15 билет анемия. Ұғымның анықтамасы, жіктелуі. Қан аздық анемия


Бауырдың, өт қабының және көкбауырдың перкуссиясы және пальпациясы



бет3/3
Дата19.05.2022
өлшемі19,59 Kb.
#34975
1   2   3
Байланысты:
15 билет

3. Бауырдың, өт қабының және көкбауырдың перкуссиясы және пальпациясы.
Оң жақ қабырғаның астын сипалағанда бауырдың көлемін, қаттылығын, бетіндегі түйіншіктерін, ауырсынуын анықтауға болады. Бауырдың үстін əдеттегідей бармақтың басымен сипай келіп, қолды тереңірек батырып жіберіп, бауырдың шетін сезуге болады. Ол үшін алақанды науқастың ішіне қабырғаның шетінен, бұғананың орта сызығынан қойып, науқас дем шығарғанда саусақтарды тереңдетеді, дем алғанда бауырдың шеті саусақтарға тиеді де, оны анықтауға мүмкіндік туады. Қатерлі ісік ауруында бауыр қатайып қатты ауырады, бауырдың шетін сипағанда үсті тегіс болмай, бұдырланып тұрады. Кейде бауыр кішірейіп, қатайып сипағанда анықталмайды. Асцитте құрсақ қуысында бос сұйық анықталады. Өт қалтасын қолмен сипалап табу өте қиын. Бауыры жəне өт қалтысы қабынған науқастардың бұғанасының жоғарғы жағын басқан кезде ауырсыну сезіледі (Френикус белгісі). Бұл көк еттің
созылуына жəне жүйкенің қозғалуына байланысты. Бауырдың көлемін перкуссия əдісі арқылы анықтайды. Бауырдың перкуссиясың Курлов əдісі бойынша жүргізіледі. Ол үшін алдымен перкуссияны бұғана қабырғаның ортасымен төмен қарай жасап, бауырдың жоғары шетін тауып (дыбыстың ең тұйық шеті) оны сиямен нүкте қойып белгілейді. Содан кейін, төменнен жоғары қарай (кіндіктің оң жағынан) перкуссия жасап бауырдың төменгі шетін табу керек те, (бұл тұйық дыбыс) бұғанда сиямен нүкте қою керек, бұл бауырдың оң жақ көлемі болады. Сау адамда ол 9 + 2 см болады. Екіншісі шекарасының жоғарғы нүктені төстің ортасына дейін апарып (бұл үшінші нүкте) кейін төменнен жоғары қарай перкуссия жасап анықтаған кезде ол 8 + 2 см болады. Сонан кейін қабырға доғасының төменгі сол жағымен үшінші нүктеге қарай перкуссия жасап, тұйық дыбыс шыққан жерге нүкте қойып анықтайды. Осы екі нүктенің арасы 7 + 2 см, бұл бауырдың сол жақ бөлігінің ұзындығы болып есептелінеді. Перкуссия арқылы бауырдың көлемінің үлкейгенін немесе кішірейгенін анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет