Тексерген: Теңізбаева Жазира Топ: Финф-20-1 Тараз 2023ж



бет1/5
Дата12.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#100652
  1   2   3   4   5


М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
СӨЖ


Тақырыбы: Сыртқы экономикалық қызмет және оны реттеу
Пән:Қолданбалы экономика


Орындаған: Үшкемпір Жанерке
Тексерген:Теңізбаева Жазира
Топ: Финф-20-1
Тараз 2023ж
1.1. Халықаралық сауда және оның негізгі теориялары
Қазіргі әлемдік нарық өзіндік күрделенген жүйе ретінде ұлттық шаруашылықтар арасындағы қалыптасқан сауда-саттық қарымқатынастары-мен сипатталады. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер, жұмыс күші, капиталдың түрлері, технология, валюталар сатылуы және сатып алынуы мүмкін.
Халықаралық сауда – халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған әртүрлі елдің тауар өндірушілері арасындағы байланыс формасы болып табылады, және олардың өзара экономикалық тәуелсіздігін білдіреді. Сонымен бірге, халықаралық сауда дегеніміз - әлемнің барлық елдері арасында жүргізілетін төлемі бар жиынтық тауар айналымы.
Әлемдік нарықтың қалыптасуы мен дамуы: халықаралық еңбек бөлінісімен (ХЭБ) тығыз байланысты. ХЭБ бірнеше факторлармен анықталады. Ол әлем елдерінің өндірістік шарттарының алуан түрлілігі жағдайында дамиды. Әлем елдерінің табиғи ресурстарға, капиталға, еңбек ресурстарына, технологияға және тағы басқаларына әртүрлі иелік етуі (мысалы, бір ел пайдалы қазбаларға өте бай, ал басқа бір елде олар мүлдем тапшы болуы мүмкін) олардың өндірістік мүмкіндіктерінің бірдей болмайтындығына алып келеді. Адамдар өнімнің барлық түрін өндіргісі келеді, бірақ бұл кейбір жағдайларда тиімсіз және мүмкін емес болып табылады.
Осындай мәселелерге бірінші болып классиктер Адам Смит пен Давид Рикардо көңіл бөлді. А.Смит: «кез келген өнімді кез келген елде өндіруге болады, бірақ олардың шығындары өте жоғары және сапасы төмен болуы мүмкін, сол себепті, елдер өндірісі арзанға түсетін тауарлар мен қызметтердің түріне маманданғаны дұрыс», деп жазды. Олай болса, қазіргі әлемдік нарық сыртқы сауданың тиімділігімен түсіндіріледі. Смитше, әлемдік сауданың тиімділігі қандай да бір елдің өндіріс шығындары деңгейінде басқа бір елге қарағанда абсолютті артықшылыққа ие болуынан көрініс табады. Осылайша, А.Смит абсолютті артықшылықтар теориясын қалыптастырды. Ал Д.Рикардо болса, өзінің әйгілі салыстырмалы артықшылықтар теориясын дамытты. Айталық, Қазақстанға Қырғыз Республикасына қарағанда бидай мен мата өндірісі арзанға түседі. Егер бұлай болса, онда Қазақстанға Қырғыз Республикасымен саудаласудың мүлдем қажеті жоқ.
Алайда, салыстырмалы шығындар теориясына сәйкес екі ел арасындағы сауда тиімді болып табылады. Айталық, Қазақстанда бидайдың 1 бірлік құны матаның 1,5 бірлік құнына тең. Ал Қырғыз Республикасында бидайдың 1 бірлігі матаның 2 бірлігіне тең. Егер, Қырғыз Республикасына бидай шығарсақ, онда оның құнына матаның 2 бірлігін алуға болады. Олай болса, матаға қарағанда бидайды Қазақстанда өндірген аса тиімді болып табылады.
Суреттен көріп отырғанымыздай, Қазақстанның ішкі нарығында бидайдың 300 бірлігі 450 бірлік матаға айырбасталар еді (аb сызығы). Ал егер бидайды Қырғыз Республикасына шығарсақ, онда оған 600 бірлік мата алуға болады (ас сызығы).
Қырғыз Республикасы үшін ішкі нарықта 600 бірлік матаға 300 бірлік бидайды айырбастауға болады (de сызығы). Ал егер ол матаны Қазақстанға сатса, онда оған 450 бірлік бидай ала алады (fe сызығы).
Егер Қазақ Республикасы үшін сыртқы саудадан болатын ұтыс ас аралығын құраса, онда Қырғызстан үшін бұл ұтыс df аралығын қамтиды. Сонымен, екі елдің салыстырмалы шығындарын осылайша есептеу сыртқы сауданың дамуына мүмкіндік жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет