Оқытудың білім беру функциясы - бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.
Оқытудың тәрбиелік функциясы - оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идея Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервектің, Н.И.Пироговтың және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
Оқытудың дамыту функциясы.Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейн ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адамның тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі. Дамытып оқыту - бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті - «Ең таяу даму зонасын» жасау.
21. Оқыту процесі, оның ерекшеліктері 22. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері Оқыту процесінің заңдылықтары:
1. Оқытудың мақсат-міндеттері қоғам талабынан туындайды. Оқытудың мазмұны мен амал-тәсілдері және ұйымдастыру формаларының өзгеріп, жаңарып, толығып отыруы заңды процесс болып табылады. 2. Оқытуда оның білім беру, тәрбиелеу және даму қызметтерінің өзара байланыста болуы. 3. Оқыту процесінде баланың таным белсендігі артады, ақыл-ой қабілеті дамиды, ғылыми ұғымдарды, олардың мәнін, ерекшеліктерін түсініп, меңгереді. Бұл да оқытудың заңдылығы. 4. Оқыту – тәрбиенің негізгі құралы. Сондықтан оқытуда тұлғаның жеке басының қалыптасып дамуы да заңды процесс. 5. Оқыту барысында әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін ескеру, соған байланысты таным әрекетін ұйымдастырып отыру да заңдылық болып есептеледі. 6. Оқытудың адам және табиғаттың жалпы даму заңдылықтарына байланыстылығы, бұл да шынайы заңдылық
Оқытудың принциптері – дидактиканың негізгі буыны. Себебі, оқыту процесінде кез келген мұғалім оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын өз қалауынша таңдамайды. Керісінше, ол оқытудың мақсат-міндеттеріне сай қалыптасқан белгілі талаптарға немесе ережелерге сүйеніп іске асырады. Солардың ішіндегі оқытудың көрнекілік, жүйелік, бірізділік, саналылық, белсенділік принциптерін Я.А.Коменский ұсынған. Ол «Ұлы дидактика» атты ғылыми еңбегінде дидактикалық принциптерінің жүйесін құра отыра, оқыту адам және табиғат дамуының жалпы заңдылықтарына сай құрылатынын тұжырымдайды.
Көрнекілік принципінің мақсаты – оқылатын тақырыпқа сай оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын ояту және есте сақтау қабілетін шыңдау, мұғалімнің өз ойын оқушыларға нақты дәләлдеуі үшін қолдануы. Көрнекілік принципінің міндеттері: заттар не құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, көлемін, түр-түстерін көрнекілік құралдарын пайдалану арқылы оқушыларға жеткізу; оқушылардың алатын білімін нақтылау үшін сабақтар жүйесінде қолданатын көрнекі құралдар мен оқудың барлық мазмұнын практикамен, өмірмен байланысын қамтамасыз ету.
Оқытудың ғылымилығы. Оқыту процесінде оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыру – мектептің аса маңызды міндеті. Себебі, мектептегі оқыту, білім беру негізгі ғылыми жүйеде жасалған. Онда әрбір ғылымның пайда болу тарихы, даму заңдылықтары түсіндіріледі. Сонымен бірге, ғылыми мысалдар, фактілер тәжірибемен байланыстырылып қарастырылады. Әрбір ғылым жаңалықтарын адам баласы үшін, оның болашағы үшін қызмет ететінін дәлелдеп түсіндіре отырып, оқушыларда дүниеге дидактикалық, ғылыми-материалистік көзқарас қалыптастырады.
Оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі. Бұл принциптегі өзекті мәселе оқылатын оқу материалдарын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізуді қамтамасыз етіп, дамытуды және оны әрбір оқушының саналы меңгеруін қарастырады. Әрбір сабақ барысында қойылған оқу міндеттерін оқушылардың түсініп, оқу материалдарын логикалық тұрғыда жүйелі қабылдауын мақсат етіп көздейді.
Оқытуда теория мен практиканың байланыста болуы принципі. Бұл принциптің міндеті оқытуда оқушылар жалаң теориялық білім алып қана қоймай,сол алған білімдерін өмірде қолдана білуін қамтамасыз ету. Ол үшін сабақтар жүйесінде берілетін теориялық білімді практикалық жұмыспен байланыстыру – сабаққа қойылатын ең басты талаптардың бірі. Мұның мәнісі оқушыларға бейіндік білім беру міндетіне байланысты маңызы арта түседі.
Оқытудағы саналылық пен белсенділік принципі. Бұл принцип оқушылардың таным әрекеті мен оған басшылық жасауға бағыт беретін негізгі принциптердің бірі. Себебі, оқушылар оқыту процесінде берілетін ғылыми білімдерді меңгеруде жаттандылық пен енжарлық немесе немқұрайлық көрсетпей, керісінше саналы әрі белсенді түрде оларды терең және ойларына берік тоқулары керек. Ол үшін мұғалім оқыту процесінде оқушыларды ойлауға үйретіп, дағдыландырып отыруы тиіс.
Оқытудағы білімнің беріктігі принципі. Оқытудың тиімділігін арттырып, сапасын жақсартуда оқытудың негізгі принциптерінің бірі оқушылардың оқу процесінде алған білімдерінің берік әрі тиянақты болуымен де байланысты. Ол үшін мұғалім жоғарыда айтылған оқыту принциптерін сабақтар жүйесінде басшылыққа алып, бір-бірімен өзара байланысын қамтамасыз еткен жағдайда ғана іске асады. Бұл принцип оларға тікелей тәуелді болып келеді.
23. Тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні және мұғалім қызметінің негізі
24. Тұтас педагогикалық процесс теориясының мәні мен құрылымы.
25. Тұтас педагогикалық процесс теориясының заңдылықтары мен принциптері.
26. Тұтас педагогикалық процестің құрылымы мен сипаттамасы.
27. Тұтас педагогикалық процестің негізгі қызметі.
28. Педагогикалық өзара әрекеттесу