№1(69)/2013 Серия педагогика


Особенности использования мультимедийных средств на занятиях алгебры



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата15.03.2017
өлшемі1,69 Mb.
#9496
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Особенности использования мультимедийных средств на занятиях алгебры  

в средних общеобразовательных школах 

В статье показано, что современные компьютерные технологии предоставляют большие возможности 

для совершенствования учебного процесса. Определено, что при изучении математики в средних об-

щеобразовательных  школах  использование  мультимедийных  средств должно  соответствовать харак-

теристике каждого пособия. Доказаны возможности изучения алгебры как традиционными методами 

обучения, так и при помощи мультимедийных средств. Авторами проанализированы виды дидактиче-

ских материалов, раскрыты и изложены особенности использования мультимедийных средств в учеб-

ном процессе. 

 

U.A.Kosybaeva, O.Zh.Ubaidullaev 



The multimedia features in lessons of algebra in secondary schools 

Modern computer technologies give great opportunities for development of educational process. In mathe-

matics studying at high comprehensive schools use of multimedia means should correspond to the character-

istic of each grant. In article the description of use of traditional methods and also multimedia means of 

studying of algebra is given. And also in article didactic materials in educational process are analyzed. In arti-

cle features of considered multimedia means are completely opened and stated. 

 

 

 



 

ƏОЖ 372.851:004 

У.А.Қосыбаева, Д.У.Баймағамбетова 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

Жалпы білім беретін орта мектептің «Стереометрия» курсында  

ақпараттық технологияларды қолдану 

Жалпы білім беретін орта мектептегі геометрия пəнінің «Стереометрия» курсын оқытуда ақпараттық 

технологияларды  қолдану  жаңа  мүмкіндіктер  туғызуда.  Сол  ақпараттық  технологияларға  арналған 

бағдарламалық өнімдер сипатына қарай қолданылатын бағытына сай болуы қажет. Мақалада бірнеше 

бағдарламалық  өнімдер  сипатталып,  олардың  мүмкіндіктері  қарастырылды.  Сонымен  қатар  арнайы 

бағдарламаны қолдану арқылы сабақ өткізу үрдісінде болатын тиімділіктер талданған. Дəстүрлі оқыту 

мен 

ақпараттық-техникалық 



құралдарды 

қолданып, 

оқытудың 

айырмашылықтары 

мен 

артықшылықтары сабақтың əрбір кезеңі үшін көрсетіліп толық, баяндалды. 



Кілтті  сөздер:  жалпы  білім  беретін  орта  мектеп,  геометрия  пəні,  стереометрия  курсы,  оқытуда 

ақпараттық технологиялар, бағдарламалық өнімдер, сабақ, дəстүрлі оқыту, сынып, оқушы, ақпараттық 

құралдар. 

 

Біздің  еліміз  үшін XXI ғасырдың  басы  ғылыми-техникалық  прогреске  негізделген  елдегі 



əлеуметтік-экономикалық  дамуымен  сипатталады.  Бұл  үрдіс  нəтижелерінің  қоғам  салаларына 

тереңінен  енгізілуі  білімі  мен  кəсіби  біліктілігі  ғылым  мен  техника  дамуына  сəйкес  келетін 

мамандарды талап етіп отыр. Осы орайда əрбір мемлекет өзінің білім беру жүйесін жаңа əдістер мен 

технологияларды  қолдана  отыра  жетілдіруге  назар  аударады.  Қазақстан  Республикасының  «Білім 

туралы»  Заңында  Қазақстан  Республикасында  білім  беру  жүйесі  міндеттерінің  бірі  ретінде  ұлттық 

жəне  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды 

қалыптастыруға,  дамытуға  жəне  кəсіптік  шыңдауға  бағытталған  сапалы  білім  алу  үшін  қажетті 

жағдайлар  жасау  анықталған [1]. Қазақстан  Республикасының  «Ақпараттандыру  туралы»  Заңы 

еліміздегі  ақпараттандырудың  құқықтық  негіздерін  белгілейді,  электрондық  ақпараттық  ресурстар 

мен ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану жəне қорғау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды 



У.А.Қосыбаева, Д.У.Баймағамбетова 

62 


Вестник Карагандинского университета 

реттейді [2]. Осы орайда жалпы білім беретін орта мектептердегі геометрия пəнін барынша жеткілікті 

көлемде түсіндіру математика пəніндегі көкейкесті мəселеге айналды. 

Геометрия  пəнінің,  оның  ішінде  Стереометрия  курсының  орта  мектеп  оқушыларының  басым 

көпшілігі  үшін  айтарлықтай  қиындықтар  туғызатындығы  баршаға  аян.  Жоғары  сыныптарда 

геометрия  пəнін  жүргізуші  мұғалімдер  осы  бір  мəселемен  алғашқы  сабақтардан  бастап  кездеседі. 

Стереометрия  аксиомаларымен  танысу  барысында  оқушылардың  осы  бағыттағы  түсініктерінің  аз 

дамығандығы  бірден  көрінеді.  Стереометрия  бойынша  бастапқы  түсініктердің  өзін  кейбір 

оқушылардың  жаттап  айтатындығы  да  орын  алады.  Осындай  біршама  қиыншылықтардан  кейін 

оқушылардың  пəнге  деген  қызығушылықтары  жоғалады  немесе  төмендейді  де,  олар  үшін 

стереометрия мектептегі ең ауыр тақырып болып шығады. 

Осы  қиыншылықтың  түбіріне  үңілсек,  ол  көпшілік  жағдайда  оқушылардың  геометриялық 

объектілерді қабылдауының сол объектінің нақты заңдылықтарымен сəйкес келмеуінен орын алады. 

Кеңістік денелерін сызба арқылы қағаз бетінде бейнелеу оның басым заңдылықтарын байқатпайды. 

Сонымен  бірге  стереометриялық  есептермен  жұмыс  істеу  барысында  қағазда  немесе  тақтада 

дайындалған жазық сызбалар қолданылады да кеңістік денесінің барлық қасиеттерін бере алмайды. 

Берілген есепті шешуде маңызды болып табылатын кейбір сызықтар мен нүктелер барынша жақын 

немесе  беттесіп  кетуі  мүмкін,  тағы  да  бір  маңызды  нүктелер  қағаз  шетінен  орын  алуы  да ықтимал. 

Осыларға қоса қағазбен жұмыс істеуде қателікпен орын алған сызбаларды ізсіз өшіру қиын. Аталған 

факторлардың  барлығы  стереометрия  курсының  басында  оқушылардың  кеңістік  денелерін  дұрыс 

қабылдамауына алып келеді. 

Куб,  шар,  пирамида  секілді  кеңістік  денелерінің  бейнелерін  құру  бойынша  есептерді  шешу 

кезінде  мұғалімнің  дайын  модельдерді  қолдануы  бастапқы  стереометриялық  есептерді  нəтижелі 

шешуін қамтамасыз етеді, алайда күрделі есептерді шешу кезінде көмекке сызба келуі қажет [3]. 

Қажетті сызбаны орындау көптеген стереометриялық есептер үшін бірнеше нұсқа дайындауды 

талап етеді. Алынған сызба көмегімен оқушы есептің түпкі ойын байқай алады. 

Өкінішке  орай,  геометрия  оқулықтары  сызба  дайындау  бойынша  тақырыпты  қамтымайды, 

сондықтан да оқушы сызба дайындауды өз бетімен немесе мұғалім көмегімен меңгеруі қажет. Сызба 

дайындау  мəнері  қалыптаспаған  кезде  стереометрия  есептерін  шығаруда  тағы  да  бір  жол  ол 

көрнекіліктер дайындау болып табылады [4]. 

Аталған  көрнекіліктерді  бүгінгі  таңда  заманауи  дербес  компьютерлер  мен  оған  арналған 

бағдарламалар көмегімен  жасауға  болады.  Қазіргі  қолда  бар  бағдарламалық  өнімдер  бейнені  дұрыс 

дайындап  шығу  мүмкіндігіне  ие,  оған  қоса  бұрыштарды  есепке  алу,  қозғалту  амалдары  оқушының 

дене қасиеттерін толық көріп, түсінуіне жол ашады. 

Қазіргі  кезде  мектептерде  сабақ  жүргізу  үрдісінде  презентациялар  қолдану  кең  орын  алған. 

Мысалы, үш перпендикуляр туралы теореманы дəлелдеу барысында сəйкес дайындалған слайдтарға 

жүгінуге  болады.  Ол  кезде  де  кеңістік  денелерін  сызба  арқылы  көрсетудің  мəселелері  туындайды. 

Стереометрия  материалдарын  игеру  кезінде  Flash-анимациялар  да  қолдануға  болады.  Ол  арқылы 

денеге көлем беріп, олардың қасиеттерін қарастыру мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда мұғалімге сабаққа 

дайындалуына, яғни анимациялық фильмдер дайындауына ұзақ уақыт талап етіледі. 

Қазіргі  уақытта  кеңістікке  шығуға  мүмкіндік  беретін  арнайы  компьютерлік  бағдарламалар 

құрылған. Ондай бағдарламалық өнімдер арнайы сатылымға түсуі де немесе Интернет арқылы тегін 

таратылуы да мүмкін. Сондай бағдарламалардың бірнешеуіне қысқаша тоқталып өтейік. 

Стереометрия  курсындағы  бірқатар  есептер  кеңістік  денелерінің  қималарын  салуға  беріледі. 

Жалпы  білім  беретін  орта  мектептердің  оқулықтарында  тақырыпқа  бөлінетін  сағат  санына 

байланысты  материалдар  көлемі  шағын  болып  келеді,  нəтижесінде  оқушының  тақырыпты  толық 

игеруіне  мүмкіндік  толық  бола  бермейді.  Осы  тақырыпқа  нақты  орайы  келетін  бағдарлама  деп 

SecBuilder 1.0  бағдарламасын  атауға  болады.  Бұл  бағдарламаның  көмегімен  стандарт  үшөлшемді 

объектілердің бірін таңдай отыра, оны қозғалтуға, айналдыруға, жақындатуға, өшіруге жəне де қима 

салуға  мүмкіндік  бар.  Алынған  нəтижелерді  геометриялық  есептерде  суреттеме  (иллюстрация) 

ретінде қолдану да қарастырылады. 

Ақылы  түрде  таратылатын  бағдарламалар  тобынан  «Математический  конструктор» 

бағдарламасын  қарастыру  орынды.  Бұл  бағдарламалық  орта  математика  бойынша  құрастыру, 

эксперимент қажет болатын интерактивті модельдер құруға арналған. 


Жалпы білім беретін... 

Серия «Педагогика». № 1(69)/2013 

63 

Қазіргі таңда еліміздегі жалпы білім беретін орта мектептерде геометрия сабақтарында негізінен 



кең  қолданыс  тапқан  бағдарлама — Flash-анимация  бағдарламасы.  Бағдарлама  өзінің  құралдары 

бойынша ыңғайлылығымен ерекше сұранысқа ие болып отыр. 

Еліміздегі оқу орындарының барлығында кеңінен танымал болған ақпараттық құралдарға сүйену 

бүгінде  электронды  оқулықтарға  деген  сұранысты  арттырды.  Пəн  мұғалімдері  өздері  дайындаған, 

Қазақстан  Республикасының  Білім  жəне  ғылым  министрлігі  тапсырысымен  дайындалған  арнайы 

электронды  оқулықтар  жалпы  білім  беретін  орта  мектептердегі  оқу  үрдісінде  таптырмас  көмекші 

болып  отыр.  ҚР  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  «Болашақта  еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер — бүгінгі 

мектеп  оқушылары,  мұғалім  оларды  қалай  тəрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде  болады.  Сондықтан 

ұстазға  жүктелетін  міндет  ауыр», — деген  сөзі  білім  саласында  еңбек  етуші  ұстаздар  қауымына 

салынған жүктің салмағын көрсетіп тұрады. 

Еліміздегі  білім  жүйесі  ел  өміріндегі  стратегиялық  маңызды  сала  болып  табылатындығы 

баршаға  белгілі.  Ал,  оқу  процесіндегі  ескі  əдістердің  озық  заман  талабына  толық  жауап  бере 

алмайтындығы да түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына сəйкес білім беруді одан əрі жетілдіру оқу-тəрбие 

процесіне  озық  тəжірибені,  ғылыми  жетістіктерді  талап  етеді.  Белгілі  педагог  Ш.А.Амонашвили: 

«Оқушылардың  білімін  арттыру,  пəнге  қызықтыру  үшін  оқытуда,  жалпы  алғанда,  ең  бірінші 

оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң бастау керек», — деген екен. 

Компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір əдістемелік жүйе 

қалыптастырып  келеді.  Қазақстан  Республикасы  ұлттық  ақпарат  инфрақұрылымын  қалыптастыру 

мен  дамыту  мемлекеттік  бағдарламасында  компьютерлік  технологияларды  білім  саласында  кең 

қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп отыр. 

Ендігі  мəселе — сол  компьютерлік  техниканы  тұрақты  жұмыс  істейтін  күйде  ұстап,  білім 

саласындағы  жаңа  технологияларды  пайдаланып,  кез  келген  пəн  мұғалімдерін  электрондық  оқу 

құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру əрі қарай жалғасуы тиіс. Жалпы электрондық оқулық, 

Э.Азимов  анықтағандай,  аудио-,  видео-,  мəтіндік  жəне  графикалық  ақпараттардың  компьютерлік 

дискіде  сақталған  əрі  оқушы  өзі  таңдаған  танысу  жылдамдығы  мен  түріне  ерік  беретін  оқытудың 

жаңа  құралы [4]. Электрондық  оқулыққа  берілетін  анықтамалар  өте  көп.  Солардың  тағыда 

бірнешеуін келтіріп, ұғымның мəні мен мағынасын талдап көрейік. Электрондық оқулық дегеніміз — 

мультимедиалық оқулық. 

Электрондық  оқулық  пен  оқытудың  негізгі  мақсаты: «Оқыту  процесін  үздіксіз  жəне  толық 

деңгейін бақылау, сондай-ақ қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту», сонымен қатар электронды 

оқулық — бұл  дидактикалық  əдiс-тəсiлдер  мен  ақпараттық  технологияны  қолдануға  негiзделген 

түбегейлi жүйе. Яғни электрондық оқулық — бұл, қалай алып қарасақ та, оқытудың құралы. Енді осы 

электрондық оқулықтың біз үшін тиімді жəне тиімсіз деп атауға болатын қырларын сараптайық. Кез 

келген  оқытушы  өз  пəнін  оқыту  барысында  оқулықтағы  материалды  құрғақ  баяндауы,  оқулықты 

пайдалануы  қазіргі  заман  талабын  қанағаттандырмайды.  Сондықтан  қазіргі  ақпараттандыру 

қоғамында қызықты да тартымды етіп, бейнелі түрде түсіндіруге арналып жасалған бұл оқулықтарды 

пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Білім берудің кез келген саласында электронды оқулықтарды 

пайдалану  оқушылардың  танымдық белсенділігін арттырып  қана  қоймай,  логикалық  ойлау жүйесін 

қалыптастыруға,  шығармашылықпен  еңбек  етуіне  жағдай  жасайды.  Электронды  оқулықпен 

оқытудың  негізгі  мақсаты  «оқыту  процесін  үздіксіз  жəне  толық  деңгейін  бақылау,  сонымен  қатар 

ақпараттық  ізденіс  қабілетін  дамыту»  болып  табылады.  Электрондық  оқулық  дегеніміз — 

мультимедиалық  оқулық,  сондықтан,  əрине,  электрондық  оқулықтың  құрылымы  сапалы  жəне  жаңа 

деңгейде  болуы  тиіс.  Электрондық  оқулық  сонымен  қатар  оқушының  уақытын  да  үнемдейді,  оқу 

материалдарын іздеп отырмай, өтілген жəне оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге 

көп ықпал етеді. Мазмұны күрделілеу бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар 

жəне клиптер, роликтер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге 

жəне  көріністерді  тез  немесе  жай  түрде  көрсетуге  пайдалы.  Электронды  оқулықтың  ең  қажет 

элементі — аудиохабарлар. Электронды оқулықты қолдану барысында кемшіл тұстары да кездеспей 

қоймайды.  Олар  көп  жағдайда  психологиялық-педагогикалық  талаптардың,  пəнаралық 

байланыстардың,  оқушының  жеке  ерекшеліктерін,  денсаулық  жағдайын  жəне  оқып  үйренудегі 

мамандық бойынша бағыты ескерілмей қалуы. 

Қазіргі  кезде  электрондық  оқулықтарды,  аудио-,  видео-,  теледидар,  компьютерді  пайдалану 

барысында,  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығының  жоғары  екендігін  байқауға  болады. 


У.А.Қосыбаева, Д.У.Баймағамбетова 

64 


Вестник Карагандинского университета 

Сондай-ақ  пəн  мұғалімдерінің  өздеріне  керекті  тест,  əдістемелік,  дидактикалық  көмекші 

материалдарды  молынан  ала  алатындығы.  Заман  талабына  сай  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  беруде 

электрондық  оқулықтарды  сабаққа  пайдалану  оқытудың  жаңа  технологиясының  бір  түрі  ретінде 

қарастыруға  болады.  Ақпараттық  технологияларды  тиімді  пайдалана  отырып,  шетелдік  білім 

жүйесінен  қалыспайтын,  дүниежүзілік  бəсекеге  қабілетті  еліміздің  білімді-білікті,  ой-өрісі  кең  жас 

ұрпағына əрқашанда артар сеніміміз мол болмақ [5]. 

Бүгінде  жалпы  білім  беретін  орта  мектептердің  барлығы  дерлік  дүниежүзілік  ғаламторға 

қосылған.  Олай  болса,  оқу  үрдісін  ұйымдастыруда  сол  ғаламтордың  мүмкіндіктеріне  де  сүйенуге 

болады.  Жалпы  бүгінгі  таңда  желінің  қолданылмайтын  саласы  кем  де  кем.  Себебі  жергілікті  желі 

қолданылмаған күннің өзінде аумақтық желі Интернеттің қолданыста болатындығы анық. 

Жалпы  желі  дегеніміз  не?  Телекоммуникация  құралдарымен  өзара  байланысқан компьютерлер 

жиынтығын компьютерлік желі деп атайды. 

Компьютерлік  желілер  жергілікті  жəне  ауқымды  болып  бөлінеді  де,  аппараттық  жəне 

бағдарламалық қамту құралдарынан жұмыс принциптері бойынша ерекшеленеді. Енді сол желілерге 

қысқаша тоқталайық. 

Жергілікті  компьютерлік  желі — ортақ  міндеттерді  атқаруға  арналған,  белгілі  ережелер 

бойынша  байланысқан  əрі  өзара  жақын  орналасқан  компьютерлер  жиыны.  Компьютерді  жергілікті 

желіге қосу үшін онда əр түрлі өндіріс орындарының компьютерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасу 

талабын қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар мен құралдар болуы қажет. 

Компьютердің желілік аппараттық жəне бағдарламалық құралдарын қамтамасыз ететін ережелер 

мен талаптар жиынтығы хаттама деп аталады. Негізгі желілік хаттамалар ISO (International Standard 

Organization)  Халықаралық  стандарттар  ұйымымен  стандартталған  жəне  барлық  желілік  құралдар 

өндірушілерімен қамтамасыз етіледі. 

Хаттамалар өз кезегінде: 

 желінің физикалық жəне электрлік параметрлерін; 

 орнату кезінде, байланыстың үзілуі кезінде, ақпарат алмасу кезінде сигналдардың берілу ретін; 

 ақпаратты беру кезіндегі қателікті табу жəне түзету реті жəне т.б. қызметтерді орындайды. 

Компьютерді  жергілікті  компьютерлік  желіге  қосу  үшін  кеңейтілу  слотына,  немесе  аналық 

платаға,  орнатылатын  жəне  желілік  сымға  қосылатын  арнайы  қосқышы  бар  желілік  адаптер  қажет. 

Жергілікті  компьютерлік  желі  үшін  қазіргі  кезде  келесі  ақпаратты  берудің  физикалық  орталары 

қолданылады: 

 жіңішке  коаксиалды  сым — жылдамдығы  аз  орта  жəне  компьютерлердің  арақашықтығының 

ұзақтығы 150 м-ге дейін; 

 жуан коаксиалды сым — компьютерлердің арақашықтығының ұзақтығы 500 м-ге дейін; 

 көпталшықты  сым — көбінесе  қуатты  компьютерлерге  қолданылады  жəне  компьютерлердің 

арақашықтық ұзақтығы 2 км-ге дейін; 

 сымсыз байланыс Wi-Fi ауалық радиоканал қолданылады; бұл өте ыңғайлы, себебі сымдарды 

қажет етпейді. 

Жергілікті  желіге  қосылған  компьютерлердің  бір-бірімен  мəлімет  алмасуы  үшін  арнайы 

бағдарламалық  құралдар  қажет  екендігі  сөзсіз.  Жалпы  базалық  желілік  бағдарламалық  құралдар 

операциялық  жүйелер  құрамына  кіреді  немесе  операциялық  жүйе  сəйкес  бағдарламалармен 

толықтырылуы  мүмкін.  Осы  айтылғандар  ортасынан  желілік  қамтылған  операциялық  жүйеге 

Windows XP арқылы мысал келтіруге болады. 

Желімен жұмыс кезінде компьютер екі рольді атқара алады: 

 егер  компьютер  ақпараттар  мен  сервистерді  желідегі  басқа  компьютерлерден  алатын  болса, 

онда мұндай компьютерлерді жұмыс станциясы деп атайды; 

 егер  компьютер  өзінің  ақпараттары  мен  сервистерін  желідегі  басқа  компьютерлерге  берсе, 

онда ол компьютер сервер деп аталады. 

Сервер түрлі сервистарды ұсынады, соның ішінде ең көп тарағандары төмендегілер: 

 файлдарды сақтау жəне беру (файлдық сервер); 

 принтерге жіберу (баспаға шығару сервері); 



Жалпы білім беретін... 

Серия «Педагогика». № 1(69)/2013 

65 

 факстік хаттарды алу жəне жіберу (факс-сервер); 



 электрондық пошта хаттарын алу, сақтау жəне тасымалдау (пошталық сервер); 

 сайттарды орналастыру (web-сервер). 

Windows XP-де  клиенттерге  саны  шектелмеген  кез  келген  қаптамаларға  (каталогтар)  ену 

мүмкіндігін  ұсынуға  болады.  Сонымен  қатар  əрбір  қаптама  бірегей  атқа  ие  жəне  ол  ресурс  деп 

аталады жəне əрбір ресурсқа ену режимі анықталған: 

 тек оқу — ақпаратты оқуға болады, бірақ оны өзгертуге болмайды; 

 толық еркін ену мүмкіндігі — ақпаратты оқуға да, өзгертуге де болады; 

 парольмен ену мүмкіндігі — берілген ресурспен жұмыс жасау үшін парольді білу қажет. 



Баспаға  шығару  қызметі.  Кей  жағдайда  барлық  компьютерлерді  жеке  принтерлермен 

қамтамасыз  ету  қиындыққа  түседі.  Ондайда желіден  арнайы  бір  компьютер  принтерге  қосылып,  ол 

желідегі қалған клиенттердің барлық құжаттарын баспаға шығаруды қамтамасыз етеді. 

Баспаға шығару клиенті мен сервері Windows операциялық жүйесінде қамтылған жəне баптауды 

қажет етеді. 

Енді  техникалық  тұрғыдан  сипатталған  бағдарламаларды  оқу  үрдісінде  тікелей  қолдану  қай 

қырынан  алғанда  тиімді  екендігін  талдайық.  Əрине,  техникалық  құралдар  мен  бағдарламалық 

өнімдерді сабақта қолдану бүгінде тиімділігі бойынша дау тудырмайтындай болып шешілген мəселе 

ретінде  орын  алды [6]. Жалпы  ақпараттық  технологияларды  сабаққа  қолдану,  оның  ішінде  біз 

қарастырып отырған стереометрия сабақтарында, сонымен бірге алгебра пəнінің функция мен оның 

графиктеріне арналған сабақтарында қолдану сабаққа төмендегідей тиімділіктер береді: 

1.  Білімнің көкейкестілігін ашу кезеңінде мұғалім сол мезетте экранда көрсетілетін сұрақтарды 

қояды. Сызбалар мен басқа да қосымша материалдар тізбектей шығарылып отырады да, ол мұғалімді 

тақтаға  барлық  материалдарды  жазып  көрсету  ісінен  босатады.  Есептің  шартына  орай 

эксперименттер жасай отыра, сызбаны ауыстыру арқылы оқушының геометриялық түсінігін дамыту 

орын алады. Дəстүрлі сабақта оқушылар түсінген деңгейіне, қабылдау дəрежесіне қарай мұғалімдерге 

сұрақ  қоюмен  шектеледі.  Ал  қағазға  дайындалған  сызбаны  иллюстрация  жасауға  əрдайым  уақыт 

тұрғысынан  мүмкіндік  бола  бермейді.  Яғни,  сызбалар  тақтаға  алдын  ала  дайындалынса  да,  қағаз 

бетінде көрсетілсе де оны оқушыларға жан-жағынан қозғалтып көрсету мүмкін болмай, нəтижесінде 

оқушының басым көпшілігі үшін ол түсініксіз болып қала береді. 

2.  Үй  тапсырмасын  тексеру  кезеңінде  сканер  көмегіне  жүгінуге  болады.  Оқушы  дайындаған 

сызбаны  сканер  көмегімен  тақтаға  аударып,  барлық  оқушылармен  бірге  талдап  тексеруге  болады. 

Тапсырманы  орындаушы  өзінің  жұмысын  өзге  оқушыларға  жан-жақты  талдап  көрсетеді.  Қажет 

болған  жағдайда  мұғалім  немесе  сынып  оқушылары  орын  алған  қателерді  түзетеді.  Есепті  шығару 

нұсқалары бірнешеу болған жағдайда оқушыларға оларды өзара салыстыра отыра талдауына жағдай 

туындайды.  Ал  дəстүрлі  сабақтарда,  əрине,  ол  басқаша  өтеді.  Оқушы  тапсырмасын  дəптерінен 

тақтаға  көшіреді  де,  басқаларға  түсіндіреді.  Мұндай  жағдайда  орта  есеппен 5 жəне 10 мин  бір 

оқушының  тапсырмасына  жұмсалады.  Есептің  бірнеше  шығарылу  жолдары  болса,  онда  ол  уақыт 

тағы да ұзартылады. Осылайша тағы да уақыт шығыны орын алады. 

3.  Жаңа тақырып өту кезінде презентацияларды, түсініктемелер берілген тарату материалдарын 

дайындауға  жəне  қолдануға  болады.  Бұл  жағдайда  ақпараттық  технологиялар  тек  мұғалімнің  жаңа 

материалдарды  түсіндіруіне  көмекшісі  ретінде  орын  алады.  Дəстүрлі  сабақтарда  материалдар 

алдымен  тақтаға  жазылады,  тақтаның  ыңғайлылығына  қарай  материалдар  көлемі  бойынша 

қысқартылады,  кейбір  оқушылар  сызбалардың  тақтадан  анық  көрінбеуінен  қатемен  сызулары  да 

мүмкін.  Осының  нəтижесінде  оқушының  материалдарды  толық  игермеуі  мен  есептерді  шығара 

алмауы орын алады. 

4.  Материалдарды  бекіту  кезеңінде  оқушыларға  деңгейлері  əр  түрлі  тарсырмалар  ұсынуға 

болады.  Жауаптарды  ақпараттық  құралдардың  көмегімен  тексеру  ұтымды  ұйымдастырылады. 

Дəстүрлі сабақтарда оқушылар тапсырмаларды дəптерде орындайды да мұғалім ол тапсырмалардың 

дұрыстығын əр оқушы дəптерінен қосымша уақытын бөліп тексереді. 



У.А.Қосыбаева, Д.У.Баймағамбетова 

66 


Вестник Карагандинского университета 

5.  Сабақ қорытындысын жасау кезінде сабақ барысында экранға шығарылған барлық ақпаратты 

қысқаша  шолу  ретінде  қайталап  қарап  шығуға,  негізгі  деген  материалдарға  назар  аударуға, 

қорытындылар  жасауға  болады.  Дəстүрлі  сабақтарда,  егер  сабақ  соңында  оқушыда  есеп  бойынша 

немесе  сызба  құрылымы  бойынша  сұрақ  туындаса,  онда  айтылған  материалдарды  тақтаға  қайта 

жазуға тура келеді. 

Мұғалімнің  сабаққа  алдын  ала  дайындалуына,  əрине,  бастапқы  кездерде  біршама  көп  уақыт 

кетеді,  алайда  əдістемелік  қоры  жинақталғаннан  кейін  ол  уақыт  одан  кейінгі  кездерде  өздігінен 

қысқаратын болады. 

Осылармен  қатар  тағы  да  бір  байқалған  жайт — компьютерді  қолдану  қызығушылықты 

арттырады,  яғни  материалдарды  жеткізудегі  жаңашылдық  есебінен  оқушылар  назары  да  артады. 

Осылардың  барлығы  арқылы  тұтас  алғандағы  математикаға  деген  қызығушылық  жоғарылайды. 

Оқушылар  сабақ  материалдарын  іздеуге  белсенді  түрде  атсалысып,  ол  өз  кезегінде  оқу  зерттеу 

дағдысын  дамытады  жəне  де  тек  математика  ғана  емес,  сонымен  бірге  информатика,  ақпараттық 

технологияларды игеруде жақсы нəтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Енді  геометрия  сабағы  үшін  басты  қажет  құрал  болып  табылатын  көрнекілік  құралдар  туралы 

айтар  болсақ,  көрнекілік  деген  жалпы  білім  беретін  орта  мектептер  үшін  пəннің  сипатына  қарай 

оқушыларға жаңа материалдар беруде ұстап көру, сезіну, нақты қасиеттерін түсіну үшін қажетті əдіс 

болып табылады. Көрнекіліктер педагогикалық үрдістің барлық кезеңдерінде қолданылады. Олардың 

рөлі — жан-жақты бейнелік  түсінікті қамтамасыз ету,  ойлауға  негіз  болу.  Көрнекілік  құралдары  əр 

түрлі: қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары, нақты заттар мен үрдістерді бейнелеу (суреттер, 

жобалар), заттардың модельдері (кесіліп дайындалған мүсіндер т.б.), символдық бейнелер (карталар, 

кестелер,  сызбалар).  Алайда  адамзат  жетістіктерінің  бір  орында  тұрмасы  анық.  Қазіргі 

жаңашылдықты  қолдайтын  қоғам  ақпараттану  үрдісін  сипаттайды.  Ортамызға  келіп  енген 

компьютер,  ақпараттық  технологиялар  жəне  олармен  жұмыс  істеуді  қамтамасыз  етуші  техникалық 

құралдар мен бағдарламалар білім саласынан да өзінің нақты орнын тапты [7]. 

Ақпараттық технологиялардың жалпы білім беретін орта мектептерде оқу үрдісінде алатын орны 

туралы,  оның  ішінде  оқушылардың  басым  бөлігіне  қиындық  туғызатын  стереометрия  курсына 

қолданылуы  туралы  қорыта  айта  келгенде,  дəстүрлі  көрнекіліктермен  қатар  арнайы  бағдарламалық 

өнімдермен  дайындалған  материалдарды  қолдану  оқушының  түсінігін  қалыптастыруда  таптырмас 

құрал болса, мұғалім үшін сабақ уақыт үнемдеуші, ыңғайлылық болады. 

 

 



Əдебиеттер тізімі 

1  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. — № 319. — 2007. — 27 шілде // www. zakon.kz 

2  Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы. — № 217. — 2007. — 11 қаңт. // Егемен Қазақстан. — 

2007. — 2 ақп. — № 28, 29. 

3  Блох А.Я., Канин Е.С., Гусев В.А., Дорофеев Г.В. Методика преподавания математики в средней школе. Общая мето-

дика. — М.: Просвещение, 1985. — 240 с. 

4  Азимов Э. Электронный учебник иностранного языка // Высшее образование в России. — 1996. — № 1. 

5  Четверухин Н.Ф. Изображение фигур в курсе геометрии. — М.: Просвещение, 1959. — 255 с. 

6  Əбілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен əдістемесі. — Алматы: Білім,1998. — 186 б. 

7  Мəлібекова М.С., Исаева К.Р. Дербес компьютерді оқу процесінде қолдану. — Алматы: Ғылым, 2001. — 145 б. 

 

 


Жалпы білім беретін... 

Серия «Педагогика». № 1(69)/2013 

67 

У.А.Косыбаева, Д.У.Баймагамбетова 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет