№1(41)/2006 Серия филология


Қ.ЖҰБАНОВ  ЖƏНЕ  ХАЛЫҚТЫҚ  ОНОМАСТИКА



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата12.03.2017
өлшемі3,1 Mb.
#9199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Қ.ЖҰБАНОВ  ЖƏНЕ  ХАЛЫҚТЫҚ  ОНОМАСТИКА 
В статье рассматривается  символическое  значение топонимов. Автор, занимаясь поиском 
источников  теории номинации в трудах К.Жубанова, анализирует взаимодействие народной 
этимологии с историческим сознанием.  
This article devotes the symbolic mind of thoponimes. The author is analyzing the combination of 
people etymology by historical mind as beginning of  theory of nomination? which have  been fond in 
K. Zhubanovis works. 
 
Халықтың биік рухы мен ұлттық бітім-болмысын танытатын ілім-білімдердің ішінде топономас-
тиканың алатын орны өзгеше екендігін өткен тарихымызды таразылап жатқан бүгінгі таңда баса айт-
қан жөн болар еді. Себебі топономастика мəселелерін зерделеп таныған сайын жер-судың тарихы, кі-
сі есімдерінің аталу сырлары, аспан əлеміндегі шырағдандардың атаулары басқаша сөйлеп қоя береді. 
Өйткені  онда  сан  жылдарды  қамтыған  халықтық  үлкен  тəжірибе,  таным-түсінік  жатыр.  Қоғамдық 
формация  өзгерген  уақыттарда  ол  танымдық  қасиеттердің  де  халықтың  санасынан  күңгірттене  бас-
тайтыны ақиқат. Осының салдарынан өзін қашаннан табиғаттың төл баласы санаған, қағазға сызған 
географиялық  картасы  жоқ  қазақ  халқы  өз  жері,  өлең  төсегін  танымай  да  қалуы  мүмкін  еді.  Ресей 
отаршылдарының да жер саясатын жүргізгендегі мақсаты осы екендігін қай зерттеуші болса да жоққа 
шығара қоймас. Алайда топономастикалық атаулар аңыз, əпсана түрінде атадан балаға, ұрпақтан ұр-
паққа тарап, ел есінде бекем сақталды жəне сонымен де оның тарихилық маңызы ерекше, өйткені ха-
лық əдебиеті түгелімен тарихи мəнге ие. Кейбір зерттеушілер жер-су туралы халық аңыздауларын та-
рихтық немесе тілдік тұрғыдан ғана қарай бөлуге тырысады. Бұның дұрыс жауабын ғалым С.Қасқа-
басовтың  «Казахская  несказочная  проза»  атты  еңбегіндегі  мынандай  пікірінен  табуға  болады: «Как 
известно, главной особенностью предания, отличающей его от других жанров несказочной прозы, яв-
ляется ярко выраженная установка на историческую действительность. Иначе говоря, предание всег-
да исторично, будь оно историческим или топонимическим. По нашему  мнению, деление предания 
на историческое и топонимическое — чисто условное, и оно основано только на тематическом прин-
ципе. По существу и топономическое предание имеет реальную основу, а в историческом предании 
нередко присутствует также топонимический мотив. Зачастую в таких случаях не содержание преда-
ния, а тема или мотив носит топонимический характер, поэтому очень нелегко различать эти два типа 
жанра»
1

Жергілікті географиялық терминологияны Л.С.Берг «народная кустарная наука» деп атаған екен. 
Өйткені əрбір автохтонды халық өзінің жаз жайлап, қыс қыстаған аймағына өзі ат қойып, айдар тағып 
отырғандығы белгілі. Ондай тарихи атаулардың көбі халық арман-тілегінен, қиялынан туындап, бей-
нелі сипатты болып отырғандығы да бар. Міне, осыдан келіп топонимика ғылымында халық этимоло-
гиясын «ложная этимология» деп ауыстырып атау орын алған. Əрине, халық эстетикасының көрігі-
нен  қорытылып  шыққан  жер-су  атауларының  өзі  жеке  тұрғанда-ақ  əдемі,  образды,  ал  ақын  тілімен 
өрнектелгенде  одан  бетер  əрленіп,  əсем  де  бейнелі  суреттер  туатыны  сөзсіз.  Біз  поэзиямызда  қазақ 
жерінің шұрайын: Көкшетауды, Қарқаралыны, Жетісуді, Қаратауды, Сарыарқаны, Орал тауын, Сыр-
дың бойын жырға қосқан талай ақындық толғаныстарды білеміз. Алайда бұл жерде аруақ қоздыратын 
ұлы өлең туындылары қазақ жерінің табиғаты əсем өлкелеріне ғана байланысты туады деген ұғым-
түсінік  болмаса  керек.  Себебі  қазақ  ақын-жазушыларының,  өнерпаздарының  бəрі  бірдей  осындай 
жайсаң табиғат құшағында туып өскен жоқ. Қазақ баласы Бетпақдаланы кешіп те, Қызылқұм, Қара-
құмды  жайлап,  қыстап  та,  Маңғыстаудың  түбегін  мекендеп  те,  Арал  мен  Атыраудың  тұзды  суын 
ішіп, май топырағына оранып та өсіп, жетілді емес пе? Міне, сол дала перзенттерінің əрқайсысы-ақ 
өздерінің кір жуып, кіндік кескен жерлерін, шөлі мен шөлейтіне, құмы мен құмдауытына, адыры мен 
бұдырына қарамастан, «жер ұйыққа» балап жырға қосады. Бұдан шығатын қорытынды — туған жер 
табиғатына арналған əсем жырлар сол өздеріне тақырып болған аймақтың көріксіздігіне т.б. мініне 
қарамастан, сұлу Баян, алқызыл Алтай, жайсаң Жетісу, ор түлкісін өрбіткен Орал бойы секілді əсем 
пейзаждардан  кем  жырланбаған.  Демек,  туған  жер  тақырыбына  орай  туған  махаббат  сезімдері  поэ-
зияда көрініс берсе, оны тек сол өлкенің сұлулығынан деп қарастыруға болмайды. Ақындық абстрак-
ция жақсы мен жаманды, жұтаң мен көріктіні, байлық пен жарлылықты теңестіріп, идеализация дең-
гейінде жырлауға ерікті. Бірақ бұдан шындық пен жалғандықты іздестіріп, ақиқатты анықтаудың қа-

37 
жеті болмас. Себебі ақын тілімен өрнектелген Жер ұйық, Жиделі Байсын, қайда барсаң да Қорқыттың 
көрі, Су аяғы құрдым т.б. жер-су атауларының бəрі нақты атау емес, халықтың арман-тілегінің аты, 
образды сөз қолданыстың үлгілері. Талай ғасырлардан бері қазақ халқы осындай құт қоныс, жайлы 
жер дегендердің бəрін образды сөздермен берген. Біздің тіліміздің байлығы, образды сөз қолданысы-
мыздың молдығы осы қиял шындығын көрсете білгенімізге байланысты болар. 
Алайда  бұған  қарап  халық  əдебиетіндегі  топономастикалық  атаулардың  бəрі  бірдей  қиялдан 
алынған, шындықтан алшақ деуге мүлдем болмайды. Өйткені өлең-жырларда, аңыз-əңгімелерде аты 
аталған бағзы бір кездерде жер бетінде орныққан топонимдердің əлі күнге сол аталған қалпы сақтал-
ғандығын көзімізбен көріп жүрміз ғой. Аңыз-əңгімелердегі Есек қырған, Шолпан, Жеті қарақшы т.б. 
жұлдыздар да аспан əлемінен жоғалып кеткен жоқ. Халық этимологиясын қаншама «жалған этимоло-
гия» десек те, оның ең алдымен халықтық шығармашылық өнер екендігін естен шығармауымыз ке-
рек. Халықтың тарихи иесінің атадан балаға мирас болып сақталып келу ерекшелігіне де осы шығар-
машылық өнердің тигізген септігі мол. Сайып келгенде, ол атау мен ұғым арасын ажырата қарауға да 
əсер етеді. Өйткені атау мен ұғым екеуі екі нəрсе. Атау — номин, номинативтік сипатты ғана білдіре-
ді. Ал, географиялық ұғым одан гөрі тереңірек, кеңірек қасиетке ие. Ол жер-судың аумағы, шаруаға 
қолайлы, қолайсыздығы, түр-түсіне қарай, немесе белгілі бір тарихи оқиғаға байланысты қойылған-
дығы, яғни сол жер-суға деген халық танымын, ұғымын көрсетумен ерекшеленеді. 
Күрмеуі мол осы мəселені алғаш зерттеп танытушы ғалым Құдайберген Жұбанов болатын. Жер-
су ұғымдарының туу сыры мен кісі есімдерінің жасалу жолдарын байыпты зерттеген өз еңбегінде ол 
топонимдердің  образды  болып  келетіндігін  тұңғыш  дəлелдеген  зерттеуші  десек,  артық  айтқандық 
болмас. Өйткені кеңес дəуіріндегі ғылымда топонимика ономастиканың іргелі саласы ретінде негізі-
нен жер-су атауларының этимологиясын көрсетумен шектелді, ал оның əдеби-поэтикалық сипатына, 
образдылығына,  халық  танымындағы  бейнелі  суреттеріне  назар  аударылмады.  Осы  тұрғыдан  қара-
ғанда,  яғни  жер-су  атауларының  бейнелілігі  жөнінде  өз  еңбегінде  Қ.Жұбановтың  көрсеткен  жүйелі 
ойы топономастика саласы бойынша бүгінгі күнге дейін мəнді болып табылады. Мəселен, Еділ өзені 
мен  Еділбай  атты  кісі  есімі  арасындағы  байланысты  Қ.Жұбанов  былайша  пайымдайды: «...Мы  уже 
заметили, что имена, в составе которых имеются географические названия, вроде Еділ (Волга) в име-
ни Еділбай, даются для того, чтобы отметить этим месторождение ребенка. В действительности же 
состав слова Еділбай недостачен, чтобы выразить эту мысль, полным выражением которой было бы 
Еділде туған бай «богач, родившийся на берегу Волги»
2

Ономастикада  географиялық  атаулардың  кісіге  немесе,  керісінше,  кісі  есімінің  географиялық 
объектіге айналып қойылып отыратын ерекшелік жайттер бар екендігі белгілі. Мысалы, Еділ өзенінің 
бойында дулу (дулат) тайпасының көсемі Атилла (Атыл, Этил, Еділ — А.П.) қайтыс болған соң ол 
өзеннің Еділ аталғандығы жөнінде ғалым М.Мырзахметов дəлелдеп жазған болатын
3
. Біздің ойымыз-
ша, бұл пікір тарихи шындыққа жанасымды. Өйткені бұндай үрдіс кейін де өз жалғасын тапты. Алыс-
қа бармай-ақ, Жамбыл ақынның есімі өзі етегінде дүниеге келген тауға байланысты қойылса, кейін-
нен ақынның аты облысқа берілгендігін айтсақ та жеткілікті. 
Бірақ, əрине, жер-судың атын иемдену үшін сол өзен бойында немесе тау етегінде дүниеге келу 
шарт  емес.  Еділбайдың  Еділ  өзені  бойында  туғандықтан  солай  аталғандығы  шындық  болғанымен, 
Еділ, Еділбай атты адамдардың бəрі бірдей Еділ бойында туып жатпағандығы белгілі. Халық таны-
мында Еділ, Жайық макрогидронимдары кеңдіктің, дархандықтың, молшылықтың белгісіндей болып 
қалыптасқан. Оның өз кезегінде халық ақындары үлкен пафоспен жырға қосып отырған. Қараңыз: 
Еділ бол да, Жайық бол, 
Ешкімменен ұрыспа. 
 
(Асан Қайғы) 
Еділ мен Жайық жер еді-ау 
Мекен еткен шаруаға. 
 
(Махамбет) 
Еділ көркем көрінер 
Жағалай біткен талменен. 
 
(Ақтан жырау) 
Олай болса, Еділ антропонимі ұланға Еділдей кең, жаны жомарт болсын деген ниетпен қойылған 
болып шығады. Осы ретте профессор Құдайберген Жұбановтың: «... Но  при всем, что личные име-
на — это образные выражения, не высказанные прямо и полностью, мы не имеем право допускать от-

38 
сутствие для них правил словоупотребления, как и не можем применять подобного положения к нас-
тоящим образным выражениям к художественной речи, которая действительно отличается (особенно 
когда она стихотворна) от обыденной, так называемой «рассудочной» речи своим синтаксисом, мор-
фологией и лексикой, но тем не менее подчиняется известному закону, более того, задает тон в уста-
новлении грамматических законов языка», — деп келетін байламды ойы антротопонимдердің образ-
дық мағынада қойылу ерекшелігін ғылыми тұрғыда негіздеу болып табылады. 
Географиялық атауларда сан ғасырлық өмір тəжірибесі арқылы қалыптасқан халық танымы, ұлт-
тық психология жатқандығын жіті аңғарған профессор Құдайберген Жұбанов жергілікті топоатаулар-
ды талдағанда халық əдебиетінің үлгілерін асқан дəлдікпен пайдаланады. Мəселен, Атжақсы топони-
мі туралы ғалымның ойы былай сабақталады: «Атжақсы (аты жақсы), по-видимому, ранее было ино-
сказательное выражение, употребляемое при названии чего-либо, настоящее название которого поче-
му-то (т.е. или по запретности, или из-за уважения) нельзя было произносить. Призыв бия Караменде 
к Кенгирбаю гласит: 
Сəлем де Кеңгірбайға, кел кетелік! 
Мықты сабаз атанды терлетелік... 
...Аты жақсы дариядан əрі өтелік! 
Аты  жақсы  дария  здесь — Сыр-Дарья. Тут  в  слове  аты  окончание  -ы  сохранено».  Осы  секілді 
түркі тектес халықтардың көне таным дүниесінен хабар беретін «жау жұмыр» сөзін халықтық əдет-
ғұрып,  салтпен,  сондай-ақ  Ұмай  анамен  байланыстыра  талдап  жіктеуі  немесе  түркілердің  байырғы 
мекендеген  жері  Өтукен-йіж  топонимін  мысалға  алып  филологиялық  талдау  жасауы  Құдайберген 
Жұбановтың топономастиканы басқа да ғылым салаларымен байланысын зерттеу мəнді нəтиже бере-
тіндігін дəлдеп көрсеткені  деп  білеміз.  Яғни,  Құдайберген  Жұбанов  топономастика  мəселелерін  қа-
растырып, тексергенде оған бір ғана лингвистика тұрғысынан емес, жалпы филологиялық мəнде зерт-
теулер  жүргізу  керек  екендігіне  тура  жол  салып  отыр.  Топономастика  мəселелерімен  шұғылданып 
жүрген зерттеушілер ғалымның еңбектерін оқығанда осыған көз жеткізе алады. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Каскабасов С. Казахская несказочная проза. — Алматы: Наука, 1990. — С. 156. 
2.  Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. — Алматы: Ғылым, 1999. — 415–432-б. 
3.  Мырзахметов М. Түркістанда туған ойлар.  — Алматы: Санат, 1997. — 231-б. 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 811.512.122 
Б.Ж.Ержанова  
«Лингва» тіл жəне аударма институты, Қарағанды 
РЕЛИКТ  ТҮБІР  МОРФЕМАЛАР  СЕМАНТИКАСЫ 
В  статье    выявляется  семантика  реликтовых  корневых  морфем  (РКМ)  в  сложных  и  произ-
водных  словах    казахского  языка.  С  позиции  когнитивной  лингвистики  решаются  проблемы 
словосложения и словообразования, мотивации и демотивации слов РКМ. 
In this article a problem of disclosing the semantics of relic root morphemes is analysed. The problem is 
observed in compound and derived sentences in Kazakh language where semantic is represented as 
“composition semantics”. The questions of wordcomposition and wordbuilding, motivation and de-
motivation words with relic root morphemes are presented from the point of view of cognitive linguistics. 
 
Реликт түбір морфемалы (РТМ) күрделі жəне туынды сөз құрамындағы əрбір тілдік бірліктің құ-
рамдас сыңар семантикасын анықтау тіл мамандарының міндеті десек, тіл-тілде реликт түбір морфе-
малы сөздерді лингвистикалық ой-сананың анағұрлым ертеректегі даму сатыларында ең алдымен ту-
ынды  сөздің  мүшелену  немесе  мүшеленбеу  мүмкіндігі  жағынан  зерттеу  көзделген. (Л.Блумфилд, 

39 
А.И.Смирницкий, Г.И.Винокур, А.А.Реформатский, Е.С.Кубрякова жəне А.Т.Қайдаров, Ж.Мəнкеева, 
Е.Қажыбеков, А.Ибатов, Н.Ы.Бөкетова еңбектерінде құрылымдық тұрғыдан қарастыру басым). 
Тіпті Н.Ы.Бөкетова зерттеуіндегі реликт түбір морфема семантикасы ассоциативті əрі коннота-
тивті мағына ретінде қарастырылып, көп жағдайда сөзжасамдық мағына бойынша анықталғанымен, 
сөзжасамдық  талдауға  сүйене  отырып,  құрылымдық  тұрғыдан  зерттеу  орын  алған.  Адам  болмысы 
мен танымының барлық саласын қамтитын адамзат рухының ең басты қызметі — тіл деп есептеген 
Вильгельм фон Гумбольдт тұжырымына лайық, зерттеуіміздегі «когнитивті» терминін индивид сана-
сындағы  дүниенің  əлемдік  бейнесі  туралы  білімді  сақтау,  өңдеу  жəне  ұсынумен  тығыз  байланысты 
«таным» мағынасындағы құрылымдарына қатысты қолданамыз. 
Е.С.Кубрякова: «Когнитивті  лингвистика — жалпы  когнитивті  механизм  əрі  когнитивті  құрал 
ретінде  зерттеу  нысаны  тіл  болып  табылатын  лингвистикалық  бағыт — санадағы  ақпаратты  қайта 
ұсыну жəне ауысу ролін зерттейтін белгілер жүйесі»
1
, — деп сараласа, бұл зерттеуімізде құрылым-
дық талдауды жоққа шығармай, негізінен когнитивті лингвистика мүмкіндіктеріне сүйенбекпіз. Ког-
нитивтік лингвистика міндетін ғалым В.З.Демьянков: «Адам баласының тілді жүйелі түрде бейнелеу 
жəне  меңгеру  механизмдерін  ұғындыру,  осы  механизмдердің  құрылымдық  ұстанымдарын  зерт-
теу», —деп анықтайды
2

Əрбір тіл жасампаз, өйткені тіл сол тілде сөйлейтін немесе ойлайтын адам санасында əлем бей-
несін  суреттеу  қабілетін  қалыптастырады.  Осылайша,  əлем  туралы  жалпы  білім  мен  прагматиканы 
есепке алсақ, тілдік семантиканы анықтаудың айырықша мол мүмкіндігі туындайды. Сондықтан лин-
гвистер  когнитивті  лингвистика  тұрғысынан  тілдің  танымдық  шарттары  мен  құралдары  ретіндегі 
қызметін,  сөздің  семантикалық  жағына  немесе  грамматикалық  құбылыс  ретіндегі  қызметін  айқын-
дауға басым назар аударып отыр. Біздің ойымызша, реликт түбір морфема семантикасын когнитивті 
лингвистиканың маңызды бағыты болып табылатын композициялық семантика тұрғысынан барынша 
айқын анықтауға болады. Осы орайда композициялық семантиканың шешуші қызметін ойлау қабіле-
тімен ерекшеленетін «адамзат баласына қатысты когнитивті құрылымдар мен тілдің белгілі бір «іш-
кі» моделі жəне қоршаған орта туралы білімі арасындағы үздіксіз байланыс үрдісін зерттейді»
3
 деген 
Е.С.Кубрякованың анықтауымен тұжырымдауға болады. 
Сөзқосым — ертеден келе жатқан өнімді сөзжасам түрі, кең тараған құбылыс. Қай тілде болма-
сын біріккен сөздер сөзқосым үрдісінің нəтижесі болып табылады. Əр алуан тілдерде күрделі сөздің 
жасалуы əртүрлі жолмен іске асады десек, қазақ тілінде күрделі сөздердің мынадай төрт түрі таны-
лып жүр: біріккен сөз, қос сөз, тіркесті күрделі сөз, қысқарған сөз
4
. Қазақ тіл білімінде ғалымдардың 
бірі біріккен сөздерді арнайы зерттеу нысаны етіп алса, енді біреулері күрделі сөз құрамында қарас-
тырады. Ғалым Г.Жəркешова біріккен сөздер деп «семантикалық бір ұғымды білдіретін, бір ғана сөй-
лем мүшесі бола алатын, бір фонациямен айтылатын, дыбыс үндесу заңдарына əсер ететін сөздерді 
атайды, яғни біріккен сөздің белгілері ретінде олардың тұтас бір ұғымды білдіріп, сөйлемде бір ғана 
сөйлем мүшесі болады»
5
, — деп таниды. Белгілі тіл маманы Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерт-
теулер» еңбегінде біріккен сөзді «кіріккен сөз» терминімен атап, өзіндік белгілерін былай деп сипат-
таған: «Күрделі сөздер қанша сөзден біріксе де, кіріксе де тұтас бір мағынаны білдіреді, бір ғана зат-
тың атауы болады, сөйлемде бір ғана мүше болады»
6
, бұл анықтама қазақ тіл білімі сөзжасамының 
аналитикалық тəсілі болып табылады. 
Күрделі сөздердің басқа сөздерден айырмашылығын көрсетіп берген ғалымдардың бірі А.Ысқа-
қов «компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырамай-ақ өзара бі-
рігіп жинақталған біртұтас лексика-семантикалық мағына беретін күрделі сөздер»
7
, деп, лексика-се-
мантикалық мағынаның біртұтас болуы оның негізгі ұстанымы екенін көреміз. Профессор М.Балақа-
евтың біріккен сөзге берген анықтамасы да осыған үндес. Ғалым Т.Сайрамбаев күрделі сөзді сөз тір-
кестерінен айыратын негізгі белгі деп, соңғы екінші сыңарға жалғанатын қосымшаларды санайды. Ол 
күрделі сөздердің біртұтас лексикалық бірлік ретінде тұтас күйінде түрленетінін айтады
8

Күрделі  сөздің  негізгі  белгілері  жөнінде  ғалым  Б.Қасым  күрделі  сөздерді  «композиттер»  деп 
атап, «күрделі атаулар бір ұғымның атауы ретінде қалыптасқан, жаңа сападағы атаулық мағына түзіл-
ген  туынды  лексикалық  бірлік»
9
,  деп,  күрделі  сөзді  сөз  тіркесінен  ажыратудың  бір  белгісі  ретінде 
оларды біріктіріп жазуды ұсынады. Осы орайда біріккен сөз жаңа атауларды жасау тəсілінің бірі бол-
ғандықтан, «атаулық (номинативтік) қызмет тілдің жəне сөздің қосалқы қызметі емес, басты қызметі 
ретінде қарастырылуы тиіс»
10
 деген Е.С.Кубрякованың пікіріне дəлел ретінде Б.Қасымның «Күрделі 
зат есімдер сөздігіндегі» өзінің екінші бір өмірін бастап, өзгеше жаңа қолданыс тапқан тұсаукесер, 
беташар, ордабасы, тілашар сияқты күрделі сөздерді тіліміздің қайта жаңғыруы үрдісінде бастапқы 

40 
семантикалық ұғымында емес, қайталама номинация нəтижесінде жаңа мағынада қолданып жүрміз. 
Мысалы, тұсаукесер (презентация) рəсім, беташар (жаңа бастама, қадам ретінде) т.б. 
Жас ғалым Г.Əбдірасилова күрделі сөздің жасалу жолдарын талдап, біріккен сөзге «сөздердің бі-
рігуі дегеніміз — екі не одан да артық жеке дара сөздердің бір лексикалық единица ретінде қалыпта-
сып, жаңа мағыналы сөз жасауы»
11
 деп берген анықтамасына сүйенсек, əнұран, мұражай, елтаңба, 
əуежай, күйтабақ сияқты жаңа атаулар сөздердің бірігуі арқылы жасалған сыңарлары тең дəрежелі 
атау сөздер болып табылады. 
Өмірде  пайда  болған  жаңа  ұғымдардың  атауы  ретіндегі  біріккен  сөздер  оларды  құрастырушы 
сыңарлардың негізінде жатқан уəжділіктер (мотивация) арқылы пайда болады, яғни «уəждеме — ата-
лымның жасалуындағы алдын ала жасалатын міндетті баспалдағы»
12
, болса, сөзжасам жүйесінде уəж-
демені оның ішкі формасынан бөліп алып қарастыру мүмкін емес, өйткені ішкі форма ұғым негізіне 
жинақталған бейне. Біріккен сөздерді уəждеме тұрғысынан қарастырған Г.Зайсанбаева, Б.Қасым ең-
бектеріне  сүйене  отырып,  тіл  зерттеуші  Т.А.Айнабекова  қазақ  жəне  неміс  тілдеріндегі  біріккен  сөз 
сыңарлары  арасындағы  уəжділік  арақатынастарды  толық  уəжделген,  жартылай  уəжделген  жəне  кө-
мескі уəжделген деп үш топқа бөлген. Солардың ішінде сөз сыңарының екеуі де мағынасы күңгірт-
тенген көмескі уəжділік немесе идиомаланған түріне жерсоғар, қансонар, атұстар, кемпірқосақ т.б. 
мысалдарын береді
13
, яғни РТМ-лы күрделі зат есім семантикасы сөздің құрамдас бөліктерінен ғана 
емес, əрі олардың арақатынасы, сонымен қатар когнитивті құрылымдарға сүйенген мағынасы көмес-
кі,  тіпті  идиоматизацияланған  мағыналардың  жинақталуынан  пайда  болуы  мүмкін,  сондықтан 
РТМ-лы күрделі зат есім семантикасын композициялық семантика деп атауға əбден болады. Мысалы: 
көкқұтан, қараторғай, адалбақан, бірқазан, бұзаубас, итмұрын, қаратабан күрделі сөздерінің мағы-
налары оның құрамдас сыңарлары мағынасынан туындамайды. Бастапқыда оның «құс» екендігі ойы-
мызға келеді, яғни ең алдымен «көкқұтан» немесе басқа құстар бейнесіндегі негізгі концептуалды ақ-
парат пайда болады. Десек те, көк, құтан деп күрделі сөз құрамын жеке қарастырсақ, əрбір құрамдас 
сыңарынан жалпы мағына шықпайды, яғни екеуінің бірі реликт болып табылады. «Біртұтас мағына-
лық  бірлікте  болатын  біріккен  сөз  сыңарлары,  бір  жағынан,  жай  сөзге  сəйкес  келеді,  сөйтіп  өзінің 
морфологиялық құрылымына  қайшы  болып, күрделі  сөз  тұтас  идиоматизацияланады.  Екінші жағы-
нан, күрделі сөз өзінің семантикалық құрылымы бойынша күрделі сөз болып қала береді»
 14
, деп ға-
лым сөзімен тұжырымдауға болады. 
Тіпті жаңадан пайда болған бағдаршам, жəрдемақы, тікұшақ күрделі зат есімдерінің құрамдас 
сыңарлары  жеке  тұрып  сөздің  толық  мағынасын  бермейді.  Бағдаршам — көлік  жүргізушілермен 
жаяу жүргіншілерге бағыт беретін шам, жəрдемақы — үкімет тарапынан тұрмысы нашар отбасыла-
рына жəрдем ретінде берілетін материалдық көмек десек, біріккен сөз өзінің мазмұны жағынан сөз-
тіркесімен пара-пар келіп тұр. Бұл біріккен сөзді оған сəйкес құрамдас сыңарларынан тыс келетін сөз 
тіркесімен анықтауға болатын кумулятивтік өсімшелер (приращение) болып табылады. Тікұшақ сөзі-
нің мағынасы алғашқыда пропеллері бар орнынан тік ұшатын кішігірім ұшақ деген ақпарат бермейді. 
Тек  кейіннен  «тік  ұшатын  аппарат,  механизм»  мағынасына  теңестіру,  адамның  ассоциативті  ойлау 
қабілеті нəтижесінде «вертолет» сөзінің мағынасы пайда болады. Осы ойымызды түйіндей келіп, күр-
делі сөз сыңарларын дербес мағыналы үшінші сөзбен алмастыру мүмкін емес деп айта аламыз. Бұл 
жағдайда когнитивті лингвистика саласында сөздің құрамдас сыңарлары семантикасындағы уəжділік 
жəне уəжсіздену ұғымдарын айқындау өзекті болмай, оның орнына тілдегі күрделі сөздердің пайда 
болу себептері мен алғышарттарын, олардың шын мəнінде қалыптасу тəсілін анықтау қажеттілігі ту-
ындайды. 
«Сөзжасам  жүйесінде  құрамдас  сыңарларының  бірі  көмескіленген,  түпкі  мағынасынан  айыры-
лып уəжсізделген күрделі сөз сыңары реликт түбір морфемалы күрделі сөз деп аталса, құрамдас сы-
ңарлары  уəжсізделген  немесе  сөз  тудырушы қосымша  арқылы  жасалған  туынды  сөзді  реликт  түбір 
морфемалы туынды сөз деп аталады»
15
 деген ғылыми анықтамасына лайық сауысқан, тышқан, бота-
қан,  тұрымтай,  қалқатай,  кішкентай,  ағатай  мысалдарын  алсақ,  сөзжасамдық  мағынада  екінші 
компонент кішірейтіп айту, аялау қатынасын білдіргендей. Дегенмен, аялау қатынасын білдіру ең ал-
дымен прагматикалық əрекеттің «мадақтау» сияқты иллокутивті акт көрсеткіші болып табылады, яғ-
ни ботақан сөзіне малдың атауы болатын мағына артылып тұрған жоқ, керісінше, біреудің əлдекімге 
деген жылы, аялы қатынасын көрсетуге ұмтылыс аңғарылады. Уəжсіздену үрдісі бірінші компонент-
ке  де,  екінші  компонентке  де  тəн,  яғни  əрі  құрылымдық,  əрі  семантикалық  даму  анық  аңғарылады. 
Дей тұрғанмен, екінші компонент жартылай аффикс қызметін атқарады, бұл күрделі сөздің құрамдас 
сыңарлары арасындағы функционалды жəне динамикалық сипатының өзгеріске ұшырауын көрсетеді, 

41 
яғни  адам  санасының  когнитивті  қызметі  тілдік  бейне  арқылы  қабылдайтын  жаңа  мағына  үстелген 
сөз пайда болады. Бұл жерде тағы да композициялық семантика мысалын көре аламыз. 
Е.С.Кубрякова күрделі сөз мағынасын Л.Щерба сөзімен «мағыналардың қабаттасуынан бірнеше 
мағына  туындамайды,  жаңа  мағына  пайда  болады»  деп  түйіндеп, «күрделі  сөздің  жасалу  үрдісінде 
уəждеуші  семантиканың  қай  сыңары  қолданатынын  анықтау  жəне  сол  сөзді  қолданғанда  сөйлеуші 
оны сезетініне» назар аударады. Бұл саланы ауқымды зерттелмеген өзекті мəселе деп, бір жағынан, 
күрделі сөз ішіндегі тілдік бірліктердің тіркесу, екінші жағынан — сол бірліктердің туынды сөзбен 
тіркесу жолын табуды аса маңызды деп есептейді. 
Бірінші кезекте толық мағыналы түбір болған РТМ семантикасындағы концептуалды ақпарат ге-
нетикалық деңгейде сақтала ма, əлде РТМ семантикасы деривациялық (сөз тудыру) морфологиялық 
құрылым есебінен сақтала ма: осы мəселелер зерттеуіміздің нысаны болып табылады. Сайып келген-
де, РТМ-ның түпкі мағынасының көмескілеуіне əкелген тілдік өзгерістер мен тілдік бірліктердің өза-
ра жігін, бір-біріне ауысу заңдылықтарын, тілде қалыптасу негіздерін, бүгінгі күні қолдану жиілігін, 
яғни тілдік бірліктің қайсыбір кезеңде толық мағыналы сөз құрамы болғанын айқындау, аса маңызды 
болып отыр. 
Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, қазақ тіл білімінің сөзжасам жүйесі, се-
мантикасы көмескіленген, этимологиясын айқындау қиындық тудыратын РТМ-дың түптөркінін зерт-
теу бойынша құнды тұжырымдары мен теориялық нақты пайымдауларымен белгілі А.Т.Қайдар сөз-
тізбесіне,  осы  сөзтізбеге  сəйкес  бірнеше  тілді  салғастыра-салыстыра  зерттеген  қазақ  тілі  сөзжасам 
жүйесі бойынша жасалған Н.Ы.Бөкетова əдістемесін, Н.Оралбаеваның өнімді жəне өнімсіз қосымша-
лар арқылы жасалған, сондай-ақ белгілі бір кезеңде өнімді болып келетін үлгілерін — РТМ-лы сөз-
дерді талдауда басшылыққа алмақпыз. 
Етістіктен зат есім тудырушы -ыр (-ір) қосымшасын Н.Оралбаева өнімсіздер қатарына жатқыза-
ды, ал А.Т.Қайдар сөзтізбесінде -ыр (-ір) қосымшасы арқылы жасалған сөздердің түптөркіні көмескі-
ленген деп беріледі, яғни туынды сөз мағынасында лексикалық мағынадан гөрі «дыбыстық мазмұн» 
басым, жəне сөзжасам үрдісіндегі тілдік қызмет когнитивті лингвистика саласы мен когнитивті пси-
хология саласының байланысын аңғарамыз.  
-ыр  қосымшасы  арқылы  жасалған  қашыр,  тасыр,  тықыр,  шықыр  сөзжасам  қатарын  түзуде 
адамның танымын, қандай да білімін реттеуші жəне құрылымдық қызметі басым екені анық, мұндағы 
когнитивті құрылым түбірдегі дыбыстық қайталау арқылы жасалған. Əлем тілдері əр алуан екені бел-
гілі, ал когницияның (таным) негізгі механизмі əмбебап, сондықтан ол сөз семантикасы бойынша ай-
қындалады. Бұл орайда сөзге семантикалық талдау жасаумен шектелмей, концептілік талдауды қатар 
жүргізу орынды болмақ. Өйткені «семантикалық талдау — сөздің семантикалық құрылымының ай-
қындалуы, оның денотативті, сигнификативті жəне коннатативті айырмашылықтарын анықтауды жү-
зеге асыру болса, концептілік талдау бір ғана таңбаның аясына жинақталатын жалпы концептілерді 
тауып, когнитивті құрылымдағы сол таңбаның болмыс-бітімін анықтау болып табылады. 
Қазіргі қазақ тілі сөзжасам жүйесінде -ық (-ік), -ақ (-ек), -қ (-к) қосымшалы үлгісі өнімділер деп 
есептеледі. Бұл үлгі бойынша жасалған сөздер осы қатарға ортақ сөзжасамдық мағына бере алмайды. 
Сондықтан тек деривациялық (сөз тудырушы) морфологиялық құрылым ғана қосымша мен сөз туды-
рушы  негіздің  өзара  кірігу  шегі  туралы  ой  қорытуға  мүмкіндік  береді.  Ал  сөзжасамдық  талдауда 
асық, борық, арық, балшық, жарық, қайық, сырық, тобық, ұшық, қабық, қорық, ырық, жорық, ұрық, 
тымық, суық, қытық, етік, ерік, есік, бесік, жерік сөздерінің түпкі мағынасын айқындау қиындық 
тудыруда. «Тəртіп» сөзінің мағынасын концептуалды күшейту мақсатымен «жосық» сөзіне қатысты 
«жөн» сөзін қатар айту — ауызекі сөйлеуде жəне когницияда жиі қолданылатын əдіс, мысалы, «жөн-
жоба» қос сөзі осы қатармен мағыналас. 
Қорытындылай  келгенде,  РТМ-лы  сөз  құрылымы  тілдік  бірлік  ретінде  өзінің  ықлым  заманнан 
бергі даму, өзгеру сатылары нəтижесінде тілімізде сақталғаны анық. Оған мысал — күрделі жəне ту-
ынды сөздер. РТМ-лы сөздер семантикасы когнитивті сипатқа ие, өйткені мұнда сөз тудырушы мағы-
на əрекетке түсумен бірге көп жағдайда композициялық семантика сақталады. Күрделі сөздің құрам-
дас сыңарлары семантикасы жəне оның көмескіленген мағынасы да тілімізде бұдан əрі де қызмет етуі 
үшін  тілдік  бейнені  концептуалды  жаңғыртуға  деген  талпыныстар  деривациялық  (сөз  тудырушы) 
морфологиялық құрылым арқылы анықталмақ. Ақиқат дүниенің үзігі болып табылатын дүниенің тіл-
дік бейнесін зерттейтін когнитивті лингвистика саласындағы соны ізденістерді əрдайым назарда ұста-
ған жөн. 
 
 

42 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Кубрякова Е.С., Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Лузина Л.Г. Краткий словарь когнитивных терминов // Под общ. ред. 
Е.С.Кубряковой. — С. 53. 
2.  Демьянков В.З. Когнитивная лингвистика как разновидность интерпретирующего подхода // Вопросы языкознания. — 
1994. — № 4. — С. 21. 
3.  Кубрякова  Е.С.  Когнитивная  лингвистика  и  проблемы  композиционной  семантики  в  сфере  словообразования // Изв. 
АН. Сер. лит. и язык. — 2002. — Т. 61. — С. 15. 
4.  Қазақ грамматикасы. — Астана, 2001. — 252-б. 
5.  Жəркешова Г. Қазіргі қазақ тіліндегі біріккен сөздер: Филол. ғыл. канд. ... дис. автореф. — Алматы, 1949. — 2-б. 
6.  Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. — Алматы: Ғылым, 1960. — 91-б. 
7.  Ысқақов А.А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 139-б. 
8.  Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. — Алматы: Мектеп, 1981. — 84-б. 
9.  Қасым Б. Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының теориялық негіздері: Филол. ғыл. д-ры … дис. — Алматы, 2002. 
— 33-б. 
10.  Кубрякова Е.С. Номинативный аспект речевой деятельности и словообразование как важнейший компонент // Вопросы 
словообразования и формообразования. — М., 1980. — Вып. 164. — С. 43. 
11.  Əбдірасилова Г. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің аналитикалық тəсіл арқылы жасалуы: Филол. ғыл. канд. ... дис. — Ал-
маты, 2003. — 54-б. 
12.  Айнабекова  Т.А.  Неміс  тіліндегі  біріккен  зат  есімдер  жəне  олардың  қазақ  тіліндегі  баламалары:  Филол.  ғыл.  канд. ... 
дис. – Алматы, 2004. — 250-б. 
13.  Букетова Н.И. Реликтовые явления в словообразовании немецкого языка. —Алматы: Рауан, 1991. — С. 28–29. 
14.  Букетова Н.И. Реликтовая корневая морфема как языковая универсалия. —Алматы: Казахстан, 1994. — С. 45. 
15.  Кубрякова Е.С. Краткий словарь когнитивных терминов. — М.: Изд-во Моск. ун-та, 1996. — С. 47–48. 
 
 
 
 
 
С.К.Нұрпейісова 
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет