14. Топсеруен сабағының оқушыларда білім-білік игерудегі рөлін тұжырымдаңыз


Биологиялық білім берудің заңдылықтары мен принциптерін өз сөзіңізбен жазыңыз



бет4/5
Дата15.12.2023
өлшемі26,38 Kb.
#138658
түріСабақ
1   2   3   4   5
74.Биологиялық білім берудің заңдылықтары мен принциптерін өз сөзіңізбен жазыңыз.
Биология әдістемесіндегі негізгі дидактикалық принциптер
Оқыту, тәрбиелеу және дамыту принциптерінің біртұтастығы.
Ғылымилық және жүйелік принциптері
Теориямен практиканың бірлігі принципі
Түсініктілік және көрнекілік принциптері
Саналылық және белсенділік принциптері
Оқу мен тәрбиелеудің мақсаттары міндеттерін жүзеге асыру-білім берудің мазмұнын құру мен таңдап алу оқытудың әдіс тәсілдерін жасау және пайдалану, оқу тәрбие үрдісінің ұйымдастырушылық формаларын қолдану. Сонымен дидактикалық принциптер мақсат міндеттерге сәйкес барлық оқыту үрдісінде реттеуші қызмет атқарады. Олардың оқыту практикасында маңызы зор және осы дидактикалық принциптерді сақтау нәтижелерге бірден бір себеп.
Оқыту принциптері мектеп тәжірибесінің тарихи дамуының теориялық негіздерін талдау арқылы анықталған. Каменский кезеңінен бастап классикалық педагогикада оқыту теориясының негізгі ережелері ретінде дидатикалық принциптерді негіздеуге және айқындауға әртүрлі әдіснамалық шаралар айтылды. Алғашқылардың бірі болып түсініктілік көрнекілік сәйкестік т.б. алынады. Биология әдістемесінің дамуымен сәйкес осы принциптер білім беру проблемаларын жасауда әдістер, құралдар және оқыту формасын жетілдіруге нақты қосымша ретінде болды.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде дидактикалық принциптердің жалпы қабылданған номенклатурасы және жіктелуі жоқ. Бұл кемшілік принциптерді оқыту шарттарын бөлу қиындықтарымен және принцинттің қолдану аясын анықтау қиындығымен байланысы. әр түрлі принциптерді классификациялаудың қиындығы ол олардың өзара байланысының көп түрлілігі мен айырмастай бірлігінде. Мысалы, ғылымилылық принципі, шынында өзінің құрамында мазмұнда ашуда реттік немесе сабақтастық кіретін жүйелілікті біріктіреді. Теория мен практиканың бірлігіі принциптік ғылымилылық принципімен және оқытудың бағыттылығы принципімен бірдей деңгейге байланысты тағы басқалар.
Принциппен байланысты өз алдына сұрақ болып, оқу тәрбие үрдісін педогикалық шарттары жөніндегі мәселер тұр. Ол оқу жүктемесі реттеуімен байланысты жағдайлар.
Биологияны оқытуда диалектикалық материализмнің жалпы әдістамалық принциптері негізінен туындайтын тек биологияға тән әдістемелік биологиялық принциптерді басшылыққа алу қажет.
Ерекше әдістемелік – биологиялық принциптер: себептілік, тарихилық тірілердің бірлігі принципі, табиғатқа кіру, өзара байланыс және өзара сәйкестік нақты әлемнің материалдылығы және танымдығы, табиғат заңдылықтарының қоғамның даму заңдылықтарына қарағанда алғашқы екендігін т.б. осы принциптер биология әдістемесінде дидактикалық принциптердің негіздемесі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет