кесіледі. Ал келісім, диалог болса, 

билік  те  өз  пікірін,  талаптарын  жанжал-

ды шешудің жолдарын оларға да, халық қа 

да жеткізеді, болмаса билік те өз талапта-

рын  айтудан,  диалогқа  бару  дағдысынан 

айы рылады. Террористер үнде мей шабу-

ылдарын  жасай  береді,  бұза ды,  жарады, 

құқық  қорғау  органдары  оларды  жояды, 

қолға  түсіре  береді.  Негізінде  де  адам-

ның өмірі таразыға түскен тұста биліктің 

«кішіреюі»  де  дұрыс.  Бірқатар  елдерде 

келістіретіндерді («пере говорщик») əдейі 

дайындайды,  кейде  олар  террорис тер дің 

ата-аналары, туыстары, бейтарап адамдар 

болады.  Бізде  бұл  істе  тəжірибе  жоқтың 

қасы. 


Ақтөбе  облысында  2011,  2012,  2016 

жылы  экстремистік  шабуыл  қантөгіспен 

аяқталды.  Терро ризм нен  күресте  жеңіс 

деген не жəне қалай жеңімпаз болуға бо-

лады?  –  деген  сауал  туады.  Мүмкін  ол 

тер рористердің көзін жою болар. Бірақ ол 

уақыт ша  жеңіс.  Ақ төбе  оқиғалары  көзін 

жой ған бір өлген террористің орнына екі 

зор  лық-зомбылық технологиясын меңгерген 

тер рорист келетінін көрсетті. 

Террористік  оқиғалардың  төңі ре гінде 

террористерді  есір кеп,  жана шыр  ниет 

білдіру  де  бай қалып  қалады.  Бірқатар 

аза маттар  Солтүстік  Кавказ  респуб ли  ка-

ларында содырларды қолдай тын кө рі неді. 

(«Социально-гумани тар ные знания», 2005, 

№3, 28 бет). Біз қаралы күн жарияладық, 

жазық сыз  қаза  тапқан  азаматтарды  аза 

тұт тық.  Əрине,  қарақшылардың  ата-ана-

лары да қан жылап отыр. Олар ға өкініш 

көңілін  білдіру  жа  на   шырлық  таныту  да 

дұрыс. Олар  дың аналары террорист туған 

жоқ, орта, əсіресе, салафилер ортасы со ған 

ықпал етті, оған біз де кінəліміз.

Ал  терроризмге  ниеттестік,  сөз  жоқ, 

оған  дем  береді.  Ақтөбе дегі  террор лық 

қыл мысты да қол дау шылар бар. Бұл қоғам-

ға емес, тек погон дыларға, полиция қыз-

мет   кер леріне шабуыл деуші лер кез деседі. 

Полиция қызметкер лері не шабуыл ол осы 

қоғамды  қор ғай тын дарға  шабуыл  екенін 

түсінбейді.

Ақтөбе  облысында  ел  ішінде  терро-

ристерге  жанашырлық  ниет  2011  жылғы 

Темір  ауданында  бол ған  оқиғадан  кейін 

қалыптас ты. Оқиғаға берілген ресми баға 

қоғам дық  пікірмен  сəйкес  келе  бермеді. 

Қарулы қақтығыс кезінде көптеген куəгер 

бола  алатын  жанжалға қаты су шылардың 

2011  жылы  көздері  құртылды.  Жұрттың 

бəрі бірдей зұлымдық сазайын тартты, əділ 

жазасын алды деп есептемеді. 

Ақтөбе дегі  лаң кес тік  актілерге  бай-

ланысты ресми ақпараттар құқық қорғау 

органдары ның қызметін жоғары бағалады. 

Деген мен, жемқорлық індеті олар дың ара-

сында да көрініс алып отыр. Айта кетейік, 

Ақтөбе облысын да 2016 жылдың маусым 

айында мұнай ұрлады деген күдік пен бір 

топ жоғары шенді поли ция қыз мет керлері 

қамауға алынды. («Акт ю бин ский вестник», 

24.06.2016 г.)

Орталық  жəне  жергілікті  билік  2011 

жылғы оқиғалардан кейін жұрт шылықты 

идеологиялық  тал қы дан  өткізуді  қолға 

алды.  Темір  ауданында  аз  уақыт  ішінде 

қырық тан  астам  кездесулер  өткізіліп, 

дəрістер  оқылды.  Ақыр  аяғында  мұн дай 

шаралар жергілікті халық ты ығыр қылды. 

Шұбаршы ауылын дағы жəне басқа да елді 

мекен дер дегі мектептер, мəдениет ошақ-

тары құрылысы, жол жөндеу жұмыс тары 

басталды. Мұның өзі басқа аудан дар жəне 

елді мекендер тұр ғын дарының түсінбестігі 

мен осы ған байланысты заңды сұрақ тарын 

тудырды: «Сонда қалай, əлеу меттік жəне 

мəдени-тұрмыс тық  мəселелерді  шешу 

үшін мін детті түрде экстремистік əрекетке 

бару керек пе?!». Жүйелі, жоспарлы жұ-

мыстың жоқтығы ашық, бүкпе сіз болған 

оқиғаны талдап, халық тың көзін шындыққа 

жеткізбеу кейінгі оқиғаларға себеп болды 

ма деген ой, қоғамдық пікір де бүгін жоқ 

емес. 


Шынында  да,  неліктен  қанды  оқиға-

лардың алды алынбады, нелік т ен жұртшылық 

экстремизм мен  күрестен  оқшауланды? 

Өңір лік билік біртұтас мемлекеттік ма ши-

наның  құрамдас  бөлігі  ретін де  қалыпты 

тұрмыс-тіршілікті қамта масыз етуге жауап-

ты бол ғаны мен, төтенше жағдайларға мүл-

дем дайын болмай шықты. Басты себеп мы-

нада: өңірлердегі билік тің жұртшылықпен, 

жастар мен,  мəслихат  депутаттарымен, 

жер гі лікті зиялы қауым өкіл дері мен, арда-

герлермен байланысы мəз емес, болса да 

тек  мақұлдауды  күтеді.  Жергілікті  билік 

көп  нəрседен  бейхабар,  кейіннен  белгілі 

болғандай, аталмыш оқиғаларға қатысты 

түскен дабылға мəн бермеген. Сондықтан, 

өңірлік билік өз рөлін айқын анық тай алмай, 

2011 жылы сырттан бақы лаушы, көбінесе 

сырткөз ре тін де қабылданды. Бұл жағдайда 

қа лың  бұқара  экстремизмнің  алдын  алу 

жұмыстарында  белсенділік  танытпайды, 

бар үмітін құқық қорғау орган дары мен ар-

найы қызмет өкіл деріне артады. Бір сөзбен 

айтсақ, пісіп жетілген қалыпты азаматтық 

қоғам жоқ, өзін-өзі басқарудың жер гілікті 

қоғам дық институттары дамы маған. Аза-

мат тық белсенділік жоқ жерде экстремис-

тер күш алады.

Бүгінгі жағдайда БАҚ, ғылым, мəдениет 

пен  білім  салаларында  исламның  өзге 

бағыттарына да, басқа діндерге де төзім-

ділік танытатын ханафитік исламды мем-

лекеттің  ұстануы  өте  орынды.  Қалып-

ты  жағдайды  бұзуға  ниетті  бүлдіргіш 

күштерге қарсы мəдени-ақпараттық май-

дан  ашу  аса  маңызды.  Бұл  күрес  қазақ 

мəде ниетін, дəстүрін, тілін, халқы мыздың 

түбегейлі рухани құн дылықтарын кеңінен 

насихаттау  жұмысымен  қатар  жүргізілуі 

тиіс. Провинциялық-колониалдық санадан 

шынайы  өмірде  ұлттық  құнды лықтарды 

белсенді  түрде  орнықтыру  мəселесін 

кешеуілдет пей  шешуге  көшуіміз  қажет. 

Экст ре  мистік идеология ұлттық идея ар-

қылы  жəне  де  оған  қазақтың  шынайы 

мен талитеті  мен  дүние таны мының  озық 

элементтерін  қар сы  қою  арқылы  ығыс-

тырыла алады. 

Өңірлерде бабалардың таным-сенімін, 

діни қайраткерлердің, имамдардың тари-

хи болмысын, сондай-ақ, ханафит мəзһабы 

мешіт терінің қазақ халқын тəрбие леу ісіне 

қосқан үлесін зерделей тін ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын  өрістету  қажет.  Осындай 

жұмыс тар  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе 

өңірлік мемлекеттік универ си тетінде бас-

талып кетті. 

Бүгінгі  экстремизмнің  қауіп-қатері 

өршіп тұрған кезеңде ақпарат тық, мəдени 

жəне ғылы ми саясатты əлеуметтік-мə дени 

құн ды лықтарға негіздеп түбегей лі түр де 

қайта  құру  –  кезек  күттір мей тін  мəселе. 

Əйтпеген  күнде,  теріс  тенденциялар 

күш ала бермек. Бір сөзбен айтсақ, идея 

мыл  тық пен емес, тек идея арқылы ығыс-

тырылуы тиіс. 

Кезінде Платон айтқандай, өз еліңде 

жауыңның  болуы  мүмкін  емес.  Егер  де 

қарсыластарың,  келіспеушілерің  болса, 

онда оларды сабырмен ақылға шақырып, 

ымыраға  келген  жөн.  Сөйтіп,  олардың 

өмірін  сақтап  қалуға  жұмыстану  қажет, 

өйткені,  шалыс  басқанның  бəрі  бірдей 

жау емес. 



АҚТӨБЕ

Басын ашып айтайық, бұл екі 

ел  арасында  жағдайдың  оңал-

ғанын  құп  көретіндер  қатары-

нанбыз.  Солай  болғаны  біздің 

елімізге де қажет-ақ. Бірі – ағайын 

ел,  бірі  –  жақын  көрші.  Біраз 

мəселеміз  ортақ.  Несін  жасы-

райық, бұлар осылай оңай тату-

ласа  қалады  дегенге  көңіл  сен-

беген.  Өзің  суын  ішетін  құдық-

қа  түкірме  деген  бар.  Ал  бұлар 

түкірмек  түгілі,  ортақ  құдық-

тарына  көп  былғаныш  нəрсені 

тастап та жіберген. Енді... 

Екі  министр  мұнда  арнайы 

жолығуға келген жоқ. Қара теңіз 

экономикалық  ынтымақтастығы 

ұйымы дейтінге қатысушы елдер-

дің сыртқы істер министрлерінің 

басқосуына  келгенде  кездескен. 

Сол жиынға келген журналистер 

де,  сарапшылар  да,  жалпы  жұрт 

сол  жиналыстағы  əңгімені  емес, 

Ресей мен Түркия министрлерінің 

кездесуінде  қандай  əңгіме  бола-

тынын күткен. Əңгіме жабық бол-

ды, сөйтсе де онда не айтылғаны 

жасырын  қалған  жоқ.  Оған 

қатысушы  екі  министр:  Сергей 

Лавров  пен  Мəуліт  Чауышоғлы 

неге келіскендерін жайып салды. 

Əсіресе,  түрік  министрі  «өзінің 

қым батты  Сергей  досымен»  тіл 

табыс қанын қуана хабарлады.

Бұлардың  келісетін  мəселесі 

көп еді. Оны президент Ердоған 

президент  Путинге  жолдаған 

кешірім сұраған хатында айтқан, 

екеулерінің телефон арқылы əңгі-

месінде де айтылған. Бұдан кейін 

Ресей президенті өз үкіметіне ту-

ризм саласындағы шектеуді алып 

тастауды тапсырған еді, арада екі-

үш күн өткенде туризмге қатыс-

ты  шекара  ашыла  бастады.  Енді 

бұрынғысынша Ресейдегі түр кия-

лық  құрылысшыларға  да  жұ мыс 

табылады. Олардың министрі қуан-

бағанда, кім қуанады?!

Түріктерге мұндай келісім ке-

рек еді. Соңғы кезде бұлар алыстау 

дос тарымен де, жақын көршілері-

мен де болмас нəрсеге дауласып, 

оқ шау  қалған.  Мына  заманда 

оқшау қал ған жаман. Оны Анкара 

өз  басы  нан  кешіп,  Мəскеудің 

аяғына жығыл ғандай болып, енді 

олармен арақаты насын түзегендей. 

Бұл  да  жақ сы.  Жасыратыны 

жоқ,  түрік  жағы  кешірім  сұрап, 

иілгенде, дəл бүгінгідей жылдам 

жараса қала ды деп ойлағанымыз 

жоқ.  Сірə,    мұндай  келісім  екі 

жаққа  да  аса  қажет  болғанға 

ұқсайды. Екіншіден, Ердоғанның 

АҚШ-қа өкпесі қара қазандай бо-

лып өсіп кетті...

Қысқасы,  Ердоған  Путиннен 

кешірім  сұрағанды  жөн  көрді. 

Бір  Ресей  емес,  біраз  жақын 

көршілерімен дүрдараз еді. Бұлай 

жалғаса  беруі  мүмкін  емес  еді. 

Онда  күн  көру  де  қиын.  Соны 

Ердоған мықтап түсінгендей. Тек 

Мəскеумен  ғана  емес,  Анкара 

келісімді басқаларға да ұсынғаны 

айқын болып отыр. Дəл осы кез-

де  Израильмен  де  тіл  табысты. 

Мұны  біреулер  кездейсоқ  десе, 

екіншілері заңдылық дейді.

Бұл екі ел ғана емес-ау, басқа 

көршілермен де тіл табысу қажет. 

Кеше бұлар Мысырмен, Иракпен 

кетіскен.  Еуропаның  біршама 

елдерімен  кетіскені  өз  алдына. 

Бəрімен де табысу керек. Ол оңай 

емес. Бұл жерде азын-аулақ саясат 

та керек болып тұр. Біраз мүдделі 

адамдар  осы  жерде  Ердоғанды 

ақтап, кінəні бұрынғы ұзақ жылғы 

сыртқы  істер  министрі,  кейін 

премьер-министр  болған  Ахмет 

Дəуітоғлыға  аударғысы  келеді. 

Бұл осынау парасатты қайраткерге 

обал.  Ол  қолынан  келгенше 

басқалармен  тіл  табысқысы  кел-

ген. Оны кінəлау басқалармен тіл 

табысуға мүмкіндік берсе, оған да 

баруға болатын шығар.

Екі елмен, нақтырақ айтқанда 

Ресей,  Израильмен  тіл  табысу 

онша  қиынға  соқпады.  Бұл  жол-

да, яғни басқалармен тіл табысуда 

Анкараға табыс тілейміз.

Мамадияр ЖАҚЫП, 

журналист

ДҮБІРГЕ

ТОЛЫ ДЇНИЕ

Ең алдымен бұған дейін əлем-

дік  қайраткерлердің  алдыңғы 

легінде жүретін, Ұлыбританиядай 

алып  елдің  лидері  болған  Дэвид 

Кэмеронның биліктен кету шеші-

мінің  өзі  атап  айтуға  тұрарлық. 

Оның бұл қызметте қала беруіне 

де болар еді. Бірақ ел халқының 

басым көпшілігі өз пікірін қолда-

ма ғанын аңғарған соң, ол кетуді 

жөн  санады.  Көп  адам  мұндайға 

бара  бермейді.  Басқасын  былай 

қойғанда,  өз  партиясы  билікте. 

Ал партияда оның беделі жоғары. 

Қалай  дегенде  де,  Кэмерон 

кетуге шешім қабылдады. Дəстүр 

бо йын ша бұл шешім құрметтеледі. 

Демек, партия өзінің жаңа лидерін 

сайлауға тиіс. Елдің заңы бойын -

ша, партия көсемі үкімет бас шы-

лы ғына  тағайындалады.  Сөйтіп, 

партия  көсемі  болу  үшін  күрес 

– үкімет басшылығы үшін күрес. 

Содан  да  бұл  күреске  консер ва-

торлық партия мүшелері ғана емес, 

бүкіл британиялықтар көз тігеді. 

Жоғарыда айтқандай, Еуроодақ тан 

кетісетін елдің басшысы кім бо ла-

тынына əлем де назар аударады.

Бұл елде бұл күрестің де ерек-

шелігі бар. Көсемдікке əркім өзін 

ұсынады. Біраз адам белгілі бол-

ған  соң,  оларды  парламенттегі 

пар тия фракциясы іріктейді. Ара-

ға  бірнеше  күн  салып  дауысқа 

сал ғанда,  соңғы  орындағы  адам 

шығып  қалып  отырады.  Сөйтіп, 

ақырында  қалған  екеудің  бірі 

таңдалады. Бұл жолы күреске бес 

адам түскен: ішкі істер министрі 

Тереза  Мей,  бұрынғы  қорғаныс 

министрі  Лайам  Фокс,  еңбек 

министрі Стивен Крэбб, энергетика 

министрінің орынбасары Андреа 

Лидсом  жəне  əділет  министрі 

Майкл Гоув.

Сейсенбі  күнгі  електе  бір 

адам емес, бірден екі адам кетті. 

Соңғы орындағы Лайам Фокс пен 

қоса,  төртінші  орынды  иелен ген 

еңбек  министрі  Крэбб  күрес тен 

шығатынын, сөйтіп, Тереза Мейді 

қолдайтынын  мəлімдеді.  Осы 

жолғы дауыс беруде 330 кон сер-

ватордың  165-і  Мейді  қолдады. 

Екінші, үшінші орындағы Лидсом 

мен Гоув үшеуі келесі дауыс беру-

ге қатысады.

Алғашқы  күннен-ақ  Тереза 

Мейдің  таразысы  басып  тұр. 

Көпшіліктің оның жеңісіне күмəні 

жоқ. Бірақ рəсім атқарылуы керек. 

Бұл  күреске  сонау  қыркүйекте 

нүкте қойылады. Дэвид Кэмерон 

сонда кетеді. Тек дауыс берушілер 

ғана  емес,  консерваторлардың 

жетек ші  қайраткерлері  де  ішкі 

істер  министрі  Мейді  қолдай ты-

нын  білдірді.  Еңбек  министрі  өз 

кандидатурасын  Мейдің  пайда-

сына  алып  тастаса,  күреске  тіке 

қатыспаған сыртқы істер министрі 

Филип  Хэммонда  оның  атына 

жақсы сөздер айтты. Британиялық 

прагматизмді жүзеге асырады деп 

қол паштады. Жұрт Тереза Мейді 

елді 11 жыл басқарған «темір леди» 

Маргарет Тэтчермен салыстырады.

Тэтчердей  қайраткер  келсе, 

Ұлыбританиядай  елдің  желі 

оңынан соғар. Оны көруге де көп 

қалған жоқ.

Кэмеронныѕ

орнын кім басады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет