130 бұйрық 7-қосымшасына сай Қмж келесі бетте



бет9/38
Дата16.10.2023
өлшемі4,18 Mb.
#116433
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
8-сынып 130 бұйрық қмж

2- эксперимент
Штатив, пробирка, су, мұз, жанарғы
Оқушылар жылу өткізгіштік заттың күйіне байланысты екенін дәлелдейді.Тәжірибе нәтижесін топта талқылайды.
Ерекше қабілетті оқушылар оқулықтағы 2-жаттығу бойынша 1,2,5,6 сұрақтарға дайындалып, басқа топ мүшелеріне сұрақтар қояды.
2-топ Конвекция
1-эксперимент
Оқушылар сынауыққа су құйып жоғарғы жағынан қыздырады, оның төменгі және жоғарғы жағындағы температураны салыстырады. Оқушылар судың жылу өткізгіштігіне байланысты тиісті қорытынды жасайды.
2-Эксперимент
Оқушылар сынауыққа су құйып төменгі жағынан қыздырады, оның төменгі және жоғарғы жағындағы температураны салыстырады. Оқушылар бірінші және екінші эксперимент арасындағы айырмашылықты түсіндіреді.
Сұйықтарда жылу қалай берілетінін топта талқылайды.
3 – эксперимент Конвекция құбылысын сипаттау үшін қыздырғыш плита, колба, перманганат калий түйіршіктері берілген.Осы құралдарды пайдаланып сұйықтарда жылу төменнен жоғарыға қарай берілетінін дәлелдеп, тәжірибеге қорытынды жасайды. Топ мүшелеріне жетелеуші сұрақтар қоюға болады. Мысалы:
1.Судың төменгі қабаты қызғанда , оның көлемі қалай өзгеретін сипаттаңдар.
2. Судың төменгі жағындағы қызған қабаты мен жоғарғы жағындағы салқын қабаты неліктен орын ауыстырады
3.Неліктен конвекция газдар мен сұйықтарда жүретінін болжаңдар
4.Заттың қандай күйінде конвекция жүру мүмкін емес? Жауаптарыңды негіздеңдер
Ерекше қабілетті оқушылар оқулықтағы 3-жаттығу 1,2,3 сұрақтарды дайындалып, басқа топ мүшелеріне сұрақтар қояды.
3-топ Сәулелену
1-эксперимент
Плитканы қыздыру, қызған плиткаға қолымызды жақындатамыз.Жылу бізге қалай беріледі ?
Тірек сөздерге назар аударыңдар?
Біздің қолымыз бен плитка арасында не бар?
А уа жылуды қалай өткізеді ( қатты заттар мен сұйықтарға қарағанда?
Мысалы плиткаға қасықты қойсақ ол тез қызады, ыдыстағы суды қойсақ олда тез қызады)
2-эксперимент Қажетті құралдар сұйықты Монометр ( газдың немесе сұйықтың қысымын өлшейтін құрал ), жылу қабылдағыш ( оның құрлысына назар аударыңдар), стол лампасы немесе электр плиткасы
1.Монометрді жылу қабылдағышқа қосу, жылу қабылдағышты қыздыру
Монометрдегі сұйық бағаны орын ауыстырды.неліктен монометрдегі сұйық бағанының деңгейі өзгергені бойынша оқушылар болжау жасайды. Болжамдарыңды топ ішінде талқылайды.
2.Жылу қабылдағыш пен қызған дене арасына қағаз парағын қойып, нәтижесін бақылап талдайды.
3.Сәулелену қарқындылығы қашықтыққа және, температураға, беттің түсіне байланысты екендігін дәлелдейтін тәжірибені жасап, нәтижесін топта талдайды
4.Сәулелену қандай ортада жүзеге асады? Қатты , сұйық, газ немесе вакуум


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет