№17 (8470) 28 ақпан, сейсенбі, 2017 жыл Газет 1939 жылдың 19 наурызынан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата31.03.2017
өлшемі1,2 Mb.
#10844
  1   2   3   4

№17 (8470) 28 ақпан, 

сейсенбі, 2017 жыл

Газет 1939 жылдың 

19 наурызынан бастап шығады

Шиелі аудандық 

қоғамдық-саяси газет

БЕЙБІТ КҮННІҢ 

БАТЫРЛАРЫ

АЛАҢДАУШЫЛЫҚ 

ӘЛІ ДЕ БАСЫМ 

Қазақ халқының мемлекет болып 

қалыптасу жолында небір шайқас пен 

тар жол, тайғақ кешуді бастан өткергені 

белгілі. 1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 

жылдың жылдың 15 ақпанына дейін он жылға 

созылған Ауғанстандағы соғысқа мыңдаған 

қазақстандық жауынгер қатысқан. 

Биыл Ауған жерінен кеңес әскерлерінің 

шығарылғанына 28 жыл толды.

2017 жылдың 2 айында тіркелген 17 дерек бой-

ынша барлығы 65 бас мал қолды болған. Орын алған 

мал ұрлығы қылмыстарының 5-і 2016 жылғы, 12-сі 

2017 жылы болған, – деді жергілікті полиция бөлімі 

бастығының орынбасары Д.Өмірбеков. Аудандық 

прокуратураның бастамасымен мәдениет үйінде 

өткен жиналыста баяндама жасаған ол соңғы 

уақытта өзекті болып тұрған алаяқтық пен мал 

ұрлығы қылмысы халықты алаңдатып отырғанын 

айтты. 

«Арман» мәдениет үйінде кеңес әскерлерінің Ауғанстан 

жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай «Бейбіт күннің 

батыр ұлдары» атты патриоттық кеш болып өтті. Кешке Ауған 

соғысының ардагерлері мен аудан тұрғындары қатысты. 

Алдымен жиналған қауым Ауған соғысында қаза тапқан 

жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Аудан  әкімінің  орынбасары  А.Есмаханов  жиналған 

жұртшылықты атаулы күнмен құттық та ды.  

–  Ауған  соғысының  аяқталғанына  28  жыл  уақыт 

өтті. 10 жылға созылған сол бір сұрапыл соғыста талай 

боздақтарымыздан айырыл дық. Бірақ, олардың ерліктері 

ешқашан  да  өшпейді.  Ауған  соғысына  интернациона-

лист жауынгерлердің еңбектері мен ерліктері ешқашан да 

ұмытылмайды, – деді аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде. 

Бұдан кейін «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық фили-

алы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет, аудандық 

қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы С.Әлімбетов сөз 

сөйлеп, ел тәуелсіздігі мен бейбітшілігінің баянды болуын 

тіледі.


«Бейбіт күннің батыр ұлдары» тақырыбында өткен жи-

ында ауған соғысының бірнеше ардагеріне аудан әкімінің 

және «Нұр Отан» партиясының алғыс хаттары табыс етілді. 

Кеш соңы аудандық мәдениет үйінің концертіне ұласты.

Айта кетелік, осыдан дәл 28 жыл бұрын 1989 жылы 15-ші 

ақпан күні кеңес әскерлері Ауғанстаннан біржола шығарылған 

болатын. Бұл соғыс 1979 жылдың желтоқсан айынан 1989 

жылдың 15-ші ақпанына дейін созылды. Оған Қазақстаннан 

22269 жауынгер қатысты. 924 жау ынгер қаза тауып, 1015 

жауынгер мүгедек болып оралды. Ал, 19 жауынгер із-түссіз 

жоғалды. Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігі 

қашанда елге мұра, ұрпаққа ұран болары сөзсіз.



Қайрат ИСМАИЛ

Аталған екі қылмысқа қатысты Д.Өмірбеков 2 

ай көлемінде орын алған мал ұрлығы мен алаяқтық 

қылмыстарының алдын алу бағытында атқарылып 

жатқан жұмыстары бойынша жан-жақты талда-

ды. Талдау, саралау жұмыстары көрсеткендей 

мал ұрлықтарының көпшілігі егелерінің ауданға 

қарасты ауылдық жерлерде малдарын қараусыз 

жайылымдарға айдап жіберуі, шет жерлердегі 

өріс жайылымдарда малдарды күтусіз қалдыруы, 

сонымен қатар, жергілікті аумақтық бөлімдерінің 

ветеринарлық қызметімен бірге малдарды ендеу, 

таңбалар салу, пада ұйымдастыру жұмыстарын 

тиісті деңгейде жүзеге асырылмауынан болып 

отыр.  Қаншама түсіндіру жұмыстары және басқа 

да алдын алу шараларының жүргізіліп жатқанына 

қарамастан, бұл қылмыс түрлері азаяр емес. 

Жиында осы мәселеге қатысты біраз ұсыныстар 

мен  пікірлер  айтылды.  Кездесуге  қатысқан 

ардагердің бірі: Малға адамның өзі де егелік ету 

қажет деген пікір айтты. Қорадан мал ұрланса, 

міндетті  түрде  оны  іздеу  керек,  ал,  даладан 

ұрланған малдың еш құжаты жоқ, айдауда жүрсе 

оны қалай іздейміз? Мал егесі де бір сәт өзіне 

жауапкершілік  алып, әр малына сырға салдыр-

тып, таңба басып белгі қойса дұрыс болмай ма? 

Сондай пікірдің бірін айтқан кент тұрғыны: «Мал 

базарға барсақ, не төлқұжаты, анықтамасы жоқ 

малдар сатылуда. Бұрын ауылдық әкімдіктен әр 

малға анықтама, мал дәрігерінің рұқсаты берілетін. 

Қазір оны базарда ешкім сұрап жатқан жоқ». Ұры 

малды ұрлап, кез келген уақытта базарға апарып 

сата береді ме? Осындай пікірлерді тыңдаған ау-

дан прокурорының орынбасары А.Әлімбаев бұл 

мәселені шешудің жолдарын қарастырып жатқанын 

айтты. 


Ауылдағы  еңбекқор  ағайынның  бар сенері 

қолындағы төрт түлігі. Бір-біріне кездескенде: 

«Мал-жан аман ба?» деп, жаннан бұрын малын 

сұрайды. Алайда, малын өріске өргізіп, алаңсыз 

отыруға да болмайды ғой. Жиында осы  тектес 

пікірлер мен ойлар сарапқа салынды. 



А.МОЛДАХМЕТҚЫЗЫ

Жиынға  облыстық  және  аудандық 

мәслихат депутаттары, мекеме басшыла-

ры мен шаруашылық төрағалары қатысты. 

Келелі мәселелерді көтерген шараны аудандық 

мәслихат  хатшысы  Ә.Оразбекұлы  ашып, 

жүргізіп  отырды.  Мемлекет  басшысының 

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық 

бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдау-

ында ауыл шаруашылығы саласына жіті на-

зар аударылғанын айтқан мәслихат хатшысы 

2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспор-

тын 40 пайызға дейін көбейту тапсырылғанын 

айтып  өтті.  Халық  қалаулыларының  ал-

дында хабарлама жасаған аудандық ауыл 

шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Мақаш 

бұл салада қыруар жұмыстар атқарылғанын 

мәлімдеп, соңғы 3 жылдық деректерді салы-

стырмалы түрде баяндап шықты. Егілген егін, 

берілген тыңайытқыш, алынған өнімге дейін 

бөлім басшысының назарынан тыс қалмапты. 

Әсіресе,  статистикалық  мәлімет терді 

алға тартып, 2017 жылдың 1 қаңтарындағы 

дерек бойынша 48686 бас мүйізді ірі қара, 

73120  қой мен  ешкі, 10897  жылқы, 1166 

түйе және 17616 бас құс өсірілуде екендігін 

жеткізді. Бұл 2014-2016 жылдарды салыстыр-

малы түрде қарағанда аудан бойынша мүйізді 

ірі қара 115,3%-ға, қой мен ешкі 101,4%-ға, 

жылқы 121,9%-ға, түйе 100,3%-ға, құс 6,9%-ға 

өскендігін білдіреді.

(Жалғасы 2-бетте)

Ия, расында адам ойына кіріп шықпайтын 

қылмыстардың  саны  көбейіп  кетті.  Ең 

алаңдатарлығы алаяқтық қылмысты көбіне 

әйел адамдардың жасайтындығы. Мұны аудан 

әкімдігінің мәжілісте өткен жиналысында естіп, 

жағамызды ұстадық. Сонда қалай? Оу, бесікті  

тербететін аналарымыз алдау арқылы оңай 

ақша табудың жолына түсті ме? 

Ежелден халқымыз  әйелді шаңырақтың  

ұстыны, ұлттың ақылманы ретінде бағалаған. 

Алайда,  ешбір  құндылыққа  айырбастал-

мас  қазақ  әйелдеріне  берілген  бағаның 

қадірін қашырып жүргендерді естігенде қатты 

қынжыласың. Теледидар жаңалықтарынан көріп 

жүргеніміздей, жалған құжат немесе дип лом 

жасаған, жұмысқа тұрғызам, үй алып беремін 

деп ізім ғайым жоғалған алаяқ әйелдер туралы 

ақпараттарды естіп, «Заман өзгерді ме, адам 

өзгерді  ме?» деп еріксіз қынжыласың. 

Аудандық соттың мәліметіне сүйенсек 2016 

жылы анықталған 9 алаяқтық қылмыстың 7-і 

осы әйел азаматшаларға қатысты екен. Тиісті 

құқық қорғау органдары тарапынан жүргізілген 

сараптама нәтижесі көрсеткендей алаяқтықтың 

басым бөлігі «банктен төмен пайызбен несие 

алып беремін және жұмысқа тұрғызамын» – деп 

талай адамды сан соқтырғандар. 



(Жалғасы 4-бетте)

Аудан  әкімдігінде  өткен  алқалы  жиында  осы 

мәселелер  талқыланды.  Жиынды  аудан  әкімінің 

орынбасары Т.Жағыпбаров ашып, жүргізіп отырды. 

Алғашқы мәселе бойынша аудандық экономика және 

бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы М.Шоханов 

хабарлама жасады. Оның сөзіне сүйенсек, өткен жылы 

ауданға 10 миллиард 397 миллион теңге көлемінде 

инвестиция тартылған екен. Ақмая, Алғабас, Талап-

тан елді мекендеріндегі мәдениет үйлеріне күрделі 

жөндеу жүргізілген. Аудандық кітапхананың ғимараты 

қайта құрылымдаудан өтсе, Алғабастағы «Балауса», 

Шиелі кентіндегі «Жадыра», Ә.Тәжібаев ауылындағы 

«Ақбесік» балабақшалары күрделі жөндеуден өткізілген. 

Мұндай  жұмыстар  аудандық  мәдениет  үйіне  де 

жасалғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, Ы.Жақаев 

ауылынан жаңа музей пайдаланылуға берілсе, Ақмая, 

Ш.Қодаманов,  Еңбекші  елді  мекендерінен  жаңа 

дәрігерлік амбулаториялар есіктерін айқара ашып, 

елдің игілігіне жұмыс жасауда. «Өңірлерді дамы-

ту-2020» бағдарламасының аясында 6 елді мекенге 

инфрақұрылым тартылды. Осы сынды мәліметтерді 

тілге тиек еткен ауданның  бас экономисі  биылғы 

жоспармен де бөлісті. Елді қуантар жаңалықтардың 

қатарына  №45  мектеп-гимназиясына  қосымша 

құрылыс салып, Н.Бекежанов ауылынан амбулатория 

құрылысын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттарын 

әзірлеуге облыстан қаржы бөлдіру мақсатында тиісті 

басқармаларға бюджеттік өтінімдер тапсырылып-

ты. Сонымен қатар, биыл да инфрақұрылым тар-

ту үшін бірқатар жұмыстар атқарылатын көрінеді. 

Құрылысы өткен жылы басталған цемент зауытын 

соғу қайта жалғасады деп күтілуде. Зауыттың құрылыс 

жұмыстарын жүргізу барысында 1200 адам жұмыспен 

қамтылады деп жоспарлануда.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша аудандық 

ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Мақаш ха-

барлама жасап, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық 

жағдайын баяндады. Биыл егілетін егіннің жалпы көлемі 

27609 гектарды құрап отырғанға ұқсайды. Сыр салы-

сын 11000 гектарға егу жоспарланыпты. Тұқым дай-

ындау да өз дәрежесінде жүргізіліп жатыр екен. Атап 

айтқанда, ерте егілетін егіс үшін 15 тонна жаздық 

бидай, 12 тоннадан аса жоңышқа және 80 тонна-

дан аса мақсары тұқымдары тазаланып, 85 пайы-

зы себу дәрежесіне жеткізілген. Күріштің 3100 тонна 

тұқымы егуге дайын. Егіс науқаны үшін минералдық 

тыңайтқыштар мен жанар-жағар май және техникаға 

дейін әзірленіп жатыр.  

Мұнан кейін мінберге көтерілген аудандық қаржы 

бөлімінің басшысы А.Төлегенов өткен жылы аудандық 

бюджеттің қалай атқарылған дығы нан хабардар етті. 

Жалпы, 2016 жылы бюджеттің кіріс көздері нің көлемі 

6 рет нақтыланып, нәтижесін де 100,7 пайызға жеткен 

көрінеді. Таза кірістердің орындалуы 104 пайызға жет-

се, облыстан алынатын ресми трансферттер 100 пай-

ыз түскен. Осы мәліметтерді алға тартқан ауданның 

бас қаржыгері шығыстарға тоқталып, игерілген қаржы 

көлемінің 99,8 пайызды құрағандығын мәлімдеді. 

Алқалы мәжілістің соңында аудан әкімінің орын-

басары  Т.Жағыпбаров  тиісті  сала  басшылары-

на жұмыс жасау үшін тапсырмалар беріп, жиынды 

қорытындылады.

ӨНІМ ӨТІМДІ БОЛУЫ ҮШІН 

ÑÀÏÀÄÀ ÑÛÍ ÁÎËÌÀÓÛ ÊÅÐÅÊ

Сыр елі жыр елі ғана емес, сонымен 

қатар, ақ күріштің астанасы, Отаны 

саналады. Тіпті, егілетін егінге келгенде 

негізгі дақыл ретінде күрішке басымдық 

берілген. Алайда, осы күріштің сапасы 

қалай? Жоғары сұрыпты өнім алу үшін не 

істеу керек? Қайтсек ауылшаруашылығы 

ілгерілейді? Жуырда «Нұр Отан» пар-

тиясы  Шиелі аудандық филиалы 

ғимаратында осы сынды мәселелерді 

көтерген жиын өткізілді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, алаяқтық әрекет жасайтындардың 

көбі әйелдер екен. Ұрпағына тәрбие беріп, айналасына әдемілік сыйлайтын нәзік 

жандылардың осындай әрекетпен айналысуына не себеп? Әйелді ардақтайтын 

қазақтың ақ жаулықтылары, шаңырақтың шырақшысы мен берекесіне 

айналған аяулы арулардың неліктен мұндай қадамға баратындығы көпшілікті 

ойландырады? 

Көктем келді. Егіс науқанына дайындық жа-

сау керек. Оның үстіне өткен жылы аудандық 

бюджет қалай атқарылды? Мұны бір сара-

лап алмаса болмайды. Ал, бюджеттік инвести-

ция жобалары өткен жылғымен салыстырғанда 

қай деңгейде? Жыл соңына дейін қалай болады? 

Пысықтайтын мәселе көп.

Азиз  БАТЫРБЕКОВ

ЕГІС НАУҚАНЫНА ӘЗIРЛIК

 

ПЫСЫҚТАЛДЫ



ЖАҒА ҰСТАТАР ЖАТ ҚЫЛЫҚ

Айнұр НАЗАРОВА

Биылғы  Жолдауда  экономиканы дамытуға 

бағытталған бірқатар тапсырмалар бар. Елба-

сы тәуелсіздік алғалы бері уақытты сын елегінен 

өткізіп, 25 жылда жеткен жетістіктерді саралап 

өтеді. Шынында да кеңестік кезеңнен кейін аяққа 

тұрып кету үшін елді жаңғыртатындай рефор-

ма керек еді. Осы тұста Президент Н.Назарбаев 

бірінші кезекке экономиканы қояды. Экономикалық 

өрлеу арқылы саясатты дамыта білді. Бұл тәуелсіз 

Қазақстанның алғашқы жаңғыру, жаңару жолы еді. 

Екінші жаңғыру кезеңі «Қазақстан-2030» стратегия-

сымен астасып жатыр. Ұзақ мерзімді стратегияның 

көздеген межесі елімізді дамыған елу мемлекеттің 

қатарына қосу болатын. Мақсатымызға мерзімінен 

бұрын жетіп, көздеген елуліктің қатарына ендік. Енді 

дамыған, бәсекеге барынша қабілетті отыз елдің 

санатына кіру жоспары тұр. «Қазақстан-2050» стра-

тегиясында осы мақсаттарға жетудің жан-жақты 

әрі нақты жолдары қарастырылған. Жолдауда: 

«Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен 

күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» 

стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді 

көпір  болмақ.  Ол  Ұлт  жоспары  –  «100  нақты 

қадам» базасында өткізіледі. Мен оның бес негізгі 

басымдығын көріп отырмын. Олар экономиканың 

әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын 

қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына 

қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған. 

Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген 

технологиялық жаңғыртылуы. Біз цифрлық техно-

логияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индус-

трияларды өркендетуге тиіспіз», деп көрсетілген. 

Сәрсенкүл ШАРИПОВА,

аудандық қазынашылық 

басқармасының басшысы.  

ЕЛЕУЛІ МІНДЕТТЕРДІ 

Ж КТЕЙДІ

Мемлекет басшысының 

«Қазақстанның үшінші 

жаңғыруы: жаһандық бәсекеге 

қабілеттілік» атты Жолдауы 

дер кезінде жарияланды әрі елеулі міндеттерді 

жүктейтін бастамаларға толы.


ҚÎҒÀÌ

2

Osken_onir@mail.ru



№17 (8470) 28 ақпан, сейсенбі, 2017 жыл

100


СҰРАҚ 

ЖАУАП


– Ел азаматы ретінде, МӘМС-тің мен үшін тиімділігі?  

– Біріншіден, МӘМС ҚР аумағында сіз өзіңіз таңдаған кез келген 

емханадағы медициналық көмек ала аласыз. Бұл жағдайда, емхананың 

шығыстарын қор толығымен өзі өтейді; екіншіден, ТМККК және МӘМС 

пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын 

қосымша төлемдердің барлық түрінен босатыласыз; үшіншіден, сізге елдің 

кез келген дәріханасында ұсынылатын дәрілік заттардың құрамы бойын-

ша кеңейтілген және жақсартылған тізбесіне толық қолжетімді болады 

(қорда фармацевтикалық қызметтердің жеткізушілері ретінде тіркелген); 

төртіншіден, МӘМС қоры сіздің пайдаңызға аударылған жарналар тура-

лы және сізге медициналық ұйымдарда көрсетілетін қызметтер туралы 

ай сайын ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар; Бесіншіден, сапасыз қызмет 

көрсетілсе немесе МӘМС қатысушысы ретінде құқықтарыңыз бұзылған 

жағдайда қор сіздің сақтандырылған азамат ретінде құқықтарыңызды 

және мүдделеріңізді қорғайды.

– 1996-1998 жылдарда құрылған ММСҚ-ның тәжірибесі бізге 

мәлім. Осындай жағдай қазір де қайталанбасына кім кепілдік ете 

алады?  

– Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген өзгерістердің өзінің дұрыс 

жақтары да сонымен қатар теріс жақтары  да бар.1996-1998 жылдарда 

сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қабылдауға 

болмайды, оның дұрыс  жақтары да болды. Бұл реформаның ең басты 

нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту есебінен денсаулық 

сақтау жүйесі объектілерінің желісін және медициналық көмектің ел 

халқына қолжетімділігін сақтау болып табылады. Мысалы, осын-

дай мамандандырылған бағдарламаның болмауы мектепке дейінгі 

мекемелерді жекешелендіруге әкеп соқты, оның салдары осы күнге 

дейін сезіледі. Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық дағдарысты 

ағымдағы жағдаймен салыстыруға болмайды. 20 жыл бұрын көптеген 

кәсіпорындар күрделі қаржылық қиыншылықтарға тап болғаны бәріміздің 

есімізде, сол кезеңдерде кәсіпорындардың басым көпшілігі банкротқа 

ұшырады, еңбекақы бойынша үлкен қарыздары болды. Экономикалық 

дағдарыс  жаппай  төлем  жүргізбеу,  оның  ішінде  медициналық 

сақтандыру қорына төлем жүргізбеу негізгі себеп болды. Қордың 

жағдайы экономикалық белсенді емес халық үшін тұрақты аударым-

дарды қамтамасыз етуге тартылған жергілікті атқарушы органдардың 

да қиын жағдайға тап болуына байланысты қиындады. Бүгінгі таңда 

біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін байқап отырмыз. 

Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер 

еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы 

қорына 53 млрд. теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына әлеуметтік 

сақтандыру қорына 23 млрд. теңге аударады. Экономикалық тұрғыдан 

белсенді емес халық үшін ӘМС қорына жарналарды төлеу бойынша 

міндеттемелерді мемлекет өзіне алатынын атап өткен жөн. Осының 

барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің 

тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.  

(Жалғасы бар).



(Басы 1-бетте)

Жиын барысында көпшіліктің көкейінде жүрген 

мәселелер көтеріліп, бірқатар ұсыныстар айтыл-

ды. «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық фили-

алы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет 

ауылшаруашылығындағы жем-шөпке байланысты 

өткен жылы берілмей қалған субсидиялардың қашан 

берілетіндігін сұрады. Облыс тан келген комиссия бұл 

мәселенің шешім табатындығын, алдағы уақытта 

субсидиялардың қайта  берілетіндігін жеткізді. Жыл 

сайын көркейту-көгалдандыру жұмыстары бойынша 

қыруар шаруалардың атқарылатындығы белгілі. Ай-

наланы жасыл желекке орау мақсатында мыңдап 

көшет,  он  мыңдап  гүл  егіліп  жатады.  Орталық 

көшелерді еркін аралап, гүлзарларға қажетінше 

жайылатын қараусыз жүрген малдарға ешқандай 

тоқтам болмай отырғаны өкініштен өзекті өртейді. 

Әкімдіктердегі мамандар қашанғы айдай берсін?! 

Олардың бұдан да басқа қаншама жұмысы бар. 

Осы мәселені көтерген аудандық мәслихат хат-

шысы Ә.Оразбекұлы қараусыз жүрген малдарды 

белгілі бір алаңға қамап ұстағанның өзінде олардың 

жем-шөбіне кететін шығынның бар екенін айтып, 

оны кім көтеретіндігін сұрады. – Сондықтан да, бұл 

мәселенің шешілу жолдары қарастырылса,– деген 

ұсыныс білдірді.

Шиеліде бақшалық дақылдардың да көп егілетіні 

жұртшылыққа аян. Біздің жерде өскен қауын мен 

қарбыздың дәмі ерекше тәтті болады.  Оны же-

ген адам тіл үйірер дәмін көпке дейін айтып жүреді. 

Мұндай жағдайларды талай көргенбіз. Дегенмен, 

соңғы кездері бақша дақылдарын экспорттауда 

да бірқатар қиындықтар кездесетін болған. Аудан 

әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров: «Карантиндік зо-

нада өскендіктен бақша дақылдарын сыртқа шығаруға 

тыйым салынуда екендігін айтып,  осы мәселені шешу 

жолдары қолға алынса»,– деп ұсыныс айтты.

Мақаланы  бастағанда  күрішке  қатысты  да 

мәселелердің шетін көтергенбіз. Себебі, облыстық 

ауыл  шаруашылығы  басқармасы  басшысының 

орынбасары Т.Бекішев күріштің сапасы нашарлап, 

бәсекеге қабілетсіз болып бара жатқандығын назарға 

салған еді. Мұның бірден-бір себебі ретінде жердің 

тұздылығы айтылды. Жарайды делік, жеріміз қанша 

жерден тұзды болсын мейлі, бірақ, оның алдын алуға, 

тұздылық деңгейін төмендетуге болатын шығар? 

Қойылған сұрақтың жауабын табу үшін осы салада 

жұмыс жасайтын мамандармен пікірлескен едік. 

«Ақмая»  шаруа  қожалығының  төрағасы 

Д.Жұмбеков  су  жолдары ның  қажетті  деңгейде 

қазылу керектігін айтып, сапалы өнім алуға баса на-

зар аудару қажеттігін жеткізді. Ал, атақты «Ақмаржан» 

күрішінің авторы, белгілі ғалым, ауылшаруашылығы 

ғылымдарының докторы Қ.Бәкірұлының пікіріне 

сүйенсек,  күріштің өнімділігі мен сапасын артты-

ру үшін бірінші кезекте егілетін тұқымды егжей-

тегжейлі зерттеуден өткізген абзал екен. Ол қандай 

сорт, біздің жерді жерсіне ме, ауа райының күрт 

өзгеріп отыратындығына шыдамды ма? Міне, осы 

сынды мәселелерді қарастыру керек. Сонан соң 

күріштің егуінен бастап оруына дейінгі технологияны 

сақтауымыз шарт.

Бұл жөнінде даңғайыр диқан, екі мәрте Социалистік 

Еңбек Ері Ы.Жақаев: «Күріштен көп өнім алу үшін 

бірінші жеткілікті суың болсын, содан кейін жерің 

тегіс болсын» – деген екен. Қазіргі диқандар қауымы 

Ыбырай атаның тағылымды өмірінен өнеге алып, 

ғалымдардың пікірін назарда ұстап жұмыс жасаса, 

нұр үстіне нұр болар еді. 

А.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ

ӨНІМ ӨТІМДІ БОЛУЫ ҮШІН

 

Осы кезеңде бейбіт тұрғындардың 



жағдайына қарамастан Семей сынақ 

п а л и г о н ы н   қ ұ р у   т у р а л ы   ш е ш і м 

КСРО Министрлер кеңесі және КОКП 

Орталық  Комитетінің  қаулысымен 

қабылданды.  1947  жылы  21  тамыз-

да  таулы  сейсмикалық  станциясы 

құрылды. Ол 1948 жылы КСРО Қарулы 

күштерінің  оқу  полигоны,  кейіннен 

нөмері 2 (Гос-ЦНИИ П-2) мемлекеттік 

орталық-ғылыми-зерттеу сынақ поли-

гоны болып өзгертілді. Полигондағы 

сынақтарға дайындалу жұмыстары 1949 

жылдың  шілдесінде  аяқталды.  1949 

жылы 29 тамызда тұп-тура көз ілеспес 

жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан 

отты доп жер денесіне қадалып, оны 

шарпып өтіп аспанға көтерілген.  Ащы 

түтін иісін қолдан жасаған жел әп-сәтте 

жан-жаққа таратып, әкетіп жатты. Таяу 

жерде тұратын адамдар жер мен көкті 

алып кеткен от-жалынға таңырқап қарап 

тұрды. Сайын даладан жанталасқан 

тышқандардың, қасқыр, кесірткелердің 

өлі денесі табылған. Бұл КСРО-да тұңғыш 

атом бомбасының жарылуы еді. Бұл 

құбылысты атақты ғалымдар, әскери 

бастықтар, 

к е ң е с т і к 

а т о м 

б о м б а с ы -

н ы ң   т о -

лып жатқан 

и д е о л о -

г и я л ы қ , 

и д е я л ы қ 

техникалық 

а т а л а р ы 

т а с а д а н 

б а қ ы л а п 

т ұ р а д ы . 

Х а л ы қ қ а 

сынақ тура-

лы 1953 жылдан бастап қана ескертіле 

бастады. Онда да адамдар мен мал-

дарды радиактивті заттардың таралу 

аймағынан уақытша көшіру, орларға 

немесе  кепелерге  жасыру  сияқты 

қарабайыр жұмыстар жүргізілген. Алай-

да, жарылыстан соң адамдар радиация-

дан былғанған өз үйлеріне қайта оралып 

отырды. Көбісі үйінің орнын сипап қалды. 

Кейбіреулері қақыраған қабырғаларды 

көрді. 

1989 жылдың 28 ақпанында Алма-



тыда көпшілік жиналған бейбіт шеру 

ұйымдастырылды. Ақын Олжас Сүлейме-

нов: «Полигон жабылсын!»  деп қазақ те-

ледидары  арқылы  мәлімдеме  жаса-

ды. Дәл сол күні Сүлейменов еліміздің 

барлық қоғамдық, шығармашылық, діни 

ұйымдарына, кеңестік бейбітшілік қорғау 

комитетіне халықаралық «Жасыл әлем 

ұйымына» Адамзатты аман алып қалу  

халықаралық қорының комитетіне Нева-

да штатындағы (АҚШ) сынақтарға тыйым 

салу қозғалысын жақтаушыларға үндеуін 

оқып, Қазақстанда ядролық сынақтарды 

тоқтатуды талап етті.

 Үндеу бүкіл қазақстандықтардың, 

соның ішінде Семей жері халқы тара-

пынан қызу қолдау тапты. Радиациялық 

сәулелердің зияны жайлы дәрігерлер 

мен ғалымдар ашық әңгіме қозғай баста-

ды. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет 

КСРО үкіметі ядролық қаруды сынауға 

тыйым салу – мораторий жасау туралы 

шешім қабылдады. Наурыз айында ғана 

үндеуге қозғалысты қолдаған миллион-

нан астам қол қойылды, көптеген қаржы 

қозғалыс қорына келіп түсті.

«1989 жылдың тамыз айына дейін 

Семей полигонын да 467 жарылыс бо-

лыпты. Оның қуаты әртүрлі атом термо 

ядролық, сутегі бомбалар бар. Олардың 

116-сы ашық немесе жер бетінде не-

месе  әуе  кеңістігінде  жасалды.  Бұл 

сынақтардың ядролық қуаты 1945 жылы 

Хиросимаға тасталған атом бомбасының 

қуатынан 2,5 мың есе көп, 40 жыл ішінде 

бұл арада мыңдаған Хиросималар жа-

рылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. 

Уайымсыз отырып су мен тамақ ішу, 

өмірге нәресте әкелу мүмкін емес бо-

лып барады. Қазақстандағы ядролық 

қаруды  тоқтату  үшін  өз  елімізде, 

тыныштық пен бейбітшілік орнату үшін, 

өз құқықтарымыз үшін күрес мақсатында 

«Невада-Семей» қозғалысын құрдық» 

делінген. Ақын, белгілі қоғам қайраткері 

О.Сүлейменов жетекшілік еткен «Семей-

Невада» қозғалысы сол тұста бейбіт 

шеру ұйымдастырып, ел тілегін алысқа 

жеткізе білді. Семей ядролық сынақ 

полигоны бір жола жабылды. Тұңғыш 

Президентіміз  Н.Ә.Назарбаев  1991 

жылдың 29 тамызында Семей ядролық 

сынақ полигонын жабу туралы тарихи 

жарлығына қол қойды.

Қазақстан  әлемде  бірінші  болып 

ядролық қарудан бас тартты. Егер Ел-

басымыз Н.Ә.Назарбаев әлемде бірінші 

болып ядролық қарудан бас тартпағанда 

жағдай қалай болар еді? 2009 жылдың 

29 тамызын Елбасы ядролық қарудан 

бас тарудың бүкіл әлемдік күні деп жари-

ялау жөнінде бастама көтерді. Осылай-

ша Мемлекет басшысы ядролық қаруға 

ие барлық мемлекеттерді Қазақстанның 

жолымен жүруге шақырды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет