Бұрнағы күні түнде Францияда өтіп жатқан фут-
болдан Еуропа чемпионатының финалдық матчы-
на қатысатын екінші құраманың аты белгілі болды.
Мұндай құрметке Германияны 2:0 есебімен жеңіп кет-
кен Франция командасы ие болды. Сөйтіп, жарты-
лай финалдық екі кездесу бірдей есеппен аяқталды.
Француздар сапындағы Антуан Гризманн бұл ойын-
да өз жамағатының екі добының да авторы атанып,
біріншілікте соққан голдарының санын 6-ға жеткізді.
Серік ПІРНАЗАР,
«Егемен Қазақстан»
Екінші жартылай финалдық ойын
ойналар алдында оның қорытынды
нəтижесі жайында алуан түрлі пікірлер
айтылды. Соның ішінде бұл жолы алаң
иелерінің барын салатынын айтып,
матчтың нəтижесіне алаңдаушылық
білдірген Германия құрамасының бас
жаттықтырушысы Йоахим Лёвтің ойы
да болды. Дегенмен, сарапшылардың ба-
сым бөлігі немістердің мерейлері үстем
шығатынына оншалықты көп күмəн
келтіре алмап еді.
Қазір мамандар финалдық матч сал-
мағын арқалаған кездесу ретінде бағалаған
бұл ұшырасуға командалар бірдей
дерлік ойындар нəтижелерімен келді.
Айталық, Германия топта Украинаны
(2:0), Солтүстік Ирландияны (1:0) ұтып,
Польшамен тең түсіп (0:0), 1/8 финал-
да Словакияны жеңсе (3:0), 1/4 финалда
Италиямен итжығыс түскеннен кейін (1:1)
пенальти сериясында 6:5 есебімен алға
шығып еді. Францияның үлесіне топтағы
Румынияны (2:1), Албанияны (2:0) тізе
бүктіріп, Швейцариямен тепе-тең (0:0)
түсу, сосын 1/8 финалда Ирландияны (2:1),
1/4 финалда Исландияны (5:2) жеңу тиді.
Екі команда күні бүгінге дейін бір-
бірлерімен 13 рет ұшырасса, соның 7-інде
француз, 4-інде неміс жасақтары ұтып, 2
кездесу бейбіт біткен. Бұл ойындардың
2014 жылғы 4 шілдеде əлем чемпиона-
ты ширек финалындағы шайқасынан
басқасы түгел жолдастық кездесулер
болып шықты. Сол матчта немістер 1:0
есебімен ұтып шықса, ең соңынан өткен
2015 жылғы 13 қараша күнгі жолдастық
кездесуде француздар 2:0 етіп жеңіп кет-
кен болатын. Енді нақты есепті кездесу-
ге келсек, онда алмандар жағының про-
блемалары көптеу көрінді. Француздар
бапкері Дидье Дешам соның алдында
Исландия жамағатын талқандап шыққан
құрамға өзгерту енгізе қойған жоқ. Ал
үш бірдей негізгі ойыншысы алаңға шыға
алмайтын болғандықтан, Йоахим Лёвке
біраз бас қатыруға тура келді. Оның ой-
лана келіп тапқаны мұның алдындағы
үш қорғаушымен ойнау жүйесінен бас
тартып, қорғаныс шебін төрт ойыншы-
мен жасақтау болды. Осының сыңайында
шабуылдың өткір шебіндегі жарақат алып
қалған Марио Гоместің орнына Томас
Мюллерді жылжытты. Алаң ортасындағы
байланыстырушы желінің тізгінін Бастиан
Швайнштайгер мен Эмре Джан ұстады.
Матч алаң иелерінің қарқынды ша-
буылымен басталды. Сол сəттерде алаң
иелерінің басты «қаруы» – Антуан Гриз-
манн гол соғудың мүмкіндігін жіберіп
алды. Оның қарсы қақпа маңында Блез
Матюидимен бірге жасаған шыр көбелек
шеңберін Мануэль Нойбер ғана залалсыз-
дандырып үлгерді. Осымен алғашқы 10
минуттың ішіндегі екпін басылып қалды.
Сол кезде барып өздерінің əлем чемпион-
дары екендері естеріне түскен Германия
құрама командасының ойыншылары алға
қарай шолғыншылық жорықтарға ден
қоя бастады. Осы тұста бəсекелестерімен
бетпе-бет келген Джан əлсін-əлсін олар-
дан үстем шығып тұрды. Сол жартылай
қорғаушы ақырында Мюллерді қолайлы
жерге шығарып берді. Бірақ Томас арқырата
атқан добын бар болғаны қақпаның жаны-
нан ғана жібере алды.
Көп ұзамай осы «Еуроның» бас ты алы-
стан соққышы Димитри Пайе мергендігімен
таныла жаздады. Алайда, оның аяғынан зы-
мырай ұшқан доп Нойерді бірден тауып
алды. Бұған артынша Швайнштайгер қарсы
жауап қайтарды. Оның ұрған добы алдынан
Уго Льорис табыла кетті. Ал тайм соңында
жанжалға апарып соқтырған, нəтижесінде
ойын қорытындысына нақтылай ықпалы
болған оқиға орын алды. Бұрыштамадан
Патрис Эвраның тастаған добына таласта
Швайнштайгер оған қолының ұшы тиіп
кеткендей болды. Ойын жалғаса берген.
Бірақ арада бірер секунд өткесін итальян
арбитрі Никола Риццоли оны тоқтатып,
«нүктені» көрсетті. Мұны немістер өте
ауыр қабылдады. Месут Озил допты алып,
трибунаға қарай атып жіберді. Пенальтиді
соғуды өз міндетіне алған Гризманн болса,
Нойерді бір жаққа құлатып, допты екінші
бұрышқа топ еткізді.
Екінші таймның басын да фран-
цуздар немістерге бере қоймады. Сол
шабуыл иінінде Оливье Жиру өзінің
алдындағы Гризманнға доп жеткізіп берді.
Ал Антуанның ұрған добының жолынан
Жером Боатенг табыла қалды. Ойынды
өз қолдарына алуға ұмтылған немістер
қаншама қателіктерге бой алдыра жүріп,
ақырында дегендеріне жетті. Бірақ қақпаға
тура қауіп төндірер соққы жоққа тəн.
Германия құрамасы мұның алдында ита-
льяндармен ойын кезінде бастан кешкен
дағдарыстарына тағы да ұрына бастады.
Олардың сорына қақпашы алаңында талай
қауіптің бетін қайтарып келген Боатенг
осы кезде ойламаған жерден жарақат
алып қалып, алаңнан кетуге мəжбүр бол-
ды. Оны алмастырған Шкодран Мустафи
əріптесінің орнын баспақ тұрмақ, қайта
командаға сор болып келді. Ойынның
72-минутында соғылған екінші голда тап
осы қорғаушының өлшеусіз үлесі бар.
Қақпа алаңы ішінде дəл алдында тұрған
доптан айырылып қалған оны Поль Погба
əдемі алдап өтті де, ортаңғы тұсқа пас
жөнелтті. Допқа бəрінен бұрын жеткен
Гризманн оны аяғының ұшымен сілтей
салып, қақпаның торынан бір-ақ шығарды.
2:0 деген есеп бұл ойында қорғаныс
шебін шұрық-тесік етіп алған «неміс маши-
насына» берілген үкім іспеттес. Германия
ойыншылары бұдан кейін де жағдайды
түзетпек болып қанша ұмтылғандарымен,
одан қисынды қорытынды шығара алмады.
Себебі, олардың ойынында қарсыласын
тосын əрекетімен алдап түсіретін тың
тактикалық шешімдер болған жоқ.
10 шілде күні ойналатын финалда
Франция – Португалия кездеседі.
Жақында Түркияның
Елазық қаласында түркі
халықтары ақындарының
«Хазар шиир ақшамлары»
атты халықаралық поэзия
фестивалі өтті. 1992 жыл-
дан бастап өтіп келе жатқан
бұл жыр додасы биыл
Əлішер Науаидің құрметіне
арналды. Осыған дейінгі
өткен фестивальдардың
бірі Алаштың ардақты
ақыны Мағжан Жұмабаев
рухына арналып өткен
екен. Елазықтың
əкімдігі мен Еуразия
Жазушылар одағының
ұйымдастыруымен
болған осы айтулы жыр
фестиваліне Қазақстанның
Түркиядағы елшілігінің
шақыртуымен елімізден
«Ан-Арыс» баспасының бас
редакторы, ақын Кəдірбек
Құныпияұлы мен «Мөлдір
бұлақ» журналы бас
редакторының орынбаса-
ры, ақын Саят Қамшыгер
қатысып қайтты.
Қазақстан, Қырғызстан, Əзер-
байжан, Татарстан, Гагаузия, Түр-
кия, Косово, Ирак сияқты бірнеше
мемлекеттен қатысқан ақындар 4 күн
бойы Елазық қаласының аспанында
өлең-жырдың құсын қалықтатты. Əр
ақын өз туындыларын ана тілдерінде
жатқа оқыды. Бұл жыр мерекесі түркі
халықтарының туыстығын ұғындыра
түсетін, жаны, тілі, рухы жақын ақын-
дардың бауырмалдығын арттыратын
керемет шара болды.
Ресми ашылуда Елазық қала-
сының басты көшелерімен поэзия
фестиваліне қатысушы ақындар мен
ұйымдастырушылар сырнайла тып,
дабылдатып, ерекше салтанатты
жағ дайда, қолдарына ту көтеріп
жү ріп өтті. Бұл салтанатты шеруді
та машалауға Елазық қаласының
халқынан бөлек, Түркияның басқа
қала ларынан, шетелдерден өнерсүйер
қауым арнайы келген екен.
Əр күнде түрлі кездесулер, бас-
қосулар, конференциялар, дөңгелек
үстелдер, жыр кештері өтіп, мəде-
ниеттер арасында алтын көпір ор-
нады. Кəдірбек Құныпияұлы мен
Саят Қамшыгер осы шаралардың
барлығында Қазақстанды, елдің
əдебиеті мен руханиятын паш етіп,
жүректерінен ақтарылған жырла-
рын тебірене оқыды. Хазар көлінің
жағасында, отыз ғасырлық тарихы бар
Харпут қамалында, Палу ауданында
өткен басқосулар да қазақ жырының
құдіретін таныта түскені рас.
Қазақ поэзиясын түбі бір түркі
елдеріне танытуда айрықша еңбек
етіп келе жатқан Қазақстанның
Түркиядағы елшілігі айтулы жыр
мерекесіне қазақ ақындарын қатыс-
тыру арқылы елдер мен елдерді,
халықтар мен ха лықтарды жақын-
дастыратын тағы да бір игі іс жаса-
ды. Еліміздің атынан жыр додасына
барып қайтқан Кəдірбек Құныпияұлы
мен Саят Қамшыгер дипломант ата-
нып, түрлі сыйлықтарға ие болып,
мерейлері тасып оралды.
«Егемен-ақпарат»
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Қазақстан Ұлттық теле радио
хабар таратушылар қауымдасты-
ғы еліміздің тəуел сіз бұқаралық
ақпарат құралдарының, оның
ішінде рес публика көлеміндегі
жекеменшік телерадио ұйым-
дарының қыз метіне қолдау
көрсететін əрі ол ұйымға өздері
мүше болып кіретін бірден-бір
қоғамдық ұйым. Қауымдастық
2001 жылы еліміздің масс-медиа
саласында алғаш танымал бола
бастаған «31 арна» ТРК (Алматы),
«Отырар» ТК (Шымкент), «Қоғам»
ТК (Қызылорда) жəне басқа да
теле радио компаниялардың бас-
та масымен ұжымдасып, кеңесіп
құрылған еді.
Өткен 15 жылдың ішінде
бұл қоғамдық ұйым Қазақ-
станның теле радио хабар тара-
ту кеңістігінде тəуелсіз теле-
арналардың заң жү зіндегі
кепілді қызметін үйлестіруде,
мемлекеттік басқару орган-
дарымен қарым-қатынаста
қауымдастық мүшелерінің
мүддесін қорғауда, жаңадан
отау тіккен тəуелсіз телера-
дио стансаларға ақпараттық-
құқықтық қолдау көрсетуде,
мар кетингтік қызметте, телера-
дио жарнамаларының ауқымын
зерттеу саласында едəуір тиянақ-
ты жұ мыстар атқарды. Барлық
шы ғармашылық ұйымдардың
кəсіби тұрғыдан біліктілігін арт-
тыруға зор үлес қосты. Осы
жылдар ішінде қауымдастықтың
қатары толығып, Қазақстандағы
жекеменшік телерадио ком-
паниялар саны 22-ге жеткенін
айта кеткен де абзал. Қазіргі
уақытта жоғарыдағы аталған
тəуелсіз телеарналармен бір
сапта тұрған түркістандық
«Тұран-Түркістан» ТК (Мұрат
Бекбаев), қостанайлық «Алау-
ТV» (Катерина Тутова), семейлік
«Байуақов-ТV» (Омарбек Бай-
уақов), қарағандылық «Жаңа
ТV» (Олег Никонович), арыстық
«Арыс арналары» ТК (Махамбет
Төлебеков) жəне басқалары бел-
сенді қызмет атқарып келеді.
Бұл компаниялардың буыны қа-
тайып, кəсіби шеберлігінің шың-
далғанына олардың бүгінгі таң-
дағы күнделікті əуе толқындары
арқылы таратып отырған жаңа-
лықтары мен көрсетілімдері ай-
ғақ. Еліміздің бас телеарнасы
«Қазақстан» мен «Хабардан»
бастап бірқатар беделді телеком-
панияларда қызмет істеп жүр-
ген көптеген белгілі журналис-
тер мен бейнеоператорлардың,
бейнеинженерлердің бір кезде
осынау жергілікті тəуелсіз теле-
ар наларда алғашқы қадамын
бастағаны да көп жайттан хабар
берсе керек. Бұл жекеменшік
телестансалардың дені қазіргі
заманғы техникалық құрал
саймандар мен аудио-бей-
не жабдықтарды пайдаланады.
Сандық телевизияның өмірге
дендеп енуі жаңа талпыныстарға
жетелеуде. Орал мен Балқаштағы,
Өскемен мен Ақтөбедегі, Ақтау
мен Петропавлдағы, Сайрам мен
Тараздағы, Есік пен Талғардағы
тəуелсіз телерадио стансалар
тура лы да осындай жағымды
пікір айту орынды.
Осыған орай жергілікті ком-
панияларда, сондай-ақ, қауым-
дастықтың бас кеңсесі орналас-
қан Алматыда телерадио маман-
дарымен тренинг-резиденция-
лар, байқаулар, фестивальдар
өткізу дəстүрі бар. Онда əлемнің,
Қазақстанның белгілі журналист
мамандары мен танымал құқық
қорғаушылары, менеджерлері
дəріс оқыды. Мезгіл-мезгіл аумақ-
тар да контенттік сараптамалар
жа салынып тұрады. Осы жыл-
дар ішінде қауымдастықтың
бірқатар шет мемлекеттерде
(Ресей, АҚШ, Грузия, Түркия,
Чехия, Қырғызстан, Тəжікстан,
тағы да басқа елдер) көшпелі
шығармашылық жиындар өткізіп,
өзара тəжірибе алмасқанын да
айта кеткен жөн.
Бір сөзбен айтқанда – Қазақ-
станның тəуелсіздік жылдары
отау құрып, еліміздің дамуы
са ты ларының жүгін бірлесе
көтерісіп, өзі де қатар өсіп-өркен-
деген Ұлт тық қауымдастық Ұлы
көшке қал-қадерінше үлес қосып
келеді əрі болашақта да мейлінше
қоса беретіні даусыз.
Сөз соңында Ұлттық қауым-
дас тықтың жаңа президенті ту-
ралы азын-аулақ мəлімет ұсын-
ғанды жөн санадық. Шəкизада
Əбдікəрімов – Қазақ станға жəне
телевизия саласындағы білікті
менеджерлік қызметі арқылы
жақсы танымал белгілі жур-
налист, үлгілі басшы. Бірне-
ше жыр жинақтарының авто-
ры, жігерлі ақын. «Ерен еңбегі
үшін» медалі мен «Құрмет» ор-
денінің иегері, Қызылорда об-
лыстық мəслихатының депутаты.
Аумақтағы 400 мыңдай көрер мені
бар тəуелсіз «Қоғам-ТV» телеар-
насының бас құрылтайшысы.
Соңғы өткен басқарма жиынын-
да Қазақстандағы тəуелсіз 22
теле рнаның басшылары белсенді
азаматтан қауымдастықтың ал-
дағы уақытта мемлекеттік ұйым-
дармен бірлесе, ынтымақтаса
қыз мет атқаруда тəуелсіз теле-
радио хабарларын тарататын
стан салардың жұмысын одан əрі
жандандырады деген зор сенім
артты. Сол себепті де Шəкизада
Əбдікəрімовті Қазақстан Ұлттық
телерадио хабар таратушылар
қауымдастығының президентіне
ұзақ мерзімге бірауыздан сай-
лады. Сөйтіп, жаңа басшының
Ұлттық қоғамдық қауымдастық
жұмысына кəсіби тұрғыда шығар-
машылық жаңа леп əкеле тініне
үміт артып отыр.
АЛМАТЫ
Тәуелсіз телерадио арналар
15 жылдан бері халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуде
Жүлдегерлер
Қазақстан Ұлттық телерадио хабар таратушы-
лар қауым дастығы қоғамдық ұйымның жаңа
президентін сайлады.
Сүлеймен МƏМЕТ,
«Егемен Қазақстан»
Жылдың үш мезгілінде білім
алып, тəрбие үйреніп, жадырап
жаз келгенде демалысқа шығатын
оқушыларға жағдай жасау бас-
ты парыз десек, осыны биік дəре-
жеде атқарып келе жатқан, қазірдің
өзінде «Қазақ Артегі» деген атқа
ие бола бастаған, Арқа төсіндегі
алтын түйме секілді ұл мен қыздың
көзайымына ай налған, айналасы
көз тартатын Бурабайдағы жыл
бойы жұмыс істейтін «Балдəурен»
кешені дер едік. Бұл кешен Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей
қолдауымен «Артек» халықаралық
балалар орталығы негізінде 2002
жылы ашылып, жұмыс істеп келе
жатыр. Ел дəулеті артып, əулеті
өскен тұста балаларды сауық тыру
орталы ғына сұраныс күн өткен сай-
ын арта беретіні анық.
Тəуелсіз елдің ұрпағы бір барып
көрсем деп ар мандайтын ұлттық
артек қа лыптастыру керектігін ке-
зінде «Егемен Қазақстан» газеті
көтеріп, ауасы тұнық, суы таза
Ота нымыздың барлық өңір лерінен
«Балдəу реннің» бөлім шелерін
ашу жөнінде мə селе қозғаған еді.
Сол бөлім шелерден жасақталған
үздіктерді «Балдəурен» «Қазақ
Артегіне» жіберу туралы ойда
алға тартылған. Ондағы сүйенген
бағ дарымыз КСРО заманын да-
ғы «Қырым артегі» болатын.
– «Балдəурен» жыл бойы 6 мың-
нан аса оқушылардың демалуы-
на жағ дай жасайды. Біз қазір тек
өз Отанымыздың аясында қалып
қоймай, əлемдік деңгейдегі ба-
лалар демалатын орталықтармен
тығыз байланыс жасап келеміз.
Жақсыны жатырқамай жетілдіре
отырып биік деңгейге жеткізу бас-
ты бағыт болып саналады. Біз дің
кешенде 2010 жылы 98 мемлекетті
қамтыған 51-ші халықаралық ма -
тематика олимпиадасы өтті. Ар-
тегіміздің жалпы аумағы да мол.
«Балдəуреннің» аясын кеңейтіп
жатырмыз. Маң ғыстау облысының
Кен дірлі өңірінен осыдан екі жыл
бұрын бөлімшесін ашқан едік. Қазір
жүйелі жұмыс жалғасуда. Мың-
даған бала жазғы демалыстарын
сонда өт кізуде. Сондай игі қадам
оңтүс тік өңі рінен де өз шешімін
тап ты. Нақтылай түссем, Ал маты
облысы Қапшағай су қой масының
жағалауындағы «Алтынемел» пан-
сионаты базасында бөлімшеміз
биылдан бастап жұмыс істей ба-
стады. Осының бəрі Білім жəне
ғылым министрлігінің қолдауымен
жү зеге асып жатқанын айта кету-
ге тиістімін, – деген еді дидарласу
үстінде «Балдəурен» рес публикалық
ғылыми-əдіс темелік, сауығу жəне
оқу-педагогикалық ұйымдастыру
орталығының директоры Мұхиддин
Төлепбай.
Жақында Қапшағай қала сының
солтүстік жағалауына ор наласқан
«Алтынемел» пан сионатындағы
«Балдəурен» орталығында болған
едік. Та биғаты тамаша, Қапшағайдың
жа құты саналатын Іле өзе нінің суы-
мен көркем астасып жатқан орталық
əрлі де əдемі. Құмды жағалау, мөл-
дір таза су, күн нұрымен ажары
ашыл ған алуан түрлі бассейндер,
айналасындағы жұпар иісі аң қыған
гүлзарлар ерекше есте қалады. Еңселі
ғимараттар ішіне қойылған жи-
һаздар, балалардың денсаулығына
қызмет көрсететін емдеу кешені, күн
бұлтты күндері суға түсетін үй іші
бассейндері – бəрі де жарасым тапқан.
– Біздің орталыққа балаларын
жіберген ата-аналар уайым дамасада
болады. Де ма луына, денсаулығына
қажет бар лық мүмкіндіктер қара с-
ты рылған. Олармен жұ мыс іс тейтін
«Жастар» педа гоги калық тобының
қыз-жігіт тері мен ұстаздар қауымы
қыз метке кон курспен алынған, – де-
ген ор талық директоры Бірлік Бар-
жақ сымов лагерьдің жұ мы сымен
жан-жақты таныстырып шықты.
Оның айтуынша, балалармен
бірге ата-аналардың да демалуы-
на болады екен. Лагерь төңірегі,
кешен іші – бəріне де бақылау
тетіктері, сол секілді күн ыстықта
қосатын əр бөлмеге суытқыштар
қойылған. Лагерьдің жұмысы Білім
жəне ғылым министрлігі, өзге де
тиісті орын дардың бақылауында
екенін еске салды. Жаңадан іс
бастаған «Балдəурен» орталығы
тек қана жаз айында жұмыс істеп
қоймай, өзге маусымдарда да
қыз метін жал ғастыра бермек ниетте.
Қазірдің өзінде бұл кешенде 100-
ге тарта бала демалып жатса, алдағы
уақытта көрсеткіш көбейетіні анық.
Келер жылы бір ауысымда 500-600-
ге дейін оқушы демалады деген
бағыт-бағдар айқындалып қойған.
Ал одан кейінгі кезеңде мүмкіндігі
шектеулі балалардың əрі оқып,
əрі демалуына жағдай жасалмақ.
Сонымен қатар, түрлі фестиваль-
дер, оқу конкурстарын, спорттық
жарыстарды өткізу де негізгі ныса-
нада екен.
Əрине, алда тұрған мін дет тер
де аз емес. Соның бас ты сы деп
орта лыққа келген оқу шылардың
арасындағы талантты, дарынды ұл
мен қызды Бурабайға сапарлату жай-
ын да қарастырамыз. Біздің осындай
ізденістерімізге кең-байтақ Ота ны-
мыздың өзге өңір лері де атсалысып,
балалар дың де малуына ыңғайлы
деген таби ғаты келісті, ауа райы
жайлы тау баурайларынан, өзен-көл
жа ғалауларынан, бастау, б ұ лақ маң-
дарынан, ұлт тық құн ды лықтар мо-
лынан шоғыр ланған құт мекендерден
артек бөлім шесін ашуға мүмкіндік
жа сап жатса, нұр үстіне нұр бо лар еді,
– дейді кешен басшылары.
Шынында, тəуелсіз елдің ұрпағы
талпынатын, бір көрсем, барсам деп
армандайтын, демалып жүргенде
достар тауып, солармен бауырласып
кетсем деген ұл мен қызға қажет
осындай игілікті іс қанатын жайып,
өрісін кеңейтсе, өркенді іс болары
анық. Бұл бүгінгі жастың өресін
өсірсе, келер ұрпақтың арманын
асқақтатары анық.
Алматы облысы
Еркін елдің ертеңі
«Қазақ Артегі»
қалыптасып келеді
9 шілде 2016 жыл
www.egemen.kz
8
КАПИТАЛДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ ЕСЕП
2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл ішінде
мың теңге
Құрауыштардың атауы
Жол
коды
Негізгі ұйымның капиталы
Бақыла-
майтын
меншік
иелерінің
үлесі
Капитал
жиыны
Жарғылық
(акцио-
нерлік)
капитал
Эмис-
сиялық
кіріс
Сатып
алынған
меншік
үлестік
құралдар
Резервтер Бөлінбеген
Достарыңызбен бөлісу: |