15-Дәріс. Қазақстандағы келелі мәселелерін шешу жолдары


Елдердің экономикалық-экологиялық типтері



бет7/8
Дата13.12.2022
өлшемі41,51 Kb.
#56836
1   2   3   4   5   6   7   8
Елдердің экономикалық-экологиялық типтері.Шаруашылықтың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту мақсатында өндірістің аумақтық-салалық құрылымын өзгерту, жаңа технологиялық енгізу, қалдықтарды өңдеу мен залалсыздандыру шаоалары жүргізілуі қажет. Экономикалық даму деңгейінің әр түрлі болуы елдердің экологиялық проблемаларды шешу мүмкіндігін де түрліше етеді. Іс жүзінде едің экологиялық саясатының нақты экономикалық жағдайға тәуелді болатыны белгілі.
Осы уақытқа дейін табиғи байлықты өте ысырапсыз пайдаланудың салдарынан табиғаттың тепе-теңдігі бұзылады. Әсіресе біздің республикамыз экологиялық аптатты аймақ болып табылатындықтан ғаламдық тұрғыдағы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, табиғаттың тепе-теңдігін сақтау мақсатымен бағдарлама жасау керек.
Жалпы, дүниежүзілік шаруашылықтың қоршаған ортаға тікелей әсер етуінен болатын шығын әлемдік ЖІӨ нің 5-8 0/0 құраса, табиғатты қорғау мен қалпына келтіруге бөлінетін қаржы әлемдік ЖІӨ нің бар болғаны 10/0 ғана құрйды. Әрине бұл көрсеткіш елдер бойынша алшақтық жасайды. Бұл Б.Н.Зимин ұсынған елдердің
экономикалық-экологиялық топтамасынан айқын:

  • экономикалық дамуы өте төмен деңгейдегі мешеу елдер; мұнда «экологияландыру» ұғымын елде жұмыс істейтін шетелдік кәсіпкерлер есебінен жүргізілетін табиғат қорғау шараларымен ғана байланыстыруға болады. Экологиялық талаптарды орындауға шақыру жергілікті тұрғындар тарапынан қарсылық табуда;

  • даму деңгейі төмен елдер; мұнда табиғат қорғау шаралары шетелдіктер көмегімен ғана жүзеге асады. Экологияға қарсылық ресми тұрғыда емес, жекелеген аудандардағы наразылық түрінде көрінеді. Бұл топтағы елдер экологиялық шараларға, әдетте ЖҰӨ-нің 0,40/0 ғана жұмсайды;

  • экономикалық даму деңгейі орташа елдер табиғатты қорғау мен ресурстар байлығын сақтауға қатысты әрекетті қаржыландыруға ЖҰӨ-нің 0,5-1,30/0 –ын бөледі.Экологиякалықшаралар қоршаған ортаға аса қауіпті өндіріс салаларына қатысты ғана жүзеге асырылады;

  • Экономикалық даму деңгейі жоғары елдер;ЖҰӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткіші орташа 6000 АҚШ долларына тең болатын бұл елдерде экологиялық шарларды қаржыландыру жүргізіледі, бірақ ластану ластану көздерін мүлде жою қымбатқа түсетіндіктен экологиялық проблемалар толығымен шешілмеген;

  • экономикалық даму деңгейі өте жоғары елдердің өндірісті түгелдей дерлік экологиялық тиімді жаңа технологияларға көшіруге, ластану көздерін залалсыздандыру қаржысы жетеді. Бұл топтағы елдер зиянды кәсіпорындарды дамушы елдер аумағына көшіруде, мұның өзі дүние жүзіндегі экологиялық жағдайы одан әрі нашарлатуда;

  • табиғатты қорғау мен ресурс байлықтарын сақтаушы технологияларды енгізудің озық тәжірибесі бар елдер қалдықсыз технолгияға толығымен көшкен. Швейцария тәрізді кішігірім елде мүмкін болған бұл тәжірибе шаруашылық құрылымы өте күрделі елдерде қолданыс таба алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет