15. Оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру


Жасөспірімдік кезең және оның ерекшеліктері



бет2/4
Дата19.05.2023
өлшемі124,38 Kb.
#95086
1   2   3   4
17. Жасөспірімдік кезең және оның ерекшеліктері.
Жасөспірімдік шақтың (15-17 жас) көптеген педагогикалық теориялары бар. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекеті мазмұны мен бағытын белгілейді. Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-17 жаста толық қалыптасады. Сондықтан оның бала кезіндегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді. Жасөспірімдік шақ – жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық қалыптасуына байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән. Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады. Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттерге жауапкершілігін арттырады. Оларға өз бетінше тапсырмалар орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс бақылау мен педагогикалық басшылық жасау керек. Бұл кезеңде сезім, достық қарым-қатынастар дамиды. Мысалы: ғашықтық, өзара сенім, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекеттерін бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесу т.б. Бұл күндегі жастардың мінезінде түрлі өзгерістер пайда болды. Мысалы, қыздар өздерінің сыртқы киіміне, дене қимылына көңіл бөледі. Ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады. Әртүрлі іс-әрекеттердің барысында осы ерекшеліктер еске алынады.
18. Жоғары сынып оқушыларының жас және жеке ерекшеліктері.
Ересек мектеп жасы (15 – 18 жас). Бұл жаста жалпы деңгейде адамның дене дамуы аяқталады: бой өсуі мен қаңқаның сүйектенуі аяқталады, бұлшық ет күші өседі, осы жастағылар жоғары дене жүктемелерін орындай алады. Қан қысымы қалыпқа түседі, ішкі секреция бездері қалыпты жұмыс жасайды. Осы жаста жыныстық жетілу аяқталады. Мидың, оның үлкен жарты шарлары қабығының дамуы жалғасады. Организмнің жалпы пісіп-жетілуі жалғасады. Жастық шақ – бұл дүниеге көзқарастың, мінез-құлықтың, өмірлік бағдардың қалыптасу кезеңі, өзіндік сананың белсенді өсуі, ізденіс, үміт, армандау уақыты. Жоғары сынып оқушыларында оқу пəндеріне деген қатынас таңдамалы болады. Қабылдау – мақсаттылықпен, назар – тұрақтылықпен, ес- логикалық сипатпен сипатталады. Ойлау қабілеті біртіндеп теориялық жəне сыни бағытқа ие бола бастайды. Жоғары сынып оқушыларының ойлау қабілеті гүлдену кезеңінде болады, олар табиғат пен қоғамдық өмір құбылыстарының мəнін білуге, олардың өзара байланысы мен өзара тəуелділігін түсіндіруге ұмтылады. Егер жеткіншектер дене күшін көбірек бағаласа, жоғарғы сыныптықтар интеллектуалдық сапаларды жоғары қояды. Осы жаста адамды кешенді бағалау білігі қалыптасады, ақылы мен дене күші үйлесімді дамыған адамдарға табынады, оларға еліктеу өзін-өзі тəрбиелеуге ынталандырады. Жастық кезеңде этикалық мəселелерге қызығушылық күшейеді. Мінезқұлықта саналы мотивтер күшейеді. Тұлғаның ұжымдағы жағдайы, ұжым мүшелері арасындағы қатынас сипаты маңызды орын алады. Мамандық таңдау алдында тұрған ересек мектеп жасындағылардың өмірлік жоспарлары, құндылық бағытталуы қызығушылықтары жағынан ерекшеленеді, бірақ бəрі де өмірден өз орнын алуды көздейді. Жасөспірімділік шақта жастардың ағзасы – қаңқасы мен бұлшық еттері, ішкі ағзалары тегіс дамиды. Бұлшық еттері мен жұмыс қабілеті үлкендердің нормасына жақындайды. Бұл кезеңде жастар Отан, қоғам алдында тұрған әлеуметтік-саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерінің болашақ мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет