15 тақырып. КӘсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақҰрылымы


Қазіргі заманғы кәсіпкерлікті қолдау институттарын дамыту: бизнес-инкубаторлар, индустриялық аймақтар, технопарктер



бет3/5
Дата07.12.2022
өлшемі24,06 Kb.
#55476
1   2   3   4   5
Байланысты:
15 та ырып. К сіпкерлікті мемлекеттік олдау ж не оны инфра ры

3.Қазіргі заманғы кәсіпкерлікті қолдау институттарын дамыту: бизнес-инкубаторлар, индустриялық аймақтар, технопарктер.
Кәсіпкерлік қолдау инфрақұрылымының даму институттары

Құрылу мақсаты

Орталықтың негізгі функциялары

«Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ

Орталықтың негізгі мақсаты жаңа технологиялар трансфертін ұйымдастыру. Сонымен қатар республикадағы инновациялық қызметті белсендендіруді жолымен Қазақстан экономикасының нақты секторы салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

• инжинирингтік қызметтерді көрсету;
• алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялар, сонымен қатар басқа да инновациялық өнімдер трансферті және оларды Қазақстанға енгізу;
•технологиялар трансферті кезінде кеңес берушілік, ақпараттық, заңдық және басқа да қызметтерді көрсету;
• технологиялардың сыртқы және ішкі нарықтарының маркетингі және аталған аядағы дамудың әлемдік тенденцияларын талдау.

«Маркетингтік-талдау зерттеулеінің орталығы» АҚ

Мемлекеттік саясатты қалыптастыру, оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту бойынша да Үкіметке ақпараттық-көмек көрсетеді

• дамудың негізгі тенденцияларын анықтау мен әлемдік экономикадағы Қазақстанның бәсекелік артықшылықтарын анықтау мақсатында отандық және халықаралық нарықтарды, экономика салалары мен секторларын, алуан түрлі өндірістерді талдау;
• болашақтағы бәсекеге қабілеттіліікке, жүзеге асырылуына және инвестициялық жобалардың пайдалылығына талдау жасау;
• Қазақстан Республикасындағы іскерлік климат пен экономикалық конъюнктураны талдау.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

Несиелерді ұсыну арқылы шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылық қолдауды жүзеге асырады.

• шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын жасауға және жүзеге асыруға қатысу;
• шағын кәсіпкерлік субъектілерін мақсатты несиелеу;
• екінші деңгейлі банктерден шағын кәспкерлік субъектілерінің несие алуы үшін кепілдер ұсыну;
• несиелеу бағдарламаларына қатысу.

« Ұлттық инновациялық қор» АҚ

Инвестицияларды тарту мен жобаларды қаржыландыру жолымен инновациялық кәсіпкерлік бастамаларды қаржылық қолдауда жүзеге асырады

• инвестицияларды тарту мен инновациялық жобаларды қаржыландыру;
• жоғары технологияны және ғылымды қажетсінетін өнімді өткізудің перспективті нарықтарына конъюнктуралық және маркетингтік зерттеулер жүргізу;
• қолданбалы ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру;
• сыртқы нарықтарға отандық инновациялық өнімдерді жылжыту;
• инновациялық жобалар бойынша мәліметтердің ақпараттық қор құру, преспективті жобалар туралы жеке инвесторларды ақпараттандыру;
• технопарктерді, бизнес-инкубаторлар мен инновациялық инфрақұрылымның басқа да элементтерін құруға қатысу.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ

Қазіргі заманғы және алдыңғы қатарлы технологияларды қолданатын, шикізат пен материалдарды тереңдетілген өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындардың жарғылық капиталына қосымша инвестиция салу жолымен қаржылық қолдау

• қазіргі заманғы және алдыңғы қатарлы технологияларды қолданатын, шикізат пен материалдарды тереңдетілген өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындардың жарғылық капиталына қосымша инвестиция салу;
• ҚР корпоративтік бағалы қағаздар нарығының дамуын ынталандыру;
• отандық және шетелдік кәсіпорындар арасындағы өндірістік кооперацияға септігін тигізу;
• шет елдегі қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігінің артуына септігін тигізу.

«Қазақстанның даму банкі» АҚ

Қаржылық қолдау

• мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру мен тиімділігін арттыру;
• өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту;
• ел экономикасына инвестицияларды тартуға септігін тигізу.

Кәсіпкерлікті құрылу мен дамыту сатысында материалдық-техникалық қолдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет