14. Топсеруен сабағының оқушыларда білім-білік игерудегі рөлін тұжырымдаңыз


Биологиялық білім жүйесі: теориялар, заңдар, заңдылықтар және фактілерін өз сөзіңізбен айтыңыз



бет3/5
Дата15.12.2023
өлшемі26,38 Kb.
#138658
түріСабақ
1   2   3   4   5
47.Биологиялық білім жүйесі: теориялар, заңдар, заңдылықтар және фактілерін өз сөзіңізбен айтыңыз.
Теория (гр.theorіa–пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды. Теорияның мазмұны белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарға негізделіп, арнайы логикалық-методологиялық принциптер мен ережелерге сүйеніп баяндалады. Теория көбінесе болжамдық, тұспалдық сипатқа ие. Теорияның кең көлемді теориялық материалды жүйелеуге, сипаттауға бағытталған сипаттамалы немесе логикаға негізделген дедуктивті түрлері бар. Логикалық көзқарас тұрғысынан Теория өзара байланыстағы гипотетикалық-дедуктивтік жүйені құрайды. Кез келген теориялық қорытынды негізгі тұжырымнан (аксиома, анықтама, қағида) тұрады немесе бірнеше ой-тұжырымдардың логикенті қорытындысы (теорема, нәтиже) болып табылады. Эпистемологиялық мәнде Теория үнемі дамып, өзгеріп отыратын білімдер жүйесі. Қазіргі ғылым методологиясы Теорияның негізгі төрт құрамдас бөлігін айқындайды:
1. Теорияның теориялық тұрғыдан түсіндірілуге тиісті тәжірибелік нәтижелері мен деректік жиынтығынан тұратын эмпирикалық негізі;
2. Әр алуан жалпы заңдылықтар мен қағидаттардан тұратын теориялық негізі;
3. Белгілі бір логикалық және методологиялық реттегіштер;
4. Дәлелдерден, қорытындылардың жиынтығынан тұратын негізгі теориялық жүйе. Биологиялық ереже немесе биологиялық заң - тірі организмдерде байқалатын заңдылықтарды сипаттау үшін тұжырымдалған жалпыланған заң, принцип немесе ереже. Негізгі биологиялық факт - барлық тіршілік иелері жасушалардан тұрады. Бұл жасушалар органеллалар мен ақуыздардан тұрады, олардың негізгі қызметі ұйым болып табылады. Қозғалтқыш жасушалар-адам ағзасындағы ең ұзын жасушалар. Жасушалар туралы биологиялық фактілер адам ағзасында 75-тен 100 триллионға дейін жасуша бар екенін айтады.Биологиялық заң бұл ғалымдар ашқан арнай теорияға негізделген болады,заңдылық қалыптасып қойған теориялар,жердегі заңдылықтар,өсімдіктерге байланысты заңдылықтар болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет