Жаңа геоэкологиялық стратегия.Экологиялық апаттың алдын алуға бағытталған шаралары жүзеге асыру табиғатты тиімді пайдалану үрдісінде жаңа көзқарасты талап етеді. Жоғары дамыған елдердің ХХ ғ. 70-жылдарынан бастап ресурс байлықтарын сақтаушы технологияларға көшуі шикізат бағасының артуына және экологиялық талаптардың күшейтілуіне алып келді. Көптеген ғалымдар дамушы елдер жағдайында «батыстық үлгіні» қаз-қалпында енгізу мүмкін еместігін айтады. Бұл елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің әр түрлі болуымен және тұрғын халықтың өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіріледі.Сондықтан дамушы елдердің өзіндік экологиялық саясатының балама жолдарын қарастыруы сөзсіз.
Ресурс сақтаушы және қалдықсыз технологияларды дамушы елдерде жаппай енгізу шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымын түбегейлі өзгертпейінше мүмкін емес. Бұл ақыр соңында еңбек өнімділігінің артуына, өндірістің экологиялық қауіптілігін азайтуға себепші болар еді.
Шаруашылық құрылымын қайта құру байырғы өнеркәсіптік аудандардың мамандану бағыты мен жаңа аудандардың игерілу сипатын өзгертіп, еркін экономикалық аудандардың қалыптасуына, технополистер мен басқа да ғылыми-өндірістік бірлестіктердің пайда болуына апарып соқты. Индустриялық кезеңде басым болған жаппай өндірістің орнын ендігі жерді әр түрлі және сапалы өнімдер жасауға бағдарланған өндіріс алмастыра бастады. Бұл өз кезегінде, алдыңғы қатарлы құрал-жабдық пен өндірісті ұйымдастырудың жаңа үлгілерін пайдалануды қажет етеді. Соның нәтижесінде жаңа индустриялы елдер жетекші дамушы елдерге «экспорттық өндіріс зоналары»қалыптасып дамуда.
Шаруашылықтың құрылымыың түбегейлі өзгеруі қызмет көрсету саласының үлесінің күрт артуына жағдай жасады. Бұл салада жұмыс істейтіндер саны жылдан жылға өндірістен қысқарған жұмыс күші есебінен де өсуде.Әсіресе халықаралық туризмнің бірқатар елдерде жедел қарқынмен дамуы халықтың әлеуметтік жағдайларының жақсаруына, жергілікті жердегі көлік қатынасы мен туристерге қызмет көрсету сапасының артуына алып келді.
Тұрақты даму консепциясы. Адамзат өркениеті дамуының материалдық
негізі болып табылатын дүниежүзілік шарушылық қоршаған ортаға зиянды ықпалының ауқымы, ең алдымен, экономикалық даму деңгейімен анықталады.Соңғы онжылдықтырда дамушы елдердің басым көпшілігі қарқынды даму үстінде, бұл өз кезегінде адамзаттың табиғи ортаға әсерін күшейте түсуде. Қазіргі дүние жүзі қауымдастығы қоршаған ортаны қорғау мәселелерін бірлесе шешу қажеттілігін түсінді деуге болады.
БҰҰ-ның 1992 ж Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және даму жөніндегі Дүниежүзіндегі конференциясынды тұрақты даму концепциясы қабылдаған болатын. Бұл тұжырымдама табиғат пен қоғамның өзара үйлесім кездейді, мұндай жағдайда адамзаттың қазіргі сұраныстарын өтеу болашақ ұрпақтардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін шектемейтіндей болуы қажет. Тұрақты даму концепциясының негізгі тұжырымдары мынадай:
1)адамдар табиғатпен үйлесімді түрде, экологиялық сауаттылық пен салауатты өмір сүру құқығына ие болуы керек;
2)қоршаған ортаны қорғау қоғамның даму үрдісінің ажырамас бөлігіне айналуы қажет, сондықтан оны жеке қарастыру мүмкін емес;
3) қоршаған ортаны жақсарту мен сақтау қажеттілігін қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақтың алдына қойылатын мақсаты ретінде қарастыру керек;
4)елдердің даму деңгейлері арасындағы алшақтықты азайту және кедейлік пен қайыршылыықты жою;
5)елдер тұрақты дамуға қол жеткізу үшін өндіріс пен тұтынудың осы мақсатқа кедергі келтіретін мәселелерін мүлде пайдаланбауы немесе шектеуі қажет.
Сонымен тұрақты даму концепциясы өзара тығыз байланысқан 3 құрамдас бөліктің: экожүйелерді пайдалану, тиімді экономика, әділетті қоғамның басын біріктіреді. Ал тұрақтылық принциптері табиғат, экономика және әлеуметтік элементтерді біртұтас жүйе ретінде қарастырад. Географияны тұрақты даму концепциясына қатысты аталған бөліктердің кеңістік таралу заңдылықтарын зерттеумен анықталады. Олардың кеңістік ұйымдасу сипаты өзіндік заңдылықтары және аумақтық айырмашылықтары бар табиғи-аумақтық кешендер түрінде болады. Сондықтан тұрақты даму концепциясын елдердің экология саласында ғана емес, халықаралық қарым-қатынастар жүйесіндегі бағыт-бағдарын да анықтайтын құжат деуге болады
Бірнеше жылдар бұрын Арал теңізі əлемдегі көлемі жағынан төртінші орындағы жəне өзінің мол табиғи байлықтарымен көпке танымал теңіз болатын, ал Арал бойының аймағы гүлденген жəне биологиялық бай табиғи орта деп есептелетін. Ал бүгінде Арал апатының салдары аймақтың шегінен асып кетті. Теңіз акваториясының құрғауы себебінен жыл сайын 100 мың тоннадан артық тұз бен əртүрлі химикаттар мен улар араласқан шаң көтеріліп барлық тірі организмге зиянын тигізуде.
Аталған аймақтағы экологиялық жағдайдың нашарлауының басты мəселесі Арал теңізінің жоғары бөлігінде орналасқан елдердің (Өзбекстан, Қазақстан, Түркіменстан) ирригациялық жəне төмендегі елдердің (Тəжікстан, Қырғызстан) энергетикалық су пайдалану режимдерінің арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Халықаралық құқықтың негізгі құжаттары, соның ішінде трансшекаралық суларды пайдаланудың қағидаларын анықтайтын халықаралық өзендер мен трансшекаралық суларды пайдалануды қорғау туралы конвенция (1992 ж.) бойынша судың бойында орналасқан мемлекеттердің барлығы «суды өз территориясындағы шегіне сəйкес жəне адал жəне ақылға сиымды түрде қолдануы тиістігі» көрсетілген. Осы құжаттармен, сонымен қатар, халықаралық сулардың бойындағы мемлекеттердің суды өз территорияларында пайдалану барысында «басқа мемлекеттерге зиян келтірудің барынша алдын алу» жəне зиян келтірілген жағдайда «осы зиянды жою немесе азайту, қажет болған жағдайда өтемақы төлеттіру мəселесін талқылау» туралы шаралар қолдану міндеттемелері қамтылған.
Трансшекаралық сулардың су ресурстарын пайдалану туралы халықаралық құқық нормалары аймақтың барлық мемлекеттері үшін халықаралық суды тиімді пайдалану мен тиісінше қорғау мақсаттарына жету үшін ынтымақтастық саласындағы жалпы міндеттерін де қарастырады. Мұндай ынтымақтастықтың маңызды бастамасы 1993 жылы наурыз айындағы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан жəне Түркіменстан мемлекеттерінің Елбасыларының кездесуі болып табылады. Осы кездесуде Қызылорда қаласында «Арал теңізі мен Арал аймағының мəселелерін бірлесіп шешу, Арал аймағын экологиялық сауықтыру мен əлеуметтік-экономикалық дамыту туралы Келісімге» қол қойылды. Бұл проблемаларды барынша түсіну кеңестік кезеңнен кейін бес Орта Азия мемлекеттерінің Халықаралық Координациялық су шаруашылығы Комиссиясын (1992 ж), ал одан кейін (1993 ж.) құрылтайшылары аталған бес мемлекет болып табылатын Аралды құтқарудың Халықаралық Қоры құрылды. Қордың басты мақсаты аймақты экологиялық сауықтыруға жəне аймақты əлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру болып табылады [1].
Орта Азияда су қатынастары бойынша ынтымақтастықты құқықтық реттеу жүйесінің негізі олардың ішінде 1992 ж. Халықаралық су ресурстарының көздерін бірлесіп басқару, қорғау жəне пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы бесжақты Келісім ең басты орынды иеленетін аймақтық жəне субаймақтық (қатысушылардың саны шектелген) келісімдер болып табылады. Аймақтық деңгейде реттеу құралдарының қатарына 1993 жылғы Арал теңізі мен Арал аймағының мəселесін шешу, Арал аймағын экологиялық сауықтыру мен əлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде бірлесіп əрекет ету туралы 1993 жылғы Келісім мен 1998 жылғы Сырдария өзені бассейнінің су-энергетикалық ресурстарын пайдалану туралы үкіметаралық Келісім (төрт мемлекеттің қатысуымен – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан жəне Тəжікстан) кіреді [2].
Су ресурстарын пайдалану мен қорғаумен байланысты халықаралық-құқықтық реттеуде 2006 жылғы Орта Азияның орнықты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау туралы Конвенция маңызды рөл атқарады. Бұл құжаттың көптеген қағидалары мен ережелері су ресурстарына қатысты болып келеді. Қазіргі кезде бұл Конвенция үш мемлекетпен - Қырғызстан, Тəжікстан жəне Түркіменстанмен қол қойылған жəне əлі күшіне енбеген. Бүгінде Орта Азия аймағында жоғары деңгейде жетілдірілмеген болса да, орнықты трансшекаралық су ресурстарын басқару мен пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық қоры құрылған жəне қолданылып келеді.
Осы жылдар ішінде АҚХҚ жəне оның ұйымдары мемлекеттер арасындағы екі немесе көпжақты құжаттардың қабылдануының аралық көпірі болды. АҚХҚ осы күрделі де өзекті экологиялық мəселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Су ресурстарын жүйелі басқару мəселесінде европалық тəжірибелерді барынша жоғары дəрежеде қолдану қажет. Жекелей айтқанда, су ресурстарын басқарудың интеграциялық қағидасын енгізу, бұл өз кезегінде су, жер, энергетика жəне басқа да ресурстарды басқаруды қамтамасыз етер еді. 2008 жылы желтоқсанда АҚХҚ БҰҰ-да бақылаушы статусын алды [3].
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімімен 2005-2015ж.ж. «Өмірге арналған су» қозғалысының Халықаралық онжылдығы болып жарияланды. Арал мəселесін барынша терең түсіну 2005 жылы БҰҰ-ның Орта Азиядағы адамзат дамуы туралы Баяндамасында қолдау тапты, мұнда Арал теңізінің тартылуы тек аймақтық қана емес, жаһандық маңызға ие екендігі атап өтілді. Қазақстан Республикасының Үкіметі АҚХҚ қызметін қолдау жəне нығайту үшін көптеген шаралар жасауды, бұл өз кезегінде аталған қорды Орта Азия мемлекеттерінің расында диалог орнататын жəне Арал теңізінің суын тиімді пайдалануға жəне осы аймақтың экологиялық мəселесін шешудің басты кілтіне айналдырып отыр [4]. Қазақстан – бұрынғы КСРО жəне Орта Азия мемлекеттерінің ішінде ЕҚЫҰ секілді беделді халықаралық ұйымның төрағасы қызметін атқарған жалғыз мемлекет. Төрағалық еткен жылдары да мемлекетіміз Орта Азия мемлекеттерінің мəселелерін, əсіресе, Арал аймағының экологиялық мəселесін көтеруді басты күн тəртібіне қоя білді.
Арал теңізін құтқару мүмкін емес деген пікірлерді жоққа шығаратын іс-шаралар жасау əлі де қажет екенін атап өтуіміз керек. Бүгінде Орта Азия мемлекеттері Аралды апаттан құтқару үшін арнайы Бағдарлама жасап, онда мынадай бағыттарды дамыту қажет деп отыр: Су ресурстарын барлық мемлекеттердің мүдделерін ескере отырып кешенді пайдалану бағыты;
Экологиялық бағыт;
Əлеуметтік-экономикалық бағыт;
Құқықтық механизмді дамыту бағыты [5].
Жүргізіліп отырған іс-шаралардың барлығы өз жемісін беретініне сеніміміз мол. Алайда апатты аймаққа айналып отырған Арал мəселесін шешу жолдары біздің ойымызша мұнымен шектеліп қалмауы тиіс. Құқықтық құжаттарда (мысалы, «2004-2015 ж.ж. арналған ҚР экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы») экологиялық мəселелер жаһандық, ұлттық жəне жергілікті деп жіктелген. Адамзатқа тигізер залалының қауіптілігі жағынан орасан зор зардапқа əкеп соқтыратын жəне жер бетіндегі адамзаттың барлығына ортақ мəселелер жаһандық болып табылатынын айтпаса да түсінікті (мысалы, озон қабатының бұзылуы, климаттың өзгеруі, жердің шөлейттенуі т.б.). Арал апаты аталған жіктемелердің ішінде ұлттық сипаттағы экологиялық мəселеге жатқызылған.
Арал теңізінің трансшекаралық су болып табылатынын, теңіздің тартылуына барлық трансшекаралық мемлекеттер «үлес қосып» отырғандықтарын, шөлейттенген аймақтан ауаға көтерілген тұз бен химикаттар Еуразия құрлығында ғана емес мұхиттың ар жағынан, Солтүстік Мұзды мұхитынан табылып жатқандығын, соңғы жылдары аймақ тұрғындарының арасында кеміс немесе «құбыжық» балалардың көптеп туылып жатқандығын жəне əр түрлі инфекциялық аурулардың кең таралып жатқандығын, Арал əлем ғалымдарының алаңдатушылығын тудырып отырғандығын, экологиялық жағдайдың нашарлауы себебінен аймақтағы биоəртүрліліктің да бұзылуын ескерсек, Арал теңізінің экологиялық ахуалы тек біздің ұлт үшін ғана емес, адамзат үшін аса қауіпті мəселеге айналып бара жатқанын мойындамасқа шара жоқ.
Сол себепті, біздің ойымызша, Арал теңізінің мəселесі жаһандық экологиялық мəселе ретінде жіктелуі қажет. Жіктеліп қана қоймай, бұл арнайы құқықтық құжатта бекітіліп, сонымен қатар, əлем халықтарын Арал мəселесі туралы мəліметтермен қамтамасыз ету үшін арнайы ақпараттық база құрылып, онда аймаққа қатысты барлық экологиялық, құқықтық, əлеуметтік, экономикалық мəліметтер орналастырылса, бұл теңізді құтқару үшін жасалған тамшыдай болса да көмегіміз болар еді.