14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан


Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп



бет43/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   102
Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп



Р/с


Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы



Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері



Әдістемелік жетекшісінің қолы

басталуы




аяқталуы


1.



Дәрілік заттарды сақталуына қойылатын талаптармен таныстым

09:00

10:00




2.



Науқасқа дәрілік заттарды ауыз,тіл асты енгіздім

10:00

11:00




3.

Науқастарға дәрілік заттарды тараттым

11:00

14:00



Бүгінгі тақырып бойынша:


1. Дәрілік заттарды сақтауда қойылатын негізгі талаптар
Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, сапасы мен сақталуына сыртқы ортаның факторлары, атап айтқанда ауаның дымқылдылығы, жарық, температура, басқа да ауа қосындылары мен қоршаған ортаның ластануы әсер етеді. Аталған факторлар дәрі-дәрмектер мен басқа да фармацевтикалық тауарлардың физика-химиялық қасиеттеріне әсер ете отырып, сапасын төмендетеді.
Дәрілік заттарды сақтау үшін реттелуден жоғары температура дәрі-дәрмектердің сапасын төмендететін физикалық-химиялық үрдістерді жылдамдатады. Сондықтан, дәрілік заттардың нормативтік құжаттарда анықталып, айқындалған сақталу температураларын ескеру керек.Дәрілік заттарды сақтайтын құрғақ бөлмелерде ылғалдықтың мөлшері 60% аспауы қарастырылады, ал жоғарғы ылғалдылық бөлмелерінде-65%.
Тауарлардың сақталу тәртібінің көрсеткіштерінің бірі жарық. Жарық, әсіресе ашық күн сәулесі дәрі-дәрмектерге көбіне теріс әсерін тигізеді, себебі тотығу үрдістерін жылдамдатады. Сондықтан, дәрілік заттардың көбін қараңғы жерде сақтау ұсынылады, мүмкін болмаған жағдайда (дәріханалық сауда залында) тауарларға күн сәулесінің түспеуі қарастырылады. Ол үшін дәрі-дәрмектер сақталатын бөлмелердің терезесі күн түспейтін жақтарға қаратылады, дәріханалық сауда залының терезелері перделермен жабылады.
Дәрілік заттарды сақтауда компьютерлік, кітаптық, картотекалық т.б. тәсілдердің қолайлы түрімен тауарлардың жарамдылық мерзімдерінің есебі жүргізіліп, үнемі бақыланады.
Дәріханалық қойманың тауарларды сақтау бөлімдерінің ішкі қабырғаларында тұтанғыш аспаптар мен еденнен 1,5-1,7 м жоғары және есіктен 3м қашықтықта термометрлер мен гигрометрлер ілінеді.Ауа тазалығын сақтау үшін тауарларды сақтау бөлмелері кондиционерлермен, арнайы желдеткіштермен жабдықталады.
Дәріханалық қойма, басқа да тауарлар сақтау бөлмелерінде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында едендер күніне кемінде бір рет рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау заттарын қолдана отырып, ылғалды түрде тазартылып отырылады.Атаулары үндес, ішу үшін қолданылатын күшті әсерлі жоғарғы дозаларымен ерекшеленетін дәрілік заттарды қатар және алфавитті тәртіпте орналастыруға болмайды.Сырқаттардың диагностикасы, алдын-алуы және емделуінде пайдаланылатын медициналық бұйымдар мен фармацевтикалық тауарлар келесі топтарға бөлінеді:

  • резеңке бұйымдары;

  • пластмассадан жасалған бұйымдар;

  • байлау-таңу материалдары;

  • медициналық техника құралдары мен жабдықтары.

Дәрі-дәрмектер, басқа да фармацевтикалық тауарлар сақталатын қойма бөлмелерінде және олардың аумақтарында кеміргіш жәндіктермен, басқа да зиянкестерге қарсы күрес жүргізу шаралары үнемі жүргізіліп отыруы қажет.Дәрілік заттарды сақтауда физикалық-химиялық қасиеттеріне және сыртқы ортаның әсер ету факторларына байланысты келесі топтарға анықталады:

  • жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін;

  • ылғалдың әсерінен қорғауды талап ететін;

  • ұшып кетуден қорғауды талап ететін;

  • жоғарғы температураның әсерінен қорғауды талап ететін;

  • төменгі температураның әсерінен қорғауды талап ететін;

  • қоршаған орта газдарының әсерінен қорғауды талап ететін;

  • иісті, бояғыш заттар;

  • дезинфекциялау заттары;

  • улы заттарды бөліп шығаратын т.б.;

  • тұтанғыш және жарылғыш заттар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет