№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●


Соңғы кезде Ұлыбритания əлемдік оқиғалардың ор-



Pdf көрінісі
бет6/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57

Соңғы кезде Ұлыбритания əлемдік оқиғалардың ор-

тасында. Кеше Еуроодақтан шығатын болып, əлемді 

дүрліктірсе, бүгін онда елдің үкіметін кім басқаратыны 

жөнінде күрес жүріп жатыр. Еуроодақпен келіспеген, 

одан іргесін бөлген елдің үкіметін кім басқаратыны да 

маңызды.

Дауласу да, 

татуласу да оѕай екен

Ресейдің Сочи дейтін курортты қаласында Ресей мен 

Түркияның сыртқы істер министрлері кездесіп, біраз 

мəселелердің басын қайырған келіссөздер жүргізді. 

Əңгіменің ауанына қарап, қол жеткен келісімге 

қарап, осыдан бір апта бұрын бұл екі елдің арасында 

келіспеушілік болды дегенге сену де қиындай көрінеді.



 Ойласу

Экстремизм:

себептер мен салдарлар



Амангелді АЙТАЛЫ,

философия ғылымдарының 

докторы, Қ.Жұбанов атындағы

Ақтөбе өңірлік мемлекеттік 

университетінің профессоры

post-gazette

9 шілде 2016 жыл

www.egemen.kz

6

– Ермек Сабырбекұлы, Астана қала-

сында тұрғындарды əлеуметтік қорғау 

жəне  кедейшілікті  жою  мақсатында 

қандай жұмыстар атқарылуда? Аз қам-

тамасыз етілген топтарды қолдау жөнінде 

қандай бағдарламалар жұмыс істейді?

– Астана қаласының жұмыспен қамту, 

еңбек жəне əлеуметтік қорғау басқармасы 

қызметінің басты мақсаты – азаматтардың 

əл-ауқатын,  өмір  сүру  деңгейін  арттыру, 

елордалықтарды  əлеуметтік  қамтамасыз 

етудің тиімді де пəрменді жүйесін жасау. 

Бұл тұрғыда егемен елімізде тұрғындардың 

аз қамтамасыз етілген топтарын қолдауда 

«Мемлекеттік  атаулы  əлеуметтік  көмек», 

«18 жасқа дейінгі балаларға арналған мем-

лекеттік  жəрдемақы»  жəне  «Тұрғын  үй 

көмегі»  сияқты  атаулы  көмектері  жұмыс 

іс тейді.  «Мем лекеттік  атаулы  əлеуметтік 

көмек туралы» Қазақстан Республикасының 

Заңына  сəйкес  жан  басына  шаққандағы 

орташа  табысы  кедейлік  шегінен  төмен 

Астана қаласында тіркелген жəне тұрақты 

тұратын аз қамтылған отбасыларына атаулы 

əлеуметтік көмек тағайындалады. Адамға 

(отбасына)  атаулы  əлеуметтік  көмектің 

мөл шері  жан  басына  шаққандағы  орташа 

табыс отбасының əрбір мүшесіне есептел-

ген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы 

түрінде есептеледі.

«Балалы  отбасыларға  берілетін  мем-

лекеттік жəрдемақылар туралы» Қазақстан 

Республикасының Заңын іске асыру шең-

берінде 18 жасқа дейінгі балаларға арналған 

мемлекеттік  жəрдемақы  отбасының  асы-

рауындағы 18 жасқа дейінгі əр балаға азық-

түлік себетінің құнынан төмен табысы бар 

отбасыларға  1  айлық  есептік  көрсеткіш 

мөл шерінде  тағайындалады.  Тұрғын  үй 

жəрдемақысы,  егер  тұрғын  үйді  ұстауға, 

тұтынылған коммуналдық қызметтерге жəне 

байланыс қызметтеріне ақы төлеуге жұм-

салған  шығындар  отбасының  алдындағы 

тоқсандағы орташа айлық жиынтық кірісінің 

8 пайызынан асып кетсе ғана төленеді.

«100  нақты  қадам»  Ұлт  Жоспарының 

84-ші қадамы талаптары шеңберінде атау-

лы  əлеуметтік  көмек  тиімділігін  көтеру 

мақсатында  халықты  əлеуметтік  қорғау 

жүйесін  жандандыру  үшін  2015  жылдың 

қыркүйек  айынан  бастап  «Өрлеу»  қанат-

қақты жобасы шеңберінде шартты ақшалай 

көмекті (бұдан əрі – ШАК) ұсыну бойынша 

жұмыстар  жүргізілуде.  Шартты  ақшалай 

көмек жан басына шаққандағы орташа айлық 

табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (2016 

жылдың  II  тоқсанында  –  13735  теңге)  60 

пайызынан  төмен  отбасыларға  төленеді. 

Бұл  ретте  жəрдем  алушылар  арнаулы 

əлеу   меттік  келісімшартқа  сəйкес  жобаға 

қа тысуға  міндетті.  Осындай  келісімді 

жа са ғаннан  кейін  жобаға  қатысушы  уа-

қытша  қосымша  жəрдемақының  орнына 

жұмысқа орналасуға, оның ішінде жастар 

тəжірибесіне,  əлеуметтік  жұмыс  орында-

рына, қажет болған жағдайда басқа да ма-

мандықтарға қайта оқыту курстарына баруы 

керек. Яғни барлық мүмкіндіктерді толық 

пайдалана отырып, оз отбасын өмір сүрудің 

сапалы деңгейіне шығаруға міндетті.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап 

желтоқсанға  дейін  ШАК-пен  15  отбасы, 

оның ішінде 74 адам қамтылды. Ағымдағы 

жылдың  1  шілдесіне  99  адамға  шарт-

ты  ақшалай  көмек  берілді.  Тағы  бір  атап 

көрсететін мəселе, 2015 жылдың сəуірінен 

бастап  540  керуерт-орынға  арналған 

қарттарға,  мүгедектерге  жəне  мүгедек 

бала  ларға  арналған  Оңалту  орталығы 

қызмет көрсете бастады. Орталық Шучье-

Бурабай  курортты  аймағында  Қатаркөл 

көлінің жағасында экологиялық таза орман 

алқабында орналасқан.

Елордада  2015  жылдың  қазан  айынан 

бастап алғаш рет жасы бойынша зейнеткер 

азаматтарға  жолдама  құнының  35  пайы-

зын төлеу жəне ең төменгі зейнетақы алу-

шылар  ішінен  жасы  бойынша  зейнетке 

шыққандарға жолдама құнының 25 пайызын 

төлеу арқылы шипажайлық-курорттық ем-

делу қызметтері ұсынылады. Нəтижесінде 

өткен  жылы  санаторий-курорттық  емде-

лумен  2851  адам,  оның  ішінде  808  зей-

неткер,  116  тыл  еңбеккерлері,  19  Ұлы 

Отан  соғысының  ардагерлері  жəне  оған 

теңестірілген тұлғалар жəне 270 мүмкіндігі 

шектеулі  тұлғалар  қамтылды.  Ағымдағы 

жылдың басынан санаторий-курорттық ем-

делумен 1124 адам, оның ішінде 602 зейнет-

кер, 50 Ұлы Отан соғысының ардагерлері 

жəне оған теңестірілген тұлғалар жəне 472 

мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалар  шипажай-

лық-курорттық емделу жолдамаларын алды. 

Бұдан басқа, Астана қаласы мəслихатының 

2014  жылғы  27  маусымдағы  шешімімен 

бекітілген Астана қаласының мұқтаж аза-

маттарының жекелеген санаттарына қала-

лық бағыттағы жолаушылар көлігінде жол 

жүруге  төлем  төлеуден  босату  түріндегі 

əлеу меттік көмек көрсету тəртібі енгізілді.

Сөйтіп, қалалық бағыттағы жолаушылар 

көлігінде  тегін  жол  жүру  түріндегі  əлеу-

меттік көмек азаматтардың мына санатта-

рына:

–  68  мыңнан  астам  зейнеткерлерге 



жəне  асыраушысынан  айырылу  жағдайы 

бо йын ша мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақы 

алушыларға,  4  мыңнан  астам  көпбалалы 

ана ларға;  7  мыңнан  астам  көпбалалы  от-

басыларға; 20 мыңнан астам мүгедектерге 

көрсетіледі.

Қазіргі  таңда  елордада  162  Ұлы  Отан 

соғысының ардагерлері тұрады, оның ішінде 

124  Ұлы  Отан  соғысына  қатысушылар 

жəне 38 Ұлы Отан соғысының мүгедектері 

бар.  Астана  қаласы  мəслихатының  2014 

жылғы  27  маусымдағы  шешімімен  Аста-

на  қаласында  əлеуметтік  көмек  көрсету, 

оның мөлшерлерін белгілеу жəне мұқтаж 

азаматтардың  жекелеген  санаттарының 

тізбесін айқындау қағидасына сəйкес, 2016 

жылы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 

жəне  соларға  теңестірілген  тұлғаларға 

жал  пы  көлемі  500  млн.  теңгеден  астам 

əлеу    меттік  көмек  карастырылды,  оның 

ішінде 9 мамырда Жеңіс күніне орай 167 

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен 

мүгедектеріне  1  миллион  теңгеден  бір 

жолғы ақшалай көмек көрсетілді.



– Қаламыздағы аз қамтамасыз етілген 

тұрғындарға  атаулы  əлеуметтік  көмек 

көр сету жайы қалай?

–  «Мемлекеттік  атаулы  əлеуметтік 

көмек туралы» Қазақстан Республикасының 

Заңына сəйкес Астана қаласында тіркелген 

жəне  тұрақты  тұрып  жатқан,  жан  басына 

шаққандағы  орташа  табыстары  кедейлік 

шегінен  төмен,  табысы  аз  азаматтарға 

əлеуметтік көмек көрсетіледі. Азаматтарға 

(отбасына) атаулы əлеуметтік көмек жан ба-

сына шаққандағы орташа табысы кедейлік 

шегінен төмен болған жағдайда отбасының 

əрбір мүшесіне төленеді. Ағымдағы жылдың 

басынан атаулы əлеуметтік көмек  алушылар 

саны 883 адамды құрады. Та быстары азық-

түлік себеті құнынан төмен отбасыларында 

тəрбиеленуші  18  жасқа  дейінгі  балаларға 

1  айлық  есептік  көрсеткіш  көлемінде 

мемлекеттік  жəрдемақы  тағайын далады. 

Ағымдағы  жылдың  басынан  мем лекеттік 

балалар жəрдемақысы 2513 балаға төленді.



– Елордада жұмыссыздар саны қалай 

анықталады жəне қазір қанша жұмыссыз 

адам тіркелген?

– Жұмыссыздыққа қарсы күрес бойын-

ша белсенді шараларды қолдану жұмыссыз-

дық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. 

2016 жылдың І тоқсанында жұмыссыздық 

деңгейі 4,7 пайызды құрады (2015 жылдың 

сəйкес кезеңінде бұл көрсеткіш – 5,1 пай-

ыз, 2010 жылы – 6,3 пайыз болған. Астана 

қала сында жұмыссыздық дең гейі еліміздің 

басқа өңірлерімен салыс тыр ғанда ең төменгі 

дəрежеде.

Елорданың еңбек нарығының жағдайын 

тұрақтандыру  шеңберінде  «2016  жылға 

арналған Астана қаласының халықты жұ-

мыспен  қамтуға  жəрдемдесудің  кешенді 

жоспары» бекітілген. Кешенді жоспардың 

негізінде  жұмыссыздарды,  оның  ішінде 

халықтың  нысаналы  топтарын  жұмыспен 

қамту  бойынша  жан-жақты  шаралар  қа-

растырылған. Бас қаламызда жыл басынан 

6990 адам жұмыс іздеп сұраныс жа саған, 

олардың 4105-і жұмыссыз азаматтар. Жұ-

мыссыздықтан əлеуметтік қор ғау шаралар-

мен 5329 адам қамтылған. Сұраныс жасаған 

азаматтарға жұмысқа орналасу, қоғамдық 

жұмыстарға қатысу, кəсіби даярлау курс-

тарынан өту, əлеуметтік жұ мыс орындары 

мен оқу орындарының түлектеріне жастар 

практикасына қатысу ұсынылды.

–  «Жол  картасы»  аясында  қалада 

жұ   мысқа орналасқандар қанша? Кəсіп-

тік даяр   лық жəне қайта даярлау жайы 

қалай?

– Елордалықтарды жұмыспен қамтама-

сыз етуді жақсарту мақсатында «Жұмыспен 

қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы 

іске асырылуда. Ағымдағы жылы бағдарлама 

екі  бағыт  бойынша  жүзеге  асырылады: 

«Инфрақұрылымды  жəне  тұрғын  үй-

коммуналдық  шаруашылықты  дамыту 

есебінен  жұмыспен  қамтуды  қамтамасыз 

ету»  жəне  «Жұмыс  берушінің  қажеттілігі 

шең берінде  оқыту  жəне  қоныс  аудару 

арқылы жұмысқа орналасуға жəрдемдесу». 

Бағдарламаның  «Инфрақұрылымды  жəне 

тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылықты 

дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қам-

тамасыз ету» атты бірінші бағыты бойынша 

55 жобаны іске асыру (11 білім беру, 1 дене 

тəрбиесі жəне спорт, 20 денсаулық сақтау, 

14 мəдениет жəне 4 əлеуметтік қамтамасыз 

ету,  5  автомобиль  жолдары  объектілері) 

жоспарланған. Аталған жобаларды іске асы-

руда 1133 жаңа жұмыс орындары ашылады. 

Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы 

бойынша  577  адам  жұмысқа  орналасады. 

«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде 

оқыту жəне қоныс аудару арқылы жұмысқа 

орналасуға  жəрдемдесу»  атты  үшінші 

бағыты  шеңберінде  811  қатысушылар 

(кəсіби  даярлау  –  211  адам,  əлеуметтік 

жұмыс орындары – 100 адам жəне жастар 

практикасы – 500 адам) қамтылады.

– Ермек Сабырбекұлы, енді əлеуметтік 

жұмыс орындары жəне қоғамдық жұмыс 

орындары жөнінде түсінік беріп өтсеңіз? 

–  Əлеуметтік  жұмыс  орындарын 

жұмыс  берушілер  құрады,  оларды  ашу 

кезінде  тұрақты  жұмыс  орындарына 

арналған  бос  орындар  пайдаланылмай-

ды  жəне  олар  ауыр  жұмыстарда,  зиян-

ды  жəне  қауіпті  еңбек  жағдайлары  бар 

өндірістерде  ашылмайды.  Əлеуметтік 

жұмыс  орындары  жұмыссыздар  үшін 

арнайы  ашылады,  мұндай  жұмыс  орын-

дарына  қабылдауда,  жетім  балалар 

мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз 

қалған  балаларға,  зейнеткерлік  жас  ал-

дын дағы  адамдарға,  мүгедектерге,  бас 

бостандығынан  айыру  орындарынан 

босатылған  жəне  мəжбүрлеп  емдеуден 

өткен  адамдарға,  пробация  қызметінің 

есебінде тұрған адамдарға, оралмандарға, 

кəмелетке толмаған балаларды тəрбие леп 

отырған жалғызілікті, көпбалалы ата-ана-

ларға, жеті жасқа дейінгі баланы, мү гедек 

баланы,  бірінші  жəне  екінші  топтағы 

мүгедектерді  бағып-күтуді  жүзеге  асы-

ратын адамдарға, терроризм актісінің нə-

тижесінде  зардап  шеккен  адамдар  жəне 

оның  жолын  кесуге  қатысқан  адамдарға 

басымдық беріледі.

Ағымдағы жылдың басынан қаламызда 

101  адамға  əлеуметтік  жұмыс  орында ры-

на  жолдама  берілді.  Қоғамдық  жұмыс-

тар  бюджет  қаражаты  шегінде  жəне  жұ-

мыс  берушілердің  тапсырыстары  бо-

йын ша  олардың  қаражаты  есебінен  қар-

жыландырылады.  Қоғамдық  жұмыстарға 

қатысуға  жұмыссыздардың,  жазғы  дема-

лыс  кезеңінде  студенттердің  жəне  жалпы 

білім беретін мектептердің жоғары сынып 

оқушыларының,  өндірістің  тоқтап  тұ-

руына байланысты жұмыспен қамтамасыз 

етілмеген адамдардың құқы бар. Жыл ба-

сынан бері осындай 1079 жұмыссыз адам 

қоғамдық жұмысқа тартылды.



– Əңгімеңізге рахмет. 

Əңгімелескен 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Талғат БАТЫРХАН,

«Егемен Қазақстан»

Астана күні мерекеленіп жат-

қан шат-шадыман шақта аттанып 

кеткен  автосаяхатшылар  биыл 

ЮНЕСКО аясында 150 жылдығы 

аталып өтпекші Алаштың аяулы 

тұлғасы Əлихан Бөкейхановтың 

өнегелі  өмір  жо лымен  байла-

нысты  тарихи-танымдық  та-

ғы лымы  мол  ме кендерді  108 

күннің  ішінде  аралап  шықпақ. 

Бұл меже бекер белгіленіп отыр-

ған жоқ. Өйт кені, аталмыш қо  -

ғамдық  бірлестіктің  алған  бе-

тінен  қайтпайтын  қайсар  аза-

маттары  ілгеріде  ілкімділікпен 

108  сағатта  Оңтүстік  полюсті 

бағындырып, Гиннестің рекорд-

тар кітабына кірген еді. 

«Осы  жолғы  экспедиция-

мыз  ең  алдымен  ішкі  туризмді 

да мытуға  бағытталып  отыр. 

Алтай мен Атырау арасындағы 

ұшқан  құстың  қанатын  талды-

ратын  ұлан-ғайыр  даламыз-

да  табиғаттың  əлі  ашылмаған 

тыл сым  сырлары  жетерлік. 

Əр  өңірдің  өзіндік  ерекшелігі 

бар.  Олардың  бəрі  бірдей  көп-

шілік  көзайымына  айналып 

үлгермегені анық. Себебі, сұлу-

лығы көз сүріндірер көрікті жер-

лер  адам  аяғы  жете  бермейтін 

аймақтарда орналасқан. Соларды 

тамашалап, тамсанып қана қой-

май,  көрген-білгендеріміз  бен 

көңілге  түйгендерімізді  қа ғаз-

ға,  кинотаспаға  түсірмекпіз. 

Сондай-ақ, Алашорда көсемінің 

ізімен  жүріп,  тың  деректер  із-

демекпіз»,  дейді  «Қазақ  гео-

гра  фиялық  қоғамы»  ҚБ  жоба-

ларының жетекшісі Мағжан Са-

ғым баев  мəселенің  мəн-жайын 

түсіндіріп.

Экспедицияға қатысушылар 

алдымен Ə.Бөкейхановтың кін-

дік қаны тамған Ақтоғайға, со-

нан соң Қарқаралы мен Семейге 

барады. Одан кейін экспедиция 

екі  бағдар  бойынша  бөлініп 

кетеді. Алғашқы топтағылар өз 

еліміздің  түкпір-түкпіріне  сая-

хат  жасап,  табиғи  қорлармен, 

сəулетті ескерткіштермен, абат 

бақтармен танысады. 

Ал екінші бағыттағылар бол-

са,  Омбы,  Санкт-Петербург, 

Минск, Самара, Орынбор, Мəс-

кеу сияқты Əлекеңнің тағы лымды 

тағдырына  тікелей  қа тысы  бар 

қалаларға атбасын бұр мақ. Сөйтіп, 

қазақ тіліндегі тұңғыш география 

оқулығының авторына өздерінің 

құрметін білдірмек.

2010  жылы  аңсарлары  сая-

хатқа  ауып  тұратын  энтузиаст 

адам дардың қалауымен құрылған 

Қазақ географиялық қоғамының 

басты мақсаты табиғат пен қо-

ғам туралы ғылымдардың жəне 

географияның  дамуына  үлес 

қосу,  ғылыми  жетістіктерді 

наси хаттау,  білім  саласындағы 

шығармашылыққа  жол  ашу, 

əлемді танып білуге мүмкіндік 

тудыру болып табылады. Олай 

болса, олардың қолға алған мына 

жоспары да ойдағыдай орындала-

тынына сеніміміз мол.

ЕЛОРДА: 

әлеумет және әлеует



Ауыт МҰҚИБЕК 

Көш түзеп замананың салтына ерген,

Таңырқап дүниенің халқы көрген,

Тағылған Қазақстан кеудесіне,

Астана – жарқыраған Алтын орден.

Бір шыңнан қадам бастық бір шыңға алып,

Бəрін де отыр бүгін жұртым бағып.

Ақорда – ақ жүрегі қазағымның,

Тынымсыз соғып тұрған дүрсіл қағып.

Ашылды болашаққа Қақпа тыңнан,

Мұңы бар бабалардың жаста тұнған.

Хан Шатыр – ақ қалпағы алшы киген,

Көп үйлер – көп сарбазы сапта тұрған.

Біз үшін Тəуелсіздік – сарқылмас əн,

Мен бүгін қадамымды жарқын басам.

Көтерген бостандықтың шаңырағын,

Бəйтерек – баға жетпес алтын бақан.

Төсінде əн мен күйге Арқаның бай,

Маған да жарасады салсам «Угəй...».

Жол біткен түйіседі осында кеп,

Тұс-тұстан тарамданған қан тамырдай...

Бетке алып тартып келем арман-белді,

Иіскеп бабам тері тамған жерді.

Асқар тау, ағынды өзен, мидай дала – 

Бəрі де ескі күннен қалған белгі.

Алды азап болды өмірдің, арты бақыт,

Аспанға жатыр бөркін халқым атып.

Қарайды Қазақстан бар əлемге,

Нұр шашқан Күн кеудесін жарқыратып.

Өтті ғой қаһарлы қыс, долы көктем,

Заманның əр кезеңі болып өктем.

Бұл да бір дəурені ғой шалқитұғын,

Қазақтың еркіндікке қолы жеткен.

Қонақтар кеп жатады дүркін-дүркін,

Бар шығар тартатын бір тылсым, мүмкін!

Төсінде Сарыарқаның ойнақ салған,

Өтеді-ау біздің бастан, шіркін, бұл күн.

Тамаша бір көрікті Есіл берді,

Күндіз деп айтқан дұрыс кешін де енді.

Күтеді одан халық жақсылықты,

Күтеді одан халық шешімдерді.

Қолында шытырлайды көк теңгелер,

Ойнайды арпалысып отпен нелер.

Төсіне Сарыарқаның дамылдайтын,

Көші де тоқтамасын шеттен келер.

Алысқа ұша берсін арман құсы,

Пенденің таусылмайды жалғанда ісі.

Қазақтың жүрегінде сақталады,

Оны əкеп Сарыарқаға салған Кісі.

Бойда бар құрыш қайрат, жасын жігер,

Жалғанды жалпағынан басып жүрер,

Кіргізіп сəні менен салтанатын,

Басқарған ұмытпайды əкімді де ел.

Отырмын ерік беріп тізгінге мен,

Бір түрлі көңілім шат, қызғын денем.

Шертеді шежіресін өткен күннің,

Бір күні, оқыса ұрпақ, біздің де өлең.

Сапарда сан қайтара көш түзедің,

Деп елді Ұжымаққа жеткіземін.

Тарихың тым əріден басталады,

Соған сай келешегің шексіз, Елім!

Астана


Кедейлерін жебеп, кемтарларына шы-

найы қамқорлық көрсету қазақ халқы 

үшін адами парыздың басты белгісі сана-

лады. Əлемдік өркениеттілік ұғымында 

бұл толыққанды мемлекеттіліктің белгісі 

болып табылады. Тəуелсіз Қазақстан 

жылдан-жылға экономикасы артып

əлеуеті нығайған сайын осы бір дəстүрлі 

қағидаға басымдық беріп, қоғамымыздың 

аз қамтамасыз етілген топтарына 

əлеуметтік қамқорлық жасауды жүйелі 

түрде мемлекеттік деңгейде жүзеге асырып 

келеді. Бұл ретте еліміздің бас қаласында 

да жасалып жатқан ізгі қадамдар мен 

игі істер баршылық. Əлеуметтік сала-

да атқарылып жатқан шаралармен жан-

жақты танысу мақсатында Астана қаласы 

жұмыспен қамту, еңбек жəне əлеуметтік қорғау басқармасының басшы-

сы Ермек ОСПАНОВТЫ əңгімеге тартқан едік. 

АЛАШ


 

арысын ардақтаған экспедиция



Бұған дейін де талай баға лы 

баста маларға мұрындық бол ған 

Қазақ географиялық қо ғамы ел 

Тəуелсіздігінің ширек ғасырлық то-

йына арналған «Экспедиция-25» атты 

бірегей жобаны жүзеге асыруға кірісті. 



 Көрме



Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»

Фотосуретші Бела Бернолак 

1967 жылы Будапешт қаласында 

туған. Əкесінен мұра еткен фо-

тоөнерге  деген  махаббаты  мен 

суретке  түсіру  өнерінің  дағ ды-

лары  оны  бүгінгі  биікке  жете-

леген. 


Бела Бернолактың еңбектері 

Будапешт  қаласының  полиция 

басқармасының  резиденция-

сында,  мемлекеттік  мекемелер 

мен Будапешттегі балалар темір-

жолы стансасы қабырғаларының 

сəнін кіргізіп тұр. 

«Будапешттің  1945  жыл-

дан  бүгінгі  күнге  дейінгі  да-

муы»  атты  фотокөрме  Буда-

пешт  полициясының,  жедел 

жəрдем  қызметкерлерінің, 

өрт  сөндірушілердің  жəне  тө-

тенше  жағдай  қызметі  жұ-

мыс шыларының  күнделікті 

еңбектерін бейнелейді. 

Автордың  туындылары 

Будапешт  қаласының  əсемдігі 

мен дамуын ғана емес, сонымен 

бірге,  соғыстан  кейінгі  жыл-

дар дағы  Венгриядағы  бірлесу, 

бостандық  алу  күресін,  қайта 

жаңғыртулардың  қиын  жолда-

рын көрсетеді. Фотосуретшінің 

кейбір  жұмыстары  Парламент 

ғимаратының  төбесінен,  Ко-

рольдік  сарайдағы  Ұлттық  Га-

ле реяның төбесінен жəне өтуге 

тыйым  салынған  жерлерден 

түсірілген. 

Айтулы  шараға  еліміздің 

қоғам,  ғылым  мен  мəдениет 

қайраткерлері,  Қорғаныс  ми-

нистрлігінің  басшылары,  Қа-

зақстан  Республикасындағы 

Вен грия  елшілігі  істеріндегі 

Уақытша сенімді өкілі Шандор 

Дороги  мырза  жəне  автордың 

өзі қатысып, көнеден сыр шер-

тер көрменің мəні мен маңызына 

тоқталып өтті.

––––––––––––––––



Суретті түсірген Орынбай 

БАЛМҰРАТ

Көнеден 


сыр шерткен

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық 

əскери-патриоттық орталығының Əс кери-

тарихи музейінде венгриялық фотосуретші Бела 

Бернолактың «Будапешттің 1945 жылдан бүгінгі 

күнге дейінгі дамуы» атты фотокөрмесінің ашылу 

рəсімі өтті.

9 шілде 2016 жыл

www.egemen.kz

7



 Бəрекелді! 



 Туыстық туы 

Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Биылғы  жылдың  тамыз  айының 

соңында  Шығыс  Қазақстан  облы-

сы,  Зайсан  ауданы,  Қарабұлақ  ауы-

лындағы Абай орта мектебінде, осы 

білім ошағын 1976 жылы бітіріп кет-

кен  түлектердің  40  жылдан  кейінгі 

кездесуі өтпек. 

Қазіргі күндері жастары елудің бел 

ортасынан асқан мектеп түлектері өз 

кездесулерін мəнді өткізіп, арттарын-

да із қалдыру үшін өздері туып-өскен 

ауыл  мен  оқыған  мектептеріне  жа-

сыл желекке көмкерілген бақ тартуды 

жөн көріпті. Осыған орай, дайындық 

жұмыстары ерте басталып кетті. Мамыр 

айында  болашақ  бақтың  орны  жос-

парланып,  ол  бұл  күндері  Алматы 

қаласында  тұрып  жатқан  түлектер 

жіберген қоршаулармен қоршалынды. 

Содан кейін туған ауылдарында еңбек 

етіп жатқан Фарида Қалиханова, Тоқ-

таш  Əбдіхалықов,  Əлкен  Оспанов, 

Шайза Сағымбаева, Ғалия Бейсенова, 

Жанайхан, Марфуға, Ғайни, Ермұхан, 

Қарлығаш секілді түлектер екі қолдарын 

сыбанып, алдын ала дайындалған кө-

шеттерден бақ отырғызуға кірісті жə-

не оны күтімге алды. Бұл жұмыстар 

«Қырық жылдық кездесуге – 40 терек» 

деген ұранмен жүрді. 

Қарабұлақтық  түлектердің  бұл 

бас тамасы  ауылдан  ауылға  жетіп, 

аудан  басшылығының  да  құлағына 

тиген екен, басшылық мектеп түлекте-

ріне  алғыс  хат  тапсырып  үлгеріпті. 

Осы жұмыстардың барлығын ұйым-

дастыруға бұл күндері сол Абай ор-

та мектебінің директоры болып қыз-

мет  ететін  Фарида  Қалихинованың  

бастамашылдық еткендігін айта кетпе 

сек болмас.      

Қырық жылдыққа – 40 терек



 Дода



 Лездеме

Франция бас бәйге 

үшін барын салады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет