№17 (8470) 28 ақпан, сейсенбі, 2017 жыл Газет 1939 жылдың 19 наурызынан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата31.03.2017
өлшемі1,2 Mb.
#10844
1   2   3   4

Мэлс ТОҚТЫБАЕВ,

«Невада-Семей» қозғалысының 

аудандағы өкілі, «Семей-Ақиқат-

Шиелі» қоғамдық бірлестігінің 

төрағасы.

«Балаларымды оқыттым, ешкімнен 

кем емес, енді олар мені бағады» де-

ген оймен баласының үйінде тұрады. 

Күн өте келіні енесіне мінезін көрсетіп, 

немерелерін де жақындатпайды. Ана 

жүрегі қатты налыды. Баласына келіні 

жоқ жерде айтса, «Өзім жұмыстан 

шаршап жүрмін, істеп бергенін ішіп-

жеп отырсаңызшы» деумен тынатын.

Бірауық қызының үйіне бара қалса, 

дәл бүгін ұрсатын күндері ме, қызы 

мен  күйеубаласы  қырғи  қабақ  та-

нытып отырады. Қызы балаларына 

ұрсып-сабалап, демалайын деп келген 

анасының мазасын алады. Ана жүрегі 

қан жылап, ішкі сырын кімге айтарын 

білмей қиналды да. – Бүйткенше ша-

лым болса, шүйіркелесіп оты рар едім. 

Ол да атадан жалғыз болатын. Осы-

ларды жетімсіретпейін деп кейіннен 

тұрмыс  құрмадым  да,  –  деген  ой-

мен баласының үйіне де жақындап 

қалды. Ойлана келе кешкі шайда ба-

ласы мен келініне «Балам өзімнің жа-

стай отасқан шалымның Отанына ба-

рып түтінін түтетейін» – дегені сол еді, 

қабағы ашылмайтын келіні лыпыл-

дап: «Апа барып тұрамыз, немереңізді 

жіберіп тұрамыз» – деп, аузы-аузына 

жұқпай кетті. Бала келіннен ассын ба, 

«өзіңіз біліңіз» – деді де қойды. Ана 

жүрегі іштей қан жылады. Баласы апа 

жылы жерде отыра  берсеңізші деуге 

де жарамады. 

Анасы  өз  үйіне  келіп  ешкімнің 

қабақ  шытқанын  көрмей,  көрші-

қолаңдармен араласып өмір сүріп 

жатты.  Көршілері  де  жақсы  адам-

дар. Әжелеріне жоғын тауып беріп, 

көмектесіп тұрады. Неше жылдан бері 

келіп тұратын немере тұрмақ ұлдың да 

келіннің қарасы көрінбеді.

Ана жүрегі қанша ренжісе де бала-

сы мен қызын сағынып, зейнетақысын 

алып, жаңа жылда барып қайтайын 

деп үйлеріне келді. Есікті ашқан келіні 

енесін көріп амандық та, саулық та 

жоқ үйіне кіріп кетті. Баласы алды-

нан  шығып:  «Амансыз  ба?  Баруға 

жұмыстан  да  босамаймыз»  –  деп 

өтірік сылтау айтып жатыр. Ауыл-

да өзі мен қатарлас көршінің баласы 

бар еді. Ол да қалада тұрады. Үйіне 

шешесіне әдемі жаулық әкеп мәз-

мейрам. Келіншегі апалап алдында 

жүгіріп жүр. 

Маған: «Апа, балаңыз кеп тұра 

ма? Қай күні қыдырып демалыс ор-

нына Гүлшат екеуміз демалып жатсақ 

сіздің  балаңызды  көрдік.  Отбасы-

мен сол жақта жүр» демесі бар ма. 

Қарт ана ауыр күрсінді де үйіне кетіп 

қалды. Үйіне барып ішіне тығылып 

жүрген зар-мұңын шығарып ұзақ жы-

лады. Сол жатқаннан екі-үш күн жат-

ты. Көрінбегесін көршісі үйіне келеді. 

Қарт ананың тұруға да шамасы кел-

мей қалыпты. Дереу көршілері бала-

сын, келінін, қызын шақыртты. Олар 

естігеннен, үш-төрт күн кешігіп келді. 

Оған дейін көршілері ыстық-суығын 

беріп, өз балаларынан артық қарады. 

Көршілеріне  «шалымның  түтінін 

түтетейін» – деп келдім. «Қалада ма-

шиналар да көп. Ауылға не жетсін» деп 

өтірік болса да күліп алатын. Өзінің ба-

лаларын қалай жамандасын. Балала-

ры қымбат машинасымен келіп «не 

боп қалды сонша?» деп жекіп жатыр. 

Қызы да «ерігіп отқандай шақырып, 

жұмысымыз бар» деп сөйлеп алды. 

Анасын жаман көрпешесін машинаға 

төсеп отырғызып, көршілеріне «жылы 

жерде отыр, жағдайын жасасақ та осы 

жаққа қашты. Мына мал-мүлікті са-

тып қайтыңдар. Қалада тұрады» деп 

алып кетті. Қалаға барысымен ана-

ларын қарттар үйіне өткізіп жіберді. 

Ана байғұстың көзі жәутеңдеп, жүрегі 

жетімсіреп қала берді. 

Ақмарал ІЗБАСАРОВА.

ӘЛЕМ БЕЙБІТ ӨМІРДІ СҮЙЕДІ



ÆÅÒІÌ ÆҮÐÅÊÒІ ÀÍÀ

Өткен ғасырдың ортасында алып 

мемлекеттер жаппай қырып-жоятын 

ядролық қаруға жедел қол жеткізуді 

мақсат тұтып адамзат баласына 

алапат қауіп төндіргені тарихтан 

белгілі. 

Жастайынан жұбайынан айырылған ана ұл мен қызын ешкімнен кем 

қылмаймын деп тірнектеп еңбек еткен азын-аулақ айлығымен күн көрді. Ба-

лалары өскесін оқу орындарына түсіріп, жоғары білім алдырды. Осылардың 

енді жемісін жеймін ғой деп, мал-мүлкін сатып, қаладан үй алып берді. Ұлын үй 

қылып, қызын ұзатты. Өзі көзді ашып-жұмғанша зейнетке де шықты. 

ÑÀÏÀÄÀ ÑÛÍ ÁÎËÌÀÓÛ ÊÅÐÅÊ

Жазда қозы-лақ бағамыз, сырттан 

қауын-қарбыз егіп, оның отағын шауып, 

сұңғыласын жұламыз. Есіміз кіре, бірінші 

сыныптан бастап үлкен ағаларымызға 

еріп, қоржынмен томаша теріп, есек саты-

мен шабырдан сексеуіл, жыңғыл тасыдық. 

Одан үйдегі төрт түлік малдың шөбін да-

ярлау  да,  есік  алдындағы  атыз-атыз 

жоңышқаны қолмен орып, жинап алу да 

біздің мойнымызда болатын. Жазғы де-

малыста есекпен екі баудан құрақ шөп 

тасып, оны баулап «әке, бір мәшине бол-

ды» деп мақтанып, кепе үстіне жинау-

шы едік. Сабақтан келісімен қорадағы 

малдың  астын  тазалау  жұмысы  күтіп 

тұратын. Енді ауылдағы жалғыз құдықтан 

су тасу, қой-ешкі, сиыр, мініс көлігіміз есек-

ке дейін суғару – діңкелетіп, кешке таман 

құлайтынбыз. Бірақ балалық шақ шаршау 

дегенді сездірмейтін. 

Екі бөлмелі қазақи қоржын үйде тоғыз 

бала өстік. Ортада бір қарындасымыз 

болды. Ауызғы бөлменің төріне ұзыннан 

көрпеше жая салатын. Темір пеш жағында 

қызын жанына алып, шешеміз, терезе 

жақта сегіз ұлға қарауыл әрі тәрбиеші 

болып, әкеміз жататын. Ол кезде газет 

келмейді, радио мен теледидар атымен 

жоқ. Әкеміз түнге қарай көрші кемпір-

шалдарды  үйге  жинап,  бізге  кезекпен 

«Қобыланды»  және  «Алпамыс»  ба-

тырлар қиссасын ондық білте шаммен 

қайта-қайта оқытатын. Көршілер кино-

театрдан  шыққандай  қуанатын.  Ауыл 

тұрмысының  жақсара  қоймаған  уағы. 

Тамақ та жетіспейді. Шешеміз нанның 

орнына жүгеріні қуырып, қожалақ жасап 

дастарқанға шашып жіберетін, жұдырықтай 

ақ қантты шаққыш қысқашпен шағып, бір-

бір түйірден бізге лақтыратын. Тоғызымыз 

таласып-тармасып бұйырғанын жейтінбіз. 

Үйде әр жерінің қағы түскен ескі керсен 

болатын. Кешкі тамақты шешеміз сол 

керсеңге құйып, ортаға қоятын. Жидеден 

соғылған үлкен ағаш қасық арамызда ай-

налыста жүретін. Кезегіміз келгенде бір 

рет ұрттауға тиіспіз. Кейде шыдамай екі 

қасық ұрттап қалсақ, әкеміз жаңағы жиде 

қасықпен төбемізден тоқ еткізіп, қойып 

қалатын. Сосын ашқарақтық жасағанымыз 

үшін жазалап, далаға шығарып жіберетін. 

Әрине, сол күні екі-үш қасық үзбеннен, 

бір-екі кесе шайдан қағылып, бірақ өзімізді 

кінәлі санамаймыз. 

Кемпір-шал  бізді  өтірік  айтпауға, 

біреудің ала жібін аттамауға, мұғалімді, 

молданы, үлкендерді сыйлауды, кішіге 

қамқор  болуды,  ағайын-туыстарымен 

тату болуды үйретті. Балалықпен таяқ та 

жедік, боқтау сөз де естідік. Сол тәрбиенің, 

тәртіптің арқасында жаман болған жоқпыз. 

Ал қазіргі қарттардың жастарға үйретері 

жоқ сияқты. Қоғамда бала тәрбиесі ауызға 

алынбайды. Жалпы, «еліміз тыныш» деп 

отыра беруге болмайды. Біздің қоғам алға 

жылжу үшін қозғаушы күш керек. Бірсарын 

қоғамдағы тіршілік, бойкүйездікке әкеледі. 

Үйдегі әйеліңізге де, ұл-қыздарыңызға 

да «маған бәрібір» деген сана пайда бо-

лып, өзі сүріп отырған қоғамға да, өмірге 

де қызығушылығы тоқтайды.  Керек бол-

са, ата-анасын тыңдамайтын, мектептегі 

мұғалімдерін, тәртіп сақшыларын мойын-

да ғысы келмейтін тоғышарлар шыға баса-

тйды. Түздегі түгіл үйдегі балаларына ие 

бола алмай отырған әке-шеше қаншама 

«Балалы үй – базар», «Баланы – жастан», 

«Балалар – болашағымыз», «Ұл-қыз – 

ұрпағымыз» деп қоямыз. Осы сөздің бәрі 

де тәрбиеге келіп тіреледі. 

Білім саласына жылына бір рет ре-

форма жасалса да, бала тәрбиесі өзгер-

ген емес. Сол баяғы тәрбие. Отбасы ның 

тәрбиесіне,  әке-шешенің  мейірімі  мен 

жылы сөзіне, «балам, жақсы бол, аза-

мат бол, бұзық болма, тәртіпті, үлгілі бо-

лып өс» деп, баланың басынан ыстық 

алақанымен  жәй  ғана  сипап  өткенге 

ештеңе  жетпейді.  «Қарға  баласын 

аппағым» деген емес пе? Сондай-ақ бала-

сы жаңылысып, бұзақылық жасап тұрса да 

ата-ана баласын қорғайды. Баланы қорғау 

– болашақты қорғау. Ол басқа ұғым. Ал 

баланы тәртіпке шақыру – оны жазалау 

деп түсіну, полиция қызметкерлерінің 

түнгі рейдтерде ұстаған балаларға шара 

көру кезінде өз баласы жағына шығып, 

«менің балам ондай істемейді, жала жа-

уып  тұрсыңдар»  деп,  баланы  қорғау 

тәрбиеге  жатпайды. Бала  өзін  қорғап 

тұрған ата-анасына арқа сүйейді, заңмен 

тәртіпке шақырып тұрған, «мына балаңыз 

осындай істеді, соны бірге тәрбиелейік» 

деп тұрған тәртіп сақшыларын балаңызға 

құбыжық етіп көрсетесіз. Соңында мәселе 

заң жолымен дұрыс шешілгенде, кешірімге 

жүгінесіз. Себебі, заң талабы бойынша 

тәртіптік шара жасөспірім балаларға емес, 

олардың ата-аналарына көріліп, айыппұл 

салынады. Ал балаңызға заңсыз зорлық-

зомбылық жасалып, азаматтық құқығы 

тапталса, оған бақылау жасап отырған сот, 

прокуратура органдары бар. Бұрынғыдай 

бұл капиталистік қоғамда да бала өмірі 

құнсызданбауға тиіс. Балаға «баға жетпес 

байлық» деп қарағанымыз жөн. Баланың 

бұзылуы – ортаға байланысты. Балаңыз 

кіммен дос, кімдермен араласады, олар не-

мен шұғылданады, бастары қосыла қалса, 

айналысатын тірліктері қандай? Темекі 

шекпей ме, насыбай атпай ма, сыра-пыра, 

арақ-шарап  ішпей  ме?  Осының  бәрін 

бақылап, назардан тыс қалдырмауымыз 

керек. Жасөспірім балалар кәмелетке 

толар шақта физиологиялық өзгеріске, 

психологиялық күйзеліске ұшырайтыны 

белгілі. Бозбаланың дауысы да мутацияға 

шалдығып, бала үні ересектердің үніне 

айналып, жуандайды. Міне, осы тұсты 

аңғаратын  әке-шешелеріміз,  үйдегі 

үлкендеріміз жастарға үлгі болып, ақыл 

айтып, балаларға білетіндерін үйретіп от-

ыратын еді. Мақаламды өз тәрбиемнен 

бастағаным да сонан болатын. Қазіргі 

күнкөріс, үйдегі ата-ананы да, үйдің бас 

болар мүшелерін де базарға, көшеге, 

айлық, жылдық вахталық жұмыстарға 

шығарып жіберді. Жас балалар үйлерінде 

қараусыз қалуда. Реті келсе, олар да 

бетімен жүріп-тұруға бейімделді. Тілін 

алмағанда  әжелеріміз  не  деп  ұрсушы 

еді  осы.  «Тәртіпсіз,  жүгенсіз,  әдепсіз, 

оңбаған,  тәртіптен  жұрдай,  қағыңғыр, 

наижауғыр, сайтан алғыр» т.б. деп, мұнда 

да тәрбиеге шақырып отыратын. Ұрсып 

отырып,  тәрбиелейтін.  Еріккен  бала-

лар не істемейді. Бойларында күштері 

тасып  тұр.  Енді  ұйымдасып,  біреуге 

тиісу жолымен немесе  көрші мектептің 

оқушыларымен ілінісіп, төбелеске бара-

ды. Бұл оқушылар арасында бұрыннан 

бар кикілжің. Әлсіз бала айналасына до-

старын жинап, қарсыласына «соғыс» аша-

ды, күш көрсеткісі келеді. Сөйтіп, топ-топ 

болып, төбелеске барады. Біздің кезімізде 

де болды, осындай әлімжеттік. Бірақ күшті 

деген екі бала екі жақтан шығып, бірімен-

бірі ашық төбелесетін. Жеңілген жақ үнсіз 

тарайтын. Бұл «дәстүр» осы кезге дейін 

жалғасып келеді екен. 

Қазіргілер  жүздеп,  екі  жүздеп 

шайқасқа шығатын көрінеді. Не көрінді! 

Ұят емес пе?! Журналист Елдос Жүсіптің 

жанайқайы сол балалардың ата-аналарын 

ойлантқаны жөн. Мұндай топырда, әйтеуір, 

біреуі жарақат алуы мүмкін. Басы жарыл-

са, тісі сынса, көзі шықса ше? Бір ақылсыз 

таяқ жеп баратқасын суық қару пышағын 

балаңыздың қарнына сұғып алса, не бо-

лады?! Оның беті аулақ. Оның зарда-

бын мектеп те, полиция да, сіз де тарта-

сыз. Сосын шығамыз «бәрі қайда қарап 

отыр?» деп. Кінәні өмірі өзімізге алып, 

мойындағымыз келмейді.  Үйдегі бала 

тәрбиесіне қалай болса, солай қараймыз. 

Балаға қатал болу шарт емес, оларды 

адалдыққа тәрбиелегеніміз дұрыс. Өз 

балаңыздың тәрбиесін біреуге итеріп салу, 

мұғалімнен көру – әбестік. Бүгінгі мектеп-

терде бұрын ауданға аты шыққан мектеп 

директорының тәрбие жөніндегі орын-

басарлары болған Кеңес Әлімбаев пен 

Қали Дүйсемановтай тәрбиеші, тәлімгер 

ұстаздар некен-саяқ. Олар мектептің ішкі 

істер министріндей саналатын. Оқушылар 

да  тақ  тұратын.  Олар  ата-аналар  жи-

налысын  жиі  өткізіп,  бала  тәрбиесін 

естерінен шығаруға мұрша бермейтін. 

Бүкіл мектептегі оқушылардың тыныс-

тіршілігі  алақандарында  тұрушы  еді. 

Сонанда  №45  мектеп  пен  №50  мек-

тептер  аудан  ғана  емес,  республика 

көлемінде ардақталып жататын. Міне, ау-

дан мектептеріндегі осындай орынба-

сарлар  ата-ана,  оқушылармен  жұмыс 

істегені абзал. Бүгіндері мектеп реформа-

сы шәкірттермен қоса мұғалімдердің де 

миын ашытып жіберді-ау, білім қуамыз 

деп,  бала  тәрбиесі  сырт  қалды.  Оған 

зерделі көңіл бөлмесек, опық жеуіміз же-

ген.  Баланы  тәрбиелеудің  қарапайым 

әдісі – еңбекке баулу. Жасынан өнерге, 

спортқа, түрлі кәсіптік үйірмелерге тар-

ту. Әкелеріміз айтып отыратын «Адам-

ды өлгенше тәрбиелеу керек. Бала бақпа, 

адам бақ. Балаңа ұрыссаң әкең есіңе 

түседі, айналсаң шешең есіңе түседі» 

дейтін.  Қайткенде,  еліміздің  болашақ 

ұрпағын жан-жақты етіп тәрбиелеу – па-

рызымыз.  Келешек  олардан  зор  үміт 

күтеді. «Баланы ұлша тәрбиелесең ұл, 

құлша тәрбиелесең құл болады» депті, 

Байтұрсынов Ахмет атамыз. Ия, біз алды-

мен қоғамдық сананы ізгілендіруіміз қажет.



Өркен ИСМАИЛ

БАЛАНЫ ҰЛША ТӘРБИЕЛЕСЕҢ ҰЛ БОЛАДЫ...

Бала күнімізде ауылда кемпір-

шалдың қолында тәрбиеленіп, 

өстік, оқушы атандық, жігіт 

болдық. Мектепке барғанша 

ойынның түбін түсірдік. 

Асық ойнадық, ләңгі тептік, 

доптаяқ құдық, қыста «Отыз 

жылдықтың» биік-биік құмында 

сырғанақ тептік. Әке-шешеміз 

«ойын баласы ғой» деп тыныш от-

ырмай, сонда да жұмсайтын. 

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

ØÀÐÒÀÐÀÏ

3

Osken_onir@mail.ru



№17 (8470) 28 ақпан, сейсенбі, 2017 жыл

ЖЕР САТЫЛАДЫ

Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесінің бойында (ескі 

райононың артында) жалпы көлемі 9,7 сотық жер саты-

лады. Бағасы келісім бойынша. Хабарласу телефоны: 

87021216979.

ҮЙ САТЫЛАДЫ

Шиелі  кенті,  Жақаев  ауылына  кіреберісте,  Жаңажол 

көшесінің бойындағы 4 бөлмелі үй, жұмыс істеп тұрған дүкенімен 

бірге сатылады. Ауызсу, аяқсуы бар, жері 15 сотық. 3-фазды 

тоқпен қамтамасыз етілген. Барлық коммуналдық жағдайы 

жасалған. Хабарласу телефондары: 5-13-77, 87771777972, 

87026138800.

***

Шиелі кенті, НУС №28 үй 28 пәтер сатылады. 4 бөлмелі 

2-қабат, №127 мектептің қасында орналасқан. Барлық жағдайы 

жасалған, жиһаздандырылған, кондиционер, телевизор, спут-

ник ТВ, аристон, асхана жиһазы, диван, тағы басқа. Хабарласу 

телефондары: 5-13-77, 87771777972, 87026138800.



ПРОЕКТ

Об утверждении перечня автомобильных дорог районного значения 

Шиелийского района 

В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправ-

лении  в Республике Казахстан» и Законом Республики Казахстан от 17 июля 2001 год «Об автомобильных дорогах» акимат Шиелий-

ского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1. Утвердить перечень автомобильных дорог районного значения согласно приложению.

2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителья акима района Жагыпбарова Т.

3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опу-

бликования.



Аким района                           К.Сарсенбаев.

«СОГЛАСОВАНО» 

Руководитель государственного учреждения «Управление пассажирского транспорта и 

автомобильных дорог Кызылординской области» ______________  М.Баймбетов

«___»___________ 2017г

 

Приложение к постановлению акимата Шиелийского района от «____»___________ 2017 года №___



Шиелі ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі



Индекс

Жолдардың атауы

Ұзын-

дығы 

км

Санаты бойынша, 

шақырым

Оның ішінде, жамылғы 

түрі бойынша шақырым

Жолдардың жағдайы, шақырым

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

Ас-

фальт

Тас 

төсел-

ген

Жәй 

жол

жақсы

Қанағат-

танарлық

Қанағат-

танарлық-

сыз 

Оның 

ішіндегі 

бұзылғаны   

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

1

KNG-1



Самара-Шымкент-Жөлек

12

12



12

12

2



KNG-2

Самара-Шымкент-Бала би

4

4

4



4

3

KNG-3



Самара-Шымкент-Еңбекші

6

6



6

6

4



KNG-4

Самара-Шымкент-Қодаманов

3

3

3



3

5

KNG-5



Самара-Шымкент-Жансейіт

3

3



3

3

6



KNG-6

Самара-Шымкент-Сұлутөбе

2

2

2



2

7

KNG-7



Самара-Шымкент-Майлытоғай

3

3



3

3

8



KNG-8

Самара-Шымкент-Бірлестік

5

5

5



4

1

9



KNG-9

Қарғалы ауылына кіре беріс жол

3

3

3



3

10

KNG-10



Шиелі-Ақмая

13,5


13,5

13,5


13,5

11

KNG-11



Шиелі-Жахаев

3

3



3,0

3,0


12

KNG-12


Ортақшыл ауылына кіре беріс жол

21

8,7



12,3

21

21



13

KNG-13


Байсын ауылына кіре беріс жол                                                                                

3

3



3

3

14



KNG-14

Жиделі ауылына кіре беріс жол

4

4

3



1

3

1



15

KNG-15


Жуантөбе ауылына кіре беріс жол 

5

5



5

5

5



16

KNG-16


Шиелі-Аспалы көпір-Қодаманов

3,5


3,5

3,5


3,5

17

KNG-17



Жансейіт-Ортақшыл

12

7



5

12

12



18

KNG-18


Жуантөбе-Ботабай

15

15



15

15

15



19

KNG-19


Самара-Шымкент-Досбол би

2

2



2

2

20



KNG-20

Алмалы-Бекежанов автомобиль 

жолы(Самара-Шымкент 1922,3-

1944,7)


22,4

22,4


22,4

22,4


Барлығы: аудан бойынша

145,4

22,4

88,7

34,3

117,4

18

15

111,4

14

20

15

Перечень автомобильных дорог районного значения Шиелийского района

№ Индекс

Наименование дорог

Протяжен-

ность, км

По категориям, километр

 В том числе по видам по-

крытиям, километр

Состояние дороги, километр

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

Ас-

фальт

Гравий-

ный 

грунто-

вое

от-

лич-

но

Удо-

влетво-

ритель-

но

Неудо-

влетво-

ритель-

но

в том 

числе 

износ  

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

1



KNG-1

Самара-Шымкент-Жулек(0-12)

12

12

12



12

2

KNG-2



Самара-Шымкент-Бала би(0-4)

4

4



4

4

3



KNG-3

Самара-Шымкент—Енбекши(0-6)

6

6

6



6

4

KNG-4



Самара-Шымкент-Кодаманов

3

3



3

3

5



KNG-5

Самара-Шымкент-Жансеит(0-3)

3

3

3



3

6

KNG-6



Самара-Шымкент-Сулутобе(0-2)

2

2



2

2

7



KNG-7

Самара-Шымкент-Майлытогай(0-3)

3

3

3



3

8

KNG-8



Самара-Шымкет-Бирлестик(0-5)

5

5



5

4

1



9

KNG-9


Подъезд к селу Каргалы  (0-3,5)

3

3



3

3

10 KNG-10 Шиели-Акмая (0-13,5)



13,5

13,5


13,5

13,5


11 KNG-11 Шиели-Жахаев(0-3)

3

3



3,0

3,0


12 KNG-12 Подъезд к селу Ортакшыл (0-21)

21

8,7



12,3

21

21



13 KNG-13 Подъезд к селу Байсын (0-3)

3

3



3

3

14 KNG-14 Подъезд к селу Жидели  (0-4)



4

4

3



1

3

1



15 KNG-15 Подъезд к селу Жуантөбе  (0-5)

5

5



5

5

5



16 KNG-16 Шиели-Аспалы көпір-Қодаманов(0-3,5)

3,5


3,5

3,5


3,5

17 KNG-17 Жансеит-Ортакшыл(0-12)

12

7

5



12

12

18 KNG-18 Жуантобе-Ботабай(0-15)



15

15

15



15

15

19 KNG-19 Самара-Шымкент-Досбол би(0-1,5)



2

2

2



2

20 KNG-20 Алмалы-Бекежанов (Самара-Шымкент 

1922,3-1944,7)

22,4


22,4

22,4


22,4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет