14. Сынып жетекшіснің сыныптан және сыныптен тыстәрбие жұмысы


Оқушылар мерекесінің тәрбиелік тиімділігінің педагогикалық шарттары



бет7/8
Дата22.12.2023
өлшемі26,21 Kb.
#142757
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
тәрбие 14-25

24. Оқушылар мерекесінің тәрбиелік тиімділігінің педагогикалық шарттары.
Оқушылардың бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыруда мектептегі мерекелердің педагогикалық маңыздылығын қарастырып әрі талдап көрейік.. Мерекелер оқушылар мен мұғалімдер ұжымының еңбек, шығармашылық, рухани, интеллектуалды өмірін байытады, балаларды батыл, белсенді, инциативті болуға тартады. Сондықтан, біз қазіргі жағдайда мерекесіз және мерекелеусіз мектептің оқушы ұжымын және кез-келген тәрбиелік қызметті елестету мүмкін емес деп есептейміз.
Әрбір мектеп мерекесі өзге кез-келген тәрбиелік іс-шарада кездеспейтін балалық пен жасөспірім әлемін кереметпен, әдемілікпен, қайырымдылықпен, сеніммен, сыйластықпен және сүйіспеншілікпен, т.б. бір-біріне жақындата алады.
Мектеп мереклеренің тәрбиелік әлеуеті нарықтық және гуманитарлық принциптер негізімен тығыз байланысты. Себебі, оқушылар мерекені дайындап, өткізу барасында көптеген нарықтық қатынас элементтерімен беттеседі. Сонымен, оқушылар мереке өткізу барысында, викториналарды шешуде, нарықтық ұғымдардың, терминдердың кейбірімен таныс болады.
Теориялық зерттеулер мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында біз ауыл мектептерінің тұрақсыз және қарама-қайшы қарым-қатынастарының негізгі педагогикалық себептерін анықтадық. Ол себептер мыналар: 
- мұғалімдердің көбісі (60%-ға жуығы) мектеп мерекелерінің тәрбиелік әлеуетін дұрыс анықтап бағалай алмайды, мерекелердің қандай әлеуметтік құндылықтар бере алатынын, басқа тәрбиелік шараларға қарағанда алатын орны, рөлі қандай екенін түсінбейді; 
- ауыл мұғалімдерінің мектеп мерекелеріне бір жақты қарамау себебі, олардың көбісі бұрынғы қоғам дамуының социалистік принциптерімен байланысты болғандықтан болып отыр.
- ауыл мұғалімдерінің мектеп мерекелеріне бір жақты қарамау себебі, олардың көбісі бұрынғы қоғам дамуының социалистік принциптерімен байланысты болғандықтан болып отыр
- қоғамдық-саяси жағдайлар, рухани-өнегелілік дағдарысы, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты қоғамның моральдық-психологиялық ақуалы жалпыалғанда күрделі әрі тұрақсыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет