15-Дәріс. Қазақстандағы келелі мәселелерін шешу жолдары


Радиоактивтік және бактериологиялық ластану



бет3/8
Дата13.12.2022
өлшемі41,51 Kb.
#56836
1   2   3   4   5   6   7   8
Радиоактивтік және бактериологиялық ластану. Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігіне нақты қауіп-қатерді радиоактивтік ластану тудырады, оның көзі негізгі төрт топқа бөлінеді: уран өндіруші және қайта өңдеу өнеркәсібінің жұмыс істемейтін кәсіпорындарының қалдықтары (уран кен орындарының шөгінділері, өздігінен төгілетін ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желілердің қайта құрастырылған құрылғылары); ядролық қаруды сынақтан өткізу нәтижесінде ластанған аумақтар; мүнай өндіруші өнеркәсіп пен мұнай құрылғыларының қалдықтары; ядролық реакторлардың жұмысы нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен радиотопты өнім (ионданған сәулеленудің істен шыққан көздері). Қазақстанда алты ірі уранды геологиялық аймақ, уранның көптеген майда кен орындары мен тау жыныстары бар, олар уран өндіруші кэсіпорындарда және ядролық жарылыстарды өткізу орындарында жиналған қалдықтарды, табиғи радиобелсенділіктің жоғары деңгейін тудырады. Қазақстан аумағының 30%-інде адам денсаулығы үшін нақты қауіп-қатер тудыратын, радон-радиоактивті табиғи газдың бөлініп шығуының жоғары әлеуетті мүмкіндігі бар. Радионуклеидтермен ластанған суды ішу және шаруашылық қажеттіліктері үшін пайдалану аса қауіпті. Қазақстан кәсіпорындарында 50 мыңнан астам иондаушы сәулеленудің істен шыққан көздері бар және радиациялық зерттеу барысында олар 700-ден астам бақыланбайтын көздер табылған және жойылған, олардың 16-сы адам үшін өте қауіпті.
Республикадағы ең қолайсыз аудандардың бірі Семей өңірі болып қалып отыр. 2005-2007 жылдарға арналған бұрынғы СЯСП (Семей ядролық-сынақ полигоны) мәселелерін шешу бойынша кешенді бағдарламаның аясында жүргізілген зерттеулер аумақта радиоактивті ластанулар алаңының болғанын растайды және суда техногенді радионуклеидтердің жоғары мөлшерде болғаны анықталған. Аталған аумақта радиациялық жағдайдың нақты картасын құру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Семей полигонында жүргізілген барлық жерүсті ядролық сынақтардың ішінен полигон аумағы мен оған жақын аймақтардың қоршаған ортасының радиоактивтік ластануының ауқымын анықтаған келесі сынақтарды бөліп қарауға болады. Өңірдің радиоактивтік қалдықтан ластануы полигон аумағымен шектелмейді, оның шекарасынан алысқа кетеді. Осылайша, бірінші термоядролық сынақтан (12.08.53 ж.) кейінгі радиоактивтік қалдықтар ізі полигон шегінде шамамен 120 шақырымға жетеді жэне полигон сыртында жүздеген шақырымға дейін созылып жатыр. Қарауыл елді мекенінің аймағында (полигон шекарасынан 100 шақ.) жүргізілген зерттеулер топырақты қабатта ғаламдық шығындылар шегінен 5-10 есе асатын 137Сs радионуклеидінің болғанын растайды.
Бактериологиялық залалдың әлеуетті қаупін Арал теңізіндегі Жандану аралындағы биологиялық полигонның жұмысы тудырады. Кейбір биологиялық агенттердің қоршаған орта нысандарында және жануарлардың ағзаларында ұзақ уақыт бойы сақталатынын ескеретін болсақ, олардың республика мен басқа көршілес мемлекеттер аумақтарында таралуының нақты қауіп-қатері бар. Жандану аралында оба, сібірлік ойық жарасы мен туляремия сияқты кейбір аса қауіпті инфекциялардың табиғи-ошақты аймағының болуы әбден мүмкін. Сөйтіп, жерүсті ядролық сынақтардан кейінгі радиоактивтік қалдықтардың атмосфераға түсуі полигон аумағында және одан тыс жерлерде де, созылған іздер мен жеке дақтар түрінде өңірдің радионуклеидтік ластануын тудырған.

Қазіргі заманғы ғаламдық экологиялық жағдайдың нашарлауын адамзаттың тұтыну ауқымымен және биосфераның ресурстық-экологиялық мүмкіндіктерінің сәйкес келмеуімен түсіндіруге болады.Ноосфера туралыілімнің негізін қалаған В.И.Вернадский ХХғ. ортасында адамзаттың шарушылық әрекеті географиялық ортаға табиғаттың өзінде жүріп жатқан геологиялық процестерден кем әсер етпейтіндігі туралы жазған.Одан бергі уақытта адамның табиғатқа әсері одан сайые арта түседі;экологиялқ проблемалар ауқымы жөнінен ғаламдық сипат алады. Ғаламдық экологиялықпроблемалар түрліше сипатта; олардың аса маңыздыларына табиғи ортаның ластануы мен ахуалының нашарлауы жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет