18. Тұрмағанбет дастандары және ХХ ғ. басындағы әдебиет 18 жасында «Мәрді дихан» атты алғашқы дастанын шығарған. Нәзиралық дәстүрмен шығыстық сюжеттерді негізге алып, «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», «Рауа бану», тағы басқа да оннан астам дастан жазған.
19. Шәкәрім шығармашылығының ерекшелігі Ақынның “Еңлік - Кебек”, “Қалқаман - Мамыр” дастандары қазақ елінің тұрмыс, тарихынан жазылған “Ләйлә -Мәжнүн” дастаны нәзира дәстүрі негізінде шығыс аңызы желісімен шығарылған. “Ләйлә -Мәжнүн”, “Еңлік - Кебек”, “Қалқаман - Мамыр” дастандары – сүйіспеншілікті, адал махаббатты, таза сезімді жыр еткен шығармалар. Шәкәрім халық ауыз әдебиетінен, орыс, шығыс, батыс әдебиетінен толымды нәр алып, бірнеше тілді білген. Шәкәрім дүние жүзі, орыс классиктерінің таңдаулы деген шығармаларын ана тілінде сөйлете бастады. Соның ең елеулілерінің бірі – А.С. Пушкиннің «Дубровский» романы. Пушкинді қазақ даласында сөйлеткен Абай ұстазынан кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы Пушкин прозасына қайтып оралды. «Дубровский» мен «Боран» хикаясын өлеңмен өрнектеп, қазақ тыңдаушысына танымал, жақын уақиға етіп береді, қазақ ортасында болғандай етіп сенімді суреттейді. Бұл хас шеберліктен, ізденімпаздықтан туындап жататын кемел құбылыс екендігінде шәк жоқ. «Дубровский» әңгімесі Қайым Мұхамедханов 1908 жылы жазылған дейді, шығарма 1924 жылы Семейде жеке кітап болып басылып шығады. 1903-1910 жылдар Шәкәрімнің айтулы дастандар жазған жемісті жылдары болған. Сол жылдары Шәкәрім қазыла ізденіп, батыс, шығыс, орыс әдебиеттерін оқыған сияқты. Шәкәрімнің поэзиядағы пірі – Пушкин. Пушкинді сөйлетіп қойып өзі тыңдайды, баяндау мәнеріне, стильіне , тереңдігіне , жинақылығына, қолжетпес қарапайым прозасына тәнті болады. Пушкин прозасының тигізген әсері соншалықты; ақын оны қарасөзбен айтып жеткізе алмасына көзі жетіп, қазақтың он бір буынды қара өлеңімен алып шығады. Қара сөзбен берілген ойды, сан қилы суретті поэзия тілімен жеткізу орасан зо еңбекті қажет еткені талассыз. Қазақ ұғымына қонымды шығарма тыңдаушысын елең еткізіп, тәржіме көшірме күйінде ел арасына тарап кетеді. Дастанның баспа жүзін көрмей жатып , бұлай тарап кетуінің өзі Шәкәрім талантының тегеурінділігін , адамсүйгіш мінезін танытады. Шәкәрім «Дубровский әңгімесін» бастамастан бұрын «Сөз алдынан» деп 124 жол кіріспе береді. Шәкәрім кіріспесінде не себепті қолға алғанын, осы сөздің қазаққа керектігін, кімнен, қалай қабылдарын қысқаша баян ете кетеді. «Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін» деп автордың өзі айтқандай, әрі қарай орысша, қазақша текстерді салыстыру кезінде шетке де шығып кетпей, «шын жанасып» отырғанын байқадық. «Дубровский» Пушкинде 19 тоғызыншы тараумен, яғни Дубровскийдің шет елге кетуімен тәмамдалады. Шәкәрімнің қолынан шыққан «Дубровсикийдің әңгімесі» Пушкин фразасының өлеңмен берілген түрі, хикаяттың дастанға айналуы.
Шәкәрім Енлік –Кебек поэмасы Шәкәрімнің Енлік -Кебек поэмасының жазылғанына ғалым Қайым Мұхаметхановтың айтуы бойынша 109 жыл болды .1912 жыл Семейде жарық корді.Шәкәрім Енлік Кебекті тікелей Абайдық тапсыруымен жазған.Поэманың жанрын-әлеуметтік дастан деп қарастырған орынды.Көп ғалымдар осы пікірге тоқталып жүр (Мағауин мен Әбдіғазиев т.б) Өйткені ақын ғашықтар трогедиясын сыртқы арқау ретінде ала отырып негізінен сол кезеңдегі әлеуметтік мәселелрді бас назарда ұстаған. Поэмадаға оқиға сюжеті қысқашаа былай болып келеді: Матай мен Тобықты арасындағыжерге байланысты тартыс-талас толыстаған бір сәтте Тобықтының жас батыры Енлік сұлуға кездеседі.Екеуі бір біріне ғашық болып ақыры тағдырын қосып елден жырақ тұрып жатады.Осы тұста Матай елі қалыңын төлеп айттырып койған қызды қайтарап Кебекті жазалауды сұрап Тобықты еліне кісі салады,ел арасы тағы бұзылатын болады..Осыны сезген Тобықты басшысы Кеңгірбай Матайларға қашқындарды өздері ұстап алып ,жаза қолдануға рұқсат береді.Олар Кебек пен Енлікті жасырынып жатқан жерінен қолға түсіріп өлім жазасына кеседі.Поэманың басты кейіпкерлері-Еңлік пен Кебек.Брі ел мақтан тұтар батыр,екіншісі ардақ тұтар ару.Кебек Қалқаман –Мамырдағыдай Қалқаман сияқты қарапайым батыр емес ,ол елге енді танылып келе жатқан жас батыр.Ертеңгі ел қорғаны болуға умтылып,көзге түсіп,елдің үмыт отын жаққан жігіт.Шәкәрім Кебек батырлық соғысын көрсетпегенімен , алғашқы дағы таныстырудағы бітім болмысын ерекшелеп береді. 15 де Кебектің аты шықты, Атты жаяу бәріне бірдей мықты. Көзі өткір қара торы жігіт екен Орта бойлы,тапалдауғкең иықты. Ел қамы үшін өлуге жанын салып Соғыс десе тұрмайды қойса байлап Жауға батыл,жақынға және әдепті Кішіні - іні,Үлкенді-ағатайлап. Кебектің Енлік үшін ештеңеден тиынбай ,қатал тағдырына мойын ұсунуына суйгені Еңліктің жарып шыұққан ақыл мен сезімнің тоғысуынан туған бір ауыз сөз әсер етеді: Сен мені бүгін алып кет демеймін Осы екі елдің түбіне жет демеймін. Шын ішің сүймей сыртың сүйген болса, Әуре боп саған уағда ет демеймін. Осы бір ауыз сөздің түйер түйіні – шын сүймесең ,сүйдім деп айтпа маған. Поэмадағы Еңлік-қазақ әдебиетіне сңы жаңалық болып қосылған көркем бейне.Жалпы бұған дейін қаза әдібиетінде Еңліктей ару бейнесі сомадалған емес.Еңлік-сұлулықты да,күрескерлікті де,батылдықты бойына жинақтаған тың бейне,соны образ.Поэмадағы сюжеттік байланыс ,даму ,шиеленіс ,шешемнің бүкіл желісі осы Еңлік іс-әрекетіне тізгінделген.Ақын Еңлікті өмір шындығынан алып көркемдік шындыққа сай бейне етіп сомдаған.Ол-өзгеден артылып жатқан қиялдағы адам нанғысыз бейне емес.Сұлулығыда,бітім-болмысыда,мінез-құлқыда реалистік шындыққа тәне белгілермен көркемделген заманына сай тұлға.Шәкәрім Еңлікті алған Нысана абыз арқылы табыстырады.Жалын биік қабақ сұрлау қыздан астына батырым,ондай жанға көңіл берме,осы бір ғана штрихта тылсым сыр жатқандай,«биік қабақ ,сұрлау қыз »өзіне ынтықтырып үнемі тартып тұрады.Бір сөзбен айтқанда Еңлік –Кебек поэмасы өткен тарихи оқиғаға өзіндік көзқарасымен,кейіпкерлерін жаңаша сомдаумен,көркем тілмен қазақ поэзиясына жаңа биіктерге көтеріп поэма жанрын дамытудағы Шәкәрім ақынның ең үлкен табысының бірі болып табылады.