5 қадам – стационар өтініштің тіркелген кезден бастап 2 күн ішінде Порталда жоспарлы емдеуге жатқызудың алдын ала күнін анықтайды;
6-қадам – стационармен госпитализация күні анықталғаннан кейін дәрігер Сізге жоспарлы госпитализацияға Жолдама береді. Жолдаманы Сіз емдеуші дәрігерден немесе үйге жеткізу арқылы ала алсыз.
7-қадам – емдеуге жатқызуды күткен мерзімде Сіз емдеуші дәрігердің бақылауында боласыз. Бақылаудың үздіксіздігі міндетті болып табылады.
8-қадам - Сіз жолдамада көрсетілген уақытта госпитализацияға келуге міндеттісіз. Күтпеген жағдаяттар туындаған болса (басқа жіті аурудың болуы, кету, билеттің болмауы т. б.) Сізге учаскелік дәрігерді уақытында хабардар ету керек.
Жедел госпитализация үшін: Кенеттен болған қатты жай-күйлер және өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулар, жазатайым оқиғалар, улану, жарақат алу, босану және шұғыл жағдайлар пайда болғанда жүктілік кезінде емделуші шұғыл тәртіпте ауруханаға жатқызылады.
1-қадам – жедел жәрдем дәрігерін шақыру, учаскелік дәрігерді үйге шақыру, оған тұрғылықты тіркелген жеріндегі емханаға немесе стационардың қабылдау бөліміне тікелей жүгіну;
2-қадам – дәрігер (жедел жәрдем, емхана) шұғыл емдеуге жатқызуға көрсеткіштердің болуын анықтайды және тиісті бейіндегі стационарға жолдама береді;
3-қадам – жолдама арқылы жедел госпитализация үшін тасымалдау жедел жәрдем машинасымен, санитарлық авиациямен немесе жеке көлікпен жүзеге асырылады;
4-қадам – жедел госпитализация кезінде медициналық көмекті уәкілетті аумақтық денсаулық сақтау органы белгілеген тәртіппен стационарлық медициналық ұйымдар көрсетеді.
3.«Triage» — француз тілінен аудармасы «сұрыптау» дегенді білдіреді.Пациент қабылдау бөлімшесіне келіп түскен кезде арнайы оқытылған мейіргер 3Н — жүйесі (триаж — жүйесі) бойынша пациентке медициналық іріктеу жүргізеді, оның нәтижесі бойынша пациент дәрігердің қарауы үшін қабылдау бөлімшесінің тиісті аймағына жіберіледі. Екі немесе одан да көп пациент келіп түскен жағдайда медициналық іріктеуді екі немес одан да көп қызметкер бір уақытта жүгізе алады.Пациенттің жағдайын бағалау 60 секундтан аспайды.Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттер 3 топқа бөлінеді:
бірінші топ (жасыл аймақ) –медициналық көмекті аздап қажет ететін және одан әрі амбулаториялық емделу үшін үйіне жіберілген пациенттер және жоспарлы емдеуге жатқызылған пациенттер.
екінші топ (сары аймақ) – қабылдау бөлімшесіндегі төсекте жатқан шұғыл немесе кезек күттірмейтін көмек көрсетуді қажет етпейтін (немесе қабылдау бөлімшесінде бірнеше сағатқа байқауға қалдырылған пациенттер), сондай-ақ диагнозын нақтылау мен саралауға қалдырылған пациенттер;
үшінші топ (қызыл аймақ) – қабылдау бөлімшесінде шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер.
Бағалау аяқталғаннан кейін пациент арнайы іріктеу санатының түсімен белгіленіп, білегіне бирка байланады.
Білім алушының қолы ________________
2020 ж. "мамыр" 28 _______________________________________________________________________________
(«Әдістемелік жетекші)