14. Топсеруен сабағының оқушыларда білім-білік игерудегі рөлін тұжырымдаңыз


Биологияны оқыту әдістері, олардың критерийлері мен белгілерін өз сөзіңізбен жазыңыз



бет2/5
Дата15.12.2023
өлшемі26,38 Kb.
#138658
түріСабақ
1   2   3   4   5
44.Биологияны оқыту әдістері, олардың критерийлері мен белгілерін өз сөзіңізбен жазыңыз.
Сабақ беру әдістері ертеден бері қалыптасқан әдістегі ең басты мақсат оқушыға білім берудің ең ұтымды үрдістерін табу, іздеу. Олар негізінен:
1) практика
2) көрнекілік
3) сөз, әңгіме
4) оқулықпен жұмыс техникалық жүйелерді пайдалану.
Сабақты өткізу процесінің жҥйелік кезеңіне байланысты топтастыру әдістері.
1) білімді игеру
2) шеберлігімен дағдысын қалыптастыру
3) білімді іс жүзінде қолдану
4) шығармашылық қызметі
5) алған білімін бекіту, баяндау
6) білімін, шеберлігін, іскерлігін тексеру.
Танымдылық іс-әрекетіне байланысты сәйкес топтау.
- бейнелеу арқылы түсіндіру
- проблеманы мазмұндау
- зерттеу
- репродуктивті
1. Бейнелеу арқылы түсіндіруін басты мәні.
а) оқушыға білімді дайын күйінде ұсынады.
б) оқушыны дұрыс түсіну үшін мұғалім әр түрлі тәсілді пайдаланып, оқу процесін ұйымдастырады.
в) оқушы білімді қабылдап және есте сақтайды.
2. Репродуктивті әдістің басты белгілері:
А) білімді оқушыға «дайын» күйінде беру;
Б) мұғалім түсіндіріп әрі әңгімелеп береді;
В) оқушы оны саналы түрде ұғып, түсініп, есінде ұстайды. Оның критериясы-оқушының дұрыс жауабы.
3. Проблемалық ізденіс оқыту әдісі. Оқу проецестерінің кейбір кезеңдерінде оқушы кейбір проблемалық мәселелерді ӛзбетінше шешуге мүмкіншіліктері болмайды, сондықтан мұғалім бір жүйелілік бағытпен оқушыларды ӛзіне тартып, олардың белсеңділігін арттырады.
4. Зерттеу әдісі бойынша.
а) белгілі бір уақыт арасында бір проблеманы анықтап, оны шешуде оқытушымен оқушы бірге жүргізеді.
б) Оқушы проблема жайлы білмеуі керек әрі оны өз бетінше шешуі тиіс. Оны шешу жолын оқушы өзі қорытындылайды.
в) Зерттеу нәтижесі болса білімнің тереңділігі, нақтылығы айқын көрінеді. Сөздік әдіс
Әңгіме әдісі биологияны оқытуда жиі қолданылатын ауызша әдістің түрі.
Биологиялық ғылыми жаңалықтар ашылуын, ғалымдар өмірін, табиғаттағы қандай да бір құбылысты, деректерді сипаттау кезінде қолданылады. Әңгіме кезінде ұстаз ғылыми-көркем баяндау жүргізеді. Бұл кездерде тұтас, анық жағдайды беру үшін сөздік бейнелі көрнекілік пайдаланылады. Пікірлесу пікір алмасу тұрғысында болатын сұрақ- жауап түрінде оқу материалын талдау, оған мұғалім мен оқушы қатысады. Пікірлесудің мақсатты бағьтталғандығы мәнін ашу үшін алынатын нақты сұрақпен анықталады, оған оқушылар білімдері пайдаланылады. Пікірлесу белгілі бір қорытындымен тұжырыммен аяқталады. Көрнекі әдістер тобына тәжірибелер мен көрнекі құралдар көрсету, заттар мен құбылыстарды табиғи түрінде немесе көрнекі, сурет түрінде (сурет, сызбанүсқа, нақпішін, нобай) көрсету жатады. Мұғалім сөзбенен оқылатын нысанды бақылау, қарауды ұйымдастырады, ал оқушы, бақылай отырып оны ұғынады, қорытындылар жасайды және осы жолмен білім игереді.
Практикалық әдістер тобына биологияда оқылатын нысанмен немесе оқулықпен орындалатын жұмыс түрлері жатады. Оларды сабақтарда, зертханалық жұмыстар кезінде немесе практикалық сабақтарда немесе танымжорықтарда, тірі табиғат мүйісінде, мектептің оқу-тәжірибе алаңында пайдаланады. Сабақтарда таратпа материалдармен немесе оқулықпен жұмыс жасай отырып оқушылар тікелей оқу нысандарымен қарым, бөлу, санау). Сөз осы барлық әдістср тобында қатысады, бірақ ауызшада оның қызметі – ол білім көзі, көрнекілік пен практикалықта сөз оқушылардың бақылауы мен практикалық жұмысты ұйымдастырушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет