3.Иық артериясынан артериалды қысымды өлшеу- іс әрекет алгоритмі: АҚ өлшегенде мына ережелерді сақтау қажет: 1.Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау. Науқас орындықтың арқасына тіреп отыруы (немесе жатуы керек) қажет, 5-минуттық демалудан кейін өлшеу тыныштықта жүргізіледі. Тіреу болмаған жағдайда, өлшегенде алынған сандар шын мәнінде 7/11мм.с.б.б. жоғары көрсетеді.
2.Науқас отырғанда аяғын айқастыруға болмайды.
3.Кофе және қою шай қабылдамау (тексерудің алдында бір сағат бұрын), темекі шекпеу (30 минут ішінде), симпатомиметиктерді қолданбау (назалды және көз тамшылары).
4.АҚ өлшеу алдында қуықты босатып (кіші дәретке бару) алу қажет, себебі толып тұрған қуық қысымы артериалды қысымды 15/10 мм.с.б.б. дейін көтеруі мүмкін.
5.Қысымды өлшеп жатқанда сөйлесуге және қозғалуға болмайды.
6.Екі қолды да өлшеу қажет. Кейіннен артериалды қысымның жұмыс деңгейі қалыптасқанда, қан қысымы жоғары болған қолын ғана өлшейді.
7.Манжет қысқа және/немесе тар болмауы керек, ол артериалды қысым деңгейін жалған жоғары көрсетуі мүмкін
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатып, ыңғайлы отырғанына тексеру керек.
2. Манжетті сол жақ қолға орналастырып, қолдың жүрек деңгейінде орналасқанына көзді жеткізу керек.
3. Манжетті дұрыс орналастыру (манжетпен қолдың арасынан бір саусақ өту керек).
4. Иық артериясындағы пульсті анықтағаннан кейін, шынтақ шұңқырына фонендоскопты орналастыру керек.
5. Сфигмоманометрдің вентилін жауып, пульс жоғалғанға дейін грушамен ауаны толтырамыз.
6. Вентилді ашамыз және баяу (2 мм/ сек артпай) манжеттен аyаны шығару керек.
7. Бір мезгілде фонендоскоппен иық артериясын тыңдап және манометрдің шкаласындағы көрсеткішті бақылап отыру керек.
8. Алғашқы тонның пайда болуы кезіндегі монометрдегі көрсеткішті систолалық қысым ретінде белгілеу.
9. Тонның жоғалуы кезіндегі монометрдегі көрсеткішті диастолалық қысым ретінде белгілеу.
10.Барлық ауаны шығарып, манжетті шешу керек. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұрғандығына көз жеткізу.
11.Фонендоскоптың басын 70% спиртпен екі рет залалсыздандыру.
12. АҚ көрсеткішін жазу.