Ормандар аумағының қысқаруы. Қазіргі кезде дүние жүзінде ормандар құрлықтың 300/0-ын, яғни жалпы ауданы 4млрд га аумақты алып жатыр. Соңғы 200 жыл ішінде ормандардың ауданы 2 есеге жуық қысқарған.Жыл сайын жер бетінен жойылатын ормандардың шамамен 10 млн гектарын тропиктік ормандар құрайды.
Олардың тек 100/0-ы ғана қалпына келтіріледі.Орман алқаптарының жойылуына әсіресе апатты өрттер, қышқыл жаңбырлар, ағаштарды есепсіз себепші болуда. Дамушы елдерде орман алқаптары жайылымдар мен егістік жерлердің көлемін ұлғайту мақсатында кесіліп, бағалы ағаш сүректері жоғары дамыған елдерге сатылады.Дамушы елдердің көпшілігінде кесілген ағаштар отын ретінде пайдаланылады. Ормандар ауа мен топырақ қабатының ластануынан да зардап шегуде.Мұның барлығы орман алқаптарының күрт азюына, түр құрамының жұтаңдануына себепші болды.
Атмосфераны ұдайы оттекпен байытып отыратын ормандардың жойылуы топырақтың құнарлы қабатының тез шайылуына, су режимінің өзгеруіне кері әсерін тигізеді.
Жер шарының көптеген аудандарында жүріп жатқан тақырлану үрдісі көбіне адам әрекетінен болатыны белгілі. Кезінде құнарлы болған жерлердің жұтаңданып, тозуынан жарамысз жерлер пайда болады. Шөлейттену көлемінің ұлғаюына табиғи және антропогендік факторлардың қатар ықпал етуі себепші болады. Антропогендік факторлар қатарына жайылымдық мал шаруашылығы әсерінен онсыз да сирек өсімдік жамылғысының жұтаңданып, топырақтың құнарсыздануы; жерді есепсіз жырту, ормандар мен бұталардың оталып, өртелуі; жолдар мен құрылыс салу нәтижесінде топырақ жамылғысының құрамының өзгеруі жатады. Жарамсыз жерлерге әсер етуші табиғи факторлар ретінде жел эрозиясы мен топырақтың беткі қабатын құнарсыздандыратын құйындар мен аптапты аңызақтарды атауға болады.Дүние жүзінде жарамсыз жерге ұшыраған аумақтар ауданы жыл сайын ұлғайып келеді.
Соңғы деректерге қарағанда, ХХ ғ. 2-жартысындағы адамның шаруашылық әрекеті әсерінен мұндай жерлердің ауданы 9 млн км2-ге артты. Ал 30 млн км2 аумақ жұтаңдануға таяу қалып тұр. Шөлейттену қүбылысы дүние жүзінің 100 аса елін қамтуда, ол әсіресе дамушы елдерді тұралатуда.Халық саны жедел өсіп келе жатқан бұл елдерде жылына 6-7 млн га құнарлы жердің жармсыздануы тұрғын халықты азық-түлікпен қатамасыз етуді қиындатады.Мысалы, Үндістандағы халық тығыз қоныстанған құрғақ аудандардың бірі – Тар шөлі. Үндістан жерінің 800/0 жуық ауық-ауық қуаңшылыққа ұшырауда. Сонымен қатар Африканың Сахель зонасында да шөлейттенудің түрлері байқалуда.Бұл аймақта ХХ ғасырдың 60-жылдарында басталып, ұзаққа созылған қуаңшылық 1973 ж. шырқау шегіне жетті. Соның нәтижесінде мал басы жаппай қырылып , Африканың көптеген елдерін аштық жайлады. Қуаңшылық жылдарында аймақтағы ірі өзендер қатарына жататын Нигер мен Сенегел өзендерінің де ағысы уақытша тоқтап, құдықтар мүлде кеуіп қалды.1980жылдары қуаңшылық пен шөлейттену Африканы түгелгдей қамтыды. Нәтижесінде 1985 ж. 1млн-нан аса адам қазаға ұшырап, 10млн адам экологиялық юосқындарға айналды.Материктің жекелеген бөліктерінде шөлейттенген жерлер 10 км-ге дейін ілгері жылжуда.Мұндағы апатты қуаңшылық халықаралық қауымдастықтың назарын аударуда. БҰҰ мен халықаралық ғылыми және қайырымдылық ұйымдары тарапынан апаттың алдын алу шаралары жүргізіп, жергілікті халыққа жан-жақты көмек көрсетілуде.