МЕНШІКТІЛІК ҚАТЫНАСТЫ БІЛДІРЕТІН МАТАСА БАЙЛАНЫСҚАН
СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
В казахском языкознании объектом пристального внимания являются сформировавшаяся
связь между словами с помощью способов и выражение различных синтаксических отноше-
ний, в основе которых лежат различные типы строения словосочетаний. Грамматические
способы, выражающие форму принадлежности, в отличие от других словосочетаний, зани-
мают особое место.
In Kazakh linguistics the object of great attention is the tie between the words formed with the help of
methods of expressing different syntactic relations in which base there are different types of word
combinations structure. Grammar methods expressing possessiveness form as compared to other
word combinations take a special place.
Бұл күнде екі заттың қатар айтылуының морфологиялық қызметінен де синтаксистік қызметі ба-
сым: көбінесе оның алдыңғысы соңғысына сай — анықтауыш болады да, соңғысы сөйлемнің басқа
мүшесі рөлін атқарады. Матаулы изафет ілік, тəуелдік жалғаулар арқылы жасалатындықтан, алдымен
сол жалғауларды көзден өткізейік.
Қазақ тілінің грамматикасында ғалымдар матаса байланысқан сөз тіркесі туралы түсінік берген-
де мынадай мысалдан бастайды: «Жаздың көркі енеді жыл құсымен» (Абай). Осы жолдың ұйытқы
бөлшегі — жаздың көркі. Бұл екі зат есімнің бір синтаксистік топ құрауы поэтикалық талғам тұрғы-
сынан өте үйлесімді болғанмен, сөздердің əдеттегі, қарапайым тобы басқаша болуға тиіс: жаздың кү-
ні, жаздың ыстығы, жаздың аяғы; қыздың көркі, əйелдің көркі, адамның көркі. Адамға тəн көркі сө-
зінің жаз мезгіліне телінуі сол сөздердің мағыналық үйлесімін ойластырудан ғана емес, тілдің белгілі
синтаксистік байланыс формасына келтіріп ұштасқан, жіптіктей топ құраудан да. Сол топтың алдың-
ғы сөзі ілік жалғауда да, соңғысы тəуелдіктің 3-жағында:
43
Сəукелесі Арқаның
Қарқаралы таулары.
Жер біткеннің еркесі
Шаттық өмір айғағы (Қарқаралы вальсі).
Сөздердің осындай жалғауларда тұрып құндақталған бір сөз тіркесінің құрамына енуі — олар-
дың тілдік дəстүрге бағынғандағысы.
Кемелбайдың қайысты неге бермегенін, қатынының не айтқанын Айранбай Раушаннан сұрама-
ды (Б.Майлин). Бұл мысалдағы ілік, тəуелдік жалғаулары арқылы жымдаса байланысқан сөздер тір-
кестері — Кемелбайдың бермегені, қатынның айтқаны. Бұлар да тегі басқа екі түрлі жалғаулар арқы-
лы біріне бірі көгендеулі сөздер тобы. Əр топтың құрамына енген екі сөздің алдыңғылары — зат
есімдер де, соңғылары — сол заттардың іс-əрекетін білдіретін есімшелер. Осы сөз тіркестерінің мағы-
налық діңгегі, ұйытқы бөлшегі — ілік жалғауындағы зат есімдер де, тəуелдеулі есімдер əр уақытта
соларға тəн болады. Сондықтан да мұндай тіркестердің екінші сыңарлары тиісті тəуелдік жалғаулар-
ды бірінші сыңардың грамматикалық мағыналарына үйлесімді түрде қабылдайды, мысалы: менің сің-
лім, сенің сіңлін, оның сіңлісі.
Жаздың көркі, біткеннің еркесі, Кемелбайдың бермегені, елімнің байлығы... дегендердің құра-
мындағы əр сыңардың екі түрлі қасиеті бар:
− біріншіден, ілік жалғаулы сыңарлар сөз тіркестерінің мағыналық ұйытқысы болса;
− екіншіден, олар — синтаксистік қызметі жағынан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары да,
тəуелдеулі сөздер оларды өздеріне бағындырып тұратын сыңары.
Синтаксисте олардың осы жағы негізгі қасиеті деп есептелуге тиіс. Сондықтан ілік жалғаудағы
сөз тəуелдік жалғаудағы сөзді керек етсе, керісінше, тəуелдеулі сөз ілік жалғаулы сөзді қажет етіп
тұрса да, олар өзара матаса байланысады. Матаса байланысатын сөз тіркестерінің құрамы септелетін,
тəуелденетін сөздер болуы шарт. Ондай сөздердің жұмсалу аясы кең — есімдер деп аталғанмен, бұл
жағынан бəрінен де оқшау қарауды талап ететін сөздер — зат есімдер. Септік, тəуелдік жалғаулар сол
зат есімдердің жəне олардың орнын басатын есімдіктердің жалғаулары.
Сөйтіп, зат есімдер мен есімдіктер матаса байланысқан сөз тіркестерін құрастырудың негізі бо-
лады, ал басқа есімдер ондай сөз тіркестерінің құрамына ену үшін зат есімнің қызметіне ортақтасу
керек. Бір сөздің қызметін екінші сөздің атқаруы — оның қосымша қызметке уақытша ие болғанда-
ғысы. Олай болудың дəрежесі барлық есімдер үшін біргелкі емес. Мысалы, заттың əртүрлі сапасын
білдіретін есімдердің ішінде сын есім ілік жалғауда жұмсалып сөз тіркесінің бірінші сыңары ретінде,
есімшелерге тəуелдік жалғаулары жалғанып оның екінші сыңары қызметінде жиі кездеседі. Оларға
қарағанда, сан есім, үстеулер матаса байланысқан сөз тіркестерінің құрамында аз кездеседі.
Жылы мен суықтың бəрін көріп,
Қайран көңіл қайыспай қайрат етті (Абай).
Осындағы жылы, суық деген сын есімдер ортасында «мен» жалғаулығы тұрғандықтан, екеуі бір
ілік жалғауына ортақтасып, олар бəрі есімдігімен тіркескен. Осы өлең жолында ілік септеуіндегі сын
есімдерді жылы мен суық, жақсылық пен жамандық, рақат пен азап сөздерінің келтірінді синонимі
етіп, зат есімдердің орнына жұмсалған. Сол арқылы бейнелі, көркем эмоциялы ой өрнегі жасалған.
Əсіресе, мақал-мəтелдер синтаксисінде жиі ұшырайтын «Жақсының шарапаты, жаманның кесепа-
ты», «Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» тəрізді тіркестерде ілік жалғаулы сын есімдер де зат
есімдердің орнына жұмсалады. Олардың ойды тұжырымды етіп айтуға лайықталған стильдік қызметі
бар. «Жақсылыққа жақсылық — жай адамның ісі, жамандыққа жақсылық — ер жігіттің ісі». Осы-
лар тəрізді, заттың əр түрлі сапасын білдіретін есімдердің септік жалғауларында, бұл жерде ілік жал-
ғауда, жұмсалып сөз тіркестерінің құрамына енуі құбылыс емес, айтылатын ойға көркемдік, ерекше
стильдік қосымша мағына енгізудің тəсілі.
Ғалым Ə.Нұрмағамбетов
1
, О.Нақысбековтың
2
зерттеуіне сүйене отырып, төмендегі фактілерді
көрсетеді: Қазақ тілінін жергілікті тіл ерекшеліктерінде матаса байланысқан сөз тіркестеріне жатқы-
зарлықтай мынадай да құбылыстар бар. Көбіне оңтүстік говорларында тəуелдік жалғауының кейбір
сөздерде қабаттаса қолданылуы кездеседі. Мысалы: жұрттың көбісі (көбі орнына) жүгері қайыруға
кетті. Оның үй мүлкісі (мүлкі орнына).
О.Нақысбековтың пікірінше, мұндай қабаттаса жұмсалғанда тіліміздегі барлық сөздерге де бір-
дей жалғанбай, біраз санаулы сөздерге ғана қосылады.
44
Ғалым Ж.Досқараевтың көрсетуінше, Шымкент облысының Түлкібас, Сайрам жəне тағы басқа
аудандарында бұл құбылыс «уақытысы», «көбісі», «бəрісі» сияқты сөздерді қамтып жəне жергілікті
халықтың тілінде түгел қолданылады
3
.
Дəл осындай жағдай қазақ тілі шығыс диалектісінің Өскемен говорында да ұшырасады. Мыса-
лы: Анау бетінде қалысы бар кісі кім? Зоотехник бұл малды емдейін деп еді, спиртісі жоқ екен
(Шығ. Қаз., Больш.). Келтірілген сөйлемдердегі «қалысы», «спиртісі» тұлғалы сөздер əдеби тіл қал-
пында «қалы», «спирті» болып айтылу қажет
1
.
Сонымен, ғалымдардың пікірінше, əдеби тіл нормасы бойынша тəуелдік жалғауының біреуі ғана
қосылып (ақыр-ы, көб-і, мүлк-і) болып айтылады. Бұл өзгешеліктер батыс, орталық-солтүстік жəне
шығыс облыстарда кездеспейді. Əдеби тілінен мынадай да мысалды келтіруге болады: Ана мен бала-
ның сағынып қауышқанына куə болған ауылдың үлкен-кішісі көздеріне ерік берді. Ағайынның бəрі ке-
зек-кезек құшақтап көрісіп жатыр (Т.Байтұрсын.). Осылардың бəрі əр түрлі сөздердің белгілі син-
таксистік байланыстағы тобынан таралып жатыр. Сондай кең алқапты, мол сөз тіркестерінің басын
құрайтын ілік пен тəуелдік жалғауларының қазақ тілінде (сонымен қатар барлық түркі тілдерде) син-
таксистік байланыс формасының ерекше бір түрін құрастыратынын көреміз.
Ілік жалғаулы сөз бен тəуелдік жалғаулы сөздердің жалпы түркологияда байланысы үш түрлі
жолмен қаралуда: меңгеру, қиысу, сөз тіркесі аясында. Осылардың ішінен ілік жалғаулы сөз бен
тəуелдік жалғаулы сөздер арнайы түрде, сөз тіркесі аясында, қарастырылып, байланысу формасының
бірі ретінде түркологияда алғаш рет қазақ тіл білімінде қалыптасты. Сол себепті ол, қазіргі қазақ ті-
лінде матасу, қиысу, меңгеру сияқты, синтаксистік байланыс формаларының бір түрі. Ол изафеттік
құрылыстағы сөз тіркесінің байланыс формасы: Омарбектің інісі, ағаштың бұтағы, біздің табысы-
мыз. Бұл сөз тіркестерінің бірінші сыңарлары — ілік жалғауда, екінші сыңарлары тəуелдік жалғауда
айтылған. Сөйлемдегі сөздердің осылай байланысуы — қазақ тілінің (басқа түркі тілдерінің де) грам-
матикалық құрылысындағы ерекшелігінің бірі. Түркологияда ілік септікті сөз бен тəуелдік жалғаулы
сөзден құралған тіркестер жалпы 3 изафет болып аталғанмен, ондай сөз тіркестерінің байланысын
бірқатар авторлар қиысу (согласование) деп қарайды. Олар И.Батманов
4
, Н.Дмитриев
5
, А.Кононов
6
.
Енді бірқатар авторлар: С.Аманжолов, А.Əбіқаев, И.Ұйықбаев басқа тілдерде бар байланыс формасы-
ның, əйтеуір, біріне жатқызу үшін оны меңгеру (управление) деп таниды
7
.
«Матасу» деген терминді қолдануда изафеттік құрылыстағы (Темірбектің інісі тəрізді) тіркестің,
сол сияқты басқа сөз тіркестерімен де тізбектеліп, шиыршықтана беретінін ескеру қажет. Мысалы:
Мұстафаның ұлы;
Мұстафаның ұлының ішігі;
Мұстафаның ұлының ішігінің белбеуі;
Мұстафаның ұлының ішігінің белбеуінің ілгегі;
сенің əріптесің;
сенің əріптесіңнің сөзі;
сенің əріптесіңнің сөзінің қорытындысы;
сенің əріптесіңнің сөзінің қорытындысының жалғасы.
Бұл матаса байланысқан бір тізбекті тіркестің (Мұстафаның ұлы, ұлының ішігі…) соңғы сөзі
одан бұрын тұрған сөзбен матаса байланысып, ол басқа сөздермен тағы сондай синтаксистік байла-
нысқа еніп, 3–4 сатылы шумақты топ жасалған. Ол топтың бірінші жəне соңғы сөзінен басқалары əрі
анықталушы, əрі анықтауыш болып, бəрі жиналып, өзара матаса байланысқан бір синтаксистік шумақ
болып тұр. Изафеттік құрылыстағы сөз тіркестерін өзара матастырып тұратын грамматикалық тұлға-
лар — ілік, тəуелдік жалғаулары.
Біз осы пікірді қолдаймыз. Өйткені қабыса байланысқан тіркестердің барлығы бірдей матасудың
ықшамдалған түрі емес (алтынның сағаты емес, алтыннан жасалған сағат т.б.). Ал бағыңқы сыңа-
рында ілік септігі түсіріліп, басыңқы сынарында тəуелдік жалғауы сақталған тіркестер (мал қорасы,
аудан əкімі т.б.) матасудың толық түрінен ықшамдалғаны анық байқалып тұр. Сондықтан, біздің
ойымызша, изафеттің бірінші түрін байланысу тұлға жағынан қабысуға, ал екінші жəне үшінші түрін
матасуға жатқызған орынды. Матасу байланысу формасы — байланысу формаларының қалыптасқан
түрі екені дəлелді.
А.Ысқақовтың пікірінше, тəуелдеулі сөз əрқашан өзінен бұрынғы ілік септіктегі сөзді қажет ет-
се, керісінше, кез келген ілік септіктегі сөз өзінен кейін тəуелдеулі басқа бір сөзді қолдануды керек
етеді
8
. Пікірімізді дəлелдеу үшін мынадай сөз тіркесін көрсетуге болады. Мұстафаның ұрпағы деген-
де екі сөз жай ғана тіркесе салмаған, екеуі бір-біріне ілгешектене байланысқан. Мұндағы қармақша
сызықтар қосымшалардың бір-біріне тəуелді екендігін көрсетеді (сур. қара).
45
Сур. Қосымшалардың тəуелділігі
Суретте көрсетілгендей, алдыңғы сөздегі ілік септіктің қосымшасы (-ның) соңғы сөздегі тəуел-
діктің 3-жағының қосымшасына (-і) тəуелді болса, керісінше, соңғы сөздегі тəуелдіктің 3-жағының
қосымшасы (-і) алдыңғы сөздегі ілік септіктің қосымшасына (-ның). Бұдан кейінгі сөздерде компо-
ненттері осылайша шумақталып, бірнешеуі өзара ұласып айтылуға тиісті болғанда, екі сөзден құрал-
ған тіркестерді де қысқартып, ықшамдап жұмсауға болады (мысалы: інім, інімнің пальтосы, жолда-
сы, жолдасыңның сөзі). Қалайда бір сөйлемде ілік жалғауда жұмсалған сөз болса, сол сөйлемде оны-
мен байланысқан тəуелдеу жалғауда тұрған сөз болуы шарт. Тек біз, сіз деген екі сөз ілікте айтылса,
олармен байланысатын сөздер тəуелдікте тұрмаса да болады.
Сонымен қатар матаса байланысқан сөз тіркестерінің араларына басқа сөздер енгенде олардың
бұрынғы байланысы ыдырап, ілік жалғаулы сөз мағыналық та, грамматикалық та бастауыш болып ке-
тетін кездері болады (мысалы: Мен (менің) онымен жөнді амандасқаным жоқ. Ол (оның) радиоға құ-
лағын төсеп отырғаны). Бұл ертедегі пассив құрылыстың осы күнде жаңа ұғымға ие болып өзгеріске
ұшырауы деп қаралуға тиіс. Бүгінгі тілімізде осындай үлгіні білдіретін мағыналық қатынас əлдеқайда
кеңіген. Бұрын меншіктілік қатынас жалпылама түрінде білдіретін болса, қазір оны барынша айқын-
дай, саралай түсуге ұмтылушылық бар. Оның тағы бір себебі: изафеттік тіркесте тұратын сөздердің
тіркесу қабілеттілігі артқан. Сондай-ақ сын есім сөздер заттанып барып, тіркестің осы амалы арқылы
сапаны ерекшелеп айтатын болған. Мысалы: əдемінің əдемісі, сұлудың сұлуы т.б.
Бағыныңқы компонент ретінде бұл тіркеске сын есім сөздері қатысады. Мысалы: «Жалқаудың
жауы — жұмыс» деген сөйлемдегі жалқаудың жауы тіркесін адамның жауы тіркесімен салысты-
райық. Осындағы бірінші тіркестің мағынасы кейінгі тіркестен айқынырақ саралана түскен. Бұл тір-
кесте ілік септігінде тұрған адам сөзінің ықшамдалуының арқасында ілік септігі сапалық анық-
тауышқа көшкен, сонда жалқаудың деген сөз формасының бойында адам деген ұғым да, жалқау де-
ген сапалық белгі де бар. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деген сөйлемді де дəл
осылай талдауға болады. Мұнда үні жалпы адам атаулының емес, жалғыз адамның даусы екендігі ай-
тылған. Мұның бəрі — тілдегі ықшамдалу құбылысының əсері.
Ғалым С.Исаевтің пікірінше, тəуелдік жалғаулы сөз əдетте ілік септігіндегі сөзбен матаса байла-
нысып қолданылады, өйткені тəуелдік жалғауы, бір жағынан, өзінен бұрынғы сөздің ілік септік тұлға-
сында (кейде жасырын түрде) тұруын талап етсе, екінші жағынан, тəуелдік жалғауы жəне жақтық
ерекшелігі негізінде ілік септікті сөздің семантикасымен біржақты байланыстырып тұрады, ал ілік
септігі өзі жалғанған сөзді анықталушыға бағындыра байланыстырып, оның (анықталушы сөздің)
тəуелдік жалғауында тұруын талап етеді
9
. Мысалы: Ит тұмсығы өтпейтін тоғайдың арасында шо-
ферлар рульге мас күйінде отыра беретін (Т.Байтұрсын). Мұндағы ит тұмсығы деген тіркестегі, бі-
ріншіден, фразеологиялық мағына ілік септік тұлғасын жасырын түрінде тұруын талап етеді; екінші-
ден, тəуелдік жалғауы ілік септікті сөздің семантикасымен байланысып тұр, ит тұмсығы өтпейтін
тоғайдың сөз тіркесінің мағынасын біз тоғайдың соншалық қалыңдығы деп түсінеміз.
Профессор Р.Əмір етістікті сөз туралы айтқанда, «Етістік сөздер басым компонент ретінде сөз
тіркесін қабысу, матасу, меңгеру амалдары арқылы құрайды»
10
— деп, етістікті сөз тіркесіне матаса
байланысқан сөз тіркесін қосуы, осының көрінісі болуы керектігін білдіреді. Сол сияқты, «Предика-
тивтік байланысты, матасу амалы атаулы сөйлем құрамын да, өз мойына жүктейді», — дейді. Мыса-
46
лы: Тау биік. — Таудың биігін-ай! Мен қорықтым. — Менің қорыққаным-ай! дегенде, етістіктің суб-
стантивтеніп жұмсалуын көрсеткен.
Ғалым С.Исаевтың пікірінше, автор етістіктердің ішінде «тіркестік қабілеті жағынан, етістіктер,
ең алдымен, субстантивті қимыл атауы болатын формалары мен ол формалары жоқ қалпына қарай
ерекшеленеді. Субстантивті формалар (есімше, тұйық рай) бағыныңқы сөзбен матасу арқылы байла-
ныса алады», — деп етістіктің де басыңқы сыңарда жұмсалуын көрсетеді. Бізге бұл профессор
Р.Əмірдің пікірі етістіктің тəуелденіп түрлерін де басыңқы сыңарда қарауын қажет екеніне көз жеткі-
зеді. Сондықтан бұл пікірді қолдап, осы етістікті басыңқы сыңары деп береміз
9
. Осыған жуық пікірді
М.И.Черемисина мен Т.А.Колосованың еңбектерінде байқауға болады
11
:
Синтаксистік субстанциялардың ерекше типі ретінде біз белгілі «үшінші түркі изафетін» атай-
мыз, бұл — тəуелділік-анықтауыш, ал кейде — предикативтік қатынастарды білдіретін сөздердің
ерекше тіркесі. Изафеттік тіркестерді, яғни «үшінші изафетті», В.В.Виноградовтың қатаң түсінігінде-
гі «сөз тіркестері» деп атауға болмайды, өйткені бірінші жəне екінші есімді сыңарлар арасындағы
байланыс мұнда бір бағытталған доминация, бағыну болып табылмайды, яғни оның екі жақты сипаты
бар. Бірінші есім мұнда ілік септігінің түрін қабылдайды (орыс тілінің есімді анықтауышына ұқсас),
бірақ екінші есім бірінші сыңардың грамматикалық жағына сəйкес жеке посессивтік ресімделеді: ба-
лық-тың кайзырығ-ы, рыбы чешуя-ее, балықтың қабыршағы (-тың — ілік септігі, -ы — 3-жақ);
мен-ин эне-м, моя мама, менің шешем (менин — «мен» сөзінен ілік септігі, -м — жекеше түрдің 1-жа-
ғының посессивтік көрсеткіші).
Бұл ерекшелік изафеттік тіркесті (берілген типті) предикативтік тіркеспен жақындастырады, он-
да бастауыштың прономиналды есімді түрі етістіктік баяндауышпен тіркеседі.
Ғалым Т.Сайрамбаев
12
мұндай тіркесті сөздердің күрделену процесінің бірнеше түрлері бар си-
яқты деген пікіріне сүйене отырып, біз ол құбылысты оның бағыныңқы, басыңқы сыңарларынан бай-
қаймыз. Ол үшін мына мысалдарды талдап көрелік: Əбекеңнің үйіне келсек, бірсыпыра қонақ бар
екен. Мына қызықты қараңыз, төрде отырған қонақтардың бірі — Қазақ ССР-нің Оқу министрі Сем-
баев болып шықты (Т.Байтұрсын.). Ауылдың экономикасын, мəдениетін өркендету үшін де білімді
жастар керек. Əсіресе, агрономдар жетіспейді. Егер менің тілімді алсаң, ауыл шаруашылығы инсти-
тутының агрономия факультетіне барсаң қайтеді? (Т.Байтұрсын.). 17 ұлттың өкілі тұрады. Шаруа-
шылықтың саласы көп. МЖС-тің бас зоотехнигі — Ыбырай Əбілов, бас мал дəрігері Мейрам Абақа-
нов есімді Мəкең құралыптас жігіттер (Т.Байтұрсын.). Корпустың соңғы екі-үш жылдағы дəрігері,
əке жағынан грек, шеше жағынан Қырым татары Илиада дейтін кісі еді (С.Мұқанов). Осы сөйлемдер-
де мынадай объектіге алынатын сөз тіркестері бар: Əбекеңнің үйіне, қонақтардың бірі, Қазақ ССР-нің
Оқу министрі, ауылдың экономикасын, мəдениетін, менің тілімді алсаң, ауыл шаруашылығы инсти-
тутының агрономия факультетіне, 17 ұлттың өкілі, шаруашылықтың саласы, МЖС-тің бас зоо-
технигі, корпустағы екі жылдағы дəрігері, бас мал дəрігері.
Осылардың ішінен таза матаса байланысқандарын алсақ, төмендегідей болып шығады: Əбекең-
нің үйіне, қонақтардың бірі, ССР-нің министрі, ауылдың экономикасы, менің тілімді, институты-
ның факультеті, 17 ұлттың өкілі, шаруашылықтың саласы, МЖС-тің зоотехнигі, корпустың дəрі-
гері.
Сөздердің бір-бірінен ілік жəне тəуелдік жалғауларының арасындағы байланысты матасу деп тек
кейінгі кезде ғана атағанымыз болмаса, оның материалы тілімізде бұрыннан бар екендігін жоғарыда
дəлелдедік. Сол матаса байланысқан сөз тіркестері осы күнгі тіл ғылымында бірсыпыра зерттелініп
келеді.
Кеңсе, мекеме аттарының құрамында, немесе күрделі атаулар құрамында ілік жалғаудың түсірі-
ліп айтылуы қазіргі қазақ тілінде нормаға айналып бара жатыр. Облыстық шаруашылығы басқарма-
сы, студенттер қалашығы, баланс есебі, бюджет жұмысы, табыстар бөлісі, еңбек келісімі, сату-
шылар аукционы т.б. Бірақ осындай сөздердің бəрі бірдей ыңғайлы жерде ілік жалғаусыз айтыла бер-
мейді. Əр түрлі лексика-грамматикалық заңдылықтарға сəйкес олар мынадай ретте ілік жалғаулы бо-
лып, сөйлем құрамында анықтауыш қызметін атқарады. Анықтауыш пен анықталатын сөз арасына
басқа бір сөз түсіп айтылады. Олар келесі құрметті атақтарда кездеседі:
Қазақстанның халық жазушысы;
Қазақстанның халық əртісі;
Қазақстанның халық ақыны;
Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы;
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері;
47
Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі;
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым жəне техника қайраткері;
Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы.
Қоғам дамуының əрбір жаңа дəуірінде жаңа сөздер, тіркестер енді, бұл, əлбетте, қоғамдағы өзге-
рістермен ұштасып жататындығын көрсеттік. Жалпы тілдегі мұндай құбылыс — бір күндік, бір жыл-
дық нəрсе емес, қоғам өміріндегі жаңалықтарға сай үнемі болып отыратын процесс.
Тілдік (синтаксистік) үлгілер əр жанрда, кез келген стильде бола береді, ал жеке сөз тіркестері
ондай универсалды емес. Сондықтан жалаң үлгілер жалпы тілдік элементтер көрсететін ерекшелік-
терді, өзгешеліктерді толық білдіре алмайды. Үлгілердің типі тілде анағұрлым шағын. Демек, мо-
дельдеу (үлгілеу) тілді зерттеуде қажет тілдік категория, инструмент болғанмен, оның кемшіліктері
баршылық. Сондықтан да əрбір синтаксистік бірлікті грамматикалық үлгі арқылы жеке-жеке қа-
растыру керек, яғни олардың қолданылуындағы сандық көрсеткіштері арқылы сапалық қасиеттерін
айқындау қажет.
Əдебиеттер тізімі
1. Нұрмағамбетов Ə. Қазақ говорларының грамматикасы. — Алматы: Ғылым, 1986. — 112 б.
2. Нақысбеков О. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. — Алматы: Ғылым, 1982. — 167 б.
3. Досқараев Ж. Бір экспедиция отрядының диалектологиялық жұмысы тұралы // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы-
ның мəселелері. — Алматы, 1958. — 1-шығ. — 258 б.
4. Батманов И.А. Способы выражения синтаксических отношений в киргизском языке. — Фрунзе, 1940. — 97 с.
5. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. — М.-Л.: АН СССР, 1948. — 276 с.
6. Кононов А.Н. Грамматика современного турецкого литературного языка. — М.-Л.: АН СССР, 1956. — 569 с.
7. Аманжолов С., Əбіқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы. 2-б.: Синтаксис. — Алматы: Мектеп, 1971. — 224 б.
8. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі: Оқулық. — 2-бас. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 384 б.
9. Исаев С. Қазақ əдеби тілінің совет дəуірінде дамуы. — Алматы: Мектеп, 1973. — 195 б.
10. Амиров Р.С. Особенности синтаксиса казахской разговорной речи. — Алматы: Наука, 1972. — 180 с.
11. Черемисина М.И., Колосова Т.А. Очерки по теории сложного предложения. — Новосибирск: Наука, 1987. — 197 с.
12. Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. — Алматы: Мектеп, 1981. — 200-б.
|