Тақырыбы: «15 қараша-Ұлттық теңге күні»
Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі — теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру.
Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту.
Елін, жерін сүйіп құрмет ұтатын жас жеткіншектерді елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: белсенді тақта, теңгелер, әртүрлі валюталар, тапсырмалар.
Мұғалім:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!«15 қараша-Ұлттық теңге күні» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Тәуелсіздік –біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік –біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
«Теңгенің шығу тарихы»
/ Слайдтар шығып отырады /
«Теңгенің шығу тарихы» жайында мағлұмат.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге 1993жылдың 15 қарашасында дүниеге келді. Теңгенің тарихы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алды. Теңгенің авторлары дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Меңдібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелханов. Алғашқы теңгенi «Harrison&Sons» компаниясы Англияда басып шығарды. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге (СССР) ауыстырылды.
1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталынып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді.
Республикада ақша айналысындағы мерейтойлық және ескерткіш ақшалар да қолданылады. Мерейтойлық және ескерткіш теңгелер оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие , бірақ олар негізінен мәдени — ағарту мақсатында шығарылған . Әдеттегідей , олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған. Ескерткіш монеталар 999/1000 сынамды алтыннан жасалған, массасы — 1000 грамм, диаметрі — 100 mm., «proof» сапасымен жасалған.
1-тапсырма. « Теңгемнің бейнесі »
Бұл бөлімде оқушыларға теңгенің бейнесі жайлы жазылған парақшалар беріледі,ал олар бұл қай теңгенің бейнесі екенің табады.
2-тапсырма. "Әр елде өз валютасы"
Қырғызстанда-/сом/ Ресейде -/рубль/ Германияда — /марка/
Америкада — / доллар/ Ұлыбританияда-/фунт/ Украинада — /гривна/
Қытайда — / юань/ Тәжікстанда — /манат/ Өзбекстанда — /сум/
Түркияда -/ лира / Латвияда - / лат / Кореяда — / йена /
3-тапсырма.
Жағдаяттар шешу.
1-жағдай: Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі,жыртық.Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр .Сенің іс-әрекетің …?
2-жағдай: Сен екі ініңді бала бақшадан алып қайттың.Інілерің қарындары ашқандарын айтты. Сенде 60 теңге бар.
Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60 теңге, 1 қорап сағыз 60 теңге
Қай затты алар едің? Неге?
3-жағдай: Сенің былтырғы етігің өзіңе шақ.Бірақ оны кигің келмей тұр.Жыртық болмағанмен,ескі.Ойыңды әкеңе айтып едің,әкең айлық әлі алмағанын айтты.Сенің әрекетің…?
Қорытынды
«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдаланып, ақшаның қызығына түсіп кетпей жан - жағымыздағы адамдарды ойлайық.
«Ақша – уақыт тынысы», бірақ ақшаға достықты,туыстықты сатпа, ақшаны көріп жолдан тайып кетіп жүрме, 100 сомың болғанша, 100 досың болсын...
Қазіргі кезеңде Мемлекетіміз көтеріліп келеді, болашақта білімді, саналы азамат болып өсуімізге барлық жағдай жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып еліміздің ертеңі жарқын болуына сіздер де ертең еңбек етесіздер, соған лайықты ұлан болып өсіңіздер. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «15 қараша-Ұлттық теңге күні» атты ашық сабағымызды аяқтаймыз.
«Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп»КММ
««15 қараша-Ұлттық теңге күні»»
5 «Ә» сыныбы
Сынып жетекші: Ибрагим Ә.Ә.
2023-2024 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |