ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІ ТАРИХЫН ДƏУІРЛЕУДЕГІ
1930–1940 ЖЫЛДАРДАҒЫ ІЗДЕНІСТЕР
В статье предложена периодизация казахской литературы 30–40 годов ХХ века с учетом
других концепций.
This article devotes scientific finds in periodic of Kazakh literature for 30–40 years of XX century.
There are scientific methods have been analysed in this way.
Сөз өнерінің табиғатын тану мен əдебиет тарихын зерттеудің өзекті арнасы əдебиет тарихын
дəуірлеу сияқты мəселемен сабақтас. Ал əдебиет тарихын ғылыми негізді зерттеуде оны белгілі бір
кезеңдерге, дəуірлерге бөліп қарастыру қай халықтың болмасын əдеби жəне классикалық мұрасын та-
нытып қана қоймайды, сонымен қатар көркемдік дамуындағы əдіс пен ағым табиғатын байыптауға да
өз септігін тигізеді. Сондықтан да əдебиет тарихын дəуірлеу мəселесін тек хронологиялық тұрғыда
кезеңдеу, оның басты дəуірлерін айқындау деп қана қарастыруға болмайды. Ол өз кезеңінде əдебиеті-
мізде көрініс тапқан көркемдік əдіс, əдеби ағым табиғатымен де тығыз бірлікте қарастырылуы қажет.
Ұлттық əдебиеттануда өз деңгейінде зерттеу нысанына алына қоймаған дəуірлеу мəселесі əдебиет тари-
хын тану, зерттеудегі ғылыми-зерттеушілік ой-пікір идеология талабындағы ұстанымға да тəуелді бол-
ғанын назардан тыс қалдыра алмаймыз. Алайда қазақ əдебиетінің тарихын дəуірлеудегі маркстік-ле-
ниндік əдіснамаға сай жүргізілгенімен, жаңаша байыптаулар, соны көзқарастар болмады деп те айта ал-
маймыз. Бұл ретте 1930–1940 жж. қазақ əдебиетінің тарихын дəуірге бөлуде айтарлықтай табыстарға
қол жеткізілді. Осы мəселеде алғаш көрінген əдебиетші-ғалым Б.Кенжебаев болды десек, бұл бағытта-
ғы Қ.Жұмалиев, Е. Ысмайылов, С.Мұқанов ізденістері де проблемалық сипатымен ерекшеленеді.
Əдебиет тарихын дəуірлеу, кезеңдерге бөлу мəселесіне қозғау салған ұлт əдебиетінің ғылыми
жəне тарихи курсын жасау болғаны мəлім. 30-жылдар ойранынан бірлі-жарым аман қалған əдебиет-
ші-ғалымдардың бұл іске мұрындық болып қана қоймай, əдебиет танудың қандай да болмасын келелі
мəселесіне қозғау саларлық сипаттағы ізденістерінің бүгіндері де өз құндылығын танытып отырға-
77
нын байқар едік. Əрине, əдебиет тарихын дəуірлеуде ұстанған принциптерінде бүгінгі күн биігінен
қарағанда олқылықтарының болуы да заңды. Ол ғылыми-зерттеушілік ізденістерге тəн іркілістерге
де, маркстік-лениндік əдіснамамен байланысты таптық, партиялық талаптарға да байланысты болға-
ны айтпаса да түсінікті.
1930-жылдары оқулықтардан гөрі хрестоматиялық сипаты басым оқу құралдарын шығару тен-
денциясы орын алды: Əуезов М. «Жеткіншек, ересек мектептерге арналған оқу құралы», Қызылорда,
1930; Майлин Б., Мұқанов С. «IV жыл оқу кітабы», Алматы, 1930; Жансүгіров І., Сейфуллин С., Мə-
меткеліні Ə., Майлыұлы Б. «Əдебиеттану оқу кітабы», Қызылорда, 1931; Сейфуллин С. «Қазақ əде-
биеті. Билер дəуірінің əдебиеті», Қызылорда, 1932; Жансүгірұлы І., Мүсірепов Ғ. «Көркем əдебиет
жинағы. Орта мектептің 6-оқу жылы үшін», Қызылорда, 1933). 1936 ж. С.Əлімбаев, Ə.Қоңыратбаев-
тың 3 класс үшін, 1937–1938 жж. М.Əуезовтің 6 класс үшін, Үсеновтің 9 класс үшін, М.Жанғалиннің,
С.Ерубаевтің 10 класс үшін, Ə.Тəжібаевтің 5 класс үшін, Д.Əбіловтің 7 класс үшін, С.Мұқанов пен
Бекхожиннің 8–10 кластар үшін, Е.Ысмайловтың 9 класс үшін əдебиет хрестоматиялары шығып, мек-
тептерді оқу құралдарымен қамтамасыз етіп қоймай, əдебиет тарихын дəуірлеуде өзіндік үлестерін
қосты.
Бəріне жеке-жеке тоқталып кетпесек те, əдебиет тарихын дəуірлеуге қатысы бар еңбектерге тал-
дау жасауды жөн санадық. С.Сейфуллин өзінің «Қазақ əдебиеті» (1932) атты əрі оқулық, əрі хресто-
матиясында ауыз əдебиетін тегіне жəне түріне қарай бөліп қарастырады. Бүкіл ертедегі ауызша тара-
ған жəдігерліктерді «Билер дəуірінің əдебиеті» деп шартты түрде анықтаған. Дегенмен қазақ əдебиеті
тарихы мен фольклорды бірге қарастырған бұл еңбектің кемшілігін айтпасақ та, сол кездегі қазақ əде-
биеттану ғылымының ірі жетістігі деп білеміз. Əдебиет тарихын оқытуға арналған оқулықтар əдебиет
тарихын дəуірлеп, кезеңдеуде жаңа жобалар ұсынып қана қоймай, дəуірлеу мəселесінің əдебиет тари-
хындағы алатын орнын айқындап берді. Мəселен, 1933 ж. жарық көрген І.Жансүгіров пен Ғ.Мүсіре-
пов құрастырып шығарған «Көркем əдебиет жинағы» атты хрестоматияда XX ғасыр басындағы əде-
биетті үлкен 4 кезеңге бөліп қарастырған:
− I. Октябрь төңкерісі алдындағы бұқарашыл əдебиет (1914–1917).
− II. Октябрь төңкерісі мен азамат соғысы тұсындағы əдебиет.
− III. 1923–1928 жылдар аралығындағы əдебиет.
− IV. Реконструкция дəуірінің əдебиеті.
Ғалымдар əдебиет тарихын дəуірлеуде хронологиялық түрде оны қоғамдағы белгілі бір уақиға-
лармен қарастырған десек те, əдебиет тарихын дəуірлеуде 30-жж. басындағы ілгерілеу бар екенін
көрсетіп берді.
Əдебиет тарихын дəуірге бөлу, кезеңдеу проблемасы М.Жолдыбаев, М.Əуезов, Ə.Қоңыратбаев-
тар жазған «XIX–XX ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің оқу құралында» да тыс қалған жоқ. Ғалым-
дар əдебиет тарихының XIX жəне XX ғғ. бас кезенін қарастырғанмен, XVIII ғ. өмір сүрген Бұқар жы-
рауды тұңғыш əдебиетке енгізіп, өмірі мен шығармашылығынан мол мəлімет береді. Бұл 30-жылдар-
дағы қазақ əдебиеті тарихының дəуірге бөлудегі ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде əдебиет тарихының
бастауы XVIII ғ. жатыр дегенді айқындап тұр. Əдебиет тарихын «Өлкенің патша үкіметіне бағынып,
отарлану дəуірінің əдебиеті», «Бектік құлауға айналып өндіріс капиталы дəуірлей бастаған кезіндегі
əдебиеті» (1870–1905) жəне «Ұлтшылдық əдебиеттің бас кезі» деген үш кезеңге бөліп жүйелі түрде
талдау жасайды. Бұл еңбекте сол кездегі əдебиет тарихын дəуірлеуде, соны топшылаулар мен тың тұ-
жырымдарымен құнды.
1932 ж. С.Мұқановтың «XX ғасырдағы қазақ əдебиеті тарихы» атты оқулығы жарық көрген бо-
латын. Автор өз сөзінде «Əдебиет тарихы мектептерге құрал болу ниетімен жазылып отыр», —дейді.
Ғалым Т.Кəкішев «XX ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің шындығы мен дамуы жайында дұрыс ең-
бек С.Мұқановтың 1932 жылғы кітабынан кейін жазылған жоқ, зерттеу ісі жүргізілген жоқ» десе
1
, ға-
лым Ж.Смағұлов «С.Мұқановтың «XX ғасырдағы қазақ əдебиеті» оқулығы ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің əдебиет тарихын тексеруде тереңдей түсуіне əсер еткен қазақ əдебиеттану ғылымында əдеби-
ет тарихын дəуірге бөліп, зерттеудегі ізденісті жалғастырған, XX ғасыр басындағы əдебиеттің көр-
некті дарындарының творчествосын тексеруді қолға алу қажеттігін көрсете келе, мектептерде əдеби-
ет пəнін тарихи курс ретінде жүргізуіне бастама салған еңбек деген тұжырымға келеміз деген баға бе-
реді
2
. Е.Ысмайылов «Қазақ əдебиеті тарихын жасау туралы» атты мақаласында қазақ əдебиетінің та-
рихын кезеңдерге бөлуде оны 3 бөлімге бөліп қарастырған:
1) қазақтың фольклоры;
2) XVΙΙΙ-ХІХ ғасырлардағы қазақ əдебиеті;
3) XX ғасырдағы қазақ əдебиеті
3
.
78
Автордың əдебиет тарихын осындай үш кезең тұрғысынан қарастыруы дəуірлеу мəселесіндегі
алғашқы бастама болуымен бағалы десек, əдебиетші дəуірлеуге хронологиялық тұрғыда жүйелегенін
аңғарамыз. Ал ғалымның назарынан ежелгі дəуір əдебиеті мен ХV–ХVІІІ ғғ. қазақ əдебиетінің тыс қа-
луын айтпағанда, ХVІІІ ғ. дейінгі əдебиетті фольклорлық мұрамен қосып қарастыруында да ғылыми
дəйексіздік жатқанын байқаймыз. Əдебиет тарихын дəуірлеуде Е.Ысмайыловтың жаңа əдеби шын-
дыққа негіздеп жазылған 1941 ж. жарық көрген «XX ғасыр қазақ əдебиеті оқулығы» болатын. Ғалым
XX ғ. оқулығында қазақ əдебиетінің даму жолын іштей жіктеп, жүйелеп ғылыми-эстетикалық талдау
жасайды. Алғашқылардың бірі болып қазақ əдебиеті тарихын ағым, бағыт бойынша əдеби шындыққа
негіздеп, XX ғ. басындағы əдебиетті «сыншыл реализм əдебиеті» жəне «демократияшыл əдебиет» деп
екіге бөліп, сол ағым, бағытта қалам сілтеген ақын-жазушылардың шығармаларын талдап, жүйелеп,
жіктеп береді. Е.Ысмайыловтың «қазақ əдебиетінде «сыншыл реализм» Асан Кайғы, Бұқар жыраудан
басталып, Шортанбайдың заманында толық қалыптасты» деген сөзінен ғалымның сыншыл реализ-
мнің қалыптасу жолын көрсету арқылы қазақ əдебиеті тарихының бастауы Асан Қайғыда, яғни XV
ғасырда, жатыр деген ойдың ұшын аңғарамыз. Ал қазақтың «демократияшыл əдебиетінің негізі —
фольклорда» дегенінен қазақ əдебиеті тарихының қайнар көзі ерте дəуірлерде жатқандығын айтып
тұрғандай. Ғалымның бұл тұжырымдары сол кезеңнің талабынан кемшіліктерге ұрынса да, əдебиет
тарихында ағым, бағыт бойынша əдебиет тарихын жүйелеген елеулі еңбек болып қала бермек. Е.Ыс-
майыловтың Т.Ақшолақовпен бірігіп құрастырған «Əдебиет хрестоматиясы» ғылыми-зерттеушілік
сипаттағы оқулық хрестоматия дəрежесінде көрінді. Бұл оқулық əдебиет тарихын зерттеу, ондағы же-
ке дарындардың алатын орнын белгілеу мен дəуірге бөлуде зор қызмет атқарды. Е.Ысмайыловтың
мақаласындағы дəуірлеу, кезеңдерге бөлу өзге де əдебиетшілер мақалалары арқылы заңды жалғасын
тапты. Мəселен, Б.Шалабаев «Қазақ əдебиеті тарихын жасаудағы кейбір принциптер туралы» мақала-
сында əдебиет тарихын зерттеудің маңызды əдіснамалық мəселелерін, соның ішінде дəуірлеу, кезеңге
бөлуде ұстанар басты принциптерді, орынды көрсете білген. Автор əдеби мұраның мəн-маңызын дұ-
рыс екшей отырып, ақын-жазушы мұрасын сол тұста дендеп тұрған «тұрпайы социологизм» тұрғы-
сынан, шыққан тегіне қарай емес, шығармашылық құндылығымен əдебиеттегі алар тарихи орнына
сай зерттеу керек деген пікір білдірді
4
. Сондай-ақ əдебиеттің халықтығы, реалистік сипаты туралы
байламдары да Б.Шалабаевтың əдебиет тарихын зерттеуде ұстанар ғылыми принциптерге терең бара
білгенін көрсетеді. Автордың əдебиет тарихын жасауға қояр ғылыми талаптарды дұрыс байыптап қана
қоймай, оның əдіснамалық, ғылыми принциптерін де зерделеуге ден қойғанын атап өту қажет. Ал əде-
биет тарихын дəуірлеуде Е.Ысмайылов жүйесін қолдайды.
Əдебиет тарихын дəуірлеу, кезеңге бөлудегі алғашқы мақалада қазақ əдебиетінің ХVІІІ ғ. əде-
биеті басты нысанада болғанын байқаймыз. Е.Ысмайылов, Б.Шалабаев мақалалары соған дəлел де-
сек, Қ.Жұмалиев мақаласында да қазақ əдебиеті тарихының алғашқы дəуірін ХVІІІ ғ. бастайды. Ға-
лым қазақ əдебиетінің тарихын Бұқар жыраудан бастай отырып, мынадай дəуірлеу жүйесін ұсынады:
− ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы əдебиет;
− XΙX ғасырдың бірінші жартысындағы əдебиет;
− XΙX ғасырдың екінші жартысындағы əдебиет;
− XX ғасырдың басындағы əдебиет
5
.
Ғалымның қазақ əдебиетінің тарихын Бұқар жыраудан бастауының өз кезінде үлкен ғылыми-
зерттеушілік мəні, маңызы болғанын айта отырып, бұл байлам түзетіліп қана қоймай, тереңірек зерт-
теліп Б.Кенжебаев, М.Мағауин ұстанған концепциясы жетекші бағытқа ұласқаны мəлім.
Қ.Жұмалиевтің əдебиет тарихын дəуірлеуде белгілі бір дəуірді іштей кезеңдерге жіктеп қарас-
тырғанын көреміз. Осы мақала кейін Қ.Жұмалиевтің орта мектептің 8-ші класына арналған «Қазақ
əдебиеті» 1942 ж. еңбегінің жарық көруіне негіз болды. Бұл кітапта қазақтың ауыз əдебиеті мен
XVIII–XIX ғғ. əдебиеті жайында жүйелі, жинақты талдау береді. Мұнда фольклор мен өткен ғасыр-
лар əдебиеті туралы жасалған көптеген ізденістердің сол тұстағы қорытындысы, жиынтық сөзі ай-
тылған десек те болады. Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиевтің əдебиет тарихын дəуірлеу мəселесіндегі ізде-
ністері С.Мұқановтың «XVΙΙΙ–XΙX ғасырлардағы қазақ əдебиеті туралы» атты мақаласымен толығып
келелі тақырыпқа арқау болды.
С.Мұқанов əдебиет тарихының айтылуы дəуірін, айшықты кезеңін байыптауда тың бағыттағы
жаңашыл тұжырым-ұсыныспен көріне білді. Атап айтқанда:
1) Алтын-орда тұсындағы əдебиет;
2) Астрахан, Қазан хандықтарының тұсындағы əдебиет;
3) «Ақтабан шұбырындының» тұсындағы əдебиет, —
деп дəуірлеуі тың ізденіс еді
6
.
79
Алтын Орда, Астрахан, Қазан хандықтарының тұсындағы əдебиет деп көрсетуі, əрине, XΙΙΙ ға-
сырды, сондай-ақ түркі тектес елдерге ортақ ежелгі дəуір əдебиетін меңзейді. Ал «ақтабан шұбырын-
дының» тұсындағы əдебиет ХVІІІ ғасыр екендігі түсінікті.
С.Мұқановтың əдебиет тарихын дəуірлеуде ХІІІ ғ. шеңберінде қалып қоймай, қазақ əдебиетінің
ежелгі арналарына да үңілуі сол тұстағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікір үшін аз олжа емес еді. Əсіресе
дəуірлеу мəселесін жете зерттеп, байыпты қарастыратын ежелгі арналарының да бар екеніне пробле-
малық назар аударуымен құнды болып табылады. С.Мұқановтың əдебиет тарихының XVIII–XIX ғғ.
сипатын ашып берген «Қазақтың XVIII–XIX ғасырларындағы əдебиетінен очерктер» атты 1942 ж.
жарық көрген еңбегі болатын. Ғалымның сол ғасырларда өмір сүрген Бұқар, Махамбет, Мұрат, Шер-
нияз, Шортанбай, Нысанбай т.б. ақын-жыраулардың шығармаларын жүйелі түрде талдап, айқындап
берген бұл еңбегі 1940–1950 жж. сынаржақ сындарға ұшырағанын жақсы білеміз.
Егер де жылдардың соңына қарай қазақ əдебиетінің тарихын дəуірлеуде XVIII ғ. əдебиеті ғана
сөз болса, жылдардың басында қазақ хандығы тұсындағы əдебиет, яғни XV ғ. əдебиеті де, кеңінен қа-
растырыла бастады. Бұл ретте ғалым Б.Кенжебаев еңбегі айрықша аталады. Қазақ əдебиетінің тари-
хын дəуірлеуде ғалым ғылыми жүйелеудің тың жолын ұсынып қана қоймай, өз ұстанымын табанды-
лықпен қорғауға, оны дəйектілікпен дəлелдеуге күш сала білді.
Б.Кенжебаев қазақ əдебиеті тарихын дəуірге бөлудегі ізденістерге тəн ой-пікірлерді қорыта ке-
ліп, мынадай ұсынысын білдірді:
1) Қазақ хандығы тұсындағы əдебиет, яғни XV ғасырдың ортасынан бастап XVIII ғасырдың со-
ңына дейінгі əдебиет;
2) XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы əдебиет;
3) XIX ғасырдың екінші жартысындағы əдебиет;
4) XX ғасырдың алғашқы 20 жылындағы əдебиет;
5) Совет əдебиеті
7
.
Əдебиетші əдебиет тарихын дəуірлеуде сөз өнерінің халықтық, реалистік сипатын ғана емес, ең
бастысы оның əлеуметтік жəне тарихи негіздеріне де зерттеушілік мəн береді. Сол арқылы əдеби өр-
кендеудегі идеаялық арналарға үңіліп белгілі бір дəуір əдебиетіне тəн өзіндік ерекшелігін екшеуді
мақсат етеді. Бұл өз кезегінде əдеби бағыт арқылы дəуірлеу деген мəселеге апарады. Осы тұрғыдан
алып қарағанымызда Б.Кенжебаев əдебиет тарихын дəуірлеу, жүйелеу, кезеңдерге бөлуге жанрлық,
стильдік тұрғыдан қарауға да баса назар аударған деп айта аламыз. Мəселен, XV–XVIII ғғ. əдебиеті-
нің өкілдері (Асан Қайғы, Сыпыра жырау, Бұқар жырау) аталып қана қоймайды, осы дəуір əдебиетіне
тəн «қазақ халқының өз алдына елдігін қорғау, сақтау» болғанын екшеуі нақты дəлел бола алады. Ал
XIX ғ. екінші жартысындағы əдебиет өкілдерінен Досқожа, Күдері Махамбет, Нысанбай, Шернияз,
осы ғасырдың соңғы бөлігіндегі ақындар қатарында Шортанбай, Дулат, Мұрат, Біржан, Мəди, Орын-
бай, Ыбырай, Абай, Ақмолла аталады. Орыс əдебиетші-ғалымдары əдебиетті дəуірлеуде дəуір ұғы-
мына аса сақтықпен қарап периодиология, периодизация (дəуірлеу, кезеңдеу) деген тұрғыда қарасты-
ратынын айта кетуіміз керек. Сол себепті де дəуірлеу деген мəселеге терең мəн беруіміз қажет. Бұл
ретте Б.Кенжебаевтың XIX ғ. əдебиетін екі кезеңге бөліп, оны іштей үш жікте қарастыруында да үл-
кен мəн жатқандай. Мысалы, XIX ғ. əдебиетіндегі үш жікті: «ескішіл бағыт» (Шортанбай, Мұрат, Ду-
лат); «бұл пəнидің қызығын көріп қалу керек деушілер» (Біржан, Мəди, Орынбай) жəне халықты
оянуға, ілгерілеуге үндеушілер (Ыбырай, Абай, Ақмолла) деп көрсетуі соның айғағы.
Ғалымның əдебиет тарихын дəуірлеудегі ізденісіне тəн басты ерекшелігі хронологиялық тұрғы-
да ғана емес, əдеби бағыт, əдіс тұрғысынан келуге деген талпынысының да жаңашылық сипаты ай-
қын аңғарылады. Дəуірлеудегі ең тиімді тəсіл, принциптің бірі — əдебиет тарихын көркемдік əдіс,
ағым табиғатына сай жіктеу, кезеңге бөлу. Міне, осы талаптарға сай ізденісті бағамдағанда Б.Кенже-
баев мақаласының ғылыми мəні еселене түсетінін көруге болады. Атап айтқанда, шығармашылық
ерекшелік, тақырыптық-идеялық арна табиғатына қатысты ойлары мазмұн тереңдігімен байқалады.
Сондай-ақ XX ғ. алғашқы 20-жылындағы əдебиет жəне совет əдебиеті деп жіктеуінде де ғылыми не-
гізділік, дəйектілік басты орынға қойылған. Осы тұрғыда «əдебиет тарихын дəуірлеу мəселесі əдебиет
тарихын жасаудағы ең негізгі проблеманың бірі болса, оны қазақ əдебиеттану ғылымы өзінің туу ке-
зеңінің өзінде біршама дұрыс шешіп алды. Бұл ғылыми арна кейінгі ғылыми зерттеулердің бəріне не-
гізгі өзек, басты арна болды да, уақыт озған сайын осы ғылымның қалыптасу, өсіп-өркендеу жолына
байланысты толысып отырылды»
2
, — деген Ж.Смағұлов пікіріне ден қойсақ, 1930–1940 жж. əдебиет
тарихын дəуірлеудегі ізденістің маңыздылығы айқындала түседі. Ғылыми-зерттеушілік ізденістегі
мəнді арна əдебиет тарихын дəуірлеу проблемасы десек, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев,
Б.Шалабаевтың мақалалары осы бағыттағы ізденістер мен пікірлерді де айқын көрсетеді. Əсіресе
80
Б.Кенжебаев мақаласының проблемалық сипаты əдебиет тарихын дəуірлеудің əдіс, тəсілін жəне əдіс-
темелік негіздерін байыптауымен құнды.
Əдебиеттер тізімі
1. Кəкішев Т. Қазақ зиялыларының тағдыр талайы // Қазақ əдебиеті. — 1989. — 26 мамыр.
2. Смағұлов Ж. Қазақ əдебиеттану ғылымының тарихы. — Алматы: Қазақ ун-ті, 1994. — 215-б.
3. Ысмайылов Е. Қазақ əдебиетінің тарихын жасау туралы // Социалистік Қазақстан. — 1938. — 3-қырк.
4. Шалабаев Б. Қазақ əдебиеті тарихын жасаудағы кейбір принциптер туралы // Əдебиет майданы. — 1938. — № 11. — 36-б.
5. Жұмалиев Қ. XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ əдебиеті туралы // Əдебиет жəне искусство. — 1940. — № 9. — 62-б.
6. Мұқанов С. XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ əдебиеті туралы // Халық мұғалімі. — 1941. — № 6–8.
7. Кенжебаев Б. Қазақ əдебиетінің тарихы туралы // Социалистік Қазақстан. — 1941. — 15 маус.
ƏОЖ 82–3: 821. 512. 122
А.Б.Əшірбекова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
РОМАНДАҒЫ ПЕЙЗАЖДЫҚ КӨРІНІСТЕР
М.Мағауиннің «Шақан-Шері» романы негізінде
Статья посвящена проблеме человека и природы в казахских романах 70-80 годов прошлого
века. Исследование проводится на материале романа М.Магауина «Шақан-Шері».
This article devotes the actual problems of person and nature in kazakh romans for 70-80 years of
last centuru. There are peyzages from M. Magauin’s roman of “Shahan Sheri” is basic object. In the
article picturial conclusion of problem of person and nature in the societu had been showed.
Өткен ғасыр қазақ халқы үшін қуанышы мен қайғысына толы ғасыр болды десек қателеспейміз.
Ғасырлар бойы арман еткен тəуелсіздігіміздің таңы атып, өткен-кеткенімізге көз жіберіп, тарих сах-
насындағы жетістік-кемшіліктерімізді дөп баса айтатын əдебиет зерттеушілерінің ғылыми жəне көр-
кем еңбектері жарық көре бастады. Сонау ХV ғ. көне феодалдық мемлекеттің мұрагері ретінде қазақ
хандығы шаңырақ көтерді. Түрлі тарихи оқиғалар пəрменімен ХVІІІ мен ХІХ ғғ. аралығында Қазақ-
станның аймақтары Ресейдің империясының құрамына еніп, ұзақ жылдар бойы Ресей империясы та-
рихының қосымшасы ретінде қаралды.
Дегенмен де, ХХ ғ. басындағы аса ірі оқиғаларға көз жіберетін болсақ, мəдениет пен өнердің,
əдебиет пен адам санасының дамуына əр кезең өз өрнегін салып өтті. Кез келген халықтың рухани
əлеміне, болмыс-бітіміне, өре-деңгейіне заман заңдылықтары мен идеологиясы өз əсерін тигізбей
қоймады. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ əдебиетінің даму процесінде халықтық сөз өне-
рінің кəусар қайнарларын бір арнаға тоғыстырған, өзгеше кескін-келбетпен əрленген, тарихи кезеңнің
темірдей ауыр міндеттерін арқалаған сол арқылы қаламгерлік қоржынын молайта түскен елеулі руха-
ни құбылыс болғаны тарихтан мəлім. Тарихтың осындай ауыр жүгін арқалаған ойшыл, ақын, кемең-
гер қаламгерлер қатарына əріде Абай, Шоқан т.б. болса, беріде Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек,
Сұлтанмахмұт, Сəкен, Ілияс, Бейімбет, Шəкəрім т.б. жатады. Бұл кезеңдерде қазақ əдебиетінің халық-
тық фольклорынан нəр алып, қалам қарымында асыл қазынаны мейлінше мол пайдалана білді. Соны-
мен қатар шығыс мəдениеті де ежелден сусындаған түпсіз терең қазына десек қателік емес. Кезінде
ұлы жазушы М.Əуезов Абай нəр алған рухани бастаулары туралы айта келіп: «Абайда Батыстан кір-
ген белгіден гөрі Шығыс белгісі басымырақ, нығырақ. Батысқа келгенде ол арқасын Шығысқа, ақыл-
мен қорытып алған мұсылмандыққа нық тіреп алып келеді»,— деген екен
1
.
Қазақ əдебиет тарихының əр кезеңінің əдебиет сахнасынан алар орынының түрліше екені мəлім.
Біз сөз ететін ХХ ғасырдың 70–80 жж. қазақ сөз өнерінің, оның ішінде проза жанрының, көкейкесті
мəселесі ретінде қоғамдағы адам мен табиғат байланысы болды. Ғылыми техниканың дамыған уақы-
81
тында адамның табиғи ортамен санаспай табиғаттың тепе-теңдігін бұзуы, адамзат өзін тіршілік иесі-
міз, демек барлық ғарышты прогрестің жетістіктерімен бағындырамыз деген желеумен үлкен эколо-
гиялық зардаптарға душар етті. Ғалым, философ Ə.Нысанбаев өзінің еңбегінде: «ХХ ғасырдың соңы-
на қарай қоғамдық дамудың жанына батқан мынадай ғаламдық мəселелер болды:
− дүниежүзілік термоядролық соғыс қаупін сейілту жəне планетадағы əлем халықтарының өзара
сенім мен жалпыадамзаттық ынтымақ негізіндегі бейбіт өмір сүруіне қолайлы жағдайлар туғызу;
− адамзаттық өркениеттің айнала қоршаған табиғатқа жүргізген парықсыз өктемдігінен туында-
ған əлемдік экологиялық дағдарысты жеңу;
− батыстың дамыған индустриалды елдері мен басым көпшілігі аштық пен қайыршылық, сауат-
сыздық күйін кешіп отырған Азия, Африка, Латын Америкасы елдері арасындағы əлеуметтік-
экономикалық даму деңгейінің өсіп бара жатқан алшақтығын азайту;
− көптеген дамыған елдердің экономикалық жағдайын күрделендіріп отырған халық санының
есепсіз өсуін, яғни «демографиялық жаратылысты» реттеу;
− маңызды табиғи байлықтарға, азық-түлікке, шикізат пен энергия көздеріне бақылау жасау;
− бүгінгі ғылыми-техникалық революцияның жағымсыз зардаптарын болжай білу жəне оның же-
тістіктерін адамзат мүддесі үшін тиімді пайдалана білу»
2
, — деп ХХ ғасыр соңындағы ғалам-
дық көкейкесті мəселелерді дөп басады.
Адам — табиғаттың бір бөлігі. Ал қоғам сол адамдардан тұрады. Демек қоғам, адам, табиғат бұл
ұғымдар бір-бірімен тығыз байланыста болуы шарт. Қандай да бір қоғам болмасын қоғамды құрай-
тын адамдар, яғни адамзат өзін қоршаған ортаның, табиғаттың қадір-қасиетін түсініп, өмір бойы
аялауы, мейіріммен қарап, оны қорғауы тиіс. Адам өміріндегі, қоғамдағы болып жатқан оқиғалар та-
рихи деректерден ғана емес, əдебиеттің, көркем туындының негізгі нысанасына айналатыны белгілі.
Табиғаттың қазіргі жағдайын, оған жеткізген адамның іс-əрекетін немесе атқарған қызметін оқыр-
манға жеткізуші — қаламгерлер. Сондықтан қандай заман болмасын қаламгерлер көтеретін жүктің
ауыр екені мəлім. Суретші туындысында, ақын-жазушы шығармаларында, мүсінші мүсінінде таби-
ғаттағы көкейкесті мəселенің ерекше ұлттық сипаттағы, терең философиялық, мифологиялық сарын-
дағы өз концепциясын жасайды. Əрине, өнер иелері өз қоғамының өзекті мəселесін өзінше жеткізіп,
сөз етері белгілі.
«Адам мен табиғат — жалпыдамзаттық мəні бар, мəңгілік философиялық тақырып. Адам мен та-
биғат тағдыры бір-бірімен тығыз байланысты, біріне-бірі тəуелді десе де болады. Адамдарды тек қо-
ғам ғана емес, табиғат та байланыстырады. Сондықтан да оның əдебиеттегі алатын орны ерекше. Бұл
əлем жазушылары шығармаларына арқау болған мəселе» екенін ғалым С.Ш.Айтуғанова өз еңбегінде
орынды атап көрсеткен
3
. ХХ ғасырдың 70–80 жж. əдеби процесс қазақ əдебиетін түрлі бейнелеу тə-
сілдерімен байытқан, əсіресе проза жанры өзіндік бағыт алып, байыптана түскен ерекше кезең. «Жа-
ңашылдық қашанда соны идеялық-көркемдік ізденістермен толығады. Тақырыптың жаңалығы барша
табысқа кепіл емес. Жаңалық жазушының өмір құбылыстарына келу тұрғысынан, көз көрген, естіген
фактілерді қорыту, ойлау позициясы мен суреттеу принциптерінен, белгілі бір идеяны жеткізу ерек-
шеліктерінен аңғарылмақ. Бұған кейіпкер таңдау, сюжет, композициясы құру тəрізді жазушының да-
ра стиль өзгешеліктері де қосылады», — деп қазақ əдебиетін зерттеуші-ғалым Б.Майтанов қайталау-
дан алыс, жаңалығы мол тың шығарма берудегі қаламгерлер ұмтылысын зерделейді
4
. Əдебиетімізге
зор құлаш, тың серпіліс əкелген өткен ғасырдың 70–80 жж. көркем туындылар қатарынан М.Ма-
ғауиннің «Шақан-Шері» романын негізгі нысана етіп алдық.
Жалпы, прозадағы психологизм мəселесі əлем əдебиетінде ХХ ғ. басында əртүрлі бағытта дамы-
ғандығын ескерсек, көркем туындыдағы кейіпкердің рухани əлемін, жан дүние психологиясын сурет-
теуде əдеби-көркемдік тың тəсілдерді қолданудың классикалық үлгілерін қалыптастырды. «Сол ХХ
ғасырда əлем əдебиетінде үлкен құбылыс тудырған «сана ағымы» тəсілінде адам психологиясын зерт-
теуші — сөз зергерлердің таңғажайып тəжірибе-шеберліктерін үйреніп, оны ұлттық сипатта суреттеп,
қазақ əдебиетінің көркемдік көкжиегін кеңейтті»
4
, — деп қазақ қаламгерлерінінің əлем əдебиетінен,
Еуропа мəдениетінен үйрене отырып, көптеген көркемдік тəсілдерді ұлттық болмысқа сай сонылап,
ұлттық əдебиетімізді жаңа сапаға көтеруі заңдылық екенін орынды сөз еткен.
Əдебиетші, ғалым, жазушы М.Мағауин шығармаларында кейіпкердің ішкі монологы, үзіліссіз
жүріп жатқан сана ағымы, психологиялық бейнелеудің кеңдігі, жазушының əдеби əдістердің əр түрін
пайдалана отырып, кейіпкердің көңіл-күйі ұзақ əрі жан-жақты етіп жазуымен ерекшеленеді. Шығар-
мадағы адамның ішкі өмірін, оның қайшылықтарын, күрделілігі мен тереңдігін кеңінен талдап, қор-
шаған орта табиғат тылсымымен тығыз байланыстыра жазу М.Мағауиннің шығармашылығына тəн
қасиет.
82
«Жел қаққан қоңырқай. Момақан. Тек салқын ұшқын атқан жанары ғана өжет кейіп, ер мінезін
танытқандай. Байсалды кеңдік бар. Қайратына, қажырына сенген, ешкімге ырық бермеген асау
жанның салқам бітімі. Бірақ бұл — оң жағынан қарағанда ғана. Сол жақтан... Сол жақ бетте —
самайдан иекке түскен бұжыр-тыжыр, терең, үш қатар тыртық. Қиығы кеміс, ызалы шегір көз
шапыраштана түйіледі. Ұрты да жырық. Аппақ, өткір, сойдақ тісі жарқырап тұр. Адам шошыр-
лық. Қарсы алдынан қарағанда адам шошырлық. Əйтсе де құбыжық емес. Өзгеше тұрпатты пен-
де» деп басталатын романда автор Шақанның тұтқындағы бет-бейнесін оқырманын алдын ала дайын-
дап, оның құбыжық емес, пенде екенін айтса, «Төбеден алақанмен салып қалса ғой, ауыз омыртқасы
опырылар еді. Бірақ тұтқынның кеудесінде ыза да, кек те жоқ. Бағзыда ат үстінде, кейін аңшы
соқпағында беттеспеген. Ең бастысы — аң емес, адам. Жəне жүйкесі берік, жүрегі қатты адам.
Əсіресе шəрке тілмəшқа ақырғаны ұнаған. Тұтқын бет-аузы шалбарлана жымиды. Жымиып күлгені
тыржиып мазақтағанға ұқсас екенін білетін Əмбе бас изеді. Кері шегініп, төренің быртық, боп-боз,
сүйкімсіз саусағынан алыстады да, қолын кеудесіне басты.
— Шақан-Шері! Мені жолбарыс жүректі Шақан деп атайды бүкіл Жетісу. Шақан-Шері менің
атым», — деп қаламгер кейіпкер Шақанның «Шақан-Шеріге» айналуынан хабар бергендей, кейіп-
кердің өзіне өзін таныстырады
5
. Бұл да қаламгердің роман бастауындағы оқырманын əзірлеудегі өзін-
дік шеберлігі деп айтуға болады. Жазушы өз ойын, мақсатын оқырманға жеткізу үшін өз кейіпкері-
мен қоса жыртқыш жезтырнақты алады. Табиғат пен адам арасындағы болып жатқан қайшылықты
неғұрлым нанымды көрсету үшін табиғат өкілі тарғылды алып отыр. Əрбір тіршілік иесінің өзі қа-
лыптасқан тұрмыс-тіршілігі болары хақ. Адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің, адамзаттың
өзіндік ерекшеліктерінің бұзылуы туралы ойын жеткізуде қамыс арасындағы жолбарыс пен Шақан
тең дəрежеде көрінеді.
Шығармадағы «Қоңыр түндік ауыр ысырылып, əрең ашылғанда жез құрсаулы қара шаңырақ-
тан ұйыған сүттей қою жарықпен қоса ақтарыла төгілген салқын, таза ауа жиһазы шамалы, жа-
сауы шағын, бірақ кең, əрі еңселі төрт қанат киіз үй ішіне серпінді леп əкелген. Аязды, тымық таң.
Бозғылт-сары аспан шексіз биік, кіршіксіз таза көрінеді.
— Шашадан қар жауыпты, — деді киіз есікті серпе ашып, сырттан құшағын толтыра қамыс
сүйрей кірген Ажар. — Жер-дүние аппақ» деген үзіндіден қамыс арасындағы жайбарақат өмір кешіп
жатқан қыс мезгіліндегі аязды тымық таңды қарсы алған жалғыз үй иелері Шақан, Ажар баласы
Сəлменді суреттейді. «Жер-дүние аппақ» деген сөйлем арқылы автор таңдағы жауған қармен бірге
аталған үшеуінің де қаннен қаперсіздігін бейнелесе керек. Баласы Сəлменнің қан сонарға шығамыз
деп қуануы, «Қандай жақсы!.. Қоқаңдаған, дікіңдеген ешкім жоқ. Тып-тыныш. Дұрыс болды, өңшең
шуылдақтан бөліне көшкенім. Рахат. Иен қамыс, кең дала...» деп автор айнала қоршаған ортадан, ту-
ған-туыстан ауылын алысқа көшіріп алған, жалғыздықты таңдап, тағдыр-талайының қандай болары-
нан еш болжамы жоқ Шақанның аузына сөз сала бейнелейді
5
. Өткен ғасырда жалпы адамзат баласы
мен табиғат тылсымы арасындағы байланыс мəселесі көптеген шығармаларға арқау болғанынын ес-
керсек, табиғаттың бір бөлшегі адамның тағдыры, трагедиясы аталған шығармадағы Шақан образы
арқылы танылары сөзсіз. Адамның ішкі өмірін, оның қайшылықтарын, күрделілігі мен тереңдігін то-
лыққанды талдап жазу М.Мағауиннің шеберлігінен болса керек. Адамның шешімі жоқ жұмбақ екенін
ғасыр басында М.Жұмабаев: «Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Дүниеде адамнан қиын жұмбақ
жоқ, адам шешуі жоқ жұмбақ», — деп адамның сан қырлы қатпарларының шешілуінің қиындығын
сөз етеді. Жазушының шығармасы осындай қасиеттерді бойына жинаған туынды. Роман əп дегеннен-
ақ «Қамысы қандай зор бұл Қапшағайдың. Жансызда қамыс үлкен» деген рас екен-ау...» немесе «Ой
алла-ай, жаңа жұртқа қонғанда тым құрса алыстан ұлыған бөрі үні естілуші еді. Тып-тыныш.
Сауысқанның сарқылының өзі құлақ жарады. Бір түрлі елегізіп, ұйықтай алмадым. Жалғыздыққа
мал екеш мал тосырқайды екен, мен үйден шыққанда қу жорға даладан оқырынып, қара бура мой-
нын созып шыр айналды», «Қайдам. Төңірек түгел қамыс. Тоғайдан қалың» деген Ажардың алғашқы
үрейінен белгі бергендей болса, «Менің малым — құмда, өрген киік, қырда жортқан құлан» деп Ша-
қанның жайбарақаттылығын сөз етеді. Табиғат-тіршілікте, өмір-өзенде егіздің сыңарындай боп бірге
жүретін жақсылық пен жамандық, қуаныш пен қайғы, адамгершілік пен əділетсіздік екі түрлі тағдыр-
дың өлім мен өмірдің ешқашан бітіспейтін күресін еске салғандай. Мына жан-жағындағы қоршаған
тіршілік-табиғат осынау тұтасқан қарама-қайшылықтардың бітіспес күресінен тұратын секілді.
«Шақан оттықты жанып жіберіп еді, алыс көкжиектен көрінген найзағайдай, көкшіл-сары от
жарқылдады, ізінше ышқына өкірген үн естілді.
Жалт бұрылған Шақанды қан маңдайдан жасын ұрған. Маңдайдан ұрған жасын өне бойын көк-
тей тесіп өткен. Төбе шашын үйітіп, қолқа жүрегін суырып, іші-бауырын талқандап, қара табанға
83
темір қазық болып қағылған. Айқайлауға даусы шықпады, ұмтылуға, əлденендей қимыл жасауға аяқ,
қолы ырық бермеді. Дем тартуға да дəрмені жетпей, бақырайып қатқан да қалған. Есіктен тайдай
сары тарғыл мысық сұғынып тұр екен. «Жолбарыс!...»
5
. Бұл үзіндідегі суреттеу арқылы кейіпкердің
екі аяқты емес, төрт аяқты жаумен бетпе-бет кездескендегі жан дауысы, үрейі, жан азабы, қорқыныш
сезімі бейнеленеді. Оның тіл қатып, үн қосып, əрекет етуге мұршасы жоқ. Тек бойын қорқыныш би-
леп алды. Дала тағысына қарсылық көрсетуге дəрменсіз Шақанды автор жоғарыдағыдай суреттесе,
тарғыл шерінің тағылығын былай бейнелейді: «Құлағы жылмиған, езуі ақсиып, шегір көздерінен көк-
шіл ұшқын атқан жолбарыс босағадан аттаған қалпы, басын болмашы шайқап, сəл кідірді де, сал-
қау басып, көлденеңдей кірді. Ала жыландай шиырылған ұзын құйрығымен қос бүйірін кезек соғып,
құныса тағандап, ышқына өксіді»
5
. Оқиға əрі қарай ен даладағы табиғат тағысы тарғыл шері мен ен-
ді ғана қоныстанып, алдағы алысқа жол сілтер арман-тілектері көп Шақан, Ажар жəне бес жасар ұл-
дары Сəлменнің арасындағы айқас сөз болады. Жазушы өзінің айтар ойын оқырманға шығармадағы
кейіпкерлердің жан азабы, ажалмен айқасы арқылы жеткізеді. Сондықтан Шақанның, Ажардың, Сəл-
меннің сырт келбетінен бастап оның олардың көңіл-күйі, жан-дүниесі, психологиясы (Шақанның
жайбарақаттылығы, Ажарды бір үрей мазалайтындығы, Сəлменнің сəбилік пəктігі) қоршаған ортамен
қарым-қатынасы тəсілдерді қолдануы сəтті шықты деуге болады. Адам табиғаттың аясында туып-өс-
кеннен кейін оның іс-əрекеті, дүние танымы, жан дүниесі белгілі дəрежеде сыртқы ортамен үндесіп
жататыны заңды құбылыс. Қаламгер Шақанның шыққан тегінің, өскен ортасын, өзін табиғи құбы-
лыстарға теңей беруін мына үзіндіден көруге болады: «Ағайын — берісі — бір заманда жыңғылдай
қалың, тораңғыдай биік болған, бұдан бес ата, əлде алты ата бұрын Жоңғардан асып төгіліп, қам-
сыз елді көшкіндей көмген қатал қырғыннан соң құмға біткен селеудей селдіреп, қатарынан қалған,
қауқары қайтқан, бірақ еңсесі басылып, есінен танбаған аз ғана ру Шылбырдың бас көтере жігіті,
ақсақал, қарасақалы, арысы — Алатау мен Іленің ортасын ен жайлап отырған, батыры кетіп, бағы
қайтса да барынан арылмаған, тобы тозбаған қалың Шапыраштының тілеуі бір ер-азаматы бола-
тын. Бастан келген — Жалтақ Жантай атқа мінгелі дүниеден баз кешіп, құрым күркесіне отырып
қалған кəрі тарлан Құба-мерген»
5
. Қазақ халқы қаншама тарихи кезеңді басынан өткерді. Өткере тұ-
ра қазақ қазақ екенін ешуақытта да ұмытқан емес. Өзін қазақпын дейтін азамат өз салт-дəстүрін, ұлт-
тық болмысын жоғалтпайды. Сол өмірді тану, адамды тану — аса бір күрделі мəселе. М.Мағауин өзі-
нің ғұмырнамалық шығармасында үздік шығармалар туғызған классик-жазушылардың көптігін атап
өтіп, бірақ адамтану мəселесіне келгенде мына жайттарды өз пікірімен қорыта айтқандай: «Адамды
ақырына дейін тануға ақыл, ой жетпейді, өмірді түбегейлі бейнелеуге қарым, қуат жетпейді. Бірі түй-
сіктен, санадан сыртқары жатса, бірі шектен тыс ауқымды əрі сан-салалы, қат-қабат астарлы. Сол
адамның өмірдегі бүкіл болмысы бар тіршілігі емес, нақты бір жағдайдағы нақты мінез, іс-əрекетін
нақты бір жағдайдағы нақты мінез, іс-əрекетін нақты бейнелей алған шығарма шынайы əрі əсерлі.
Үлкен өмірдің бір пұшпағын игерген, күрделі мінездің бір ғана қырын таныған қаламгер белгілі бір
деңгейге жеттім деп есептеуіне болады. Яғни тамшысын татып, теңіздің дəмін айырды. Сол теңізге
кеңінен құлаш ұру құдай берген қабілет пен табиғат тартқан қажыр-қайратқа байланысты»
6
.
Ал, психологиялық шығармаларымен танылған О.Бөкей өз туындылары туралы былайша ақта-
рылады: «Жер бетіндегі миллиондаған адамдар қаншалықты бір-біріне ұқсамайтын, əйтеуір бір ерек-
шелігінен дараланса, олардың мінез-құлқы, жанқалтарыстары да соншалықты өзгеше, ешқандай ілім-
білімнің қолынан келмейтін жұмбақты дер едім. Пенденің не ойлап тұрғанын, жан сарайында ненің
жанып жатқанын күні бұрын білер амал-айла, құрал-сайман ойлап табылған жоқ. Сол секілді табиғат
иеміздің де толайым құпия-сырларын толық аша алдық па?! Міне, мен жазған дүниелердің тылсым-
дылығы əрі кейіпкерімнің қиялшыл да арманшыл болып келетіні сондықтан. Бəлкім, бұл өмірде бол-
ған емес, бірақ болуы мүмкін оқиғалардың əсіресе ынтықтырарынан шығар-ау. Өз замандастарым-
ның толыққанды бейнесін өзімді қойып мұқым қазақ əдебиеті жасап біткен жоқ, ұмтылыстар мен із-
деністер соңында жүр». Қаламгер шығармаларында адам мен табиғат байланысы, сезім, ой қалтарыс-
тары кейіпкерлердің іс-əрекеті, өзара сұхбат, монологтар арқылы берілсе, «Шақан-Шеріде» сол адам-
ның сол өмірдегі бүкіл болмысы, бар тіршілігі емес, нақты бір жағдайдағы нақты мінез, іс-əрекетін
нақты бейнелей алған шығарма — шынайы əрі əсерлі беруді діттеген»
7
.
«Алдаспанға» бір тарау болып кіре жаздап, сыймай қалған, енді көлемді, дербес дүние ретінде
тұлғаланған «Шақан-Шеріге» материал жинақтауы туралы автор «Əуелі Мемлекеттік Ленин кітапха-
насында, содан соң ай бойы Мəскеу түбінде, Химки қалашығында ескі газет қоймасында отырдым;
қазақтың тарихына, тұрмыс-салтына, əдет-ғұрпы, патшалық отар жағдайындағы ахуалына қатысты
қыруар деректердің бəрін бірдей тұтуға, кəдеге жаратуға бір адамның ғұмыры жетпейді, мен өзім ба-
ғыттаған төңіректен оза алмадым, ең бастысы — қазақтағы жолбарыс ауы, өлкеміздің өткендегі суре-
84
ті, жалпы, жыртқыш табиғаты, осы тараптағы аңшылық ерекшелігі, адам мінезі, тағы басқа да жағда-
яттар турасындағы мағлұматтарды толық жинап қайттым» деп өз пайымдауын білдіреді
6
.
«Жолбарыс ауы — «Шақан-Шері» романы — орыстық отарлау, қуғын, ел қорғауға тиіс батыр-
дың қайғысы, ұлт мерейін асыруға тиіс жүректің шері, азаматы қор болған, аңына дейін сорлап, то-
пырағына дейін тозған елдің трагедиясы
6
.
Қаламгер «Мен» атты ғұмырнамалық шығармасында барлық туындыларының шығу тарихын сөз
ете отырып, «Шақан-Шеріде» басқа тұрғыдан, жабайы, бұла, бай табиғатқа бой ұрыппыз» дейді
6
.
Əрине, адам мен табиғат қарым-қатынасын ашып көрсету мақсатындағы М.Мағауиннің ұлттық ерек-
шелігі бар шығармасының бірі «Шақан-Шері» романы екені белгілі. Бұл туындысы көтерген мəселе
көлемі жағынан да, көркемдігі жағынан да ерекше орын алады. «Шақан-Шері» романы — экология-
ны қорғауға ат салысып жазған ең үздік шығармаларының бірі. Романның ерекшелігі — Шақан мен
жолбарыс образдарын байланыстыра суреттеу арқылы адам мен табиғат арасындағы байланыстың
үзілуін көрсетеді. Қазақ халқының тамырларына көз салсақ, қасқыр ұғымын ұлықтау рəсімі көне түр-
кі жұртында ерекше орын алғанын білеміз. Түркілер көк бөріден тарайды дейтін түсінік кең тараған.
Ал бұғы — қырғыздардың символы. «Шақан-Шерідегі» жолбарыс — еркіндіктің, тəуелсіздіктің бел-
гісі. Бірақ қасқыр да, бұғы да, жолбарыс та қанша жерден киелі, асыл саналса да, оларға билік қыла-
тын күш — адам.
Табиғатта қандай кесапат болса да бəріне де адамдар кінəлі. «Шақан-Шерідегі» бірі адам, бірі
хайуан, бірақ екеуінің де тағдырлары ұқсас, қайғы-қасіреті бір. Аң табиғаттың бейнесі болса, адам
оған зиян келтіруші — қоғам бейнесі. Шақанның қасіреті неде? Ол əйелі мен баласын жарып өлтірген
жолбарысқа, жолбарыс атаулыға кек тұтты. Ақыры Алатаудан Балқашқа қарай өріп жүрген аң патша-
сы жолбарысты құртуды мақсат етіп, арманына жетті. Соңғы жолбарыс 1940 ж. өлтірілді. Шақанның
кегі қайтты. Бірақ бұл аңға деген кек емес, адамға деген кек еді. Оның жолбарысты құртуы табиғат
ананың бір мүшесін кесіп алғандай болды. Ақыр аяғы өзі де жолбарысқа айналып кетті. Ол өз іс-əре-
кеті арқылы өз қоғамына қарсы шықты. Шақанның апаты — сол кездегі қазақ ұлтының басындағы
апат. Тек сол кездегі қоғамның ғана апаты ғана емес, қазіргі болашақ қоғамның апаты.
«...Тарғыл шеріден қалған белгі жоқ... Ал адам... адам өмірі жалғаса бермек. Туған топырағына
терең тамыр тартқан халық шақырады, шақырады, бірақ жоғалмайды. Өйткені ол... ол — төрт
аяқтылар қауымы емес. Өзі де, ізі де сақталуға тиіс. Тасқа қамалған мың жарым жылдың көне ес-
керткіште айтылғандай, Анамыз — Қара Жер, Атамыз — Көк Аспан, Кісі ұлып, яғни мына Біз —
осы екеуінің ортасында, алғашқы күн шапағымен бірге жаралыппыз. Бұл — мəңгіден келеміз, мəңгі
жасаймыз деген сөз. Осыған сенейік. Тек... суыра соққан меңіреу құм, қылтанақсыз тақыр, тамшы
сусыз шөл... — адам баласы аласталған өлі аймақтардың барлығы да бір заманда нулы, дулы, жасыл
жазира болыпты деседі. Осыны ұмытпайық»
6
. Міне, бұл жазушының роман соңында оқиғаға берген
ойы, түйіні. Ия, жолбарыстан белгі қалмаған, жойылған, жасыл дала, табиғат ана құлдыраған, шөлге
айналып, азып-тозған. Бұл сол замандағы, соларға дейінгі замандағы қоғамның ісі. Аталған шығарма-
сында автор табиғат пен адам арасындағы байланыстың үзілуін өзекті мəселе тұрғысында көрсете
білген. Табиғаттың өткенін əдемі суреттей келе, оның қазіргі көрінісін шынайы бейнелейді. Оқырма-
нын үлкен экологиялық мəселе төңірегінде ойға қалдырады. «Бағзыдан бағзы, атамнан атам заман-
да Іле өзені Көкше теңізіне қазіргідей күн батыстұмсықтан емес, бел ортадан құяды екен. Төбесі
көк тіреген Ерен — қабырғаның қарлы шыңдары мен мұзарт шатқалдарынан өзек жарып, меңіреу
Борқора мен жасыл кетпенді қақ айыра арна салған, ылдиға озған сайын қоры молайып, табаны ке-
ңейе түскен, Алатауды етектей өтерде күнгей қапталдан жамырай құлаған ағыны қатты, суы тұ-
нық мың сан бұлақ пен ондаған өзеннен күш алып, шалқи керіліп, байсал тапқан, жанат Жетісудың
күре тамырындай зəм-зəм дария жалаңаш шағыл, бұйрат барқан, ен байтақ Сарықұмды белінен ба-
сып, жазираға бойлай келе, əлденеше салаға тарамданады да, кең алап атырауды нуға толтырып,
мəуеге бөлеп, мөлдірей төгілген бері, көкжиектен астасар ұшан су — Сары-Арқаға жонын төсеп
алып, шортандай иірілген Балқаштың бауырында əрең тыныстаса керек»
6
. Бай, таза табиғатты жа-
зушы осылай суреттейді. Ия, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Мұхтар Мағауин Шақан мен таби-
ғатты тығыз байланыста көрсетеді. Тіпті көлдің екі жаққа бөлінуін суреттеу арқылы автор Шақанның
келешегі мен өткенін символды түрде меңзейді. «Балқаштың қыпша белі. Осы тұста теңіз екіге бө-
лінеді: батыс жақ сұрғылт, көгілжім, шығыс жақ — тұнық көк-жасыл. Тұщы көл мен ащы көл тар
бұғаз арқылы ғана жалғасып жатыр. Шақан келген жағына қарады. Дарқан ел. Меңсұлу ауылы. Бет
алған бағытына қарады. Ащы сулы өлі теңіз. Аңызақ дала. Оң қапталға қарсы бетке көз тікті, ме-
диен құм. Аптап шөл...»
6
. Шақанның трагедиясы арқылы автор қоғам мен табиғаттың арасындағы
байланыстың үзілгендігін суреттейді. Қазіргі таңда жолбарыс жортқан, Шақан-Шері шерін тартқан
85
сар дала адам бармас шөлге айналды. Жазушы табиғатты осындай халге жеткізген өткен қоғамды, ке-
лер қоғамды кінəлайды, сынайды. «Кезінде Табиғат адамға басыңды и деп еді, енді Адамның таби-
ғат алдында басын иетін кезі келді» деген ащы үн білдіреді. Шақанның апаты — ел апаты, Шақан-
Шері — дала шері. Романдағы айтылмақ ой түйіні осы. Шақан секілді асыл да жігерлі азаматтың же-
рінен, елінен айырылуының себебін қаламгер жеке адамның ғана басынан іздемей, оны осындай хал-
ге душар еткен қоғамды да терең таныта алған. М.Мағауин табиғат пен адамның қарым-қатынасында
үндестік болуын тілейді. Бұл үйлесімнің бұзылуы табиғатты да, адамды да үлкен кесапатқа ұшырата-
тындығын ескерткендей. Табиғатқа бүгінгі жасаған қиянат — адамзаттың ертеңгі болашағына жасал-
ған қастандық екенін адамдардың көздеріне елестетіп ұғындыру — міне, жазушының көздеген негізгі
мақсаты осы. Авторлық концепцияның негізінде азып бара жатқан азамат пен тозып бара жатқан та-
биғаттың апатынан сақтандыру, қандай құбылысқа болмасын ой көзімен қарау қажеттігі жатыр.
Кез келген халықтың, ұлттың көркем əдебиетінде алдымен көзге түсетіні, адамдар тағдыры,
адамдар тағдырын терең бейнелеуді мақсат ететін шығармалар екені мəлім. Демек, адам тағдырын те-
рең толғайтын шығарма толыққанды, тұтас көркем дүние ретінде оқырманды терең баурайды, тол-
ғандырады, ойландырады. Ал, адам тағдырын терең, жан-жақты, шынайы ашып бейнелеудің көркем-
дік əдіс-тəсілдері де сан қилы, сан алуан. Алайда, əр суреткер, əр қаламгер бұл тақырыпқа өзінің шы-
ғармашылық қабілеті мен қиялына орай əр деңгейде соғып, əрқайсы əртүрлі көркемдік əдіс-тəсілдер
қолдануға тырысады. Сондай көркемдік тəсілдерді қаламгер М.Мағауин да адам тағдырын түз тағы-
сы тарғылмен сабақтастыра, көркемдік жүйені екеуінің қарым-қатынасынан тауып, соны жаңа, тың
сюжеттік арналарға негіздеу арқылы шеберлік танытқан. Романда суреттеліп отырған көріністердің
барлығында дерлік адам мінезі, Шақан мінезі ерекше даралана суреттеледі. Əйелі мен баласының қа-
засынан кейінгі Шақанның ғана образы берілмейді, оның айналасындағы адамдардың да шын ниетін,
шын мінезін, таным деңгейін, кісілік келбетін танытады. Тартыс өмірде де, көркем шығармада да бі-
реудің ұтылып, біреудің ұтуымен бір тоқтамға келеді. Ал тартыс өзегі болып отырған құбылыс тар-
тысушы екі жақтың екеуіне де бұйырмай, трагедиялық арнаға бұрылуы сəтінде оның өкініші өте те-
рең көрініс табады.
Əдебиеттер тізімі
1. Əуезов М. Абай ақындығының айналасы // Əдебиет майданы. — 1934. — № 11–12. — 15-б.
2. Нысанбаев Ə. Адам жəне ашық қоғам. — Алматы, 1998. — 7-б.
3. Айтуғанова С. Шағын прозадағы адам мен табиғат концепциясы. — Астана, 2004. — 17-б.
4. Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. —Алматы: Ғылым, 1982. — 7, 19-б.
5. Мағауин М. Шақан-Шері. — Алматы: Жазушы, 1993. — 5–8-б. (Əрі қарай беттері мəтінде келтіріледі).
6. Мағауин М. Мен (ғұмырнамалық хамса). — Алматы: Гауһар, 1988. — 206-б.
|