«Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдар, нұсқауымен) жауап іздейді. Өз ойларымен бөліседі.
(МК, Ж)Оқулықта берілген тапсырманы орындап үйренеді.
1-тапсырма Мұғалімнің көмегімен сахнаға жаңа спрайт қоямыз. Баланың аты – Тимур. Сахнадағы оқиға:Тимур алға қозғалды, сәлем берді, күтті, қозғалды, қоштасты, сахнадан шықты. Тапсырманың скрипті 4-сурет, орындалуы 5-суретте берілген.