130 бұйрық 7-қосымшасына сай Қмж келесі бетте


-бөлім. Программалау (ортақ тақырып: «Дәстүр және фольклор»)



бет28/62
Дата10.04.2023
өлшемі1,31 Mb.
#81074
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62
Байланысты:
1 сынып цифрлық сауаттылық ҚМЖ (1)

2-бөлім. Программалау (ортақ тақырып: «Дәстүр және фольклор»)

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өзіңді тексер (бөлім бойынша қорытынды сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.4.2.1. программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch).
1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Сызықтық алгоритм құрады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Жоба скриптерімен жұмыс жасайды.
Кейбір оқушылар үшін:
Алгоритмді Scratch жобасына айналдырады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.










4. Топтастыру:

Оқушылар конвертті ашып, ішінен геометриялық фигуралардан қалағанын алады. Бірдей фигуралар топтасып, бір топқа бірігеді.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.



1-топ: «Төртбұрыштар»
2-топ: «Үшбұрыштар»
3- топ: «Жұлдызшатер»






Фигуралар салынған конверт



(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.
2 тапсырма.
Алдыңғы білім мен практикалық тапсырмаларды байланыстыру мақсатында төменде берілген кроссвордты шешеді.

Көлденеңінен:

  1. Алгоритм түрі

  2. Командалар жиыны

  3. Іс-әрекеттер реті

  4. Алгоритмнің әр қадамы

Тігінен:

  1. Сахна кейіпкері

  2. Іс-әрекеттер тізбегі




ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Интерактивті тақта






Жұмыс дәптеріндегі №1 тапсырманы орында.

Анықтамаларды сәйкестендір.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.
22-бет

Жаңа сабаққа дайындық.

(Ұ). «Қане, қайтала!» ойыны
Ойын шарты: мәтінді оқып шыққаннан кейін қолдарына қалам мен қағаз алып, сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын өз іштерінен сайланған жүргізушіге өткізеді. Барлықтары сұрақ құрастырып болған соң, жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын ойластырады. Жауаптарын талдағаннан кейін, мәтін тәртібі бойынша орналастырады. Содан кейін өздерінің жауаптары бойынша құрастырылған мәтінді мазмұндап береді. Ойын соңында өз мәтіндерін берілген үзіндімен салыстырады. Ойын қорытындысы бойынша ең белсенді оқушы анықталады.

Сабақтың ортасы
(26 мин)

(Ж) 3- тапсырма
Ғабитте қазына жасырылған карта бар. Карта бойынша жүру командалары: алға, артқа, оңға, солға. Мысалы, солға, алға қарай 4 м (2-сурет).
1. Қазынаны іздеу оқиғасын сөз арқылы сипаттайды.
2. Ғабиттің іс-әрекетінің блок-сұлбасын құрады.

Жұптық жұмыста белсенділік көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Оқулық






(Ө) 4- тапсырма
1) 2-суреттегі жобаға атау бер. Себебін түсіндір.

2) Қолданған командаларға тиесілі блоктарды анықта.



ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»







***.(Т) 5- тапсырма
Әлия табиғат аясында серуендеуді ұнатады (4-сурет). Оның сөзбен сипатталған қозғалыс алгоритмі берілген. Осы алгоритмді Scratch жобасына айналдыр.

ҚБ: Топтық жұмыста белсенділік көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»







*(Т). №6-тапсырма.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын білесің бе? Оларды ішек санының кемуіне қарай орналастыр.
Дескриптор:
- Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын атайды.
- Оларды ішек санының кемуіне қарай орналастырады.

ҚБ: Топтық жұмыста белсенділік көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»







Жұмыс дәптеріндегі №4тапсырманы орында.

4. Суретте қай ертегінің кейіпкерлері бейнеленген?
1)Іс-әрекеттердің ретін дұрыс қой.
2) Суретке қарап, оқиғасын құрастыр.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.
21-бет

Сабақтың соңы
7 мин.


Сабақты бекіту. Рефлексия.



(Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.



  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет