15-билет. Осанка. Осанканың бұзылуына әсер ететін факторлар


Тыныс алудың жас ерекшеліктері



бет7/7
Дата19.06.2023
өлшемі434,88 Kb.
#102437
1   2   3   4   5   6   7
2.Тыныс алудың жас ерекшеліктері.
Тыныс алу мүшелері оттегі мен көмір қышқыл газын таситын негізгі міндеттерінен басқа да қызмет атқарады. Дем алу мен дем шығарудың ырғақты түрде ауысуы біздің денеміздегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді. Көк еттің (диафрагманың) дем алып, дем шығарғанда көтеріліп жене төмен түсуі ас қорыту мүшелеріне қысымдық әсер етіп, ішек-қарындарға уқалау (массаж) іспетті әсер етеді. Егер адам терең дем алса, бұл әсер күштірек болады. Кеуде қуысындағы өкпе сығылып және босау арқылы жүрекке, қолқа, өкпе артериялары, жоғарғы және төменгі қуыс веналарына да, ас қорыту мүшелеріндегідей әсер етеді де, жүрек қанды сорып алуына көмектеседі.
Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.
Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минуттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде — 220 см3, 6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3, дем алу көлемі жаңа туған сәбиде — 25 см3, 1 жаста — 80 см-ге дейіи артады, 2 жаста — 140 см3, ересек адамда — 400 см1. Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде – 50 см3, 1 жаста — 210 см3, 13 жаста — 707 см3, 20-25 жаста — 1680 см3, ал 30-40 жаста орта шмамамен 1788 см3.
3. Жасөспірімдердегі дене бітімінің бұзылыстары (сколиоз, лордоз).
Сколиоз - омыртқаның тұрақты деформациясы, оның осіне қатысты жағына қисаюымен бірге жүреді. Омыртқа бағанының барлық бөліктері патологиялық процеске қатысады, бұл кезде оның физиологиялық иілулері, сондай-ақ бұралулары жоғарылайды. Емделмеген сколиоз ауыр зардаптарға, кеуде қуысының, жамбас сүйектерінің қайталама деформациясына әкеледі. Бұл ішкі органдардың жұмысындағы бұзылуларға әкеледі: жүрек, өкпе, бүйрек, ішек және т.б.
Лордоз (грекше lordos — иілген) — омыртқа бағанасының патологиялық майысуының (қисаюының) бір түрі. Адамның тік жүруіне байланысты омыртқа жотасының алға қарай иілім жасап орналасуы. Ол нәрестенің жатыр ішінде даму ақаулықтарынан, әр түрлі аурулардың (туберкулез, мешел, полиомиелит, т.б.) салдарынан пайда болады. Лордоздың патологиялық майысуы кейде туа пайда болса, кейде жүре пайда болуы да мүмкін. Бұл, көбіне бір жасқа дейінгі сәбилерде байқалады. Лордоз омыртқа бағанасының алға қарай майысып, қисаюымен сипатталады. Физиологиялық Лордоз омыртқа бағанасының мойын және бел бөліктерінде орналасады, ал патологиялық Лордоз тек бел омыртқаларда байқалады. Ауру адамдар арнайы күн кестесін сақтауы, емдеу гимнастикасымен шұғылдануы, массаж қабылдауы қажет. Кейбір жағдайларда хирургиялық операция жасалуы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет