№17 (8470) 28 ақпан, сейсенбі, 2017 жыл Газет 1939 жылдың 19 наурызынан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата31.03.2017
өлшемі1,2 Mb.
#10844
1   2   3   4

Всего: по району

145,4

22,4

88,7

34,3

117,4

18

15

111,4

14

20

15

ЖОБА

Шиелі ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 

тізбесін бекіту туралы

«Қазақстан   Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының    2001 

жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына  және  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» 

N245 Заңына сәйкес Шиелі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес Шиелі ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаровқа жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                            Қ.Сәрсенбаев.

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қызылорда облысының  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» 

мемлекеттік мекемесінің басшысы ______________  М.Бәйімбетов

«___»___________ 2017ж

 

Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы «____»____________қаулысына №1 қосымша



Қани Ахетұлы 1937-38, бәлкім 39, шама-

мен сол жылдары және жастай шетінеп кет-

кен Камал деген ұл дүниеге келеді. Туылғанда 

әкесі 50-ді еңсерген үлкен кісі болған.

Атамыз Ахет барынша тақуа, діндар жан 

болыпты. Дәретсіз жүрмеген деседі, нама-

зын қаза қылмаған. Діни сауаты болмаса да, 

өмірден көріп-түйгені мол жан дін жолына са-

налы түрде түссе керек. Сипаттауында, дене 

тұрқы орташа, құлағы үлкендеу кісі болса ке-

рек,1968 жылдың қаңтарында дүние салып, 

Қызылқайыңдағы зиратқа қойылған.

Әкеміздің шешелес ағасы – Бәкір Рах-

метов 1910-шы жылдары туылған. Ұлы Отан 

соғысына  алынып,  соның алғашқы айла-

рында тұтқынға түссе керек. Бұл өз алды-

на ұзақ әңгіме, көкеміз легиондарға ілінбей, 

немістердің қолында қара жұмысшы болып 

қалған секілді. Кейін тірі қалуына да осы 

жағдай әсер етсе керек.

Хабар-ошарсыз кеткен Бәкір көкеміздің ар-

тынан қара қағаз келеді. Із-түссіз кеткендіктен 

ағайындар оны өлдіге санайды. Күдер әбден 

үзілген кезде ғана ол кісі соғыстан елге ора-

лыпты.  Еміс-еміс  естеліктерде  жұмыста 

жүрген әкесінен «Ағам келді! Ағам келді!» 

деп сүйінші сұрап он жасқа жетеқабыл бала 

– біздің әкей жүгіріп барған сияқты. Өлдіге 

санап, өзінің жылын беріп жатқан кезде кел-

ген деседі. Жылына деп бір ешкіні сойып, 

ертесіне асын береміз деп отырғанда өзі келіп, 

сол сойған малға той жасапты. Бұл шама-

мен 1946-47-жылдар болса керек. Оралғаны 

құрысын. Аман келді деген аты болмаса, 

көкеміздің сол көрген қорлығы қорлық. Бәлкім, 

одан да сорақы. Төңкеріс ауылында тұрыпты. 

Мектепке де сонда барса керек.

Ол тұста ауылдық жердегі мектептер 

жетіжылдық болып, одан ары оқығысы кел-

гендер Шиелідегі қазақ орта мектебінде ин-

тернатта жатып оқуын жалғастырады екен. 

Әкей осы интернаттағы кезеңінен естеліктер 

айтатын да, оған дейінгі кезеңді есіне ала 

қоймайтын. 

Шиелідегі қазақ орта мектебін 1956 жылы 

бітірісімен Ташкендегі  ауылшаруашылық  

институтының  агрономия  факультетінде 

оқитын,  өмірдің  ащы-тұщысын  молынан 

татқан ағасы Әбдірайханның айтуымен, әкеміз 

Ташкент байланыс институтының радиотехни-

ка факультетіне оқуға түседі. 

Бір жыл М.В.Ломоносов мектебінде ла-

борант болып істеген әкей келер жылында, 

яғни, 1957 жылы Қызылорда педагогикалық 

институтының тарих-филология факультетіне 

түседі.  Бұл  кезең  де  елдің  әлі  есін  жия 

қоймаған, жоқшылықтың басылмаған кезі. 

Жетпістен асса да күнкөрістің қамымен бір 

тынбайтын әкесінің сауда-саттық жасап тауып 

берген азын-аулақ тиын-тебені мен стипендия-

ны талғажау етіп оқуын оқиды. Сабақты да жа-

ман оқымапты. Өмір бойы Ә.Қоңыратбаевтың 

шәкірті болғанын, «Абай жолын» бастан-аяқ 

конспектілегенін мақтанышпен айтып оты-

ратын. 

1962  жылдың  жазында  институт-



ты тәмамдап, анамыз Сәпия Жақыповаға 

үйленеді.  Екеулерінің  шақыру  билеттері 

сақталған. Заманына лайық шағын той жа-

сайды. Әкейдің досы Кеңес Шаймерденов осы 

күнге дейін сол тойда асабалық жасағанын 

айтады. 


Институттан соң мектепке мұғалім болып 

орналасады. Алдымен Тартоғайда бастап, 

кейін Ақтоған мен Жеміс жидек мектептерінде 

сабақ береді. Арасы 4-5 шақырым бола-

тын екі мектептің арасына жаяу қатынайды 

екен. Бұл бір өртеңге шыққан көк шөптей, 

ашаршылық  пен  соғыс  зұлматынан  кейін 

қазақтың өз ішінен жоғары білімді маман-

дары көптеп шығып, жаңа заман талабы-

на  сай  өмір  сүруге  ден  қойған  шағы  еді. 

Ертеңгі күндеріне сенімді, аудандық деңгейде 

әртүрлі қызметтер атқарған сол буынның 

барлығы  да  7-8-ден  перзент  сүйді,  бәрін 

жеткізді. Мектепте, институтта қатар оқыған 

Р.Мауяев, С.Аманжолов, Ж.Зермұхамедов, 

Қ.Сүгірбаев, Т.Махамбетәлиев, С.Аймаханов, 

Б.Мұхамеджанов, М.Мақұлбеков т.б. достары-

мен қызметке араласып, әкеміз осы кісілермен 

дүниеден озғанша сыйласып өтті. 

Бес  жылдай  мектепте  орыс  тілінен 

сабақ бергеннен соң 1967 жылдың соңында  

әкейді Қызылқайыңдағы Жданов атындағы 

8 жылдық мектепке директор етіп жібереді. 

Қызылқайыңдағы күндерден менің есімде 

қалғаны – Жібек қарындасымның дүниеге 

келуі. Мамамызды ұзақ сарылып күткендіктен 

бе,  сол  күндер  менің  есімде  сақталып 

қалыпты.  1972  жылы  біршама  тәжірибе 

жинақтаған әкеміз Жиделіарық мектебіне 

директорлыққа ауысады. Мектепке жақын 

жаптың басындағы кішкене үйдің бір жағында 

тұрдық. Әкей дағдысымен үйдің маңайына 

қауын екті. Сонда ертіп барып, пәлектің ара-

сынан «піскен қауынды тауып әкел» дейтін. 

Мен  үшін  дүниедегі  ең  қиын  шаруа  сол 

піскен қауынды табу сияқты болып көрінетін 

еді. Жиделіде жүргенде көктайғақта тай-

ып жығылып, қолын сындырып алғаны бар. 

«Соны еш наркозсыз қолымды бұрап отырып 

салды. Өмірімде ондай жаныма батқан емес» 

деп отыратын. Сол қолының сүйектері айнал-

дырса сытырлап тұрушы еді.

Ол дәуірде мектепте директор болу, шын 

мәнінде аса  жауапты қызмет еді. Дирек-

тор болған кезінде әкеміз мектепте ерекше 

тәртіп орнатыпты. «Ол кісі барда шыбынның 

ызыңы естілер еді» деп ерекше құрметпен 

еске  алады  шәкірттері.  Өзіне  де,  өзгеге 

де  өте  жоғары  талап  қоя  білген.  Жүрген 

жүрісімен, киген киімдерімен мұғалімдер ол 

заманда шын мәнінде ауыл зиялылары бо-

латын. Ауыл ішімен келе жатқанында мектеп 

оқушылары анадайдан бас киімдерін шешіп, 

сәлем  беріп  тұрады  екен. Әкеміздің  есте 

сақтау қабілеті айрықша болатын. Жиырма-

отыз жыл бұрынғы оқиғаларды аптаның қай 

күні, қай сағатында болғанын, кімдермен 

бірге жүріп-тұрғанын дәл айтып отырушы 

еді. Ұлдарға қаншалықты қатал болса да, 

өмірінде қыздарға қарап қатты сөйлегенін не-

месе зекігенін көрген емеспіз.

Ауданға әр барған сайын 5-10-дап жаңа 

шыққан кітаптарды сатып әкелетін. Қазақ, 

орыстың классикалық әдебиетінен бастап, 

«ЖЗЛ»  сериясымен  шыққан  кітаптардың 

бәрін  түгендеп  қоятын.  Н.Островский, 

Г.К.Жуков т.б. атақты адамдардың өмірі мен 

шығармашылығы жайлы сол сөреде тұратын 

кітаптардан білдік. Сол тұста өте сирек 50 

мың сөздік «Қазақша-орысша сөздікті» қатты 

бағалаушы еді. Үйімізде кітаптың культі бо-

лушы еді, әлдекімнің алып кетіп қайтармаған 

кітабын әкей үнемі қайталап айтып отыра-

тын. Түскі асқа келгенде де кітап оқып барып 

қана ұйқыға кететін. Күнделікті жатар алдын-

да бізге ертегі айтқызатын. Есейіп, мектеп 

бітіріп кеткенімізше осы үрдіс үзілген емес. 

1974 жылдың жазында біз Қарғалыға көштік. 

Жиделідегі жүктің бәрін көлікке тиеп беріп, 

Қарғалыға жібергеннен кейін айы-күні жетіп 

отырған мамамыз Шиелідегі перзентханада 

қалады. Сол көшіп-қонып жүргенде 19 шілде 

күні туылған інімнің атын Қанат қояды. Біз 

көшіп келгенде үйіміз әлі салынып бітпеген 

екен, шілдеде үй маңайына құрылған киіз 

үйде тұрдық. Анатолий Дмитриевич, Нина 

Сергеевна атты құрылысшылар салып жат-

ты үйді. Осы күнге дейін құтты қоныс бо-

лып келе жатқан Қарғалыда әкеміздің қалған 

ғұмыры өтті. 

Ауылдық кеңестің төрағасы болып кел-

геннен кейін ол кісіге қызметтік жигули көлігі 

беріледі. Ол замандағы әрбір адамның ар-

маны – «люкс» «тройка-жигули» 1976 жылы 

біздің ауладағы гаражға өз доңғалағымен 

еніп,  1993  жылға  дейін  сонда  қимылсыз 

тұрды. Замана өзгеріп, құндылықтар алма-

сып жатқанда, әкей пендешілік танытпады. 

Соларды жекешелендіру, пайдаланып қалу 

ойына кіріп те шыққан жоқ. Осы күні түкке 

тұрмайтын сол мүліктер ол тұста адам қолы 

жетпейтін сирек зат саналатын. Жұрттың 

бәрі кеңестен қалған барлық мал-мүлікті, 

ғимараттарды жекешелендіріп жатқанда, мек-

теп директорлығына ауысқан әкей сол жигу-

лиге қоса өзі мініп жүрген «УАЗик» көлігін де 

бірге тапсырып жіберді. 

Тағы бір дерек. 1970-жылдардың аяғы 

болу керек, әкей үйге бір күрең жорға алдыр-

ды. Өзі бірді-жарым мініп те көрді. «Бір жақ 

көзіне ақ түскен екен» деп, көзіне қант үрлейтін 

нағашым Дүйсен. Күрең жорға қорада ша-

малы тұрды да, ауылдағы бір үлкен кісі сол 

атты міне тұруға сұрап келді. Өзі совхоздың 

жоңышқалығына қарауыл екен. Қаңтарылып 

тұрғанша, жоңышқалықта арқандалсын де-

ген болу керек, әкей беріп жіберді. Ел арасын-

да сөз жата ма, арада бір апта өтер-өтпесте 

аттың өлді деген хабары келді. Көргендер 

«шауып, зорықтырып өлтірген» десті. Алған 

адам «жылан шағып өлтірді» депті. Сол атқа 

«Не болды? Орнына не істейміз?» деп әкей 

сұраған да жоқ, тіпті әңгіме қылып айтқан да 

жоқ. Жабулы қазан жабулы күйінде кетті...

Өткен күндерді кейін айналдырып, көз 

алдыңнан  өткізгенде  бұрын  қарапайым 

саналған жайттарға қайта қарайды екенсің. 

Әкеміздің өзін-өзі ұстауы, баппен сөйлеуі, 

күнделікті тамақ ішуінің өзі де өте қызық бо-

латын. Барлығында да бір тағылым, өнеге 

бар еді. Өмірінде сұғынып, әлдебір тамақты 

не жемісті жегенін көрмеппіз.  

Ол заманға тән бір белгі – елдің барлығы 

жаппай ішімдік ішетін. Ішпейтін адам жоқ 

десе де болады. Әкеміздің де періште емес, 

сол дәуірдің перзенті екенін айтуымыз қажет. 

Қызметке араласқан кезеңнен басталса ке-

рек, әкей де ішетін. Бірақ ешқашан ол кісінің 

ішкен-ішпегенін адам баласы біліп болмайтын. 

Не жүрісінен, не сөйлеген сөзінен жаңылып, 

есінен айрылып, артық-ауыс сөз айтып ішкенін 

ешкім көрген емес. Әкей бұл дүниеде қонақ 

секілді өзін үйде де, түзде де өте сыпа ұстады. 

Жеңіл-желпі сөз айту, маңайындағы жанды 

қыжыртып отыру табиғатында жоқ болатын. 

Қонақжай еді. Үйден апталап қонақ үзілген 

емес, шешеміздің табысы мен Ақтоғандағы 

көкеміз берген төбел және нағашыларымыз 

мен туғанда «алтын бұзау» деп атап берген 

қара қасқа сиырдың бұзаулары біздің киім-

кешек, отбасы жабдықтарына кетсе, әкейдің 

табысы  түгелдей  дерлік  сол  қонақтарды 

күтуге, соның дастарханына жұмсалатын. 

Мұстапа көкеміз келіп үйде жататын...

Киім  кигенде  өте  ұқыпты  болатын. 

Талғаммен киінетін.Үнемі костюм-шалбар, гал-

стукпен жүрді. Көргендер біледі, шау тарқан 

кезі болмаса, ешуақытта шалбарының қыры 

сынбай кетті. «Жаңбыр жауып, Қарғалының 

көшесі адам жүргісіз балшық болып жата-

ды. Кеңсеге Қанекең кіріп келеді, аяғында бір 

түйір лай жоқ. «Ұшып келген бе?» деп іштей 

таң қалушы едік» деп ауылдас Өтеген деген 

ағамыз еске алады. Аяқ киімі үнемі жарқырап 

жүретін. Әрбір қадамын анықтап басар еді.

Тілінің  кекештігі  болатын,  бірақ  соны 

асықпай, баппен сөйлеу арқылы білдірмейтін. 

Шамасы,  әбден  дайындалған  болуы  ке-

рек,  кейбір  толқыған  сәттері  не  аздап 

ішкен кезі болмаса, жайшылықта кекештігі 

байқалмайтын. Солақай еді, сол қолымен жа-

зуды әдемі жазатын. 

Әкеміздің тосылған, дағдарған, таусылған 

сәтін көрген емеспіз. Отбасында ешқашан 

анамызбен екеулері бір-біріне дауыс көтеріп, 

артық-ауыс сөз айтып, көңілдерін қалдырған 

емес. Жаман сөзді отбасында ғана емес, жал-

пы айтпайтын. 

1975  жылдың  жазында  Қарғалыға 

қызметке жаңадан келген әкей Шиелі мен 

екі  ортада  «Урал»  мотоциклімен  апатқа 

ұшырайды.  Біраз  уақыт  қан  кетіп  жатып 

қалса  керек.  Әйтеуір,  көрер  жарығы  бар 

екен, кездейсоқ өтіп бара жатқан бір көлік 

үстінен шығып, ауруханаға жеткізеді. Бірнеше 

қабырғасы, бұғанасы сынған, сан еті жыр-

тылып,  көп  қан  кеткен.  Әкелген  мезетте 

тіршіліктің аз ғана белгісі болса керек, тіпті 

моргтен орын да дайындаған деседі. Сон-

дай қиын сәтте әкемізді білгір хирург Жәкен 

Махамбетәлиев емдеп жазып еді.  

Осы апаттан кейін әкей бір жылға дейін 

жерге отыра алмай жүрді. Белі бүгілмей, ди-

ванда ғана отыратын. Кисловодскіге бірнеше 

жыл барып емделді. Кейін сүйектері қайта 

қатқаннан кейін ғана қалпына келді. Бірақ 

соның бірде-бірінде ауру туралы айтпайтын. 

Шыдамды болатын. Өмірінің соңына дейін 

кеудесіндегі, жуан санындағы тыртықтары 

көрініп тұратын. Осы апат салдарынан болу 

керек,  балаларының көлікке отырғанын іштей 

қаламады. «Урал» мотоциклін де, онан кейін 

алған «Москвич» машинасын да інілеріне сый-

лап жіберді. Жигули мен уазиктің жағдайын 

жоғарыда айттым.

Әкей бізді аямай жұмысқа салатын. Жал-

пы баланы қара жұмысқа салу керек де-

ген түсінікте болды. Шіліңгір шілдедегі 40 

градустық ыстықта шөп оруға жіберер еді. 

Мезгілсіз ұйықтағанды, еш жұмыссыз үйде 

жүргенді жек көруші еді. Кейде 7-8 шақырым 

жердегі «Балғамбайға» көлік болмай бармай 

қалсақ, түскі асқа келген әкей қас-қабағымен-

ақ жер-жебірімізге жетуші еді.

Әкемізді жастық  шағында  тағдырдың 

талқысы қалай сынға алса, кемеліне кел-

ген  елуден  енді  асқан  шағында  тағы  да 

бүкіл  құндылықтар алмасып,  асты-үстіне 

шыққан нарық дәуірі келді де, өмірдің жаңа 

бір сынағы басталды. Бүкіл ел құлай сен-

ген, өзі мүше болып, талай пленум-бюросына 

қатысқан Коммунистік партия адыра қалып, 

өмір бойы мансұқтап келген капиталистік жүйе 

тұғырына қонды. Бір кездері әкелері кеңестің 

заманын түсіне алмаса, сол кеңестің тәрбиесі 

мен білімін алған бұл буын да жаңа заман-

ды қабылдай алмады. Көз алдында қанша 

бейнетпен құрылған балабақша, интернат, 

кітапханалармен совхоздың бар мал-мүлкінің 

пышақ үстінен үлестіріліп, талан-таражға түсіп 

жатқанын көру – ол заман адамдары үшін 

оңай емес еді. Мектеп директорлығынан зей-

нетке шыққан әкеміз кейінгі жылдары өзін 

осындай жүректі ауыртар жағдайлардан, жал-

пы саясаттан аулақ ұстады. Балаларының 

тілеуін тілеп, ағайын-туыспен араласып жүріп 

жатты. Сол кездері діни сауаты бар, әкемізді 

үнемі  сабырға шақырып, жағдайдың бәрін 

түсіндіріп отыратын шешеміздің көп көмегі 

тиді.


Біз осындай дәстүрі бар, қазақы түсініктегі 

бақытты отбасында тәрбие алып, өсіп-өндік. 

Бір-бірімізге ықыласты болдық. Ұлдарын 

ұяға, қыздарын қияға қондырды. Арманда 

кетті дейтін емес. Немерелерінің ортасын-

да қызығын көріп, шөберенің қолынан май 

жалады. 

Кетерінен бір апта бұрын балаларының 

бәрін жиып, қоштасты. Шешемізбен арыз-

дасыпты.  «Маған  ризамысың?!»  деген 

анамыздың сауалына ақтық дем алып жа-

тып та бас бармағын көрсетіп, «ырзамын» 

деген ишара жасапты. Содан екі күн бой-

ына ұйықтап, наурыздың 5-і күні таң ата 

бақилыққа аттанды. Басында Мұңайтпас 

молда иманын үйіріп отырыпты... «Жұрттың 

бәрі өстіп кете берсе, арманы жоқ...» де-

ген анамыздың сөзіне біз де ден қойдық, 

тоқтадық... «Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған 

өлмек, тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек» 

деген Абай сөзіне мойынсұндық, өзекті жанға 

– бір өлім хақ дестік. Алланың сүйген құлына 

берер ақ өлімі осындай-ақ болар.

Адам – жан мен тәннің бірлігі. Жанды 

Тәңірден десек, тән туған жердің топырағынан, 

суы мен жемісінен пайда болмақ. Адамды 

үнемі туған жердің тартып тұратыны, оның сол 

жердің топырағынан пайда болып, сол жердің 

суын ішкен ата-ананың бойына біткендігінен 

болса керек. Осы жерден рухани қуат, өмірлік 

күш алып қайтамыз.

Мамай АХЕТОВ

«Ағайын күнде керек емес, күнінде ке-

рек» дейді екен аталарымыз. «Әкеміз бар, 

бас ұстамаймыз» дегенді іштей мақтаныш 

сезіммен айтып жүрген біздің басымызға да 

сол күн туып, осыдан бір жыл бұрын 79 жа-

сында әкеміз Қани Ахетұлы бақилыққа ат-

танды. 

АЛДЫМДА АС АР ТАУ БОП СЕН Т РАСЫ



ХАБАРЛАНДЫРУ

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы облыс тұрғындары 

үшін АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ ҰСЫНАДЫ. Кәсіпкерлерді ақпараттық 

қамту  қызметі  әрекет  етуші  және  кәсіпті  жаңадан    бастаған 

кәсіпкерлерге, сонымен қатар кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға 

облыстың барлық аудандарында орналасқан Кәсіпкерлерді қолдау 

орталықтарында көрсетіледі.

Келесідей қызмет түрлерін ұсынылады:

1. Орта және шағын кәсіпкерлікті, кәсібін жаңадан бастағысы келетін 

тұрғындарды мемлекеттік қолдау жайлы ақпараттандыру

2. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың «Бір тере-

зе» ұстанымы негізінде мемлекеттік қаржылай емес көмек түрі

Орта және шағын кәсіпкерлік, жаңадан басталатын кәсіпкерлік 

субъектісіне мемлекеттік қаржылай емес көмекті функциональды түрде 

жүзеге асыру

4. Қаржылай емес көмекті алу үшін шағын және орта кәсіпкерлерден 

және кәсіпкерлікті жаңадан бастағысы келетін тұрғындардың арызын 

жинау.


5. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін, оны ашу және жүргізуге кеңес 

беру қызметі

6. Қаржылық институттарымен жұмыс жасау талаптары түсіндіріледі.

ҚЫЗМЕТТЕР АҚЫСЫЗ ТҮРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ.  

Кәсіпкерлікті қолдау орталығының мекен-жайы:

Шиелі  ауданы  –    Шиелі  кенті,  Рысқұлов  к-сі,  5  үй, 

тел.:8/72432/79255

Анықтама үшін телефон: 40-08-74, 40-02-02

Сall-Center - 597960

ЕСКЕ АЛЫП, АСҚА ШАҚЫРАМЫЗ

Шиелі кенті, Панфилов көшесі, №72/2 үйдің 

тұрғыны болған асқар тау әкеміз Құрбанов 

Сәкен Өтегенұлының

 өмірден өткеніне биыл 

20 жыл болыпты. Қайран өмір десеңші, асқар 

тау  әкеміз  көзі  тірісінде  қадірлі  отағасы, 

ардақты әке, туған-туыстарының қамқоршысы 

бола білді. Жан әкемізді бүгінде сағына еске 

аламыз, оның мейірімге толы жүзі, өнегелі 

әңгімесі мен әр айтқан сөзі біздің мәңгі жады-

мызда қала бермек. 

Асыл әкемізге арнап 5 наурыз күні сағат 

12-де  «Сыр  сұлуы»  мейрамханасында 

берілетін асқа барлық ағайын-туыс, құда-жекжат, сыйлас жамағатты 

құраннан дұға бағыштауға шақырамыз.

Бұл күндері жоқсыз әке, жанымызда,

Еске алумен атады әр таңымыз да.

Бағыштаумен келеміз дұғамызды,

Сіз едіңіз біздің байлық, бағымыз да.

Абыройдың бағындырдың асуларын,

Бөленгейсіз нұрына жаратқанның.

Торқа етіп Аллахым топырағыңызды

Иманды бол, жәннатта болсын жаның.

Еске алушылар: жұбайы – Дәмегүл және 

ұл-қыздары, келіндері.

ЖАРАМСЫЗ ДЕП ЕСЕПТЕЛСІН

Сатпаев  Жандос  Рахметуллаевичтің  атына  берілген 

жүргізуші  куәлігі  жоғалуына  байланысты  жарамсыз  деп 

есептелсін.



***

Иманбеков Асхат Альмаганбетулының атына берілген 

жүргізуші  куәлігі  жоғалуына  байланысты  жарамсыз  деп 

есептелсін.



***

ГРЭ-23 «Волковгеология» АҚ филиалы атына берілген Маз-

642208. 220-050 көлігінің N996 CH санды мемлекеттік белгісінің 

жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.



ШИЕЛІ КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Шиелі кентіндегі ашылған атауы жоқ көшелерге Сәдуақас 

Рс

ымбетов, Молдахмет Мырзахметов, Шәймерден Бәкіров, Қален 



Әбдешов, Әбдіманап Шорабаев, Перуза Жүсіпқызы, Байсал Бай-

бураев, Қасымхан Насыров, Жолдас Сырғабаевтың есімдерін беру 

мақсатында кент тұрғындарымен 2017 жылдың наурыз айының 28 

жұлдызында өткізілетін жалпы жиналысқа қатысуға шақырамыз.



«Шиелі кенті әкімі аппараты» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Меншік иесі:

жауапкершiлiгi 

шектеулi серiктестiгi

Телефондар:

Бас директор - 8(7242)70-00-36

Бас редактор - 4-46-22

Бас редактордың орынбасары - 4-47-32

Жауапты хатшы, есепші

Факс: 4-49-07.

Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттiгiнде 19.06.2014 ж. 

қайта тiркелiп, №14410-Г куәлiгi берiлген. “ скен  ңiр” аудандық газетi 

ҚР СТ ИСО 9001-2009 “Сапа менеджментi жүйесi” талаптарына сәйкес 

сертификатталған. Газет әр аптаның  сейсенбі, сенбi  күндерi шығады. 

Қолжазбалар  ңделедi және керi қайтарылмайды.

Жеке авторлардың пiкiрi редакцияның түпкiлiктi к зқарасын бiлдiрмейдi.

Газет редакцияның компьютер орталығында терiлiп, 

беттелiп, “Сыр медиа” ЖШС баспаханасында 

басылды. Тел: 8(7242) 40-06-68.

Газеттiң таралымы бойынша 8(724) 32 4-47-32  және 

8(7242) 70-14-08 телефондарына хабарласуға болады.  

Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан к шесi, №4 А. 

Таралымы 6176  Тапсырыс №265

жауапкершiлiгi 

шектеулi серiктестiгi

Мекен-жайымыз: 120700, Қызылорда облысы, Шиелi кентi, А.Ясауи к шесi, №109. E-mail: osken_onir@mail.ru

Кезекші редактор Азиз БАТЫРБЕКОВ

Бас директор

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

 Шиелі аудандық 

« скен  ңір» газетінің  редакциясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет